Графикалық диктант
Құстар сайрайды. Сәрсен кітапханаға барды. Әлия мақала
жазды. Әйгерім Алматыдан келді.
•
Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет-
кізу.
* * *
.
.
•
Берілген сызба бойынша сөйлем құрату.
Ескерту диктанты
Мен көркем гимнастика үйірмесіне қатысамын. Билегенде
шауып келе жатқан салт аттыны бейнелеймін. Бір күні әкем
жаттығуға қатысты. Үйге қайтар жолда маған ой салды. Биіңе
«Көңіл ашар» күйі дәл келеді емес пе? Үйге келіп, билеп көрдім.
Тамаша! Өте жақсы болды! Таптым іздегенімді! Қуанғанымнан
әкемнің мойнына асылдым. Күй әуені жаттықтырушыма да
ұнады.
«Балдырған» журналынан
Достарыңызбен бөлісу: |