Е. Н. Жуманкулова Әлеуметтік жұмыстің КӘсіби-этикалық негіздері



бет3/4
Дата17.07.2016
өлшемі314.5 Kb.
#206327
1   2   3   4

3) ұйымдастырушылық – бұл қызметтік үрдіскн қатысушылардан өзінің міндеттері мен кәсіптік борыштарын шығармашылық орындап отыруды талап етуден пайда болып, әлеуметтік жұмыс ұйымдарын жақсартуға қызмет етеді;

4) басқарушылық - әлеуметтік қызметкердің жұмысқа қатысты тәртібі мен қимыл-әркеттерін әлеуметтік басқару құралы ретінде қызмет етеді;

5) мотивациялық – бұл қызметтің әлеуметтік және кәсіптік қабылданған мотивтерін қалыптастыру құралы ретінде қызмет атқарады;

6) координациялық - өзара сенімділік пен өзара көмек көрсетуге негізделген барлық үрдіске қатысушылардың клиентке әлеуметтік көмек көрсетуде қызметтестікті қамтамасыз етеді;

7) реглементациялық - әлеуметтік қызметкердің немесе әлеуметтік қызмет көрсету орындарының клиентке көмек көрсетуге бағытталған мақсаттарын, әдістері мен құралдарының таңдалуын бағыттайды және шарттайды;

8) іске асыру – мораль мен адамгершілік негізінде әлеуметтік қызметкердің іс-әркеттерін іске асыруға және әлеуметтік қызметкер мен клиенттің арасындағы қарым-қатынасты іске асыруға мүмкіндік береді;

9) тәрбиелеу - әлеуметтік қызметкердің тұлғалық қалыптасуы мен тәрбиелену, сонымен қатар клиенттің және клиенттің әлеуметтік ортасының қалыптасу мен тәрбиелеу құралы қызметін атқарады;

10) коммуникациялық – мамандар мен олардың клиенттерінің арасында қарым-қатынас қызметін атқарады;

11) оптимизациялық - әлеуметтік жұмыстың эффективтілігі мен сапасын жоғарылатуға, қоғамда бұл мамандықтың статусын көтеруге, оның моральдық деңгейін жоғарылатуға үлесін тигізеді;

12) тұрақтылық - әлеуметтік қызметкерлер арасындағы қарым-қатынастың, әлеуметтік қызметкерлер мен клиенттің және оның жақындары арасындағы қарым-қатынастардың, әлеуметтік қызметкерлер мен әр түрлі ұйымдардың өкілдері арасындағы қарым-қатынастардың тұрақталуын қамтамасыз етеді;

13) рационалдық - әлеуметтік қызметкердің таңдаған мақсаттары мен әдістерін, әсер ету құралдарын кәсіптік мораль тұрғысынан эффективті немесе тиімділігін шешуде жеңілдік жасайды;

14) превентивті - әлеуметтік қызметкердің клиентке және барлық қоғамға зиян тигізетін іс-әркеттерден сақтандырады;

15) прогностикалық – жеке әлеуметтік қызметкерлердің іс-әркеттері мен тәртіптері мен олардың ұжымдарының этикалық дамуын алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді;

16) қарам-қайшылықты шешу - әлеуметтік жұмыс үрдісінде пайда болатын обьекттер мен субьекттер арасындағы қарам-қайшылықты шешуге, шеттеруге мүмкіндік береді;

17) ақпараттық - әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік әлеуметтік жұмыс пен кәсіптік мораль құндылықтар жүйесінен хабарда етеді;

18) әлеуметтік – қоғамда әлеуметтік жұмысты іске асыруда жағымды жағдай жасауға мүмкіндік береді;

19) әлеуметтендіру - әлеуметтік қызметкерді қоғамда басты мораль мен құндылықтар жүйесінен хабар беруге қызмет етеді;

Әлеуметтік қызметкердің кәсіптік мораль функцияларының көптігі оның жоғары әлеуметтік мәніне маңыздылығына негізделіп жасалады.

Әлеуметтік жұмыстың этикалық бағыттаруы барлығын мораль мен адамгершілікке негізделген міндеттермен біріктіреді. Ол өзін абстрактілі нормалар мен құндылықтармен шектемейді, керісінше барлық жағдайларда қарастырылады, маманның іс-әркетіндегі контексті көруге үйретеді, обьективтілік пен субьективтілікті орын-орынға қоюға, абсолютті және жағдайлық шарттарды орын-орынға қоюға көмектеседі. Әлеуметтік жұмыс этикасы маманның құндылықтарға негізделген іс-әркеттерін оқытады, жақсылық пен жамандық тұрғысынан оның қимыл-әркеттерініңмотивтері мен нәтижелерін бағалайды. Ол өте маңызды этикалық постулатқа бағынады: әрбір әлеуметтік қызметкер өзі білетін және оны алдын алалатын жамандықтар мен бақытсыздықтарға жауапты.

Әлеуметтік жауапкершілік сұрақтары әлеуметтік қызметкердің клиенттермен тәжірибелік жұмысында ладынан шығады. Клиентпен немесе әлеуметтік ортада қандай да болсын өзгерімтер болатыг болса, бұл жағдайда өзгеріске ұшырайды, онда соған сәйкес этикалық бағасы да өзгереді. Осыған байланысты этикалық бағалаудың іске асырылуы әртүрлі деңгейде жүргізіледі – жеке клиент деңгейінен барлық қоғам деңгейіне дейін. Қызметті бағалауға байланыстыморальдылық критериий сұрақтарын қою өте жөн. Моральдылық критерийлері арқылы бұл бағалаулар жүргізіледі.

Моральдылық критерийлері (адамгершілік) астарында жамандық пен жақсылық туралы жалпы ойлар, кәсіптік іс-әркеттерде әділдік моральдық талаптардың мазмұны ретіндегі ұғымдар жатыр. Әлеуметтік жұмыста адамгершілік критерийлері екі жақтан қарастырылады: бір жағынан, жалпы әлеуметтік маңызға ие әлеуметтік қызметкердің іс-әркетіндегі жалпы талаптар кіреді, ал екінші жағынан - әлеуметтік жұмыс мамандығының өзіндік сапасы мен эффективтілік талаптары кіреді. Адамгершілік критерийлерін осылай бөліп қарастыру тар мағынада кәсіптік қызығушылық ретінде қарастырмайды және демамандықтың жалпы гуманистік құндылықтарын келемеждеуге мүмкіндік бермейді. Бұл негізге байланысты криетерийлер қатарын бөліп көрсетуге болады.

Қоғамдық алға дамушылыққа ықпал жасау. Бұл критерий барлық кәсіптік қызметтерге тән. Әрбір мамандық қоғамдық алға дамушылыққа үлес қосады. Әлеуметтік қызметкер маман ретінде өзінің клиентінің өзіндік іске асырылуына ықпал жасауға, оның тұлғалық потенциалының жоғарылауына ықпал етуге міндетті. Осыған байланысты тұлғалық потенциалдың жоғарылауы барлық қоғамның потенциалының жоғарылауына алып келеді, бұл әлеуметтік алға жылжушылықты қамтамасыз етеді.

Адамгершілігі жоғары тұлғаны қалыптастыру. Әлеуметтік жұмыс үрдісіндеәлеуметтік қызметкердің тұлғасы ғана қалыптаспайды, соеымен қатар әлеуметтік қызметкердің әсер етуінен клиенттің де тұлғасы қалыптасады. Осыған сәйкес әлеуметтік қызметкердің адамгершілік іс-әркеттері деп адамгершілігі жоғары тұлға қалыптастыруға - өзін-өзі маман ретінде және оның клиенті, ықпал жасайтын іс-әркеттерін айтуға болады.

Әлеуметтік мақсат қоюшылық. Жалпы әлеуметтік жұмыс және жеке әлуметтік қызметкердің немесе ұйымдардың қызметтері қоғамның талаптары мен мүмкіншілігіне негізделген әлеуметтік мақсат қоюшылық критерийімен басшылық жасайды. Осы қоғам азаматтардың қандай категориялары менқандай жағдайда әлеуметтік қызмет орындарының клиенттері болатынын, қандай түрдегі оларға қызмет көрметулер ұсынылатынын қоғам анықтайды.

Үрдіске қатысушылардың өзара қызметтестігі.

Әлеуметтік қызметкердің адамгершілік іс-әркеттері деп тек қана үрдіске қатысушыларды (әріптестер, клиенттер, оның жақындары) белсенді өзара қызметтік қарым-қатынас орнатуға ықпал жасайтын іс-әркеттерін айтады. Бұның өзі өз кезегінде ара қатынас нәтижелеріне жағымды әсер етеді, әлеуметтік қызметкердің, клиенттің және жалпы әлеуметтік жұмыстың атағын көтереді.

Үрдіске қатысушыларға жан-жақты жағымды әсер етуді қамтамасыз ету. Әлеуметтік қызметкер өзінің кәсіатік қызметі кезінде көп жақтан әсер етеді. Клиенттің проблемасын шешу (немесе шешілуіне ықпал жасауға) кезінде клиентке қандай көмек көрсетіліп жатқанын және қажет етуіне байланысты емес, ол бір уақытта оның материалдық жағдайына және оның психикасына әсер етеді. Бұдан әлеуметтік қызметкердің ұжымына әсер етеді – ол оларға үлгі бола алады. Жағымды әсер әлеуметтік жұмыстың жоғары тиімділігіне қызыққан жалпы қоғамға да тиеді.

Әлеуметтік жұмыстың моральдық критерийлері тек қана әлеуметтік жұмыс саласындағы мамандар қызметін бағалау үшін емес, сонымен қатар әлеуметтік жұмысқа моральдық талаптарды бағалауға қызмет етеді.Бұл мамандық өкілі ретінде әлеуметтік қызметкерледің қызығушылығын көрсететін қысқа кәсіптік нормаларды ажыратуға, жалпы қоғамда құндылық пен қызығушылық тудыратын адамгершілік нормаларды да ажыратады. Әлеуметтік кәсіптік этикалық нормалардың екінші тобы біздің қоғамымызда әлеуметтік қызметкер мамандығының пайда болуына алып келген адамгершілік негіз болып табылады.

Әлеуметтік жұмыс қиын формалды және формалды емес жағдайларда іске асырылатын қызмет болып табылады. Осыған байланысты әлеуметтік қызметкерклиенттің алдында, оның әлеуметтік ортасында және шешім қабылдап, соңғы нәтиже алғанға дейін қоғамның алдында этикалық жауапкершілік алып жүретіні есепке алуы қажет. Өз жұмысында ол кәсіптік этика принциптерін басшылыққа алуы керек
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.

  1. Кәсіби – этикалық нормаларды және принциптерді сақтау үшін жеке-дара дайындық жолдарың қарастырыныз.

  2. Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби-этикасының зерттеу объектісі, пәні

  3. Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби-этикасының мақсаттары мен міндеттері

  4. Әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын негізгі талаптар


Қолданған әдебиеттер тізімі

1. Очерк истории этики \Под ред.Б.А..Чагина – М7619697- 328с.

2. Белякова Г.И.Профессиональная этика.- М.,1975.- 291с.

3. Энгельс Ф.Людвиг Фейербах и конец немецкой классической философии \\Маркс К., Энгельс Ф. Собр .соч.Т.21.395с.

4. Словарь по этике \ Под ред. И.С.Кона – М., 1981. 458с.

5. Федоренко Е.Н. Профессиональная этика. – Киев, 1983.

6. Куликова Н.Н. Содержание и критерий нравственного прогресса (Опыт философско-этического исследования проблемы ). – М.,1967 .-326с.

4. Қоғамның рухани—адамгершілік құндылықтары және әлеуметтік жұмыстың гуманистік сипаты
Әлеуметтік жұмыс мамандығы кәсіптік қызметтің жиі кездесетін түріне жатады. Мұндай кәсіптік қызметтерде жұмыстың эффективтілігі мен сәтті өткізілуін қамтамасыз ететін маманның жеке қасиеттері кәсіптік білімдер мен қабілеттерінен қарағанда бірінші орынға қойылады. Сол себептен әлеуметтік жұмыс мамандығын оқыту үрдісінде Қазіргі таңда әлеуметтік қыметкерлер әр дамыған елде бар , олар әдейі оқытылады.Бірақ әр адам әлеуметтік қызметкер бола алмайды.Әлеуметтік қызметкер болу үшін адамның бойында жеке адамгершілік қасиеттер, өмірлік дұрыс ұстанымдары мен көзарастары болу керек.Оның мінез бітістері осы жұмысқа лайық болуы тиіс.

Шын мәнінде әлеуметтік жұмыскер:

– тиісті ережелер мен нұсқаулықтарда қарастырылған еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, еңбектің өндірістік және санитарлық гигиенасы, өртке қарсы қорғану және өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарды сақтауға;

– адамдардың өмірі мен денсаулығына,адамның мүлкін сақтауға қауіп төндіретін жағдайлардың туындауын алдын алу;

-жұмыс орнын пайдаланбау;

– өз ісіне лайықты болуға, басқа қызметкерлердің еңбек міндеттерін атқаруға бөгет болатын әрекеттерден аулақ болуға, жалпы қабылданған адамгершілік және этика нормаларын ұстануға, әлеуметтік қызметкер беделін сақтауға атсалысуға, қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейін сақтауға міндетті.

– қиын балалар мен жаман оқитындардың терең білім алуына жәрдемдесетін педагогикалық және ғылыми процестің жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге;

– оқитындардың таңдап алынған даярлық бағыттары (мамандығы) бойынша кәсіби білімдерін қалыптастыруға;

–оқитындардың дербестігін, ынталарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;

– өздерінің кәсіби және жалпы мәдени деңгейлерін үнемі арттырып отыруға;

– ғалымдар арасында жалпы қабылданған адамгершілік және этика нормаларын еркіндіктің қажетті шарттарын, атап айтқанда ғылыми нормаларды ұстануға;

– педагогикалық этика нормаларын сақтау;

– қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен оқыту түрлерін пайдаланып, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың білім алуына жәрдемдесу;

-клиенттің абыройын құрметтеуге міндетті;

– орындалатын жұмыстың көлемін, мерзімі мен сапасын реттейтін еңбек шартымен, нормативтік актілермен айқындалатын жұмысты уақытылы және ұқыпты орындауға;

– жұмыс пен шығарылатын өнімнің сапасын тиісінше қамтамасыз етуге, жұмыста қателіктерге жол бермеуге, өзінің еңбек міндеттерін адал атқаруға, еңбек тәртібін сақтауға;

– қалыпты жұмыс істеуге кедергі келтіретін немесе оны қиындататын себептер мен жағдайларды тез арада жою шараларын қолдануға және болған оқиға туралы Академия басшылығына немесе тиісті бөлімшенің жетекшісіне жедел хабарлауға міндетті;

– мінез-құлық этикасын сақтауға;

– мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін сақтауға (оқитындар мемлекеттік қызметшілер болған жағдайда) міндетті.

– конференция, симпозиум, семинарларға, оның ішінде шетелде өтетін жұмыстарға қатысуға;

– кәсіби қызметтегі жетістіктері үшін материалдық және моральдық көтермелеуге, орден, медаль, құрметті атақтар, төс белгілері және мақтау грамоталарымен марапатталуға;

– өз қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізуге;

– өзінің кәсіби адалдығын және абыройын қорғауға;

– ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогикалық өтілін сақтай отырып шығармашылық демалыс алуға;

-азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға бастайтын іс-әрекеттерге жол бермеуге;

Бағынысты қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін олардың атқаратын лауазымдарына сәйкес дәл айқындауға, бағынысты қызметкерлерге анық орындай алмайтын өкімдер бермеуге және олардан қызметтік міндеттерінің шеңберінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге және бағынысты қызметкерлеріне қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік фактілеріне, адамдық қадір-қасиетін кемсітуге, жөнсіздікке жол бермеуге, бағынысты қызметкерлерді құқыққа қайшы теріс қылықтар немесе жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен үйлеспейтін іс-әрекеттер жасауға мәжбүр етпеуге тиіс. Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалары сөйлейді.Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірталасты әдепті түрде жүргізуі тиіс. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол:

1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмесе;

2) жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпараттарды ашатын болса;

3) мемлекеттің лауазымды тұлғаларының атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруге тиіс емес.

Әлеуметтік қызметкерлер атына коммерциялық ұйымдарды басқаруы және кәсіпкерлік қызметпен айналысуы, біреудің мүдделерін сүйемелдеуі жөнінде негізсіз көпшілік алдында айыптау болған жағдайда, ол тиісті түрде мұндай айыптауларды теріске шығаратын ақпаратты жариялауға тиіс. Мемлекеттік қызметшіні сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшілік алдында айыптаған жағдайда, ол бұл айыптауларды теріске шығару, соның ішінде сот арқылы теріске шығару шараларын қабылдауы керек. Мемлекеттік қызметшілердің осы Кодексті сақтауы олардың қызметтік борышы болып табылады. Осы Кодексте көзделген талаптарды бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Мемлекеттік органның ұжымы оның басшысының шешімі бойынша мемлекеттік қызметшінің осы Кодексті сақтамау фактісін қарап, қараудың нәтижесі бойынша қоғамдық мін таға алады


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.

  1. Әлеуметтік жұмыстың кәсіби принциптері мен құндылықтарын бейнелейтін мамандық этикалық кодексі

  2. Әлеуметтік мәдениет. Адамгершілік құндылықтары.

  3. Қайырымдылық мәдени әлеуметтік құбылыс ретінде

  4. Белгілі элементтердің жүйесі ретінде әлеуметік қызметкердің адамгершілік мәдениеті: этикалық ойлаудың мәдениеті, сезімталдық мәдениеті, тәртіп және қарым-қатынас мәдениеті.

  5. Әлеуметтік жұмыстың кәсіби-этикалық құндылықтары пәнәі зерттеудің актуалдысы.


Қолданған әдебиеттер тізімі

1. Очерк истории этики \Под ред.Б.А..Чагина – М. : Педагогика - 328с.

2. Белякова Г.И.Профессиональная этика.- М.,1975.- 291с.

3. Социальная защита населения: опып организационно-административной работы: Учебное пособие для студентов.Изд. 4-е, доп. Изд. перераб.\Под ред.В.С.Кукушина. - Москва: ИКЦ «Март». – 2009.- 400с.

2. Демушкина О.П.Социальная работа. Курсовые и рефераты.-Ростов н\Д: «Феникс», 2004. – 352 с.

3. Социальная работа \Под общ.ред.проф. В.И.Курбатова.Учебное пособие.-4-е изд. –Ростов н\Д:Феникс, 2005. – 480с.

4. Кравченко А.И.Социальная работа:учеб.-М.: ТК Велби , Изд-во Проспект , 2008. – 416с.

5. Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания. М. 1977, 367 с.



5. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби этикасы мен құндылықтары
Әлеуметтік жұмыс, кез келген қызмет сияқты, мораль және адамгершілік позициясымен бағаланатын нақты құрылымдық элементтермен ерекшеленеді. Әлеуметтік қызметкердің этикалық мақсаты әлеуметтік тұрғыдан қабылданған жоспар мен кәсіби қызметтің мән-мағыналарын қамтамасыз ету және қолдау, ал міндеттері – кәсіби топтың және олардың бірлестіктерінің жеке нормативті регламентациясы, әлеуметтік сферадағы мамандардың сәйкес этикалық саналарын қалыптастыру.

Әлеуметтік қызметкердің этикалық санасы кәсіби қарым-қатынас процесінде қалыптасатын әлеуметтік қызметкердің әлеуметтік өмірі мен қызметін көрсетеді. Бұл сана моральдың субъективті көрінісі болып келеді, себебі объективті әлеуметтік қажеттіліктер мен қоғамдық мүдделер маманның немесе кәсіпкердің санасында міндеті тәртіптер мен іс-әрекеттер идеясы ретінде көрінеді. Бұл сананың ерекше формасы спецификалық адамгершілік нақтылықты береді: тәртіп пен қызмет енді қажеттіліктер тұрғысынан қарастырылмайды, ол олардың моральды құндылықтарын толық, жан-жақты зерттейді. Іс-әрекеттің құндылықтары игі істер, қоғам және әлеуметтік қызметкердің клиенттері болып табылады, яғни адамгершілік тұрғысынан қарағанда әлеуметтік қызметкердің өзі де қатысады. Нақты әлеуметтік қызметкердің кәсіби міндеті, адамгершілік тұрғысынан қарағанда, жақсылық болып табылады. Бұл жақсылық тек қана қоғамға немесе клиентке қажет болғаннан емес, сондай-ақ ол әлеуметік қызметкердің өзіне де қажет, себебі әлеуметтік қызметкерге игі іс жасау оған пайда әкелуге мүмкіндік береді, соған қоса өзінің жеке адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға да септігін тигізеді.

Әлеуметтік қызметкердің этикалық мақсаты әлеуметтік тұрғыдан қабылданған жоспар мен кәсіби қызметтің мән-мағыналарын қамтамасыз ету және қолдау, ал міндеттері – кәсіби топтың және олардың бірлестіктерінің жеке нормативті регламентациясы, әлеуметтік сферадағы мамандардың сәйкес этикалық саналарын қалыптастыру.

Әлеуметтік жұмыс этикасының басты категорияларына маманның кәсіби этикалық қарым-қатынастары, этикалық санасы, этикалық іс-әрекеттері және кәсіби парызы жатады.

Әлеуметтік жұмыста кәсіби этикалық қызмет процесінде қалыптасатын басты этикалық қарым-қатынастар «адам – қоршаған орта» жүйесінің қоғамға және жеке тұлғаға жақсылық жасау жолына негізделеді. Бұл қарым-қатынастар ұжым мүшелері ретінде әлеуметтік қызметкерлер арасында , әлеуметтік қызметкер мен олардың клиенттерінің арасында, әлеуметтік қызметкер мен клиенттің әлеуметтік ортасының арасында, әлеуметтік қызметкер мен әр түрлі мекемелер, ұйымдар, жеке меншік түрлері арасында қалыптасады. Сонымен, бұл мемлекеттің бір құрылымы ретіндегі әлеуметтік жұмыстың институты мен басқа мемлекет ұйымдар арасындағы қарым-қатынас.

Әлеуметтік жұмыс этикасының басты категорияларына маманның кәсіби этикалық қарым-қатынастары, этикалық санасы, этикалық іс-әрекеттері және кәсіби парызы жатады. Әлеуметтік жұмыста кәсіби этикалық қызмет процесінде қалыптасатын басты этикалық қарым-қатынастар «адам – қоршаған орта» жүйесінің қоғамға және жеке тұлғаға жақсылық жасау жолына негізделеді. Бұл қарым-қатынастар ұжым мүшелері ретінде әлеуметтік қызметкерлер арасында , әлеуметтік қызметкер мен олардың клиенттерінің арасында, әлеуметтік қызметкер мен клиенттің әлеуметтік ортасының арасында, әлеуметтік қызметкер мен әр түрлі мекемелер, ұйымдар, жеке меншік түрлері арасында қалыптасады. Сонымен, бұл мемлекеттің бір құрылымы ретіндегі әлеуметтік жұмыстың институты мен басқа мемлекет ұйымдар арасындағы қарым-қатынас.

Әлеуметтік жұмыста этикалық қарым-қатынастар талаптар формасында; адамгершілік принциптері; моральды қабілеттер; мамандардың өз қызметіндегі үнемі өзін-өзі ұстау және бақылау формасында жүреді.

Әлеуметтік қызметкердің іс-әрекеттері. Әлеуметтік жұмыс, кез келген қызмет сияқты, мораль және адамгершілік позициясымен бағаланатын нақты құрылымдық элементтермен ерекшеленеді.

Клиенттен танысу мекеменің ішінде немесе клиенттің үйінде жүзеге асуы мүмкін. Алғашқы кездесулердің қайда болатынына қарамастан, оған дайындалу керек.

Бірінші кезекте, клиентке қоятын сұрақтарды алдын ала құрастырып қою керек, әңгіменің схемасын құрастыру керек. Кездесудің мұндай шарттарын ұстану сапалы, қысқа және кәсіби түрде өтеді, барлық мүмкін деген сұрақтар артық уақыт пен күш жұмасусыз шешіледі.

Өзінің тәртіп сақтау мәнерін нақты ойластырып қою керек – ол мейлінше кәсіби түрде, бірақ жұқа емес, сабырлы және игі ниетті болуы керек. Клиент оны күтіп отырған және оған көмек беретін жерге келгенін сезінуі керек, яғни қандай жағдай болмасын клиент және оның мәселесі әлеуметтік қызметкердің басты назарында болу ықтимал. Тіпті уақыт шектеулі болған кезде, әлеуметтік қызметкер өзінің жұмысы көп екенін, клиенттің мәселесінен де маңызды мәселе бар екенін білдіртпеу керек. Әрбір адам үшін оның мәселесі басқа проблемаларға қарағанда үлкен маңызға ие. Олар клиентке өте өзекті және қауіпті болып келеді. Сондықтан әлеуметтік қызметкердің асығыстығы және байқамаушылығы кездесудің соңында клиентке жағымсыз әсер қалдырады.

Клиентпен танысу кезінде әлеуметтік қызметкердің киімі маңызды рөл атқарады. Адам туралы алғашқы түсінік танысудың алғашқы 20-45 секунд аралығында жүреді. «Киіммен қарсы алады, ал ақылмен шығарып салады» деген мақал бекер айтпаған. Әлеуметтік қызметкер көбінесе аз қамтылған клиенттермен жұмыс істейді, сондықтан киімнің ең келбеттілігін көрсету клиенттерді кемсітуге әкеледі, олардың әлеуметтік қызметкерге негативті негативті қатынасын тудырады. Бірақ ұсқынсыз киім де жақсы көзқарас қалдыруы мүмкін. Қандай жағдай болмасын киім толығымен өзіне назар аудартпау керек – бұл клиенттің сенімсіздігін тудырып, қарым-қатынастың сапасы төмендейді. Пьер Карден бір күні «Жақсы киінген әйел қандай ?» деген сұраққа былай жауап беріпті: «Егер мен сұлу әйелді көрсем, бірақ оның не кигені есімде болмаса, демек, ол жақсы киінген болып шығады». Осындай даналы ережені ұстана отырып, әлеуметтік қызметкердің киімі емес, оның өзі назарға алыну арқылы киіну керек. Ол клиентпен алғашқы кездесу кезінде маңызды.

Әңгімені сәлемдесу мен таныстырудан бастаған жөн. Танысу арқылы әлеуметтік қызметкер өзінің атын, әкесінің атын, тегін және қызметін атап өтуі тиіс. Егер кездесу туралы келісім ерте жасалса (мысалы, телефонмен), онда клиентке оны ескерту керек. Егер де әлеуметтік қызметкер күтпеген жағдайда ауысып кетсе, оның себебін түсіндіру керек.

Клиенттің мәселесінің мәнін анықтай отырып, және оның қажетті көмек туралы пікірін анықтап, нақты сұрақтар қою керек, себебі әрбір клиент өз ойын жүйелі және мәселенің барысымен айта алмайды; кобалжу және қорқыныш әңгімелесу кезінде адамға әсер етуі мүмкін, сондықтан клиентке бағытталған әлеуметтік қызметкердің көмегі мәселенің мән-мағынасын түсіндіруде қажет. Барлық керек деген ақпаратты алғаннан кейін, клиенттің қатысуымен, оның барлығын нақтылап, еш сұрақтың қараусыз қалмағанына қанағаттанып, клиент мәселенің мән-жайын толық түсіну үшін әңгіменің әрбір негізгі кезңдерін қысқа-нұсқа түрде қайталап шығу керек.

Әлеуметтік қызметкердің тұлғалық негізі адамның ішкі рухани қасиеті ретінде, оның этика мен мораль талаптарына сәйкес әрекет етуі, жақсылық жасау қажеттілігінен, адамдарға жағымды жағдай жасауы ретінде көрінетін адамгершілігі болуы керек.

Бірақ та міндеттік инструкцияда клиентке деген жанашарлықты қарастыру мүмкін емес. Олсыз әлеуметтік қызметкердің іс-әркеттері формалды, жансыз жүйеге айналып кетеді. Сонымен қатар әлеуметтік қызметкер маман ретінде кәсіби дайын емес және оның білімдері мен қабілеттері, егер де клиент оның тарапынан өзінің проблемасы мен тағдырына толық жайбарақаттылықты сезінсе қажетсіз болып қалуы мүмкін. Әлеуметтік қызметкерге сенбегендіктен клиент өзі және өзінің проблемасы туралы толық ақпарат бермеуі мүмкін. Бұл клиенттің проблемасының шешілуіне қиындық туғызуы мүмкін немесе мүлдем шешілмейтіндей етуі мүмкін.

Медицина қызметкерлері жиі айтатын сөз: «егер де ауру адамға дәрігермен сөйлескеннен кейін жағдайы жеңілдемесе, онда ол дәрігер емес». Бұл жағдайды толығымен әлеуметтік қызметкерлерге де жатқызуға болады. Егер де клиенттің жағдайы әлеуметтік қызметкермен кездескеннен кейін жақсармаса немесе ол клиенттің сеніміне лайық болмаса, онда ондай маманның орны әлеуметтік қорғау қызметтерінде емес.

Әлеуметтік қызметкердің адамгершілік санасы үш қажетті компонентерден тұрады: адамгершілік білім, адамгершілік сенім мен адамгершілік қажеттілік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет