Ә. Б. Ақпаева, Л. А. Лебедева, М. Ж. Мыңжасарова, Т. В. Лихобабенко математика әдістемелік нұсқау



бет80/144
Дата07.01.2024
өлшемі1.44 Mb.
#488596
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   144
00039fef-5a4df9ee

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
2А. Үлес
Берілген бөлімде балалар:

  • үлестердің жасалуын көрсету, оларды оқып жазу, салыстыру;

  • жай бөлшектерді оқып жазу;

  • санның/шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды/шаманы табу: 100 көлеміндегі сандар мен жүздіктердің жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу;

  • санның квадратын бірдей екі көбейткіштің, ал кубын бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде жазу;

  • шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару және зерттеу; пропорциялардың белгісіз бөліктерін табуды үйренеді.

41-сабақ. Үлес туралы түсінік


Тақырып: Уақытты қалай өлшейді?

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.1.5 үлесті құру жолын көрсетіп беру, оларды оқу, жазу және салыстыру

Сабақтың мақсаттары



Барлық оқушылар үшін:

Көрнекілік негізінде үлестің пайда болуын көрсету.

Бірқатар оқушылар үшін:

Көрнекілік негізінде үлестерді жасау, үлестерді жазу, оқу және салыстыру.

Кейбір оқушылар үшін:

Өз бетімен фигураны бірдей бөлікке бөлу, үлестерді ерекшелеу.

Тілдік мақсаттар



Оқушылар:
Үлестердің жасалуын түсіндіру.
Пәндік лексика және терминология:
үлестердің тұрмыстық атаулары (жарты, төрттен бір, үштен бір).

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:
Фигура неше бөлікке бөлінеді?
Әр бөлікті қалай атауға болады?
Қай бөлік үлкен: 1/2 немесе 1/4? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

Жазу:

1/2 бөлік, 1/4 бөлікті жазыңыздар.

Тірек білім, білік, дағдылар

Үлестердің тұрмыстық атауы.

Жоспар

Жоспарлан ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–3



Ынталандыру.
– Адамдарға бүтінді жиі үлестерге бөлуге тура келеді. Ал«Апельсин» атты атақты мультфильм естеріңізде ме? Мультфильм кейіпкерлері апельсинді қалай бөлгендерін көрейік. Мұқият көріңіздер, сосын мен сіздерге сұрақ қоямын.
- Өлеңде жануарлар тең бөліктерді қалай атайды? (Бөліктер).
– Кім мұқият болды? Апельсинде неше бөлік бар? (Бес бөлік).
– Әрқайсысы қанша бөліктен алды? (Апельсиннің бір бөлігінен).
- Қалай ойлайсыздар, апельсин бірдей бөліктерге бөлінді ме? (Иә).
- Бұл бірдей бөліктерді басқаша қалай атауға болады? (Үлестер).

Мультфильм

4–6




Өзектендіру.

8 алманы екі ағайынды балаға бөліп беру керек. Әр бала қанша алмадан алады? Алмаларды сіздер қалай бөлесіздер? 8, 2, 4 сандары қалай аталады?
– Ағайындылар 1 алманы 2-ге бөле ала ма?
Не шығады?
Жарты – бұл бүтін санның бөлігі.
Адамдарға жиі бүтінді бөліктерге немесе үлестерге бөлуге тура келеді.
Ең белгілі үлес – ол, әрине, жарты.
– «Жарты» деген сөзді қайдан естуге болады?
– «Жарты» деген сөзді күнде естиміз: жарты сағат, жарты киллограмм, жарты нан.
– Бауырлардың әрқайсысы екі бірдей бөліктің біреуін алады.

Алма түріндегі санау материалы.
Сабаққа арналған тұсаукесер.
Электронды жинақ полотносы.

7–11






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет