Э. Э. Браун, доктор с х. наук, Г. К. Нургалиева


-кесте – Тіркелген кәсіпорындардың саны



бет10/13
Дата18.07.2016
өлшемі1.82 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

1-кестеТіркелген кәсіпорындардың саны




Барлығы

Мемлекеттік

Жеке

Мемлекеттің қатысуымен

Біріккен кәсіпорындар

Шетелдік

Қазақстан республикасы

247930

28551

207067

840

7935

12312

Кіші

233666

20455

201224

562

7581

11987

Орта

12110

7269

4598

167

247

243

Көзі: Статистикалық жылнама – 01.01.2008.

Кіші кәсіпорындар барлық кәсіпорындардың 94 пайызын орта кәсіпорындар 5 пайызын, тек бір пайызын ғана ірі кәсіпорындар құрайды.

Кәсіпкерліктің даму бағыты әр түрлі болып келеді. Қазақстанда қазіргі уақытта кәсіпкерлік нысандардың қарқынды өсуі байқалуда. Атап айтсақ, Қазақстандағы кәсіпкерліктің барлық нысандарының саны 2004 жылдың 1-қаңтарында 190045 болса, 2007 жылдың 1 қарашасында 226908 болып, яғни екі жылға жетпейтін уақытта кәсіпкерліктің барлық нысаныы 23% артқан [3].

Қ

азіргі уақытта шағын және орта бизнесті жан-жақты қаржылық-несиелік қолдау мемлекет, арнаулы несиелік бірлестіктер және коммерциялық банктер тарапынан жүргізіліп отыр. Осыған байланысты 2002-2007 жылдардағы Қазақстандағы екінші деңгейлі банктермен экономиканы және шағын және орта бизнесті (ШОБ) несиелендіруіне талдау жүргізейік. Соңғы жылдары екінші денгейлі банктермен (ЕДБ) несиелендіру көлемі байқалды.



1
-сурет Экономика мен ШОБ-ті ЕДБ-мен несиелендіріу көлемі, млрд. теңге

1-суретте көрсетілгендей, 01.01.2008 жылдағы жағдай бойынша ел экономикасындағы екінші деңгейлі банктердің несиелер көлемі 7258 млрд. теңгені құрады.

Шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктердің несиелер үлесі экономикадағы несиелердің ішінен 2005 жылдан бастап өсу тенденциясы байқалды. Егер несиелендіру 16 % құраса, 2007 жылы 25 %-ға дейін өсті.

2007 жылы АҚШ-ғы ипотекалық дағдарысқа байланысты Қазақстанның екінші деңгейлі банктері жалпы несиелендіру көлемін күрт төмендетті және ШОБ-ті несиелендіру көлемі де қысқарды.

2-сурет – ЕДБ несиелер көлемінің өсу қарқыны, %
2-суретті қарастыратын болсақ, экономикадағы екінші деңгейлі банктер несиелерінің өсу қарқыны 2005 жылы өзінің өсу шыңына жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 119 % құрады, ал 2006 жылы – 89%-ға дейін, 2007 жылы 20 %-ға дейін төмендеді. Шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктердің несиелер үлесі экономикадағы несиелердің ішінен 2005 жылдан бастап өсу тенденциясы байқалды. Егер несиелендіру 16 % құраса, 2007 жылы 25 %-ға дейін өсті. Осы жылдарда екінші деңгейлі бантердің ШОБ-ті несиелендіру көлемі мемлекеттік қаржылық қолдаудың көлемінен жоғары.

Егер екінші деңгейлі банктер ШОБ несиелер қоржынының өсу қарқыны 2006 жылға дейін жылына орташа 100 % өсім болса, ал 2007 жылды 2006 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 50 % төмендеген (2006 жылы несиелер көлемінің өсімі 115 % құраса, 2007 жылы 65 % құрады).

АҚШ-тың ипотекалық дағдарысы Қазақстанның екінші деңгейлі банктердің несиелендіру көлеміне әсер етпеген жағдайда ШОБ несиелендіру көлемі 2007 жылы 1784 млрд. теңге құрар еді немесе 14,7 млрд. АҚШ доллары. Ал қалыптасқан жағдай бойынша оның деңгейі – 1461 млрд. теңге немесе 12 млрд. теңге. Бұдан көретініміз 2007 жылдың соңғы тоқсаны ШОБ субъектілерінің 323 млрд. теңге немесе 2,6 млрд. АҚШ долларға тең несиелік ресурсқа сұранысын қанағаттандырмады. Сол уақытта Қазақстанның кәсіпкерлер Форумы мен көптеген шағын және орта бизнес субъектілерінің Қазақстан Респуликасының Үкіметіне 09.10.2007 жылы хат жолдауы 2007 жылдың 4-тоқсанында шағын және орта бизнесті қолдауға 10-15 млрд. теңге АҚШ долларын экономикаға тезірек құю қажет болды.

Шағын және орта бизнес үшін екінші деңгейлі банктердің несиелер соңғы бес жылда қаражатының салаларда орналасуын келесідей динамикадан көруге болады:

1. Сауда – өзгеріссіз – 40 %;

2. Көлік және байланыс – жылына 1 % өсу байқалады және 2007 жылы 4 % құраған;

3. Құрлыс – жылына 4 % өсім байқалды, 2007 жылы 21 % құрады;

4. Өндіріс – жылына орта есеппен 2 % төмендеп, 2003 жылды 2007 жылмен салыстырғанда оның үлесі 15 %-дан 7 %-ға төмендеген.

5. Ауыл шаруашылығы – жылына 2 % төмендеген, 2003 жылмен 2007 жылды салыстырғанда 15 %-8 % дейін төмендеген.

Қалыптасқан жағдайға байланысты ШОБ үшін несие ресурстарының салаларда орналасуы 2007 жылы ШОБ үшін коммерциялық банктердің барлық несиелерінен өндірісті дамытуға 7 % үлесі келеді. Бұл жағдайда 2008 жылы өндіріс сферасындағы шағын және орта бизнес субъектілеріне шамамен 168,5 млрд. теңге немесе 1,4 млрд. АҚШ доллары қажет, олардың ішінде 30 % тамақ өндірісін қаржыландыру керек.

Басқа салаларды қолдау үшін 30 млрд. теңге қажет, ол ауыл шаруашылығы, көлік, қызмет көрсетудегі шағын және орта бизнесті дамытады [4].

Ойымызды қорытындылай келе шағын және орта бизнесті жетілдіруге мынадай ұсыныстар келтіруге болады:



  • жоспарлы түрде және заң жүзіндегі қазір күшінде тұрған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің ІЖӨ құрылымындағы үлесінің айтарлықтай артуына қол жеткізіп, сол арқылы мемлекеттің экономикалық және саяси тұрақтылығының берік іргетасы – орта тапты нығайту қажет;

  • банктегі шағын және орта бизнес менеджерлерінің біліктілігіне әлемдік деңгейдегі талап стандартын еңгізу;

  • банктен несие алғанда шағын және орта кәсіпорындарға кепілдік беретін мемлекет қаражатынан құрылған арнайы қаржылық қорларды ұйымдастыру;

  • банктен несие алу барысында шағын және орта бизнес субъектілері кепілдік ретінде қоймадағы өнімді және айналымдағы қаражатын ұсынуды қарастыру;

  • шағын және орта бизнесті несиелендіруде кепілдік талабы бойынша банктің ішкі заңын дамытуда мемлекет тарапынан реттеуді жетілдіру;

  • мемлекетке елдегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі ынталандыру үшін алда бірқатар міндеттерді шешуі тиіс.

Соңғы жылдары қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде Қазақстанда орта тап қоғамның жақсы қалыптасқан, экономикалық және саяси белсенді тобына айналды деп қазірдің өзінде айтуға болады. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бұдан былай да біздің мемлекетіміздегі басымдықтардың бірі болып қала бермек. Таяудағы он жылда шағын және орта бизнестің өндіріс көлеміндегі үлес салмағы 50 пайыздан асып түседі деуге толық негіз бар.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасы Президентінің “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына 2007 жылдың 28 наурызындағы Жолдауы

2. Шайынғазы С. Отандық бизнес іс үстінде қорғауға және қолдауға ие бизнес / C. Шайынғазы // Егемен Қазақстан. – 2008. – № 336. – Б. 7.

3. Заиров, М. Большие тайны маленьких кредитов / М. Заиров // Пульс города. – 2007. – № 43. – С. 43-45.

4. Ибрагимова, Л. Анализ кредитование малого бизнеса банками второго уровня в 2002-2007 годах и обоснование необходимости дальнейшей государственной финансовой поддержки малого и среднего бизнеса / Л. Ибрагимова // Банки Казахстана – 2008. – № 7. – С 30-33.
УДК 336.71(574)
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН БАНКТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ БАНКТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІ
А. Н. Молдағалиева, магистрант

Т. Н. Траисова, экон. ғылымдарының кандидаты, доцент, ғылыми жетекші
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Мақалада банктік қызмет көрсету және оны жетілдіру мәселелері қарастырылды. Қазіргі уақытта банктік несиелендіру, депозиттік шот ашу, ақшалай аударымдар, жеке тұлғаларға қызмет көрсету банк жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады. Көрсетіліп отырған банктік қызметтің жақсаруы, банкті рентабельді және Қазақстан Республикасының басқа банктермен салыстырғанда басым болады.
Основными проблемами, рассматриваемыми в статье являются оказание банковских услуг и их усовершенствование. В настоящее время банковское кредитование, открытие депозитных счетов и кассовые операции, то есть предоставление услуг физическим лицам являются неотъемлемой частью банковской сферы. Улучшение оказываемых услуг делает банк рентабельным и предпочтительным среди других банков Республики Казахстан.
The main problems considered in the article are the bank services and its perfection. At the present time, opening of deposit accounts and cash transactions i.e. services to natural persons are the integral part of bank sphere. The perfection of survices makes the bank profitable and preferable among the other banks of the Republic of Kazakhstan.
Елдегі барлық екінші деңгейлі банктер «Қазақстан Республикасының банктер мен банк қызметі туралы» заңына бағынып, реттеліп отырылады. Екінші деңгейлі банктердің басты қызметтері:


  • салымдар қабылдау;

  • ақшалай төлемдерді жүзеге асыру;

  • несие беру;

  • ақша айырбастау және т.б.

Бүгінгі таңда екінші деңгейлі банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық түрлі өнімдер мен қызметтер көрсетуге дайын. Коммерциялық банктің негізгі қызметі – бұл қарыз беруші мен борышқор арасындағы ақша құралдардың қозғалысын қарастырады. Банктің басқа қаржылық мекемелерден екі айырмашылығы бар:

1. Банк ұзақ мерзімді міндеттемелердің алмасуын сипаттайды;

2. Банктер заңды және жеке тұлғалар алдында белгіленген қарыз соммасы мен өзіне алған шартсыз міндеттемелерді бөледі.

Коммерциялық банктің міндеттері:



  • несие делдалдылығы;

  • жинақтың ынталандырылуы;

  • ұлттық шаруашылықта есептің жүргізілуі;

  • төлем құралдардың құрылуы;

  • бағалы қағаздар операцияның делдалдылығы.

Коммерциялық банк қызметінің қағидалары мынадай:

    • біріншіден, қолда бар ресурстармен жұмыс жасайды;

    • екіншіден, толық экономикалық тәуекелділігі, соның ішінде өз қызметінің шешіміне экономикалық түрде жауапты болады;

    • үшіншіден, коммерциялық банктің өз клиенттерімен қарым-қатынасы толықтай нарықтық қатынас ретінде ұйымдастырылады;

    • төртіншіден, банк қызметінің реттелуі әкімшілік емес, жанама экономикалық тәсілдермен орындалады.

Банктің ұйымдық құрылымы әрқайсысы белгілі бір міндеттер мен талаптарды атқаратын қызмет тараулары мен бөлімшелерден тұрады. Жалпы кез-келген банктің ұйымдық құрылымы банктік операциялардың атқаратын міндетін ескеріп қалыптасады. Мысалы, банктің қаражат тарту және жинақтау операцияларын депозиттік операциялар, есептеу-операциялық, несие және тағы сол сияқты басқармалары орындайды. Әрбір коммерциялық банк банкте шаруашылық есепті ұйымдастыруға, банктің рентабельділігіне және өтімділігіне көп көңіл бөлуі тиіс. Ол үшін банктің ағымдағы қызметімен шұғылданып, банктің жалпы жұмысына ұйымдастыру әсерін тигізетін құрылымдық бөлімшелер кесте бойынша қалыптастырылады.

Банктің актив операцияларын жүзеге асыратын негізгі буыны – несие басқармасы. Банк кәсіпорындарға, ұйымдарға және басқа банктерге несие береді. Қарыз қорын қалыптастыру көздерінің ерекшеліктеріне, берілетін несиенің қамтамасыз етілуіне және несиелеу механизміне, несиені қолданатын жеріне және басқа жағдайларға байланысты несие басқармасының шеңберінде құрылады.

Депозиттік операциялар басқармасы – банктің өз капиталы мен тартылған қаражатын талдаумен және есептеумен шұғылданады.

Қор бөлімі банктің өз қаражатын есептеу мен талдау қызметін жүргізеді.

Жеке тұлғаларға есептеу-кассалық қызмет көрсету мақсатында банкте есептеу-кассалық басқармасы құрылады. Оның негізгі қызметтері:


  • шоттарды ашу және есептесуді жүргізу;

  • кассалық операцияларды жүргізу.

Банктің есеп айырысу-касса бөлімі – банктің Ұлттық банк берген келісімі бойынша құрылған, заңды тұлға болып табылмайтын филиалдық не өкілдік мәртебесі жоқ, Қазақстан аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін орындайтын аймақтық оқшау бөлімшесі.

Талдау және статистика басқармасы төмендегідей жұмыстарды орындайды:



  • статистикалық хабарларды жинақтау және талдау;

  • клиенттерге хабарлама-анықтама қызметтерін көрсету;

  • банктің қызметі туралы есепті, жоспардың жобасын дайындау;

  • банктің балансын статистикалық тұрғыдан дайындау;

  • эксперттік зерттеуді, банкті бағалауды дайындау және орындау.

Кадрлар бөлімі:

  • қызметкерлердің санын және оларды қолдануды жоспарлайды;

  • кадрлардың мамандығын көтеруді және оқытуды ұйымдастырады;

  • еңбекақы қорын басқарады;

  • қызметкерлерді таңдаумен және орналастырумен шұғылданады.

Әкімшілік-шаруашылық бөлімі банктің ғимаратын, құрал-жабдықтарын салумен, жоспарлаумен, сатып алумен, жөндеумен және сатумен айналысады. Электронды-есептегіш машиналар бөлімімен бірлесіп электрондық жүйені қосу, банктің мекемелерін электронды-есептегіш машиналар және оргтехникамен қамтамасыз етумен, сондай-ақ архив ісімен шұғылданады.

Заң бөлімі:



  • нормативтік құжаттарды дайындап, банктің жарғысына өзгерістер енгізеді;

  • жарғылық шарттардың орындалуын және банктік мәмлелердің дұрыс дайындалуын бақылайды;

  • шарттарды, кепілдік актісін және басқа іс қағаздарын толтырады;

  • банктің сот және әкімшілік мекемелеріндегі барлық ісін жүргізеді;

  • талап арыздарды, пікірлерді, шағымдарды және басқа әр түрлі актілерді толтырады;

  • банкте туындаған барлық құқықтық мәселелер бойынша қорытынды жасайды.

Тексеру бөлімі банктің және оның филиалдарының жұмысының банктің Кеңесі бекіткен ережелерге, нормаларға сәйкес болуын тексереді.

Электронды-есептегіш машиналарды енгізу және қолдану бөлімі:



  • банктің компьютерлік жүйесін ұйымдастырады;

  • есеп айырысу мен төлемнің электрондық орындалуын қамтамасыз етеді;

  • банктің басқармалары мен бөлімдері үшін бағдарлама дайындайды;

  • банкті электронды-есептегіш техникамен жабдықтаудың ағымдағы және болашақтағы бағдарламасын жүзеге асырады;

  • әкімшілік бөліммен бірігіп осы бағдарламаны жүзеге асырады.

Нарықтық экономика жағдайында банк қызметінің басты бағытының бірі – банктік қызметтің маркетингі.

Маркетинг басқармасы:



  • жаңа клиенттермен байланысты қамтамасыз етеді;

  • іскерлік байланыстың дамуына әсер етеді;

  • жаңа операциялар мен банктік қызметті және дайындауға әсер етеді;

  • нарықтық коньектураны зерттейді;

  • клиенттерге кеңес берумен көмектеседі.

Банктің клиенті – банкпен шарт жасасып банкте шот ашқан кез келген заңды және құқықты тұлға. Біздің елімізде Ұлттық банкпен, коммерциялық банктермен және олардың клиенттері арасындағы қатынас – шарт негізінде жүзеге асырылады. Шартта банк пен клиенттің қарым-қатынастарының негізгі тәртібі анықталады. Шартқа сай банк пен клиенттің арасындағы іскерлік қатынастар өзара сенімге негізделіп құралады. Шартта несие және салым бойынша проценттік мөлшер, банктік қызметтердің құны және олардың орындалу мерзімі, шарттың жағдайларын бұзғаны үшін екі жақтың мүліктік жауапкершілігі, сондай-ақ шартты бұзу және басқа да шарттың елеулі жағдайлары көрсетілуі тиіс. Шартта көрсетілген міндеттер мен құқықтар біржақты өзгертілмейді.

1. Несие операцияларын ұйымдастыратын жалпы бөлімі – ол:



  • нақты экономикалық жағдайларға байланысты банктің жалпы саясатын және оны орындау тәртібін анықтайды;

  • қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелеу мен қаржыландырудың жалпы әдістемелерін, сондай-ақ, клиенттің несие қабілеттілігін анықтау және перспективалық қаржылық қызмет көрсетуді ұйымдастыру әдістемелерін дайындайды;

  • несиелік тәуекелді зерттеп, банктік несие операцияларын сақтандыру механизмін анықтайды.

2. Қысқа мерзімді несиелеу бөлімі – ол:

  • несие алудың қажеттілігін айқындап біледі;

  • несиені беруді ұйымдастырып, несие істерін жүргізеді;

  • несие шарттарын жасайды;

  • клиенттердің несие қабілеттілігін тексереді;

  • несие қабілеттілік картотекасын жүргізеді;

  • факторинг операцияларын ұйымдастырады.

3. Ұзақ мерзімді несиелеу және қаржыландыру бөлімі – ол:

  • банктің инвестициялық потенциалына қарай несиелеу мен қаржыландырудың негізгі бағыттарын айқындайды;

  • қаржыландыру мен несие операцияларын ұйымдастырады;

  • несие беру және қызмет көрсету шарттарын жасайды;

  • клиенттердің несие қабілеттілігін тексеріп, несие қабілеттілігін картотекасын жүргізеді;

  • клиенттің инновациялық ісіне байланысты несиелейді және клиенттің инновациялық қызметін қаржыландырады;

  • клиенттің тапсыруы бойынша қаржыландыруды ұйымдастырумен шұғылданады;

  • ұзақ мерзімді жобаларды ендіру үшін серіктер іздестіруде және оларды іске асыру үшін мердігерлер табуда делдалдық көмек көрсетеді.

4. Халықты несиелеу бөлімі – ол:

  • тұтыну тауарларын сатып алуды және тұрғын үй салуды тікелей және жанама несиелеуді ұйымдастырады;

  • несие карточкасын береді;

  • халыққа басқа да көптеген қызмет көрсетеді.

5. Банкаралық операциялар бөлімі Ұлттық банкпен, басқа да коммерциялық банктермен, сондай-ақ өзінің бөлімшелермен есеп жүргізуді және барлық банкаралық операцияларды талдауды ұйымдастырады.

6. Дәстүрлі емес банктік операциялар бөлімі несиелеумен, мысалы, лизинг операцияларын жүргізумен шұғылданады.

Коммерциялық банкте валюта басқармасы маңызды қызмет атқарады. Ол:


  • валюталық позицияны жүргізеді;

  • валюта шоттарын жүргізеді;

  • валюталарды сатып алып және сатады;

  • қаржыны салымдарға қабылдап, қарыз береді;

  • тәуекелді сақтандырады.


1-кесте – Коммерциялық банктің ұйымдық құрылымның типтік үлгісі


Акционерлер жиналысы

Несие комитеті

Банктің Басқармасы

Тексеру комитеті

Несие басқармасы

Басқарманың төрағасы

Валюта басқармасы

Қысқа мерзімді несие бөлімі

Ұзақ мерзімді несие бөлімі

Депозиттік операциялар басқармасы

Шетел корреспондент-тік шоттар бөлімі

Валюта бөлімі




Депозиттер және есеп айырысу шоттарының бөлімі

Қор бөлімі




Қызмет көрсету бөлімдері

Делдалдық операциялар басқармасы

Есептеу-операциялық басқарма

Кадрлар бөлімі

Бағалы қағаздар бөлімі

Есеп айырысу бөлімі

Заң бөлімі

Траст бөлімі

Операция бөлімі

Автоматизациялау бөлімі

Банктік қызмет бөлімі

Инкассация

Тексеру бөлімі

Бухгалтерия

Әкімшілік шаруашылық бөлімі

Кассалық операциялар бөлімі

Қазақстан Республикасындағы функционалды банктердің заңнамалық негізін 31.08.1995 ж. №2444 «Қазақстан Республикасындағы банк және банктік қызмет туралы» заң құрайды. Қазақстан Республикасындағы белгіленген заңға сәйкес банк қызметінің орындалуы лицензиялық тәртіппен жүзеге асырылады. Заңға сәйкес, банк – банктік қызметті жүзеге асыра алатын заңмен белгіленген, коммерциялық ұйым болатын заңды тұлға [1]. Қазақстанның банк жүйесін жетілдірудің түпкі мақсаты – оның тиімділік көрсеткішінің жоғары болуы, тұрақтылығы, өркениеттілігі деп санап, банк жүйесін жетілдіру талаптарына сәйкес келетін мынадай ұсыныстар айтуға болады. Банктік қызметті басқа да түрлі экономикалық процесс сияқты қоғам, мемлекет және банктік қауымдастық тарапынан басқаруды қажет етеді. Ең алдымен, басқару сапасы мен оның бағалануы ұйымның заңдық мәртебесі мен сапалық жарғысына байланысты. Қазіргі кезеңде “жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету” бойынша бірнеше жетілдіру жолдары қарастырылған:



  • республикада мемлекеттік банктерде және екінші дәрежелі банктерде тегін шоттар ашу бойынша шаралар жасалуда;

  • екінші дәрежелі банктерді алғашқы кезекте шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет көрсетуге ынталандыру шараларының жүйесі қарастырылуда;

  • спекторлық қызметін кеңейту мақсатында көптеген жетістіктерге жетуге мүмкіндігі жоғары болатынына сенуге болады;

  • банк көптеген операцияларды атқара отырып өзіне клиенттерді қаратып, оларға ыңғайлы әрі тиімді бағыттағы қызметтерді ұсыну;

  • ақпараттық технологияларға негізгі көңіл бөлу;

  • корпоративтік басқару мен тәуекел-менеджментінің жүйесінің тиімділігін өсіретін жұмысын жалғастыру;

  • банктік өнімдердің кірістілігін көтеру;

  • POS-терминалдар мен банкомат желілерінің құрылуына негізгі көңіл бөлетін, банк нарығының дамуында басты рөлді ойнайтын ЕКБ-нің (есеп айырсу-кассалық бөлімнің) және филиалдар желілерін ұлғайтуды жалғастыру;

  • өзінің стратегиясының тұрақты өсуін жалғастыру;

  • республика аймақтарында банктік даму динамикасын, филиалдық жүйелерді көбейту, өсіру;

  • клиентке қызмет көрсету сапалылығын жоғарлату;

  • жаңа бәсекелік банктік өнімдерді құру;

  • филиалдардағы шетел клиенттеріне барлық есептік операциялардың түрлерін (халықаралық аударымдар, конвертациялық қызметтер, несиелік карточкалармен операциялар, чектерді сату-сатып алу бойынша операциялар) атқара алатын білікті мамандар санын көбейту;

  • бәсекеге қабілетті өнімдерді шығару;

  • клиенттерге қызмет көрсету жылдамдығы арқылы сату көлемін көбейту;

  • нарықта портфель сапасы және үлес өсімін сақтау білім қабілеттілігін өсіру;

  • жеке тұлғалар арасында жүретін ипотекалық несиені заң негізінде ретке келтіру [2, 3].

Мақаланы жазу барысында қазіргі кездегі банк жүйесінде қалыптасқан мәселелер зерделенді және жеке тұлғаларға қызмет көрсету түрлері мен оның құрылымы, даму тарихы қарастырылды.
Каталог: 2014 -> elektronnaia bibl -> nauki i obrazavanie -> nauka i obrazavanie 2008
nauka i obrazavanie 2008 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
nauki i obrazavanie -> Ауыл шаруашылық ғылымдары Агрономия ауыл шаруашылық Ғылымдары
nauki i obrazavanie -> Ауыл шаруашылық ғылымдары Агрономия ауыл шаруашылық Ғылымдары
nauki i obrazavanie -> Резервы повышения продуктивности и плодородия орошаемых земель на западе казахстана
nauki i obrazavanie -> Ауыл шаруашылық ғылымдары Агрономия ауыл шаруашылық Ғылымдары
nauka i obrazavanie 2008 -> Д. К. Тулегенова, кандидат с х. наук, Г. Х. Шектыбаева
nauki i obrazavanie -> Управление биологической активностью почв
nauka i obrazavanie 2008 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет