Е. дробязко: 12 маусым мен 26 маусым



бет1/3
Дата18.06.2016
өлшемі0.66 Mb.
#145499
  1   2   3
ЖОҒАРҒЫ СОТЫ ТӨРАҒАСЫ БЕКТАС БЕКНАЗАРОВТЫҢ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Аталған шараны Жоғарғы Сот және «Казақпарат» ақпарат агенттігі ұйымдастырды. Интернет-конференцияны Жоғарғы Соттың ресми өкілі Евгений Дробязко жүргізді.
Е.ДРОБЯЗКО: - 12 маусым мен 26 маусым аралығында бүкіл әлемдік ғаламтор жүйесін пайдаланушыларға Интернет-конференция желісі арқылы Жоғарғы Соттың Төрағасы Бектас Бекназаровқа сауалдар жолдау мүмкіндігі берілді. 14 күннің ішінде арнайы ашылған conference@supcourt.kz хаттар қоржынына біршама біздің сауалдар жиналды. Біз бұл шараға қатысушыларға үлкен алғыс айтамыз. Межеленген уақыт ішінде 100-ден аса сауал келіп түсті.

Олар алдын ала келісілгеніндей, нақты сот актілері мен сот істеріне қатысты емес.

Біз, әрине, келіп түскен сауалдардың барлығын Бектас Әбдіханұлына жолдамайтын боламыз. Тек мұқият жүргізілген мониторингтен кейін бұл сауалдар ұқсастығы бойынша бірнеше блокқа біріктірілді.

Бектас Әбдіханұлы, Сіз барлық сауалдарды зер салып, оқыдыңыз ба?
Б.БЕКНАЗАРОВ: - Әрине! Барлығын зер салып оқып шықтым. Сұрақтар өте көп, соның ішінде басым бөлігі кәсіби тұрғыда болса, біздің құзырымызға жатпайтын кейбір сауалдар да қамтылған, бірақ оған қарамастан барлығын оқып таныстым. Бізге еліміздің, халқымыздың игілігі үшін, яғни азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған өзекті сауалдарды зерделеу сөз жоқ аса маңызды әрі өте қызықты.

Құрметті отандастар! Сіздерге Жоғарғы Соттың интернет-ресурсында менің арнайы блогым бар екенін тағы бір естеріңізге салғым келеді. Ол ашық режимде жұмыс істейді және осы блогқа жолданған сауалдардың бәріне жауаптар қайтарылады.


Е.ДРОБЯЗКО: - Жолданған сауалдарға қарағанда, заңнаманы жетілдіру, іс жүргізу мәселелері судьялардың жауапкершілігіне қатысты және басқа да мәселелер біздің аудитория тыңдаушыларын көбірек толғандыратын болып шықты. Бірақ қалыптасқан дәстүрді ұстана отырып, Жоғарғы Сот Төрағасының жұмыс күні қалай басталатынын білгіміз келеді. Сіз ақпарат сайттарын, форумдарды қарайсыз ба, сайтты пайдаланушылардың түсіндірмелерін оқисыз ба?
Б.БЕКНАЗАРОВ: - Менің жұмыс күнім таңертеңгі сағат 8.15-те БАҚ-тағы сот тақырыбына арналған материалдарды «дайджестен» қарап шығудан басталады. Демек, сот және жекелеген суьяларға қатысты ТВ сюжеттеріндегі немесе радиодағы, баспасөз басылымдарындағы материалдар немесе сыни бағыттағы материалдар менің назарымнан қалыс қалмайды. Олардың барлығын мұқият қараймын, кейбір материалдарда көрініс тапқан фактілерді анықтау қажеттілігі туралы тапсырма беремін. Әрине, кәсіби заңгер ретінде заң басылымдарындағы материалдардың барлығын оқуға әбден машықтанып алдым. Алайда, жұмыс бабындағы жүктемеге байланысты олардың барлығын толық қамту мүмкін емес. Ал, облыстық сот төрағасы болған кезімде заң басылымдарын көбірек әрі тереңірек оқуға мүмкіндігім болды. Бүгінде ақпарат көздері және хат-хабарлар өте көп, сондықтан да қандай жағдай болмасын «Хабар», «Қазақстан», «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «КТК» және «Қазақпарат» порталдарын міндетті түрде қараймын.

Ал, енді мен интернет-қолданушылармен қарым-қатынас жасауға кіріскім келеді. Жалпы сауалдардың барлығын толық қамтып, соның ішінде көпшілікке кеңінен белгілі және тосыннан түскен сауалдарға да жауап беруге тырысамын.

Біз барлық түскен сауалдарды назар салып зерделейміз, мен өз әріптестеріме нақты жолданған сауалдарды қысқа мерзім ішінде қарау жөнінде тапсырма бердім. Ал, егер де сауал жалпы немесе стратегиялық сипатта болса, біз оларға барынша мұқият жауап беруге тырысамыз. Сонымен, сауалдарға жауап беруге дайынмын.
Е.ДРОБЯЗКО: - Алғашқы сауал Қарағанды қаласының шахтері Айдос Түсіпбековтен түсті. «Сіздің және Сіздің ізбасарларыңыз сот жүйесіндегі жүргізіліп жатқан қайта құрулар туралы жиі айтып келеді. Бұл не үшін жасалды?» - деп, сұрайды ол.
Б.БЕКНАЗАРОВ: - Құрметті Айдос!

Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесіндегі бірқатар өзгерістерге бастамашылық етті. Қазір тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда сот билігі беки түскені айқын болып отыр. Сот жүйесін ұйымдастыру мен дамыту принциптерін және судьялардың мәртебесін бекіткен бірқатар негізгі заңдар қабылданды. Соттардың қызметін қаржыландыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету ретке келтірілді. Сот реформасының тұжырымдамалық идеяларын іске асырады, сот жүйесінің бірлігін, судьялар корпусын қалыптастыруды қамтамасыз ететін бірқатар ұстанымдар сақталды. Жоғарғы Сот жанынан құрылған Департамент соттардың қызметін қамтамасыз ету функцияларын, сондай-ақ сот жүйесінің жұмыс істеу механизмін жетілдіру шараларын іске асыруды өзіне алды. Департамент қызметкерлері материалдық-техникалық қамтамасыз ету, іс қағаздарын автоматтандыру және соттардың жұмысын ұйымдастыру, персоналды оқыту, сыртқы байланысты жүзеге асыру бойынша ауқымды міндеттерді атқарады. Ең соңында, тік тұрып қана қоймай, судьялар қауымдастығының органдары – республикадағы Судьялар одағының кеңестері мен қоғамдық бірлестіктері, Жоғарғы Сот Кеңесі сынды ұйымдар құрып, дами түскенін атап өтпеуге болмайды. Қарқындап дамып келе жатқан Қазақстанның күшті де тұрақты құқықтық базасы, құқық қолдану практикасы болуға тиіс. Қазақстан республикасының сот жүйесі қоғам талаптары мен халықаралық стандарттарға сәйкес келуі үшін барлығын жасайды. Қазақстан 2011 жылы Халықаралық судьялар қауымдастығының толыққанды мүшесі болды. Әлем жұртшылығы отандық сот жүйесінің тұрлаулылығы мен тәуелсіздігін мойындағанына сенімдімін.

17 млн-ға жуық халқы бар республикамызда 2 мыңнан артық судья жұмыс істейді, олар жыл сайын 1 млн-нан астам істерді қарайды. Біз соттарды одан әрі мамандандыру, алда өтетін еліміздің маңызды қоғамдық-саяси шарасы – республика судьяларының 6-съезіне дайындық жұмыстарын жүргізудеміз.

Жас мемлекет Қазақстанның сот жүйесі жетілдірілуде, ең алдымен, азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды құқықтарын қорғауды, уақытты, қаржы және адам ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруды, істерді қарау мерзімдерін қысқартуды мақсат етеді.


Е.ДРОБЯЗКО: - Астана қаласының тұрғыны Г.Белозерова: АІЖК-ның 391-бабының талабы қадағалау шағымына немесе наразылық келтіру туралы прокурорға өтінішке іс бойынша сот куәландырған сот актісінің көшірмелерінің қоса тіркелуін регламенттейді. Оларды азаматтардың алуы көбінесе өте қиынға соғады және ол белгілі бір қаражат шығындарына байланысты болады. Ауыл тұрғынына сот шешімін алу үшін аудан орталығына екі рет баруға тура келеді: бірінші рет өтінішті өткізу үшін, екіншісінде - сот куәландырған шешімді алу үшін. Ал, облыстық соттың алқа қаулысын алу үшін облыс орталығына баруға тура келеді. Бірде-бір сот нақты сол күні сот шешімінің куәландырған көшірмесін бірден бермейді. ҚР Жоғарғы Соты жанындағы БААТЖ бағдарламасы жұмыс істеп тұр, бұл талап не үшін қажет?» - деп сұрайды.
Б.БЕКНАЗАРОВ: - Құрметті Белозерова ханым!

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 6-бабының 1, 3 - бөліктеріне сәйкес, Сот істерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстің, басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті.

Соттардың істі қарау барысында заңды бұзуына жол берілмейді және заңсыз сот актісінің күшін жоюға әкеп соғады.

ҚР АІЖК-нің 6-бабының 1-бөлігіне сәйкес, азаматтық заң қалыптары оларда айтылған сөздердiң дәлме-дәл мәнiне сәйкес түсiнiлуге тиiс. АІЖК-нің 391-бабының 6-бөлігіне сәйкес, өтінішке сот куәландырған сот көшірмесі қоса тіркеледі. Соңғыларын Сіздің басқа жерге бармай-ақ пошта байланысы арқылы алуыңызға болады.

Осы жоғарғы технологиялар ғасырында талаптарына сай электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) және www.e-gov.kz. портал қызметінің функцияларын қолдануға кеңес беремін.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының www.e-gov.kz. порталының электрондық қызметтер бөлімінде әрбір адам сот отырысы хаттамасына электрондық нұсқада ескертпе жасауға және электрондық хаттаманы алуға құқығы бар.

Электронды түрде берілген шағымды кейін аталған сот оны бес тәулік ішінде қарайды, осыдан кейін пайдаланушының «жеке кабинетіне» талап-арыздың сот ісін жүргізуге қабылдағаны немесе қабылданбағаны жөнінде хабарлама түседі. Егер талап-арыз қабылданбаса шағымданушыға хабарланады, ал, оң шешім қабылданса, талапкер азаматтық іске берілген нөмірді алады. Сотқа қабылданған шағымның мәселесі Жоғарғы Соттың интернет-ресурсында орналасқан «Сот істері бойынша анықтамадан» білуге болады. Бұл анықтама жүйесінің негізгі мақсаты жедел түрде сотқа қатысушылардың іс қозғалысы жөніндегі мәліметтерді жедел алу, шығарылған сот актілерімен және оларды қызықтырған басқа да ақпараттармен танысу үшін жасалған. Бүгінде жер шарының қай түкпірінде болсаңыз да қажетті соттың атауы мен тұлғаның тегін басып, теріп алсаңыз болды, уақытылы сот шешімінің көшірмесін алуыңызға болады.
Е.ДРОБЯЗКО: - Алтай Сүлейменовтың осы сауалға ұқсас тақырыпта сұрағы бар: «Сот органдарының талап-арызды қабылдағанда шағымданушының мекенжайы туралы анықтамасын сұратуы жөніндегі талабы қаншалықты заңды болып табылады? Соттар ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 150-бабына сәйкес, талап-арызда жауапкердің тұрғылықты мекенжайы көрсетілсе ғана сотқа қабыдауы керек, мекенжай туралы анықтаманы тіркеу міндет емес, алайда, судьялар мекенжайы жоқ болған жағдайда талап-арызды қозғалыссыз қалдырады».
Б.БЕКНАЗАРОВ: - Құрметті Алтай Сүлейменов! Сіз дұрыс байқап отырсыз: Азаматтық іс жүргізу кодексінің 150-бабында талап-арыздың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар көзделген.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 150 және 151 - баптарында мекенжай туралы анықтаманы талап-арызға тіркеу туралы айтылмаған (соттың талап-арызға мекенжай анықтамасын тіркеу жөніндегі талабына қатысты). Алайда, бұл жағдай жауапкердің нақты мекенжайын анықтау үшін, сот отырысының күні, уақыты және сот шешімінің көшірмесін жіберу үшін қажет. Өйткені сот хабарламасы жауапкердің ескі мекенжайына жіберіліп, ол хабарламаны алмай, сот талқылауы жауапкердің келмеуіне байланысты сот отырысы кейінге қалдырылып, соның салдарынан сөзбұйдалыққа салынуы мүмкін, сондықтан да жауапкердің мекенжайын анықтау үшін қажет.


Е.ДРОБЯЗКО: - Нонна Бугаева мына жағдай бойынша Сіздің пікіріңізді білгісі келеді. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 391-бабының 6-тармағына сәйкес, сот актісіне дау айту, Жоғарғы Сотқа қадағалау тәртібімен наразылық келтіру (шағымдану) туралы өтінішке сот куәландырған шешімнің, ұйғарымның, қаулының іс бойынша шығарылған көшірмелері қоса тіркелуге тиіс.

Алайда, заң бойынша сот актілерінің көшірмесін шешім қабылдаған сот растауға тиіс деген талап қойылмаған. Сонымен бірге заң бойынша шешім қабылдаған соттың атынан емес сот билігі Қазақстан Республикасының атынан шығарылады. Оның пікірі бойынша, арызданушы қай сотқа шағымданса, сол сот куәландыруға тиіс, егер ол сот шешімінің тиісінше түпнұсқасын ұсынса. Алайда, сот орындары басқа соттардың шешімдерін «Қалалық және оған теңестірілген соттардың «БААТЖ» бағдарламасы бойынша іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сілтеме жасай отырып куәландырудан бас тартады. Сот мамандары сот актісін қабылдаған сотқа жүгінуге кеңес береді.


Б.БЕКНАЗАРОВ: - Құрметті Ноно Бугаева!

Облыстық және оған теңестірілген соттарда іс жүргізу туралы нұсқаулықтың 291-тармағына сәйкес, жалған құжатты жасауды болдырмау үшін сот актілерінің көшірмесі істі қараған судьяның қолымен куәландырылады. Сот актісінің көшірмесі міндетті түрде түпнұсқамен салыстырылады. Сот талқылауы болған іс сол соттың мұрағатында сақталады. Осыған орай сот актілерін куәландыру сот шешімін қабылдаған соттың құзыретіне ғана жатады.
Е.ДРОБЯЗКО: - «БААТЖ» бағдарламасына қатысты тағы бір сауал. «Заңгерлердің заң талаптарын сақтау» интернет-жобасының меңгерушісі Жангелді Сүлейменов «БААТЖ» жүйесінің құрылымы қандай құжаттармен (құқықтық актілермен) регламенттеледі және аталған құқықтық актілерді бұзғаны үшін сот органдарының қызметкерлеріне қандай жауапкершілік жүктеледі? Аталған жүйе бойынша азаматтардың шағымы мен ұсыныстарын қабылдауды жетілдіру үшін жұмыстар жүргізіле ме?

Жергілікті соттарды телефонмен қамтамасыз ету мәселесін қалай шешу жоспарланып отыр (аудандық, қалалық, облыстық)?
Б.БЕКНАЗАРОВ: - 2007 жылдан бастап республика соттарында іс жүргізу қағазсыз құжат айналымына көшірілген. Жергілікті соттарда іс қағаздарын жүргізу «Қазақстан Республикасының сот органдарында бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі» мүмкіндігі ескеріле отырып жүргізіледі және Азаматтық іс жүргізу кодексінің, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің және басқа заң актілерінің талаптарына сәйкес келеді. Сонымен қатар, «СО БААТЖ» компонеттерін пайдаланушылардың жұмыс тәртібі әзірленген ішкі регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.

Барлық соттар қалалық телефон жүйесіне қосылған. Сот кеңселерінде қалалық жүйелерден басқа sip телефондары, яғни интернет-телефондарының қарқынды дамыған түріне жататын байланыс құралы іске қосылған, сол арқылы ғаламторға қосылған кез-келген қалалық телефонмен байланысуға болады.

2012 жылдың аяғында Жоғарғы Сотта сот органдарымен байланыс орталығы құрылған (87172) 74-79-79, 55-97-71), жергілікт соттарда Call орталығын құру жөніндегі ұсыныс қаралуда.
Е.ДРОБЯЗКО: - Бауыржан Қамаров мынадай мәселені түсіндіруді сұрайды: «Бұрын Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төменгі сатыдағы соттардың орындалған (алқаның шешім қабылдаған кезінде) азаматтық іс бойынша шешімін бұзу туралы қаулысы шығарылған болатын. Төменгі сатыдағы сотта шешімдердің орындалуын қайта бұрып атқару жөніндегі мәселе қаралмаған. Бізде күшін жойған сот шешімдерінің орындалғанын растайтын барлық материалдар бар. Сот шешімдерінің орындалуын қайта бұрып атқару мәселелеріне арналған Азаматтық іс жүргізу кодексі нормаларының аз болуына байланысты, бізге төменгі сатыдағы соттар шешімінің күшін жою жөнінде шешім қабылдаған, Жоғарғы Соттың қадағалаушы алқасына жүгінуге болады ма? Егер болса, ол қалай жүзеге асырылады және мұндай жағдайда мемлекеттік баж салығын төлеген жөн бе?».
Б.БЕКНАЗАРОВ: - Құрметті Қамаров мырза!

Сот шешімдерінің орындалуын қайта бұрып атқару жөніндегі мәселелер Азаматтық іс жүргізу кодексінің 240-1, 240-2, 240-3-баптарымен регламенттеледі. Осы баптарға сәйкес егер күшіне енген сот шешімі толық немесе жартылай жойылса, сонымен қатар талап-арызды толық немесе жартылай қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылданса немесе сот шешімдерінің орындалуын қайта бұрып атқару туралы талап-арыз қараусыз қалдырылса, онда күші жойылған шешім бойынша талапкерден жауапкерге өндіріліп беріледі.

Күшi жойылған шешiмдi орындау орын алған iс бойынша жаңа шешiм шығарған сот жауапкердiң жазбаша арызы бойынша орындауды қайта бұрып атқару туралы мәселенi қарайды және жаңа шешiм туралы мәселені шешедi. (АІЖК-нің 240-2-бабы). Апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау сатысындағы соттар істі қараған кезде бірінші сатыдағы сот күшін жойған іс бойынша сот шешімінің орындалуын қайта бұрып атқару жөніндегі мәселені қарамаса, онда сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселе АІЖК-нің 240-2-бабы 2-бөлігінің талаптары бойынша шешіледі.

Сот шешімдерінің орындалуын қайта бұрып атқару жөніндегі шағымыңызды, сот шешімінің орындалуы туралы растайтын құжаттарды тіркеп, сотқа шағымдануыңызға болады. Жоғарғы Соттың қадағалаушы алқасына сот шешімінің орындалуының қайта бұрып атқару жөніндегі шағымыңызда мемлекеттік баж салығы төленбейді.


Е.ДРОБЯЗКО: - Айгерім Сүлейменова мынадай сауал қойды: «Жануарлардың, нақтылап айтсақ иттердің тек түйсіну қабілеттеріне (одорологиялық зерттеуге) және шалынған қоңырауларды нақтылауға сүйене отырып, адамды қалай соттауға болады?

Арнайы маманның иісті салыстыру туралы анықтамасы бойынша қандайда бір сот сараптамасын жүргізу мүмкіндігі жоқ. Телефонның қоңырауын нақтылауды тәуелсіз адамдар емес, оған мүдделі ІІД-нің жедел қызметкерлері өткізеді. Сот телефон қоңырауын нақтылау туралы мәселені анықтамайды. Сот отырысында бұл базалық станцияның әсер ететін радиусын анықтау үшін «NEO Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-нің қызметкерін шақыруды талап еткен болатынбыз. Алайда, сот не прокурор ол маманның сотқа келуін қамтамасыз етпеді. А.Х. Қайыргелдин ҚР ҚК-нің 175-бабы 3-бөлігінің «б» тармақшасы бойынша сотталса да оның кінәсі айыптау қорытындысында не үкімде басқа ешқандай дәлел келтірілмеген. Қайта оның кінәсіздігін көрсететін фактілер бар. Судьялар заңнама талаптарының бұзылуына неге ашықтан-ашық көз жұма қарайды?
Б.БЕКНАЗАРОВ: - Құрметті Айгерім Сүлейменова!

Одорологиялық зерттеулер тергеу әрекеттерін орындау барысында жеке адамдардың иісін сақтайтын белгілі бір объектілерден сынама алу арқылы жүзеге асырылады. Бұндай сараптамалық зерттеудің маңызы өзіне тән адамдар сезбейтін тек арнайы дайындалған иттердің биодетекторлық иіс сезгіштігімен анықталады. Жануарлар криминалистикалық белгілерді ажыратпайды, олар тек сарапшылардың қолындағы биоқұрал-индикатор ретінде қолданылады. Зерттеу барысында адамдардың механикалық байланыс кезінде әр заттарда қалған иістері зерттеледі. Бұндай иістерді жеткізушілер адамдар қолдарының, аяқтарының іздері, тер бөлулері, (киілген аяқ киімінің) адамның басқа да бір материалдарға жұққан қанның иістері болуы мүмкін. Иіс сіңген заттарды мамандар алдын ала сараптамаға қарағанда анықтама арқылы рәсімдейді. Ал, оны тағайындау тиісті органның хатымен тағайындалады. Одан әрі қарай сарапшының қорытындысы іс бойынша жиналған барлық дәлелдемелермен қатар бағаланады. Сарапшының қорытындысы артықшылығы жоқ басқа да бір дәделдемелермен, жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен бірге бағаланады.

ҚР ҚК-нің 175-бабы 3-бөлігінің «б» тармақшасымен сотталған А.Х.Қайыргелдиннің кінәсіздігі туралы мәселе қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберінде шешілуге тиіс. Осы іс бойынша шығарылған сот актілерінен байқалып отырғандай, осыған ұқсас уәждер апелляциялық және кассациялық шағымдарда сотталғанның және оның қорғаушысының шағымдарында көрсетілген. Алайда, олардың уәждері негізсіз деп танылған. А.Х.Қайыргелдин жөніндегі сот актілерінің заңдылығы Жоғарғы Соттың 2013 жылғы 29 сәуірдегі шығарылған қорғаушының шағымына қадағалау жүргізуден бас тарту туралы қаулымен расталып отыр. Осылайша, үкім үш сот сатысында тексеріске ұшырады және олардың бәрі іс бойынша дәлелдемелер жиынтығы ескеріле шығарылған айыптау үкімнің негізділігі туралы тұжырымға келеді.

Бұдан әрі сот актілеріне дау айту тек Қылмыстық іс жүргізу кодексінде қалыптасқан тәртіп бойынша жүзеге асырылады.


Е.ДРОБЯЗКО: - Атыраудан Лариса Мунтьян мынадай сауал жолдайды: «Егер адамды алқа билер сотында алқа билердің 10-ы бірдей ақтау туралы шешім қабылдаса, прокурордың бұл үкімге наразылық келтіруіне құқығы бар ма? Бұл наразылықта он алқа бидің төртеуі алқа би бола алмайды, өйткені біреуі наркологияда емделген, екеуі әкімшілік жазаға тартылған, ал біреуінің ағасы қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеуде.
Б.БЕКНАЗАРОВ: - Құрметті Лариса Мунтьян ханым!

Егер қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен алқабилердің қатысуымен соттаушыға тағылған айып бойынша оның кінәсі дәлелденбеген деп ақталған үкім заңды күшіне енбесе, үкім күшінің жойылуына әкеп соғатын болса, онда ҚІЖК-нің талаптарының бұзылуына сәйкес прокурор наразылық білдіруге құқылы.

Басты сот талқылауы тағайындалғаннан кейін сотта барлық запастағы тізім бойынша алқабилерге кандидаттар алдын ала кездейсоқ тәртіппен таңдалады. Алқабилердің сауалнамасы тексеріліп қана қоймай, олардың алқа билер ретінде қатысуы туралы барлық мән-жайлар объективті түрде тексеріледі, ал алқабилер өздері туралы ақпаратты айтуға тиіс. Кейіннен бұндай жағдайлар алқабилер алқасын таңдауда анықталса, ол жағдай сот актісінің күшін жоюға негіз болады. ҚР ҚІЖК-нің 575-бабының талаптарына сәйкес ақтау үкімін жоюға алқабилердің таңдау кезінде жіберілген қателіктер, егер олар заңды үкім шығарылуына кедергі болатын жағдайда үкімнің күшін жоюға негіз болады.
Е.ДРОБЯЗКО: - Хат «Атамекен» қоғамдық палатасынан келіп түскен. «Моральдық шығынды өндіру туралы талап-арызда мұндай талаптар бойынша мерзім мөлшері көрсетілмеген, сондықтан да кез-келген талапкер мұндай талапты 10, 20, 30 жыл өтсе де бере алады. Жоғарғы Соттың «Моральдық зиянды өндіру туралы заңнаманы соттардың қолдануы туралы» нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу қажет деп санаймыз. Атап айтқанда, мерзім мөлшерін тағайындау керек, әйтпесе мұндай талап-арызды берген кезде баж салығын төлеу қажет.

Қалыптасқан белгілі бір мөлшердегі моральдық зиянды өндірген кезде, кейде моральдық зиянды өндірген кезде өтемақы миллион теңгеге дейін өндіріледі. Талапкерлер сотқа өздеріне қандай зиян келгені туралы растайтын құжаттарды тапсырмайды. Көбінесе соттар олардың жағына шығып шешімдерінде нақты қандай дәделдемелерге сілтеме жасағанын келтірмейді. Жоғарғы Соттың 2011 жылғы 21 маусымдағы «Моралъдық зиянды өндіру туралы заңнаманы соттардың қолданылуы туралы» №3 нормативтік қаулысының 6, 7-тармақшасында көрсетілгендей: «ҚР АК-нің 952-бабына сәйкес, моральдық зиян тек ақшалай сома ретінде өндіріледі, ал оның сомасы әділ және жеткілікті деген қағидамен анықталады. Әр судья бұл қағиданы өзінше түсінеді».
Б.БЕКНАЗАРОВ: - «Атамекен» қоғамдық палатасының бұл сауалы үшін алғысымды білдеремін. Интернет-конференция тек жылдам хабар алу емес, сонымен бірге бұндай шараның ерекшелігі мен маңызы сол, еліміздің сот жүйесін жетілдіру ғана емес, қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге өз үлесін тигізеді. Жаңа нормативтік актілерді қабылдағаннан кейін Сіздің бұл пікіріңіз ескеріледі.

Ал, моральдық шығынды өндіру туралы дауларды қараған кезде қолданыстағы заң бойынша мерзім мөлшері шын мәнінде көрсетілмеген.



Бүгінгі уақытта Жоғарғы Соттың 2013 жылдың 2-жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары бойынша, моральдық шығынды өндіру туралы сот тәжірибесін қорытындылау жоспарланып отыр. Сіз көтеріп отырған, сот тәжірибесінде осы санат бойынша істер міндетті түрде талқыланып, оған қатысты шешім қабылданатын болады.
Е.ДРОБЯЗКО: - Қостанай облысының адвокаты Михаил Щур 2008 жылғы 10 шілдедегі ҚР Жоғарғы Сотының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік туралы заңдарды қолдану жөніндегі кейбір мәселелер туралы» №2 қаулысының 16-тармағы Конституцияға және азаматтық заңнамаға қайшы келеді. «Жоғарғы Соттың бұл нормативтік қаулысы «Неке және отбасы туралы» Заңның 325-бабының 2-тармағына сәйкес, ерлі-зайыптылардың ортақ меншігінің үлесінен құралады. Алайда, мүлікті бөлу туралы дау болған кезде ЖШС-нің қатысушы үлесіне сәйкес келетін, бөлігінің құны оның құрамына қосылады. Конституцияның 4-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттар мен Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Сот нормативтiк қаулыларының нормалары болып табылады. Алайда, Жоғарыда көрсетілген қолданыстағы заң болып, Жоғарғы Соттың Конституцияға қайшы келмейтін қаулысы болып табылады.

Алайда, жоғарыда көрсетілген Жоғарғы Сот қаулысының нормасы бойынша ең жоғарғы тұрған сот сатысы ЖШС-нің мүлкін бөлгенде ерлі-зайыптылардың біреуіне басымдық береді. «Неке және отбасы туралы» кодекстің 38-бабында ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде, олардың әрқайсысының үлесi тең деп танылады, ал Конституцияда олардың тең құқылы екендігі бекітілген. ҚР Азаматтық кодексінің 214-бабында көрсетілгендей үлесті меншіктегі мүлікті пайдаланудан алынатын жемістер, өнімдер мен табыстар ортақ мүліктің құрамына келіп түседі.
Б.БЕКНАЗАРОВ: - Құрметті Михаил! Сіздің бұл ұсынысыңызға алғыс айтамын. Бәлкім, Жоғарғы Соттың аталған нормативтік қаулысының ережелері туралы Сіздің пікіріңіз неғұрлым мұқият зерделеуге тұратын шығар. Аталған нормативтік қаулы, сол сияқты басқа да бұрынырақ қабылданған нормативтік қаулыларға Жоғарғы Сотта мониторинг жүргізіліп келеді. Олардың нәтижелері бойынша жаңалары қабылданады не өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Нормативтік құқықтық акт жаңа редакцияда әзірленген жағдайда Сіздің өтінішіңіздегі мәселелер ескерілетін болады.
Е.ДРОБЯЗКО: - Сондай-ақ, азамат Щур мынадай мәселені сұрайды: Жоғарғы Соттың 2000 жылғы 28 сәуірдегі №5 «Некені бұзу туралы істерді қарау кезінде соттардың заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысына, Жоғарғы Соттың «Соттардың неке айырылысу туралы кейбір заңнамаларды қолдану туралы» нормативтік қаулысына мемлкекеттік баж салығын төлеуді кейінге қалдыруға қатысты өзгеріс енгізуге бола ма? Өз құқығын қорғап, ерлі-зайыптылардың біреуі мүлікті бөлу туралы талап-арыз бергенде, талап құнынан бір пайыз төлеу қажет. Әйтпесе, ол талап арызбен сотқа шағымдана алмайды. Екінші тарап зайыбына мемлекеттік баж төлемейтін соманы бермейді, ал талапкерде ондай ақша қаражаты жоқ болса, ол өз құқығын қорғай алмайды.
Б.БЕКНАЗАРОВ: - «Некені бұзу туралы істерді қарау кезінде соттардың заңнаманы қолдануы туралы» Жоғарғы Соттың 2000 жылғы 28 сәуірдегі №5 нормативтік қаулысында, мемлекеттік баж төлемін кейінге қалдыру жөніндегі тармақтың түсіндірмесімен болмауы Азаматтық іс жүргізу кодексінен 105-баптың алып тасталуына байланысты болды, онда мемлекеттік баж салығын кейінге қалдыру немесе оның мөлшерін азайту көзделген. Сіздің бұл ұсынысыңызды жаңа редакциядағы нормативтік құқықтық актіні әзірлеушілердің қарауына енгіземін.
Е.ДРОБЯЗКО: - Е.Тайчибеков және Астана қалалық адвокаттар алқасының адвокаты С. Рахманов барлық сот отырыстарын бейнетаспаға жазуды ұсынады. Олардың ойынша мұндай жағдайда сотқа қатысушылар мен сот залындағылар өздерін тәртіпті ұстауды, еркіндікке бармайды деп санайды. Бұдан басқа заңдылықты, әділдікті, объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында, Рахманов, заңнамаға қорғау тараптары мен өкілдерге бұл туралы тергеу органдары мен сотты хабардар ете отырып, тергеу амалдарын жүргізу, істерді соттарда қарау барысы мен рәсімін бейнежазбаға жазуға құқық беретін өзгерістер енгізу қажет деп есептейді. Бейнежазба болған кезде прокурорлар мен соттардың бейнежазбада жазылған мәліметтерді назарға алу қажет деп есептейді.
Б.БЕКНАЗАРОВ: - Құрметті Тайчибеков және Рахманов!

Сіздермен толық келісемін. Аудио-бейнетаспаларды барлық жерде қолдану сотқа қатысушылар мен адвокаттарды және судьялардың өздерін тәртіпке шақырады. Бұл жағдай соттарға деген сенімділікті қалыптастырады. Бүгінгі таңда ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында сот отырыстарында аудио-бейнетаспаларға түсірілу жүргізіледі.

Сот хаттамасында аудио-бейнетаспаға немесе стенография қолданғаны туралы мәліметтер көрсетілді. Бұл техникалық құралдарды сот мәжілісінде қолданғаны туралы материалдар сот хаттамасына тіркеліп, іспен бірге сақталады. Сондықтанда сот мәжілісінде сотқа қатысушылардың келісімімен қолданылған аудио-бейне түсірілім сот хаттамасына теңестіріледі. Осыған байланысты Жоғарғы Сот республиканың барлық соттарына аудио-бейне түсірілімін енгізу жүйесін жоспарлы түрде жүргізіп келеді.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасына өзгеріс енгізу туралы айтсақ. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 125-бабының 4-бөлігіне сәйкес, күдікті, айыпталушы, қорғаушы, жеке айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сондай-ақ кез-келген азаматтар мен ұйымдар қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретінде қосу үшін ауызша да, жазбаша да нысандағы мәліметтерді, сондай-ақ заттар мен құжаттарды ұсынуға құқылы.

Заңның аталған нормасы кодекстің жаңа жобасында көрініс тапқан. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциясында жұмыс тобының бастамасымен «Заттар мен құжаттарды беру тәртібі» деген жаңа тарау енгізілді. Аталған тарауда сотқа дейінгі тергеу жүргізетін тұлғаға құжаттар мен затарды беру бастамасы, сонымен қатар сол заттарды иеленуші тұлғаларға, яғни қорғаушыларға құқық берілген. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасын жасауда оның жұмысына республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Әнуар Түгел қатысты. Сондықтан Сізге республикалық адвокаттар алқасы арқылы өз ұсынысыңызды енгізуге болады.
Е.ДРОБЯЗКО: - Евгений Евгеньевич Салов, мамандығы заңгер, ҚР Еңбек кодексінің 36-37-баптарына өзгеріс енгізуді ұсынған.
Б.БЕКНАЗАРОВ: - Жоғарғы Сот жергілікті және басқа соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істер бойынша жоғарғы сот органы болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелері бойынша түсіндірмелер береді.

- Құрметті Евгений Евгеньевич! Есіңізге салсақ Конституция бойынша заң қабылдау, яғни Заң шығару бастамасы құқығы Республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке тиесілі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады. Сондықтан еңбек заңнамасын талқылау мақсатында, Еңбек кодексінің 36-37-баптарына өзгерістер енгізу жөнінде, Сізге аталған заңды жетілдіру үшін мемлекеттік еңбек саясатын жүргізетін мемлекеттік органдарға жүгінуді ұсынамын.


Е.ДРОБЯЗКО: - Астана қаласының заңгері Асхат Трумов былай деп санайды. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 240-7-бабының, Жоғарғы Соттың 2009 жылғы 29 маусымдағы №6 «Сот актілерінің азаматтық іс бойынша орындау туралы кейбір мәселелері туралы», Жоғарғы Соттың 2009 жылғы 12 қаңтардағы №2 «Азаматтық істер бойынша орындауын қамтамасыз ету туралы» нормативтік қаулыларында, сот орындаушылардың сот санкциясына шағымдану жөнінде туындайтын мәселе бойынша нақтылықты талап етеді. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 159-бабында көзделгендей соттарға барлық жағдайда талап қоюды қамтамасыз ету қажет, ал Азаматтық іс жүргізу кодексінің 164-бабына сәйкес, талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі барлық ұйғарымға жеке шағым берілуі және наразылық келтірілуі мүмкін. Сондықтан сот тәжірибесінде әртүрлі пікір туындайды: Кейбір соттар сот орындаушыларының қаулыларына өздерінің берген санкциясына түскен шағымдар мен наразылықтарды қарайды, ал кейбіреуі - шағымды қараудан бас тартады. Сот орындаушының орындауын қамтамасыз етуге санкция беру барысында міндетті түрде сот ұйғарымы шығарылуы туралы және сот орындаушының қаулысына санкция берген сотқа шағымдану туралы мәселелерді талқылауды ұсынамын.
Б.БЕКНАЗАРОВ: - Құрметті азамат Трумов!

- ҚР Жоғарғы Соты Азаматтық іс жүргізу кодексінің кейбір нормаларын, оның ішінде сот актісін мәжбүрлеп орындау сатысы бойынша іс жүргізу нысандарын қорытындылады. Азаматтардың сотқа шағымдану кепілдік құқығын сақтау мақсатында, соттарға бұл жағдай апелляциялық өндірісте қарауға ұсыныс енгізілген.

Соттың қамтамасыз ету шараларына санкция беру туралы сот орындаушысының қаулысын қанағаттандыру жөнінде анықтама шығаруы азаматтық іс жүргізу заңнамасы нормаларында көзделмеген.

Жаңа редакцияда нормативтік құқықтық акті жасалған жағдайда Сіздің өтінішіңізде айтылған ұсыныстар ескерілетін болады.


Е.ДРОБЯЗКО: - Медицина қызметінің отставкадағы полковнигі, 42-жылдық өтілі бар дәрігер, Қарулы Күштер ардагері В.Милютин былай деп сұрайды: «Судьяның жауапкер сот отырысына келмегенде істі қарауға құқығы бар ма және бұл үшін неше сот отырысы өтуі керек, жауапкерді кім сотқа әкелуге тиіс?»

Мәселен, менің азаматтық дауым бойынша жауапкер тарабы сотқа келмей қалды. Жекелеген деректер бойынша ол Қырғызстанның азаматы болып табылады, ал оның жері әлдебір жеке тұлғаның кепілдігінде тұр. Судья болса жауапкерді біздің өзіміздің іздеп тауып әкелуімізді қалайды, егер ол келмесе сот отырысы белгісіз мерзімге тоқтатыла тұрады.»
Б.БЕКНАЗАРОВ: - Құрметті Милютин мырза!

АІЖК-нің 187 және 119-баптарына сәйкес іске қатысушылар жауапкердің келмеу себептері туралы сотқа мәлім етіп, бұл себептердің дәлелділігін келтіруге міндетті. Іске қатысушы адамдардың жоғарыдағыдай мәліметтері жоқ біреуі сот отырысына келмей қалған жағдайда, істі талқылау кейінге қалдырылады. Егер іске қатысушы адамдар сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарландырылған болса, сот адамдардың біреуінің келмей қалуын дәлелсіз деп тапқан жағдайда істі талқылауды кейінге қалдырады. Сот іске қатысушы адамдар сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарландырылған болса, адамдардың біреуінің келмей қалуын дәлелді емес деп тапқан жағдайда да істі талқылауға құқылы. Сот сондай-ақ сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарландырылғанда жауапкер келмей қалса, егер оның келмей қалуының себептері туралы мәліметтер болмаса не сот оның келмей қалуын дәлелді емес деп таныса, не жауапкер іс бойынша іс жүргізуді әдейі созбайға салып отыр деп таныса істі қарауға құқылы.

ҚІЖК-нің 119-бабына орай іс бойынша тарап дәлелді себептерсіз, сот анықтамасынсыз сотқа келуден жалтарған жағдайда, сот аталған адамды күштеп келтіруді жүзеге асыруға құқылы. ҚІЖК-нің 129, 131-баптарына сәйкес іске қатысушы адамдар, олардың өкілдері, сондай-ақ куәгерлер, сарапшылар, мамандар мен аудармашылар сот отырысының немесе жекелеген іс жүргізу әрекеттерінің уақыты мен орны туралы хабарландырылады және сотқа сот шақыртулары арқылы шақырылады. Шақыртулар пошта арқылы тапсырысты хаттармен хабарландырыла отырып немесе судья тапсыратын адамдармен жіберіледі. Шақыртуды адресатқа тапсыру уақыты сотқа тапсырылуға тиіс шақырту түбіртегінде белгіленеді. Судья іске қатысушы адамның келісімімен басқа адамға немесе іс бойынша шақырылатын адамға тапсыру үшін шақыртуды оның қолына бере алады. Шақыртуды жеткізу тапсырылған адам тапсырылған күні мен адресаттың шақыртуды алғаны туралы қолхатымен шақырту түбіртегін сотқа қайтаруға міндетті.

ҚІЖК-нің 135-бабына орай жауапкердің нақты тұрғылықты жері белгісіз болған кезде сот шақыртулардың немесе өзге де хабарландырулардың, оларды алғандығын куәландыратын тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе жауапкердің соңғы белгілі болған тұрғылықты орны немесе оның соңғы белгілі болған жұмыс орны бойынша әкімшіліктің тиісті жазбалары бар шақыртулардың сотқа келіп түсуіне қарай істі қарауға кіріседі.

Мәселенің 2-бөлігіне қатысты айтар болсақ, АІЖК-нің 14-тарауында сотқа талап арыз беру тәртібінің регламенттелгенін айтар едім, оны талап арыз беру кезінде сақтау қажет. Талапкер аталған нормаларды сақтамаған жағдайда, АІЖК-нің 154-бабында талап арызды қайтару негіздері көзделген. Арызды қайтару, егер оларға жіберілген қателіктер жойылған болса, талапкердің нақ сол жауапкерге, нақ сол нысан туралы және нақ сол негіздер бойынша қайта жүгінуіне кедергі болмайды. Судьяның арызды қайтару туралы ұйғарымына жеке шағым беріліп, наразылық келтірілуі мүмкін. Сот актілеріне келіспеген жағдайда Сіздің АІЖК нормаларында көзделген тәртіппен оларға шағымдануға құқығыңыз бар.

Мына бір жайды да атап өткім келеді, АІЖК-нің 131-бабының 2-бөлігіне сәйкес судья іс бойынша хабарландырылатын немесе шақырылатын басқа адамға тапсыру үшін тек қана жауапкердің келісімімен шақыртуды талапкерге тапсыруға құқылы. Шақыртуды жауапкерге тапсыруға талапкердің келісімі болмаған жағдайда АІЖК-нің 135-бабында мемлекет мүдделері, сондай-ақ алимент өндіріп алу, мертігумен немесе денсаулықтың зақымдалуымен немесе асыраушысынан айырылумен келтірілген зиянды өтеуге байланысты талап арыздар бойынша жауапкерлерге іздеу жариялау негіздері көзделген. АІЖК-нің 243-бабына орай, АІЖК-нің 135-бабында көзделген негіздер бойынша жауапкерге іздеу салынған жағдайда, сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға құқылы. Бұл жағдайда жауапкер Қырғызстан Республикасының азаматы болғандықтан, соттың құқықтық көмек сұрап шет мемлекеттің сотына жүгінуге құқығы бар.

АІЖК-нің 242 және 243-бабтарында іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру үшін негіздердің егжей-тегжейлі тізбесі көзделген, олардың қатарында жауапкердің сот отырысына келмей қалуы сияқты негіз жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет