Е. Н. Жуманкулова Әлеуметтік жұмыстің КӘсіби-этикалық негіздері



бет2/4
Дата17.07.2016
өлшемі314.5 Kb.
#206327
1   2   3   4

Кәсіптік моральдың әлеуметтік қызметкердің адамгершілік білімдерінің қалыптасуында, ұстанымдар мен қажеттіліктерінің қалыптасуында ролі зор. Бұл оған бұл маманның өкілі ретінде талап ететін позицияла мен өзіндік адамгершілік позицияларын бір-бірімен ұштастыруға көмектеседі, әр түрлі моральдық талаптарға бағынуға көмек береді.

Осыдан әлеуметтік қызметкердің іс-әрекеті оның адамгершілік және тұлғалық қасиеттерімен анықталады.

Әлеуметтік жұмыс пен нақты әлеуметтік қызметкерлердің қызметін шектейтің ресми құжаттардан басқа, кәсіби маман мен оның клиентінің арасында бірлескен жұмыстың мақсаты мен әрекет ету сипаты , жұмыс жасау барысы туралы анық және нақты келісім болуы тиіс. Бұл клиент пен әлеуметтік қызмет арасында жасалған келісімшарт болуы мүмкін, өтініш немесе клиенттің әлеуметтік қызметке жолдаған басқа да құжат болуы мүмкін.




Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар.

1. Әлеуметтік жұмыс этикасының негізгі категорияларына сипаттама берініз.

2. Әлеуметтік жұмыс этикасының зерттеу объектісі мен пәні.

3. Әлеуметтік жұмыс және қоғамдық даму мәселелерің қарастырыніз.

4. Кәсіби – этикалық нормаларды және принциптерді сақтау үшін жеке-дара дайындықтарды қарастырыныз.

5. Әлеуметтік қызмет іс-әрекеті салаларындағы арнайы этикалық нормалар мен ережелерге сипаттама берініз.



Қолданған әдебиеттер тізімі

1 Очерк истории этики \Под ред.Б.А..Чагина – М7619697- 328с.

2 Белякова Г.И.Профессиональная этика.- М.,1975.- 291с.

3 Энгельс Ф.Людвиг Фейербах и конец немецкой классической философии \\Маркс К., Энгельс Ф. Собр .соч.Т.21.395с.

4 Словарь по этике \ Под ред. И.С.Кона – М., 1981. 458с.

5. Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. – Алматы: Білім, 1995, 225 б.

6. Социальная работа \Под общ.ред.проф. В.И.Курбатова.Учебное пособие.-4-е изд. –Ростов н\Д:Феникс,2005.-480с.

2. Қазақ және шетелдегі әлеуметтік қызметкерге қойылатын талаптар
Қазақ этикасы – қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесін моральды, адамгершілікті зерттейтін философиялық пән. Қазақ этикасының қалыптасуына Қорқыт ата үлкен үлес қосты. Оның үлгі-өнеге, өсиет-нақыл сөздері қазақтармен қатар барша түрік халықтарында кең таралған. Қорқыт жырлары – имандылық пен ізеттілік, адамгершілік пен парасаттылыққа меңзейді. Көбіне Қорқытты күйші ретінде білеміз, өмірде... қайда барсаң да Қорқыттың көрі – деген аңыз кездейсоқтық емес, ол адам баласына айтылған ескертулер.Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала ақтара қарай отырып, оның әлеуметтік ортадағы салмағын анықтай білген. Соңында, өздерінің көз жеткізген ой қортындыларын жасаған. Олар адамға үлкен моральдық талаптар қоя отырып, зор сенім, үлкен үміт артады. Дәстүр-салтымызда, инабаттылық пен иманжүзділікті қалыптастыру мақсатында тақырыпты халық даналығымен байланыстырудың маңызы зор. Қазақ даналарының тұжырымдауынша, ақыл-парасаттылық мынадай 10 нәрседен тұрады;

- біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан;

- екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан;

- үшіншіден, халқына қызмет етіп, олардың тілек-армандарын орындаудан;

- төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу;

- бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан;

- алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден;

- жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден;

- сегізіншіден, мәжілістерде тыныш, үндемей отырудан, әдеп сақтап, білмейтін нәрсені айтпаудан және өкіндіретін сөздердің тілге ілігуінен сақтанудан;

- тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан;

- оныншы, біреудің ісіне, өзі сұрамаса, араласпаудан, құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан.

Қазақ топырағында әдептануды арнаулы ілім ретінде қарастырған ғұлама-философ, әмбебап ғалым - Әбу Насыр әл-Фараби. Ол этиканы жақсылық пен жамандықты айыруға мүмкіндік беретін ғылым ретінде қарастырды. Оның түсінігінше, адам жаратылыстағы ең қасиетті жан. Сондықтан оған үлкен құрметпен қарау керек. Ғұлама данамыз Әл-Фараби «Қайырымды қаланың бірінші басшысы, қайырымды халықтың басшысы және жер жүзін мекендейтін елдің басшысы өз бойында туа біткен 12 қасиетті ұштастырған адам ғана бола алады деген.

1) Бұл адамның мүшелері мүлде мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелерінің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек, сонда егер адам әлдебір мүшесінің жәрдемімен әлденедей бір іс істемек болса, ол мұны оп-оңай атқаратын болады; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек;

2) өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек;

3) әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып-үйренуден шаршап-шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек;

4) тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болу керек, жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ болып, бұдан алатын ләззатқа жирене қарауы шарт;

5) шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік-жалған мен суайттарды жек көру керек;

6) жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын болуы шарт; жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары болып жаратылысынан игі істерге ынтазар болуы тиіс;

7) жаман атауға, жалған дүниенің басқа да белгілеріне жирене қарау керек;

8) жаратылысынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп әділетсіздік пен озбырлықты және осылардың иелерін жек көру керек;

9) жақындарына да, жат адамдарға да әділ болып жұртты әділеттілікке баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп, жұрттың бәріне де өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп отыруы қажет;

10) әділ болу керек, бірақ қыңыр болмау керек;

11) әдептілік;

12) өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бұл ретте қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек…» - дейді.

Осы қасиеттердің бәрін келер ұрпақ бойына қалыптастыра отырып мінсіз адамды тәрбиелеп шығарамыз деп тұжырым жасайды ғұлама ғалым.Әл-Фарабидің «Философияны үйрену үшін алдымен нені білу керек?», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Азаматтық саясат» атты трактаттарында: ұстаз қандай болу керек, ұстаз бен шәкірттің ара қатынасындағы психологиялық мәселелер туралы көп айтылған. Ғұлама бабамыздың түсінігінше ұстаздар да, қала басшысы да тәрбиелік қызмет атқаратын адамдар: «Ұстаз баланы тәрбиелесе, қала басшысы барша халықты тәрбиелейді. Олай болса екеуі де «Сегіз қырлы, бір сырлы» халыққа қай жағынан болса да үлгілі адамдар болуы тиіс», - деді. Әл-Фараби «Нағыз тәрбиеші ұстаздың бойында он екі тума табиғи қасиет және алты жүре дарыған қасиетті меңгерген дана адам болу керек», - дей келіп, оның мынадай сипаттамасын береді:

- өнер-білімге құштар;



  • мүшелері мүлде мінсіз;

  • жаратылысынан өзіне айтқанның бәрін жете түсінетін;

  • өзі естіген, көрген, түсінген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, алғыр да аңғарымпаз;

  • өткір сөз иесі және ойына түйгенінің бәрін анық бере алатын;

  • тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұқбат құруға қанағатшыл;

  • жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын;

  • жаратылысынан игі істерге ынтызар;

  • әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты жек көретін;

  • жақындарына да жат адамдарға да әділ

  • пасықтық атаулығы мүлде рақымсыз;

  • қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек;

  • бойына туа біткен он екі, сондай-ақ өмір барысында жүре қалыптасатын алты қасиетке ие болған, бұларды бір-бірімен сәтті ұштастырған адам ғана нағыз ұстаз, жұртқа жақсы басшы бола алады», - дейді.

Әл-Фараби болашақ мұғалім даярлауда ең алдымен еңбек етуге тәрбиелеу ең басты - қасиет деп санайды және еңбекті бірнеше түрге бөліп көрсетеді. Олар: адал еңбек, пайдалы еңбек, халықтық еңбек, көпшілік еңбек, бірлескен еңбек. Ол жастарды халықтық еңбекпен айналысуын жөн көрді, және мынадай өлең жолдарын да арнады: «Халықтың қамын жесең, таза еңбек ет, Дәстүрді ұста, көксеген мұратқа жет. Болашаққа апарар бірақ жол бар, Білім, еңбек, тәрбие, ол – парасат». Бұл жерде Әл-Фараби таза, адал еңбекті – тәрбиенің алғы шарты етіп алды. «Тәрбиені неден бастау керек?» деген еңбегінде ғылымды, оқу-ағартуды меңгеруді, білім-тәрбие алу, еңбекке үйрену, философияны үйрену үшін адамның ар тазалығын, оның жеке басының тазалығын, еңбексүйгіштігі мен қызығушылығын бірінші орынға қояды.

Қазақ халқының моральдық-этикалық тәрбиесінің басқа халықтарға ұқсамайтын өзіне тән мән-мазмұны, ерекшеліктері бар. Осылардың бәрі атадан-балаға жазылмаған заң ретінде халық педагогикасы құралдары арқылы өңделіп, толықтырылып отырған. Біздің пайымдауымызша: моральдық-этикалық дәстүрлер дегеніміз моральдық сана тәжірибесіне ендірілген, адамгершілік қатынас мазмұнында көрініс тапқан моральдық ережелер мен нормалар.

Тарихи кезеңдердің жаңа дәуірі туғанымен ешқашан құнын жоймайтын моральдық-этикалық категорияларға: ар, ұят, намыс, абырой, ұждан, абырой, борыш, парыз, борыш т.б. жатады. Оған қазақ халқының «Ақылды болсаң, арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта», «Жігіттің құны - жүз жылқы, ары - мың жылқы», «Ұят кімде болса, иман сонда», «Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі», «Өз ұятын білген кісі, бір кісіге төрелік береді» т.б. деген мақал-мәтелдері дәлел бола алады. Қазақ халқы ар-ожданды, абыройды қатты қастерлеген, оны адамгершіліктің туы етіп көтерген, сондықтан жастарға бата бергенде «Абыройлы бол!», «А, құдай абыройыңнан айырма» - деп тілек білдіріп отырған. Ал, намыс – адамның ішкі сезімі, абыройды қорғайтын құралы. Намыс – адамның қадір-қасиетіне байланысты өте нәзік, өткір, күшті лап етпе сезім. Ол адамды жаман әрекеттерден сақтайтын таза ұлы қасиет.

Қазақ халқының моральдық-этикалық тәрбиесі туған жерге, отбасына, үлкен-кішілерге, қоғамға т.б. көрініс береді. Үлкендерге деген сыйластықты орнату мақсатында қалыптасқан нормалар мінез-құлықтың қалыптасуына зор ықпал етеді. Бұған мысал: үлкеннің жолын кесіп өтпе, сөзін бөлме, үлкендерге сәлем бер, үлкендердің көңілін қалдыратындай қылық жасама, т.б. Мораль, адамгершілік, парыз деген ұғымды ең алғаш отбасынан яғни ата-анасы арқылы біліп, түсінеді. Ата-ана парызы - өтелмейтін парыз. Соның ішінде ананың орны ерекше. «Ана сүтін оны Меккеге үш рет арқалап апарсаң да өтей алмайсың», - деп халық бекер айтпаған. Халықтық тәлім-тәрбиеде әкенің де орны ерекше құрметті. Аналарының балаларына «әкең біледі», «әкеңмен ақылдас», «әкеңнен бұрын асқа отырма» деп барлық нәрсені әкесінің нұсқауымен істеуге үйретуі әкенің қазақ отбасындағы орнын көрсетеді.

Мұның бәрі қазақ халқының бала тәрбиесіне үлкен мән бергенін дәлелдейді. «Он үште отау иесі» деген ұғым бойынша бабаларымыз ес білген шағынан бастап баланы өмірге даярлаған, әсіресе ер бала шыр етіп келген сәтінен он үшке дейінгі кезеңде өмірдің құпия сырын, ауыртпашылығын, тұрмыс-қарекетінің жыл мерзіміне сай ерекшелігін үйретіп, құлағына құйып отырған. Он үш жасқа дейін осынау ғаламды дұрыс игерген бала өзінің өмірін де басқара алады, елін қорғауға да ақал-парасаты жетеді деп түсінген. Қазақ этикасымен салыстырғанда шетелдегі әлеуметтік қызметкер этикасына осындай талаптар қойылады:

- мұқтаж жандарға әрдайым көмек беру,жақсылық жасау,жұмыс орның пайдаланбау;

– адал және жауаптылықпен жұмыс істеуге, еңбек тәртібін сақтауға, басшылығының өкімдерін нақты және уақытылы орындауға, жұмыс уақытын өнімді еңбекке арнауға;

– тиісті ережелер мен нұсқаулықтарда қарастырылған еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, еңбектің өндірістік және санитарлық гигиенасы, өртке қарсы қорғану және өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарды сақтауға;

–адамдардың өмірі мен денсаулығына,адамның мүлкін сақтауға қауіп төндіретін жағдайлардың туындауын алдын алу;

– өз ісіне лайықты болуға, басқа қызметкерлердің еңбек міндеттерін атқаруға бөгет болатын әрекеттерден аулақ болуға, жалпы қабылданған адамгершілік және этика нормаларын ұстануға, әлеуметтік қызметкер беделін сақтауға атсалысуға, қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейін сақтауға міндетті.

– қиын балалар мен жаман оқитындардың терең білім алуына жәрдемдесетін педагогикалық және ғылыми процестің жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге;

– оқитындардың таңдап алынған даярлық бағыттары (мамандығы) бойынша кәсіби білімдерін қалыптастыруға;

–оқитындардың дербестігін, ынталарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;

– өздерінің кәсіби және жалпы мәдени деңгейлерін үнемі арттырып отыруға;

– ғалымдар арасында жалпы қабылданған адамгершілік және этика нормаларын – еркіндіктің қажетті шарттарын, атап айтқанда ғылыми нормаларды ұстануға;

– педагогикалық этика нормаларын сақтау;

– қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен оқыту түрлерін пайдаланып, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың білім алуына жәрдемдесу;

-клиенттің абыройын құрметтеуге міндетті.

– орындалатын жұмыстың көлемін, мерзімі мен сапасын реттейтін еңбек шартымен, нормативтік актілермен айқындалатын жұмысты уақытылы және ұқыпты орындауға;

– жұмыс пен шығарылатын өнімнің сапасын тиісінше қамтамасыз етуге, жұмыста қателіктерге жол бермеуге, өзінің еңбек міндеттерін адал атқаруға, еңбек тәртібін сақтауға;

– қалыпты жұмыс істеуге кедергі келтіретін немесе оны қиындататын себептер мен жағдайларды тез арада жою шараларын қолдануға және болған оқиға туралы Академия басшылығына немесе тиісті бөлімшенің жетекшісіне жедел хабарлауға міндетті.

– мінез-құлық этикасын сақтауға;

– мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін сақтауға (оқитындар мемлекеттік қызметшілер болған жағдайда) міндетті.

– конференция, симпозиум, семинарларға, оның ішінде шетелде өтетін жұмыстарға қатысуға;

– кәсіби қызметтегі жетістіктері үшін материалдық және моральдық көтермелеуге, орден, медаль, құрметті атақтар, төс белгілері және мақтау грамоталарымен марапатталуға;

– өз қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізуге;

– өзінің кәсіби адалдығын және абыройын қорғауға;

– ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогикалық өтілін сақтай отырып шығармашылық демалыс алуға;

-азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға бастайтын іс-әрекеттерге жол бермеуге;

Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық татулықты нығайтуға жәрдемдесуге;

5) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, әділ де сапалы атқаруға, ол үшін өзінің жұмыс уақытын тиімді пайдалануға;

6) жоғары кәсіби жұмыс үшін барлық күш-жігерін жұмсауға, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы және үнемді әдістерін қолдануға, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүліктерге ұқыппен қарап, оны ұтымды әрі тиімді пайдалануға;

7) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға;

8) мемлекеттік қызмет мүдделеріне залал келтіретін іс-әрекетті болдырмауға; мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделерін қозғайтын мәселелер жөнінде шешімдер қабылдауға қатысы бар адамдардың қызметіне араласпауға;

9) кәсіпкерлік қызметке араласуға және жекелеген шаруашылық  субъектілерінің мүдделерін сүйемелдеуге жол бермеуге;

10) қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарға пайдалануға жол бермеуге;

11) қызметі жоғары немесе төмен тұрған не өзімен қызмет немесе жұмыс бойынша өзге де тәуелділіктегі адамдармен ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатыспауға;

12) мемлекеттік функцияларды орындаумен байланысты жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар қабылдау немесе қызметін пайдалану фактілеріне жол бермеуге;

13) заңмен белгіленген жағдайлардан басқа, қазақстандық немесе шетелдік жеке және заңды тұлғалар есебінен мемлекетішілік және шетелдік туристік, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақырулардан бас тартуға;

14) өзінің іске көзқарасымен және жеке мінез-құлқымен ұжымда орнықты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай туғызуға ықпал етуге;

15) мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс жасауына және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін тиісінше орындауына бөгет болатын іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

16) кадрларды жерлестік және жеке өзіне берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;

17) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және жолын кесуге;

18) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киім киюдің іскерлік стилін ұстануға тиіс.

2. Азаматтармен және заңды тұлғалармен қарым-қатынастарда мемлекеттік қызметшілер:

1) азаматтардың мемлекет институттарына сенімін нығайтуға ықпал етуге;

2) қарапайымдылық танытуға, өзінің лауазымдық жағдайын, соның ішінде көлік, сервис және өзге де қызметтерді алу кезінде, баса көрсетпеуге және пайдаланбауға,

3) өзінің іс-әрекеттерімен және шешімдерімен қоғам тарапынан негізді сынға ұшырамауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, оған төзімділікпен қарауға, оң сын-ескертпелерді кемшіліктерді жою мен өзінің кәсіби қызметін жақсарту үшін пайдалануға;

4) өтініштерді қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, олар бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға;

5) шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қарым-қатынасына, сеніміне, тұрғылықты жеріне немесе кез-келген өзге де жағдайларға қарамастан адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

6) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға;

7) сыпайы және әдепті болуға тиіс.

Осымен сәйкес әлеуметтік қызметкерге келесы талаптар қойылады:

1) бағынысты қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін олардың атқаратын лауазымдарына сәйкес дәл айқындауға, бағынысты қызметкерлерге анық орындай алмайтын өкімдер бермеуге және олардан қызметтік міндеттерінің шеңберінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге;

2) бағынысты қызметкерлеріне қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік фактілеріне, адамдық қадір-қасиетін кемсітуге, жөнсіздікке жол бермеуге;

3) бағынысты қызметкерлерді құқыққа қайшы теріс қылықтар немесе жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен үйлеспейтін іс-әрекеттер жасауға мәжбүр етпеуге тиіс.

4) мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалары сөйлейді.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірталасты әдепті түрде жүргізуі тиіс.

5) мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол:

- мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмесе;

- жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпараттарды ашатын болса;

- мемлекеттің лауазымды тұлғаларының атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруге тиіс емес.

6) мемлекеттік қызметшінің атына коммерциялық ұйымдарды басқаруы және/немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысуы, біреудің мүдделерін сүйемелдеуі жөнінде негізсіз көпшілік алдында айыптау болған жағдайда, ол тиісті түрде мұндай айыптауларды теріске шығаратын ақпаратты жариялауға тиіс.

7) мемлекеттік қызметшіні сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшілік алдында айыптаған жағдайда, ол бұл айыптауларды теріске шығару, соның ішінде сот арқылы теріске шығару шараларын қабылдауы керек.

8. мемлекеттік қызметшілердің Кодексті сақтауы олардың қызметтік борышы болып табылады.

9. Кодексте көзделген талаптарды бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

10. Мемлекеттік органның ұжымы оның басшысының шешімі бойынша мемлекеттік қызметшінің Кодексті сақтамау фактісін қарап, қараудың нәтижесі бойынша қоғамдық мін таға алады

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.


  1. Қазақ және шетелдегі әлеуметтік қызметкерлерге қойылған талаптарді салыстырып ұқсастыған және айырмашылығын шығарыныз.

  2. Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Философияны үйрену үшін алдымен нені білу керек?», «Әлеуметтік–этикалық трактаттар» шығармаларын талдап әлеуметтік жұмыскерге койылатын талаптарға сәйкестігін табыныз.

  3. А.Құнанбаев «Қара сөздерін» талдап әлеуметтік жұмыскердің іс-әрекетіне қандай сөздерін сәйкес келдіруге болады.

  4. Шетелдегі әлеуметтік жұмыскерлердің қызметінің ерекшілігін табыныз.



Қолданған әдебиеттер тізімі

1. Әл–Фараби. Әлеуметтік–этикалық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1975. – 163 б.

2. Жан Жак Руссо Қоғамдық келісім-шарт немесе саяси құқық принциптері. - Алматы: Үш Қиян, 2004. – 79 б.

3. Организация работы органов социальной защиты: учебное пособие/ А.Н.Савинов, Т.Ф.Зарембо. – М.: Академия, 2004. -186 с.

4. Клиническая психология в социальной работе: учебник/ под ред. Б.А.Маршина. – М.: Академия, 2002. -219 с.

5. Теория социальной работы: учебник/ под ред. Е.И.Холостовой. – М.: Юристь, 1999. -332 с



3 Әлеуметтік қызметкердің кәсіби этикасының түсінігі
Әлеуметтік жұмыс кәсіби қызметтің ерекше түрі сияқты мамандардың өзін-өзі ұстау нормалары мен принциптерінің қалыптасу үрдісінде құрылған, оған ғана қатысты идеалдар мен құндылықтар ерекшеліктерін қамтиды. Келешекте мамандандырылған қызмет ретінде әлеуметтік жұмыс әр түрлі жағдайларды, қарама-қайшылықтарды қамтиды.

Әлеуметтік жұмыстың этикасы моральды нормаларға негізделеді (лат. Norma – ереже, үлгі; моральды қарым-қатынастардың элементі және моральды сананың формасы ретінде анықталатын адамгершілік талаптарының қарапайым формаларының бірі). Моральды нормалар әлеуметтік жұмыстың негізін құрайтын кәсіби құндылықтарда қоғаммен қабылданады.

Әлеуметтік жұмыстың кәсіби этикасы белгілі бір эсклюзивті, басқа механизмдермен қарсыласқан, мамандар тәртібінің бақылаушысы емес. Оның нормалары мен принциптері нормативті-құқықтық базалардың талаптарына немесе әлеуметтік жұмыстағы технологиялық үрдістерге қызмет етеді. Әлеуметтік жұмыстың этикасы мамандар мен олардың ұйымдарының қоғам және мамандықтың , клиенттің және олардың топтарының қызығушылықтарына қызмет етуді талап етеді. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби этикасы резервтерді іздеуді, барлық мүмкін болатын ресурс түрлерін қолдануды ұсынады – әлеуметтіктен әлеуметтік қызметкердің өзі және оның клиенті ретінде жеке ресурстарға дейін.

Қазіргі кезде әлеуметтік жұмыста әрбір әлеуметтік қызметкердің өзінің кәсіби қызметіне артқан жауапкершілігінің этикалық критериилерін анықтау қажеттілігі туралы мәселе басты назарды аудартады. Ол моральды принциптер мен нормаларды қабылдауда бір бағыт қалыптастыруда, мағынасын нақтылауға, құндылықтар мен идеалдардың ортақ жүйесін құрастыруды талап етеді.

Әлеуметтік қызметкердің ұжымдық жауапкершілік мәселесі де маңызды болып келеді. Әрбір кәсіби топ, әсіресе егер ол өзінің кәсіби ассоциацияларын құрса, өзінің жеке кәсіби қызығушылықтарын қолдауға және сақтауға тырысады – мысалы, мамандықтың престижі мен статусын жоғарылату, кәсіби қызметтің дамуына субсидий алу, т.б. Алайда бұл қызығушылықтар әлеуметтік мәселелер мен жалпыкәсіптік мазмұнның шешімінде жүзеге асатын болса ғана іске асырылады. Сондықтан әлеуметтік жұмыстың кәсіби этикасының негізгі міндеттерінің қатарына корпорациялық қызығушылықтар мен мақсаттар , кәсіби қызметтің міндеттерімен, сонымен қатар қоғамның және оның әрбір мүшелерінің қызығушылықтарының қарама-қайшылықтарды тудырмауға тырысу болып табылады.

Сонымен, әлеуметтік жұмыс этикасының зерттеу объектісі мамандардың мамандардың кәсіби моральы болып табылады, ал пәні – жұмыс процесінде қалыптасатын әлеуметтік қызметкердің этикалық қарым-қатынастары , этикалық санасы және этикалық іс-әрекеттері.

Әлеуметтік қызметкердің этикалық мақсаты әлеуметтік тұрғыдан қабылданған жоспар мен кәсіби қызметтің мән-мағыналарын қамтамасыз ету және қолдау, ал міндеттері – кәсіби топтың және олардың бірлестіктерінің жеке нормативті регламентациясы, әлеуметтік сферадағы мамандардың сәйкес этикалық саналарын қалыптастыру.

Әлеуметтік жұмыс этикасының басты категорияларына маманның кәсіби этикалық қарым-қатынастары, этикалық санасы, этикалық іс-әрекеттері және кәсіби парызы жатады.

Әлеуметтік жұмыста кәсіби этикалық қызмет процесінде қалыптасатын басты этикалық қарым-қатынастар «адам – адам» жүйесінің қоғамға және жеке тұлғаға жақсылық жасау жолына негізделеді. Бұл қарым-қатынастар ұжым мүшелері ретінде әлеуметтік қызметкерлер арасында, әлеуметтік қызметкер мен олардың клиенттерінің арасында, әлеуметтік қызметкер мен клиенттің әлеуметтік ортасының арасында, әлеуметтік қызметкер мен әр түрлі мекемелер, ұйымдар, жеке меншік түрлері арасында қалыптасады. Сонымен, бұл мемлекеттің бір құрылымы ретіндегі әлеуметтік жұмыстың институты мен басқа мемлекет ұйымдар арасындағы қарым-қатынас.

Әлеуметтік жұмыста этикалық қарым-қатынастар талаптар формасында; адамгершілік принциптері; моральды қабілеттер ; мамандардың өз қызметіндегі үнемі өзін-өзі ұстау және бақылау формасында жүреді.

Әлеуметтік қызметкердің этикалық санасы кәсіби қарым-қатынас процесінде қалыптасатын әлеуметтік қызметкердің әлеуметтік өмірі мен қызметін көрсетеді. Бұл сана моральдың субъективті көрінісі болып келеді, себебі объективті әлеуметтік қажеттіліктер мен қоғамдық мүдделер маманның немесе кәсіпкердің санасында міндеті тәртіптер мен іс-әрекеттер идеясы ретінде көрінеді. Бұл сананың ерекше формасы спецификалық адамгершілік нақтылықты береді: тәртіп пен қызмет енді қажеттіліктер тұрғысынан қарастырылмайды, ол олардың моральды құндылықтарын толық, жан-жақты зерттейді. Іс-әрекеттің құндылықтары игі істер, қоғам және әлеуметтік қызметкердің клиенттері болып табылады, яғни адамгершілік тұрғысынан қарағанда әлеуметтік қызметкердің өзі де қатысады. Нақты әлеуметтік қызметкердің кәсіби міндеті, адамгершілік тұрғысынан қарағанда, жақсылық болып табылады. Бұл жақсылық тек қана қоғамға немесе клиентке қажет болғаннан емес, сондай-ақ ол әлеуметік қызметкердің өзіне де қажет, себебі әлеуметтік қызметкерге игі іс жасау оған пайда әкелуге мүмкіндік береді, соған қоса өзінің жеке адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға да септігін тигізеді. Әлеуметтік жұмыс, кез келген қызмет сияқты, мораль және адамгершілік позициясымен бағаланатын нақты құрылымдық элементтермен ерекшеленеді.

Адамгершіліктің, қызметтің ең басты мақсаты клиент пен қоғамның жақсылығы болуы мүмкін. Қызметтің мақсаты әрқашан келешек реалды шешімнің идеалды образы болып келеді. Әлеуметтік қызметкердің өзінің алдына қойған мақсаты, жалпы айтқанда, мына формуламен айқындалуы мүмкін: «мәселені шешу және клиенттің өмірлік шарттарын жақсарту». Клиент, негізінен, өзінің мақсатын бұдан да айқын қалыптастырады. Бірақ клиенттің мақсаты әрқашан орындала бермейді – бұған әлеуметтік қорғау жүйесінің мүмкіндіктері және нақты әлеуметтік қатынастар, клиент үшін соңғы нәтижесінің объективті құндылығы , этикалық мақсаттар және басқа да факторлар әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкер мақсаттың этикалық тиімділігін бағалай отырып, клиенттің мәселесін шешу үшін нақты іс-әрекеттерді жоспарлай отырып, өзіне жеке жауапкершілік артады. Егер әлеуметтік қызметкер клиент және оның әлеуметтік ортасы үшін жұмыс нәтижесінің мүмкін болатын құндылығын бағаласа, ол қойылған мақсат бойынша әрекет жасамау дұрыс болатынын айтады, ол өзінің ойын анық, нақты түсіндіріп, клиентке өзінің дұрыстығын дәлелдеу керек.

Әр адам шындықты немесе ақиқатты, заттар , құбылыстар немес іс-әрекеттерді , өзінің ішкі жан дүниесімен байланыстырады. Әлеуметтік қызметкер әрқашан өзінің қызметін тек жалпы қоғамдық немесе кәсіби құндылықтар тұрғысынан ғана зерделемей, сонымен қатар өзінің құндылықтар жүйесінен, мораль және адамгершілік туралы өз пікірлері арқылы да жұмыс істейді. Әлеуметтік қызметкердің іс –әрекеттері оның кәсіби міндеттерінің спецификалық адамгершілік мотивтерді құрайды. Жақсылық жасауға ұмтылу, мәжбүр адамдарға көмек беру, адами және кәсіби парыз сезіміне бағыну, нақты идеалдарға жетуді қажет ету, құнды бағыттарды іске асыру. Әлеуметтік қызметкер үшін басты кәсіби міндеті клиенттің мәселелерін шешу болып табылады.

Түрткі ретінде көбінесе орындалған жұмыстың мазмұны, еңбек ету қызметінің процесі және оның соңғы нәтижесі қарастырылады. Егер әлеуметтік қызметкер тұлға ретінде өзін адамдарға қажет екенін сезінсе, егер ол әлсіз адамдарды қорғауға дайын болса, егер ол өзінің клиенттерінің табыстарына қуанса, және олардың жетістіктеріне мақтау айтса, онда қалыпты мотвацияның орны бар деп айтуға болады. Сондықтан клиентпен ортақтасу сезімі, оның тағдыры үшін жауапты болу, пайдалы болуын қажетсіну, және жақсылық жасау - әлеуметтік қызметкердің оқу және практика жүзінде дамып отыратын тәртіп пен қызметтің қажетті мотивтері.

Легитимизация ұғымының астарынан әлеуметтік қызметкер немесе әлеуметтік қызметтің өзінің міндеттерінің негізіне үңілетін құқықтық негіздемелер түсіндіріледі. Бұл мекеменің қызметін, әлеуметтік қорғау органдарының және олардың қызметкерлерін бақылайтын барлық нормативті-құықтық база.

Әлеуметтік қызметкердің міндеттерін легитимизациялайтын құжат ретінде , олар мемлекеттік немесе жергілікті әлеуметтік бағдарламалар, бұйрық немесе әлеуметтік қорғау жоғары органның немесе мемлекеттік немесе жергілікті басқару органдарының құрылымдық хаты, олардың шешімі, т.б. қандай жағдай болмасын, бұл құжат мазмұны адамгершілік критерилерінің сұрақтарына жауап беретін және барлық әлеуметтік қызмет пен әлеуметтік қорғау жүйесіне ортақ жалпы қабылданған, заң негізінде жүзеге асатын мақсаттар мен міндеттерге қарсы болмауы тиіс. Қызметтің негізделуі форма ретінде , сонымен қатар мазмұны жағынан әр түрлі объективті себептерге байланысты мақсаттардан айырмашылық жасайды.

Әлеуметтік қызмет пен нақты әлеуметтік қызметкерлердің қызметін регламентациялайтын ресми құжаттардан басқа, кәсіби маман мен оның клиентінің арасында бірлескен жұмыстың мақсаты мен әрекет ету сипаты , жұмыс жасау барысы туралы анық және нақты келісім болуы тиіс. Бұл клиент пен әлеуметтік қызмет арасында жасалған келісімшарт болуы мүмкін, өтініш немесе клиенттің әлеуметтік қызметке жолдаған басқа да құжат болуы мүмкін.

Мақсаттардың сәйкестігі мен мақсатқа жетудің тәсілдері этиканың негізгі сұрақтарының бірі болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін әлеуметтік қызметкер оған барлық мүмкін болатын , қолайлы , заңды тәсілдерді қолданады – материалдыдан бастап рухани құндылықтарға дейін. Тиісті құралдарды таңдай кезінде этикалық принциптерді ұстану керек, оның ішіндегі ең бастысы және барлық қызмет үшін ең маңыздысы «зиян келтірме» деген принцип болып табылады. Әлеуметтік қызметкер мақсатқа жету жолдарының жүру барысын ғана ойластырып қоймай, мақсатқа жету үшін басқа да тәсілдердің қолданылуын да алдын ала көре білуі керек – «деструктивті тәсілдерді қолдану трансформацияға және мақсаттың орындалуына әкеледі». Әлеуметтік қызметкердің қойған мақсаты моральды жағынан жоғары болуы мүмкін, оның тәсілдері мен құралдарына сәйкес келмеуі мүмкін, олардың аморальдылығы қызметтің барлық нәтижесін өшіріп тастауы мүмкін. Мысалы, әлеуметтік жұмыстың құралдары әлсіз қаржыландырудың әсерімен юайланысты екені анық. Бірақ бұл әлеуметтік қызметкер материалдық жағдайы жоғары адамдардың қаражтын аз қамтылған клиенттерге көмек беру арқылы аудару емес, немесе әділетсіз әрекеттер жасап алдау емес. Егер қылмыстық кодекс жүйесінде әрекет етсе, мұндай әлеуметтік қызметкер жауапқа тартылмайды, оның міндеті барлық әлеуметтік жұмыс институтына таңылатын қоғамдық санада негативті баға беру болып табылады. Сондықтан әлеуметтік қызметкер үшін заң жүзіндегі, қоғам қабылдаған, жоғары моральды құндылықтары бар құралдар мен тәсілдерді таңдау керек.

Әлеуметтік қызметкердің әрекетке көшу шешімі, бұл жолдар немесе тәсілдер клиентке және қоғамға қандай пайда әкеледі дегенге негізделіп, нақты білім жүйесінде іске асырылуы керек. Іс-әрекеттер клиентке және оның әлеуметтік ортасына деген мейірімділік негізінде қалыптасуы керек, олардың құндылықтары мен өмірден жақсылық, табыс алуын қамтамасыз ету керек. Жоспар құруға немесе мақсатты іске асыру шегіндегі этикалық тиімді әрекеттердің бағдарламасына жауапты болу толығымен әлеуметтік қызметкерге артады. Клиент мәселені шешу жолдарын қарастыруға толық қықығы болса да, оның «вето» (яғни, мәселені шешуге әлеуметік қызметкердің нұсқаларымен келісу не келіспеу құықығы) құқығы болса да, жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер маман ретінде шешім қабылдауға, іс-әрекеттің тәртібін анықтауға үлкен жауапкершілік артады. Этиканың талабы әлеуметтік қызметкер клиентке мақсатқа жетудің барысы туралы, қандай шаралар жүргізіліп жатқандығы туралы, олардың мән-мағынасын түсіндіріп, барлық жағдайлар туралы үнемі қажетті ақпарат беру болып табылады.

Нәтиже – бұл қызметтің ақиқатты күтетін өнімі. Жұмысты орындау барысында, әлеуметтік қызметкер мақсатты болжау кезеңінің өзінде жұмыстың нәтижесінде не ала алатынын , қандай қорытындыға келетінін елестету керек. Бірақ, ереже бойынша, соңғы реалды нәтиже жоспарда белгіленген қорытындыдан ерекшеленеді, яғни қойылған мақсаттан, себебі мақсат – бұл күтілетін шешімнің идеалды нұсқасы болып табылады. Реалды идеалдыдан қаншалықты айымашылығы бар, бұл объективті және субъективті себептерге байланысты. Қандай жағдай болмасын, әлеуметтік қызметкер субъективті фактордың барлық негативті әрекеттерін жауып тастауы керек, яғни өзін және клиентті мобилизациялауы керек, қойылған міндеттерді шешу үшін қоғамның барлық мүмкін болатын, тиісті , пайдалы ресурстарына қолдану керек. Ол , сонымен қатар, мақсатқа жету жолында болатын объективті кедергілерді де білуі керек, қызметтің жоспарын құру кезінде олардың пайда болатын барлық нұсқаларын қарап шығуы керек.

Бірақ сәттілік этикалық нормаларына сай болуы керек, және әлеуметтік қызметкер өзінің жоспарлаған жұмысын бақылап отыруы керек. Егер оның нәтижесі оның моральды сезімдерін өкіндіретін болса, оған жұмысты бастау міндетті емес, ал жұмыстың негативті барысы оның талпыныстарын сұрақтардың астына алады.

Жалпы әлеуметтік жұмыстың этикасында мынадай деңгейлер бар:

1) ішкі жүйелердің барлық әрекет ету типтеріне ішкі этикалық стандарттарды қолдану: әлеуметтік қызметкер – клиент, әлеуметтік қыземткер - әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік қызметкер - әлеуметтік мекеменің ұжымы, әлеуметтік қызмет - әлеуметтік қызмет, т.с.с. Бұл деңгейде жүйеде қалыптасатын іс-әрекеттер мен қарым-қатынастар қалыптасу жүреді, және кәсіби топтың мүшелері тарапынан олардың бағалауы да жүреді.

2) нақты әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік қызметтердің әмбебап мәндегі кәсіби стандарттардың тарапынан тәртіп пен іс-әрекетке баға беру. Бұл деңгейде әлеуметтік қызметкерлер мен олардың әрекеттері клиенттердің жағынан және олардың әлеуметтік ортасынан қарастырылады да бағаланады. Сонымен қатар бұл кезеңде әлеуметтік қызметкерлердің тәртібі мен әрекетіне клиенттер мен олардың қоршаған ортасының әсері ықпал етеді. ;

3) әлеуметтік жұмысты жалпы әлеуметтік институт ретінде бағалау. Ол әлеуметтік қызметкерлердің барлық структураларымен қарым-қатынасы, әлеуметтік мақсат пен қоршаған ортаның әсері шегінде болады. Бұл кезеңде әлеуметік пайдана қарастырады, әлеуметтік жұмыстың қоғамға қажеттілігі, және оның объективті түрде қоғаммен қабылдануы, этикалық мазмұндардың сәйкес келуі, қоғам көзқарасынан кәсіби қызметтің сыртқы көрінісі қарастырылады.

Этикалық баға кез келген деңгейде объективті-субъективті сипат алады. Бағаның субъективтілігі бағалау адамдармен жүргізіледі, және жеке факторды алып тастау әрқашан орындала бермейтіндігімен байланысты. Мысалы, клиенттің әлеуметтік жұмысты бағалауы кезінде, оның пікірі , көбінесе, әлеуметтік қызметкер қаншалықты оның мәселесін шешкені , онымен қаншалықты және қандай деңгейде жұмыс жасағанымен тығыз байланысты.

Қоғам тұрғысынан баға объективті болуы мүмкін, себебі қоғам әлеуметтік тұрақты емес; барлық азаматтар әлеуметтік жұмыстың институты жайында толық білмейді, оның мүмкіндіктері мен қажеттіліктері туралы ақпараттары аз. әлеуметтік жұмыстың бағасы әлеуметтік институт ретінде қоғаммен және мемлекетпен ерекшеленеді. Мемлекет әлеуметтік жұмыстың институтын қалыптастыра отырып, бұл институттың потенциалынан шығады, қоғам үшін қызығушылық келтіретін потенциал емес, оның соңғы нәтижесі көп қызықтырады, себебі қоғам оптималды болып табылатын әлеуметтік жұмыс институтының қызметінің шарттарымен толық таныс емес.

Кәсіптік қызметте қалыптасатын және кәсіптік қимылдарды, іс-әркеттерді, тәртіпті реттейтін адамгершілік нормалары әлеуметтік жұмыста белгілі бір функцияларды атқарады. Кәсіптік жұмыстың этикасының функциялары көптеген факторлармен, оның ішінде ең негізгілері мамандықтың мәні, мазмұны мен бағытталуы байланысты анықталады.

Әлеуметтік жұмыстың этикасының негізгі функциялары деп мыналарды есептеуге болады:

1) бағалау – іс-әркеттер мен тәртіптерді, үрдіске қатысушылардың мақсаттары мен міндеттерін және де олардың талпыныстары мен ниеттерін, олардыңөз мақсаттарына жетуі үшін таңдап алған құралдары мен соңғы нәтижелерін моральдық нормалар мен прициптер тұрғысынан бағалауға мүмкіндік береді;



2) реттеу - әлеуметтік жұмыс маманы барлық кәсіптік ұжыммен гармониялық ара қатынаста болу үшін және де өз мамандығына сәйкес келуі үшін формалды немесе формалды емес жағдайларда іс-әрекеттері мен тәртіптерін реттеп отыру қажеттілігінен бастау алады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет