Оқушылар:
Санның бөлігін қалай табу керек және бөлік бойынша санды табуды түсіндіру.
Пәндік лексика және терминология:
Бөлшек, алым, бөлім
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:
|
Санның бөлігін қалай табуға болады?
Бөлік бойынша санды қалай табуға болады?
Бөлшектің алымы нені көрсетеді?
Бөлшектің бөлімі нені көрсетеді?
|
Жазу:
|
Бөлшектерді жазу.
|
Тірек білім, білік, дағдылар
|
Екі таңбалы сандардың нөмірленуі.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
0–3
|
Ынталандыру.
Бөлшексіз адамдарға
Қиын болар еді.
Шақыр, кәне, достарды,
Торт кесеміз біз енді.
Кесу үшін бұл тортты
Дос қылайық бөлшекті.
Есеппенен болсақ дос,
Жеңіл өмір сүрерміз,
Сөзіме, досым, сенші!
|
0-ден 9-ға дейінгі сандар жазылған қима қағаздар.
|
4–6
|
Өзектендіру.
Мұғалім фигуралардың боялған (боялмаған) бөліктерін атауды ұсынады. Бөлшектерді салыстырумен жұмысты ұйымдастырады.
|
Тақта, үлестірмелі материал.
|
7–11
|
Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Тәжірибелік жұмыс жүргізіледі. Мұғалім ұзындығы 10 см жолақ қағаздар таратып, оны 2, 3, 4, 5 тең бөліктерге бөліп, әр бөлікті және шыққан бөліктердің ұзындығын есептеп шығаруды тапсырады. Біз бұрын осыған ұқсас тапсырма орындадық па? (Жоқ)
|
|
12–29
|
Жаңаны ашу.
Мұғалім № 1 тапсырмадағыдай жолақ қағаздармен тәжірибелік жұмыс жүргізеді. Жолақтың ұзындығы бір жыл ішіндегі айдың санына сәйкес –12 см.
Балалар жолақты теңдей етіп бүктейді. Осыдан шыққан бір бөліктің атауын нақтылау керек. Және әр бөліктің ұзындығын қалай табуға болады? Бір бөліктің (үлестің) ұзындығын білсең, бүтіннің ұзындығын қалай табатынымызды білесің.
– Жолақты 2 бөлікке бөлеміз. Оның ұзындығын қалай білуге болады? Мына бөлік қалай аталады?
– Жолақты 4 бөлікке бөлеміз. Оның ұзындығын қалай білуге болады? Мына бөлік қалай аталады?
– Ал енді кері амал орындаймыз. Жолақтың бір ширегінің ұзындығы 3 см. Жалпы жолақтың ұзындығы қандай?
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Оқулықтағы №2 тапсырманы түсіндіре отырып орындау.
№4 тапсырманы орындау – тура және кері есептің қысқаша үлгісін көрсетеді.
Өзіндік жұмыс.
Оқулықтағы немесе дәптердегі ұқсас №3 тапсырманы орындау.
|
|
30–40
|
Жаңаны қолдану.
Есеп шығару шеберлігін шыңдау үшін төмендегідей есептерді шығаруға болады:
• Қауынның массасы 2 кг. Қауын неше килограмм тартады?
• Кесіндінің 1/3 бөлігі 6 см-ге тең. Кесіндінің ұзындығы қанша?
• Тәуліктің 1/3 бөлігі қанша сағат?
• Бір сағатта қанша минут бар?
Оқулықпен әрі қарайғы жұмыс сынып қажеттілігіне қарай құрылады.
Өзін-өзі бағалау жүргізуді ұсынамыз.
Әрі қарай дәптерден өзін-өзі бағалау критерийі бар тапсырманы орындау ұсынылады.
Мен:
– санның/шаманың бөлігін сан бойынша таба аламын:
– 100-ге дейінгі сандардың жартысын, төрттен бірін, үштен бірін, оннан бірін таба аламын.
Өткенмен жұмыс.
№5 тапсырма немесе дәптердегі тапсырма. № 6 мен 7-тапсырманы орындау барысында мұғалім есептің дұрыс шығарылуын және жылдамдығын анықтайды.
|
Оқулық.
|
41–45
|
Рефлексия.
|
Жетістік сызғышы.
|