Ә. Б. Ақпаева, Л. А. Лебедева, М. Ж. Мыңжасарова, Т. В. Лихобабенко математика әдістемелік нұсқау


-сабақ. Координаттар нүктесі және қозғалыс бағыты



бет120/144
Дата07.01.2024
өлшемі1.44 Mb.
#488596
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   144
00039fef-5a4df9ee

63-сабақ. Координаттар нүктесі және қозғалыс бағыты


Тақырып: Қала ішінде саяхаттаймыз

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.3.3.1 жазық фигурада белгіленген нүктелердің орнын бір-біріне қатысты анықтау.

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар үшін:

Жазықтықта нүктелердің орналасуын қалай атауға болатынын түсіну.

Бірқатар оқушылар үшін:

Жазықтықта нүктелерді орналастыру және сипаттау.

Кейбір оқушылар үшін:
Графикалық суреттерді құрастыру.

Тілдік мақсаттар



Оқушылар:
Жазықтықта нүктелердің орналасуын сипаттау.
Пәндік лексика және терминология:
Нүкте, координаталар.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:

Нүкте қалай орналасқан?
Нүктелердің орналасуын анықтау үшін қандай мәліметтер қажет?

Жазу:

Координаталарды жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Геометриялық фигураларды атау.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–3




Ынталандыру.
Мұғалім картаны қолданып, қалада саяхат жасауды ұсынады. Дәл осы біліктілік туристердің қажетіне асып жатады.




4–6




Өзектендіру.
Күнделікті өмірде қандай жағдайларда нүкте координаталары деген түсінікпен ұшырасамыз, қай кезде нүкте координаталарын қолдана білу керек? Сондай жағдайларды еске түсірейік.
(Координаттар– нысанды табуға болатын кейбір мәліметтер).
– Координаттардың қалай берілгенін немесе қалай беру керек екенін түсіну маңызды?
– Біз нысанды табамыз ба, жоқ па – осыған байланысты.

Геометриялық фигуралар.

7–11




Мақсат қою (мәселелі жағдаят).
Координаттардың көмегімен нүктелердің (заттардың) орналасуын анықтауды білеміз бе?
Білмейміз. Осы материалды оқып-үйренетін боламыз.




12–29




Жаңаны ашу.
– Карта бойынша жұмысқа кіріспес бұрын, координаттарды анықтау алгоритмін жасаймыз.
Нүктелер координаттарының алгоритмін анықтау.
1. Көлденең ось бойынша бірінші координат нүктелерін табу.
2.Тік ось бойынша екінші координат нүктелерін табу.
3. Қиылысты табу.
Практикалық жұмыс.
Әр оқушыға координаттары бар карталар бейнеленген суреттер таратылады.
Балалар алдымен нүктелерді тауып, содан кейін белгілейді.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
№1тапсырманы орындау – карта бойынша жұппен жұмыс.
№2 тапсырманы орындауды ұсыну–түсінік бере отырып практикалық жұмысты жұппен немесе топпен орындау.

Оқулық.
Координаталары бар қима қағаздар



30–40




Жаңаны қолдану.
№3 тапсырманы орындауды ұсынады – практикалық жұмыс-ойын. Балалар жоспар құрып, карта бойынша саяхат жасайды.
Осыған ұқсас есеп құрастырып және оны шығару үшін дәптердегі немесе оқулықтағы тапсырманы орындауды ұсынады.
Бағалау критерийлері бар дәптердегі тапсырма бойынша өзіне-өзі тексеру жүргізіледі.
Мен:
– нүктелердің координаталарын жазуды;
– жазық фигурада белгіленген нүктелердің орналасуын анықтауды.

Оқулық.

41–45



Рефлексия.
Бүгінгі сабақта мен түсіндім, мен білдім, анық-қанығына жеттім …;
«Мен … өзімді мақтан етемін»;
«Әсіресе маған ұнағаны …»;
«Бүгін … менің қолымнан келді»

Жетістік сызғышы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет