2А бөлімі бойынша жиынтық жұмыс жүргізуге балаларды дайындайды.
Оларға жұмыстың мақсаттары мен оны орындау ережелерін түсіндіреді.
Жиынтық жұмыс жүргізу кезінде жайлы атмосфера мен қатынастың достық үлгісін сақтайды.
Мақсатыңа жете алдың ба, тексер.
Мен:
Санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді шығару және зерттеуді; кері есептерді құрастыру және шығаруды;
Шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару және зерттеуді үйрендім.
2В. АУДАН. ШАМАЛАР
Бұл бөлімнің басты мақсаты – оқушыларға төмендегілерді үйрету:
Шеңбер, дөңгелек пен олардың элементтерін атау және ажырату (центр, радиус, диаметр)/ симметриялық және симметриялы емес жазық фигураларды ажырату, қоршаған ортаның заттарымен арақатынасын белгілеуді;
Геометриялық фигураларды топтастыруды;
Шаршы мен тіктөртбұрыш салу (берілген қабырғалары бойынша), циркульдің көмегімен шеңбер сызуды;
Тіктөртбұрыштың (S=a·b), шаршының ( S=a2), тік бұрышты үшбұрыштың (S=(ab):2) ауданын табуға арналған формуланы және қоршаған орта нысандарын қолдануды және құрастыруды;