Ә. Б. Ақпаева, Л. А. Лебедева, М. Ж. Мыңжасарова, Т. В. Лихобабенко математика әдістемелік нұсқау



бет144/144
Дата07.01.2024
өлшемі1.44 Mb.
#488596
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   144
00039fef-5a4df9ee

Гүлді үзбе
Кешкілік пе, күндіз бе,
Өсіп тұрған гүлді үзбе.
Туған жерді далаға,
Тастағалы жүрміз бе?
Үзіп алсаң сен бір гүл,
Үзіп алсам мен бір гүл,
Не қалады сиқынан,
Қызыл-жасыл жердің бұл?
Жайнап есіп далада, Көздің жауын ала ма. Бірде-бірін жұлғызба, Қасыңдағы балаға.
Жоспар
1.Гүлдердің әдемілігі. 2.Гүлді үзбе.
З.Табиғатты аялау керек.


Сырғанақ
Аянның мінезі қызық еді. Бірде түн ортасында, дәл ұйқыға жатардың алдында далаға шыққам. Көшеде сырғанақта біреу зулатып шана теуіп барады екен.
Айлы түнде әлгі бір шана ғана өзі дірілдеп, жер көшіп келе жатқандай дүбір шығарады. Шыдай алмай жүгіріп сырғанаққа бардым. Міне қызық, шана теуіп жүрген Аян екен. Ай жарығында анық көрінеді. Жүзі жайнаң қағып, екі иінінен алқына дем алады. Тонының екі етегі далпылдап көшенің басына қарай сүйрете жөнелді. (70сөз)
Жоспар
1.Аянның қызық мінезі. 2.Сырғанақта Аян не істеп жүрді? З.Аянның келбеті.
Қажымұқан
Қажымұқан жас кезден күшті болған. Бала кезінде жалшылықта жүрген. Оның күшіне ел таңғалады екен.
Қыстың қақаған шағында бала жігіт отынға барыпты. Шанаға жеккен аты қарға омбылап мұзға тайғанақтап, мертігіп қалыпты. Мертіккен атты шанаға көтеріп салып, аттың қамытын мойнына іліп, шананы өзі сүйреп келіпті. Содан бастап оның атағы елге жайылыпты.
Атақты палуан Франция, Германия, Түркия, Қытай елдеріне барып өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған. (65сөз)
С. Бегалин
Жоспар
1 .Қажымұқанның жас кезі.
2.Оның күштілігін ел қалай білді?
З.Атақты палуан қай елдерде жеңімпаз болды?
Ағасы бірде қараса, Отыр Серік оңаша. Сәйгүліктің суретін Салыпты тіпті тамаша.
Жарайсың
Нағашбай Мұқатов
Қасына кеп ақырын, Бейнесін көрді атының.
Жас қаламға сүйсініп, - Жарайсың,- деді,-батырым.
Жоспар
І.Серік ненің суретін салды?
2. Ағасы не деді?
Қалжыңбас қонақтар
Самат пен Қайрат аулада ойнап жүрген . Бір кезде қақпаның ар жағынан бір үрген иттің даусы естілді. Балалар жалт қарады. Міне қызық, бір ит қақпаға асылып алыпты. «Апырау, мынау не деген зор ит еді» ,-деп таңданды олар. Қақпаны ашып жіберді. Сөйтсе, екі-үш ит бір-бірін сатыетіп тұр екен. Самат пен Қайрат иттердің бұл тапқырлығына мәз болды. (58 сөз)
«Балдырған» журн. №5 1991ж
Жоспар
1.Аулада кімдер жүрді?
2.Самат пен Қайрат неге танданды?
3 .Иттердің тапқырлығы.
Аралар әні
Балтабай Тәжімбетов Біз еңбеккер Арамыз,
Ұзақ жолға барамыз.
Гүлге қонып шырынын
Жылдам жинап аламыз.
Тату доспыз бәріміз, Бір ұлда балымыз. Күні бойы көңілді, Үзілмейді әніміз.
Жоспар

  1. Аралардың еңбегі.

  2. Араның пайдасы.

  3. Олардын. татулығы.











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет