Е. Н. Жуманкулова Әлеуметтік жұмыстің КӘсіби-этикалық негіздері



бет4/4
Дата17.07.2016
өлшемі0.74 Mb.
1   2   3   4

Оқу орындарында оқу курсынан өтпеген әлеуметтік қызметкер қоғамдық құндылықтар мен өзінің жеке тәжірибесіне негізделген жеке интуитивті жамандық пен жақсылық түсінігін басшылыққа алады. Оның жеке моральдық ұстанымдары оған кәсіптік этика талаптарына толығымен сәйкес келетіндей істеуге жиі мүмкіндік береді: бірақ та барлық жағдайларда олай болмайды
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.

  1. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби іс - әрекетіндегі мәселелерді шешудегі негізгі жолдар (тәрбиелік, фасилитатифтік, адвокативтік).

  2. Әлеуметтік қызметкердің тұлғалық дамуы мен қалыптасуына қойылатын шарттар

  3. Әлеуметтік қызметкердің іс-әрекетіндегі қарым-қатынас жасау процесіпдегі педагогикалық мәдениетінің негізі ретінде

  4. Жан-жақты бағдарламаланған деңгейі-әлеуметтік қызметкерге қойлатын кәсіби талаптардың негізгісінің бірі ретінде


Қолданған әдебиеттер тізімі

1. Очерк истории этики \Под ред.Б.А..Чагина – М7619697- 328с.

2. Белякова Г.И.Профессиональная этика.- М.,1975.- 291с.

3. Энгельс Ф.Людвиг Фейербах и конец немецкой классической философии \\Маркс К., Энгельс Ф. Собр .соч.Т.21.395с.

4. Словарь по этике \ Под ред. И.С.Кона – М., 1981. 458с.

6. Әлеуметтік жұмыстағы этикет
«Этикет» термины алғаш рет Людвик ХІҮ кезінде аулада тәртіп сақтаудың ережелері жазылған карточкалар (этикеткалар) шақырылған қонақтарға таратылған кезде қолданылған. Этикет (фр. etiquette – жарлық, этикет ) – адамдармен қарым-қатынастың сыртқы түрімен байланысты тәртіп сақтау ережелерінің жиынтығы (айналамен қарым-қатынас жасау, қарым-қатынас пен амандасу формалары, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, әдет-қылықтар мен киім-киіс).

Жалпы әлеуметтік жұмыстың этикасында мынадай деңгейлер бар:

1) ішкі жүйелердің барлық әрекет ету типтеріне ішкі этикалық стандарттарды қолдану: әлеуметтік қызметкер – клиент, әлеуметтік қыземткер - әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік қызметкер - әлеуметтік мекеменің ұжымы, әлеуметтік қызмет - әлеуметтік қызмет, т.с.с. Бұл деңгейде жүйеде қалыптасатын іс-әрекеттер мен қарым-қатынастар қалыптасу жүреді, және кәсіби топтың мүшелері тарапынан олардың бағалауы да жүреді.

2) нақты әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік қызметтердің әмбебап мәндегі кәсіби стандарттардың тарапынан тәртіп пен іс-әрекетке баға беру. Бұл деңгейде әлеуметтік қызметкерлер мен олардың әрекеттері клиенттердің жағынан және олардың әлеуметтік ортасынан қарастырылады да бағаланады. Сонымен қатар бұл кезеңде әлеуметтік қызметкерлердің тәртібі мен әрекетіне клиенттер мен олардың қоршаған ортасының әсері ықпал етеді. ;

3) әлеуметтік жұмысты жалпы әлеуметтік институт ретінде бағалау. Ол әлеуметтік қызметкерлердің барлық структураларымен қарым-қатынасы, әлеуметтік мақсат пен қоршаған ортаның әсері шегінде болады. Бұл кезеңде әлеуметік пайдана қарастырады, әлеуметтік жұмыстың қоғамға қажеттілігі, және оның объективті түрде қоғаммен қабылдануы, этикалық мазмұндардың сәйкес келуі, қоғам көзқарасынан кәсіби қызметтің сыртқы көрінісі қарастырылады.

Тәртіптің сыртқы бейнесін сипаттайтын ережелерді саналы түрде құрастыруды кейбір зерттеушілер антика дәуіріне жатқызады, себебі бұл кезеңде адамдарды сымбатты тәртіпке, қылықтарға үйрету әрекеттері байқалады. Осы кезеңде күнделікті өмірдегі тәртіптің, сонымен қатар нақты жағдайдағы әрекет-қылықтар адамды оның ең жақсы қасиеттерінің көрінуіне бағыттаған, таңдай еркіндігін қалдыра отырып, осы қызметтің жалпы бағыт-бағдарын берді. Гректер үшін ең бастысы әр нәрсенің шегін сақтау, саналы өмір сүру болатын. Сонымен қатар, ең бастысы – адамды жеке, ешкімнің көмегінсіз ойлауға үйрету, бұл тәртіптің ең дұрыс жолы болып табылады. Сонымен, антикалық дәуірдегі этикет тәртіптің практикалық тұрғыдан тиімділігін, және мақсатқа бағыттаушылығына көңіл аударылған, тәртіптің формасы оның мазмұны мен сипатына тікелей байланысты. Мысалы, өзін-өзі ұстай білетін тәрбиелі адам табиғатынан жомарт, жан дүниесі кең, жақсылық жасауға құштарлығы бар, бірақ одан жауап күтпейді, өзінен төмен адамдарды кемсітпейді, өзінің шамасын біледі.

Бірақ сәттілік этикалық нормаларына сай болуы керек, және әлеуметтік қызметкер өзінің жоспарлаған жұмысын бақылап отыруы керек. Егер оның нәтижесі оның моральды сезімдерін өкіндіретін болса, оған жұмысты бастау міндетті емес, ал жұмыстың негативті барысы оның талпыныстарын сұрақтардың астына алады.

Этикалық баға кез келген деңгейде объективті-субъективті сипат алады. Бағаның субъективтілігі бағалау адамдармен жүргізіледі, және жеке факторды алып тастау әрқашан орындала бермейтіндігімен байланысты. Мысалы, клиенттің әлеуметтік жұмысты бағалауы кезінде, оның пікірі , көбінесе, әлеуметтік қызметкер қаншалықты оның мәселесін шешкені , онымен қаншалықты және қандай деңгейде жұмыс жасағанымен тығыз байланысты.

Қоғам тұрғысынан баға объективті болуы мүмкін, себебі қоғам әлеуметтік тұрақты емес; барлық азаматтар әлеуметтік жұмыстың институты жайында толық білмейді, оның мүмкіндіктері мен қажеттіліктері туралы ақпараттары аз. әлеуметтік жұмыстың бағасы әлеуметтік институт ретінде қоғаммен және мемлекетпен ерекшеленеді. Мемлекет әлеуметтік жұмыстың институтын қалыптастыра отырып, бұл институттың потенциалынан шығады, қоғам үшін қызығушылық келтіретін потенциал емес, оның соңғы нәтижесі көп қызықтырады, себебі қоғам оптималды болып табылатын әлеуметтік жұмыс институтының қызметінің шарттарымен толық таныс емес. Әлеуметтік жұмыстың құралдары әлсіз қаржыландырудың әсерімен юайланысты екені анық. Бірақ бұл әлеуметтік қызметкер материалдық жағдайы жоғары адамдардың қаражтын аз қамтылған клиенттерге көмек беру арқылы аудару емес, немесе әділетсіз әрекеттер жасап алдау емес. Егер қылмыстық кодекс жүйесінде әрекет етсе, мұндай әлеуметтік қызметкер жауапқа тартылмайды, оның міндеті барлық әлеуметтік жұмыс институтына таңылатын қоғамдық санада негативті баға беру болып табылады. Сондықтан әлеуметтік қызметкер үшін заң жүзіндегі, қоғам қабылдаған, жоғары моральды құндылықтары бар құралдар мен тәсілдерді таңдау керек.

Барлық қылық-әрекеттерді, тәртіпті, ұстау мәнерлерін этикеттің ережелеріне байланыстыру үшін, оның принциптеріне жүгіну керек. Ол принциптер қарым-қатынас мәдениетінде көрінетін моральды талаптарды ұсынады. Л.С. Лихачев әлеуметтік қызметкер этикетінің 4 типін бөліп көрсетеді:



  1. гуманизм принципі әлеуметтік қызметкерден адамға деген құрметтен, оның тұлғалық ерекшеліктерін қабылдаудан, оған игілікті, жағымды қарым-қатынастардан көрінеді. Бұл принцип әлеуметтік қызметкерден мейірімділік, тактикалық, сыпайылық, шапшаңдық, байқампаздық, және нақтылық сияқты қабілеттерді талап етеді. Қарым-қатынастағы мейірімділік адамдарды құрметтеуден, оларға жақсылық жасау белгілерімен қызмет етеді.

  2. мейірімділік – бұл адамға қызмет ету жолының бірінші қадамы. Оған клиентке назар аудару, адамды түсіну, қажет болған жағдайда оған көмек беру формалары кіреді. Әлеуметтік қызметкер үшін мейірімділік – клиентпен, оның жақындарымен, серіктестермен, әр түрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарымен ортақтасудың қажетті аспектісі, себебі мамандықтың мәні – көмекті қажет етіп тұрғандарға, адами құндылықтарды төмендетпей, әрқашан көмек беруге дайын тұру.

  3. Тактикалық қабілет адамдармен қарым-қатынаста белгілі бір шекті сақтау, адамдардың «өкпелі» шегін анықтау. Тактикалық қызметтің астарынан адамды ыңғайсыз жағдайға қалдыруы мүмкін деген сұрақтар қоймау принципі жатыр. Ал егер де бұл ақпарат қажет болып жатса, әлеуметтік қызметкер сол сұрақты клиентке нұқсан келтірмейтіндей етіп қоюы керек. Тактикалық принцип әлеуметтік қызметкерден адамға ескерту жасауды талап етеді – оның формасы нақты, түсінікті болуы керек. Ескертуді арониялық түрде, қатты дауыспен, бұйрықпен, бөтен адамдардың қатысуында жасауға болмайды. Тактикалық қабілеттің жетіспеушілігі клиентті ыңғайсыз жағдайға қояды, оның жан дүниесіне нұқсан келтіреді. Әлеуметтік қызметкердің тактикалық қабілеті клиентпен сенімді қатынас орнатуды талап етеді.

  4. Сыпайылық өзінің бағасын айналасындағылардың пікірімен бйланыстыру, және еш уақытта өзінің беделін көтермеу, басқаларға талап қою және өзіне жоғары талап қоя білу, ұстамдылық болып табылады. Әлеуметтік қызметкердің сыпайылығы оның клиентпен, ұжыммен қарым-қатынаста көрінеді. Әсіресе клиентпен қарым-қатынаста сыпайылық маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік қызметкер еш уақытта өзін клиенттен жоғары ұстамау керек, өзінің қызметтік жағдайының жоғары тұрғандығын көрсетпеу керек, клиентке өзінің пікірін айта беру этикаға жатпайды, және клиенттің қызығушылықтарын балағатпау керек.

Сезімталдық басқа адамның сәтсіздіктерін түсіну, оның қайғысымен бөлісу, оның көңіл-күйінің жағдайын анықтай білу, адамға ыңғайсыздық тудырмау қабілеттері арқылы түсіндіріледі. Әлеуметтік қызметкер сезімтал болуы керек, себебі ол адамдармен жұмыс жасайды, ол адамдар әсіресе психоэмоционалды жағдайда болады. Клиенттің уайыммын қарастыра отырып, ол қарым-қатынаста және ортақ қызметте конструктивтілікке тез жетеді, нәтижесінде әлеуметтік қызметкердің жұмысының сапасы көтеріледі. Сезімталдықтың жоқтығы әсіресе маманның рухани келісімінің жетіспеушілігінен, немесе өзінің жұмыс жасау барысында психологиялық құрылымның жетіспеушілігінен анықталады.

Әлеуметтік жауапкершілік сұрақтары әлеуметтік қызметкердің клиенттермен тәжірибелік жұмысында ладынан шығады. Клиентпен немесе әлеуметтік ортада қандай да болсын өзгерімтер болатыг болса, бұл жағдайда өзгеріске ұшырайды, онда соған сәйкес этикалық бағасы да өзгереді. Осыған байланысты этикалық бағалаудың іске асырылуы әртүрлі деңгейде жүргізіледі – жеке клиент деңгейінен барлық қоғам деңгейіне дейін. Қызметті бағалауға байланыстыморальдылық критериий сұрақтарын қою өте жөн. Моральдылық критерийлері арқылы бұл бағалаулар жүргізіледі.

Әлеуметтік жұмыс мамандығы кәсіптік қызметтің жиі кездесетін түріне жатады. Мұндай кәсіптік қызметтерде жұмыстың эффективтілігі мен сәтті өткізілуін қамтамасыз ететін маманның жеке қасиеттері кәсіптік білімдер мен қабілеттерінен қарағанда бірінші орынға қойылады. Сол себептен әлеуметтік жұмыс мамандығын оқыту үрдісінде бұл мамандықытың негізі мен ерекшеліктерін танып білу ғана емес, сонымен қатар болашақ маманның адамдармен жұмыс істеуде көрсететін рухани адамгершілік қасиеттернің қалыптасуы да, тұлғалық тәрбиеленуі де қатар жүргізіледі. Сонымен қатар нағыз әлеуметтік қызметкер міндетті түрде өзінде кәсіптік білімдер мен қабілеттер және тұлғалық ерекшеліктерін қалыптастырады.

Әлеуметтік жұмыс мамандығын болашақ мамандығы ретінде таңдап алғаннан кейін жастар бұл мамандық туралы толық білімі болуы керек, сонымен қатар бұл мамандықтың талаптары мен қызығушылықтарының өзі қызығушылықтарына сәйкес келуіне қарау керек. Болашақ маман иесі (оның жұмыс деңгейіне және кәсіптік білім деңгейіне байланысты емес) қиыншылықтарға қарамай, адамдарға жақсылық сыйлауға, адамдарды жақсы көре ме екен, адамдық қайғылармен күнделікті кездесуге және осының салдарынан қатігезденіп кетпей ме екен, - бұл адамгершілік сұрақтарын мамандық таңдаған кезде шешу керек. Осы себептен әлеуметтік қызметкер мамандығын таңдаудағы адамгершілік реттеуін міндетті болып табылады. Бұл мамандық таңдаудың жағымсыз салдарларын алдын алады. Мамандық таңдау әрбір адамның өміріндегі, әсіресе жастардың өміріндегі маңызды қадам болғандықтан бұған ойланып, толғанып, белгілі бір мақсатпен барған дұрыс.

Мамандықты таңдауға негіз бола алады: болашақ маманныңрухани адамгершілік тұлғалық қасиеттерінің өзіндік сәйкес келуі және оның әлеуметтік жұмысқа деген қабілеттері. Егер адам әлеуметтік қызметкер мамандығын өз қабілеттеріне қарап таңдаса, еңбек үрдісінде кездесетін қиындықтарға қарамастан, оған моральдық жағынан қиын болмайды, оған және оның клиенттеріне, қоғамға, мамандыққа қуаныш және пайда әкеледі.

Әлеуметтік қызметкер және клиент ең бірінші рет адамға нағыз қайғы түскенде немесе ол қайғы болған кезде клиенттің өміріндегі қиын сәттерінде кездеседі. Әлеуметтік қызмет көрсету орындарына келудің өзі клиент үшін өзіндік сынақ болады. Бұл жағдайда әлеуметтік қызметкердің тұлғалық адамгершілік қасиеттеріне байланысты оның клиентінің өз күші мен өзіне сенімсіздігін жойылуы, өзіне сенімділіктің пайда болуы, өзіндік намысын сақтап қалуы және қоршаған ортасына сыйлы болуы шешіледі.

Тәртіптің этикеті мен оның мәдениетін түсіну әлеуметтік қызметкер үшін маңызды болып табылады. Клиентпен және оның жақындарымен, серіктестермен, әр түрлі ұйымдардың өкілдерімен қарым-қатынасты этикет сақтау ресми сипат алады. Әлеуметтік қызметкер өзіне артылған міндеттерді орындап, мекеме мен мемлекет атынан әрекет етеді. Әлеуметтік қызметкердің сыртқы бейнесі мен сөйлеу мәнерінің этикеті жалпы қабылданған нормаларға қаншалықты сәйкес келуі, оның жұмысы мен жауапкершілігімен қатар әлеуметтік қызмет пен әлеуметтік жұмыс туралы қоғамдық ой-пікірге де тікелей қатысты.

Әлеуметтік қызметкер үшін назар аударушылық дұрыс тәрбиенің белгісі болып қана қоймай, сәтті жұмыстың бір шарты да болып табылады. Назар аударушылық немесе байқампаздық тек қана адамдарды қорғау мен оларға көмек беруде дайындалудан тұрмайды, сонымен қатар сол клиент пен оның мәселелеріне қызығушылықтан, оның статусын өзгертуге деген құлшыныстан, балық кездесуі мүмкін деген қиынщылықтардың алдын алудан тұрады. Байқампаздық әлеуметтік қызметкерге клиенттің өмірінде болатын өзгерістерге адекватты түрде қарау, сонымен қатар уақытында дәл шешімдер қабылдау. Әлеуметтік қызметкердің байқампаздығы клиент маманнан бір нәрсені айта алмай, тұйықталып, қанағатсыз кетпейтініне кепіл болады. Әлеуметтік қызметкердің байқампаздығы клиентпен қарым-қатынас кезіндегі ұстамдылықты, сабырлылықты, оның мәселесіне толық дайындығын көрсетеді.

Нақтылық айтылған сөздерге сенімділіктен көрінеді. Әлеуметтік қызметкер, өкінішке орай, клиент үшін немесе ұжым үшін ниетіндегі барлық жағдайды іске асыра алмайды, сондықтан ол «мен істеймін» дегеннің орнына «тырысып көремін» деп айтуына тура келеді. Ал егер ол мәселенің шешілуіне сенімді болса, және оның орындалатынына сөз берсе, әлеуметтік қызметкер айтқан сөзінде тұруы керек, яғни міндетті түрде оны орындауы керек. Нақтылық – бос, артық сөйлемеу тәртібін білу және өзіне жауапкершілік арту болып табылады. Нақтылық – адамды құрметтеудің ерекше формасы, себебі нақты сенімді адам басқалардың уақытын бағалай алады, жұмысқа кешікпей, клиенттің тосып отыруына жол бермейді, әр сөздің бағасын, оның құнын біледі, жеңіл ойға және орындалмаған міндеттерге мойынсұнбайды, адасушылыққа , түсініспеушілікке жол бермейді.

Тағы да ескертетін жайт әлеуметтік қызметкердің мейірімділігі, сезімталдығы, сыпайылығы, тактикасы, нақтылығы, байқампаздығы шынайы болу керек. Егер әлеуметтік қызметкер ішкі рухани негізінен айрылыса, және ол кәсіби дайындылықтың нәтижесінде, немесе актерлық қабілет арқылы жұмыс істесе, клиент оның жасандылығын бірден танып қояды және оған үлкен сенім артуын жоғалтады.

Іс-әрекеттің мақсатқа бағытталған принципі. Қазіргі этикет орта ғасырдағы этикеттен ең бірінші өзінің мақсатқа бағытталушылығымен ерекшеленеді. Екі жақтың формасында да негізгі ерженің қатарына айналасындағыларға және әлеуметік қызметкердің өзіне әрекеттері арқылы нұқсан келтірмеу талаптары жатыр. Мұндай жағдайда этикет догматты емес, себебі өмір әрбір тәртіп пен кодекстен анағұрлым ауыр, және барлық жағдайларды ережелермен сипаттауға болмайды. Сондықтан қазіргі этикет ережелерді жаттап алуды талап етпейді, оларды нақты жағдайларда шығармашылықпен тиімді пайдалануды және қолдануды ұсынады.

Тәртіптің эстетикалық келбетінің принциптері. Дени Дидро осы принципті былай тұжырымдаған : «Жақсылық жасау жеткіліксіз, оны әдемі жасау керек». Бұл сөздерді толығымен әлеуметтік қызметкерге жатқызуға болады. Біздің заманымыздың этикеті адамның тәртібі мен сыртқы бейнесі оның мазмұнына сәйкес келуіне көңіл бөледі. Маманның іс-әрекеті, қылықтары мен мәнері және сыртқы бейнесі эстетикалық, сымбатты болуы керек. Мекемеде, әсіресе клиенттің алдында ұсқынсыз киіммен, тазаланбаған аяқ киіммен, таралмаған шашпен келу жұмысқа деген шалалықты білдіреді, бұл эстетикаға жатпайды. Киімнің қымбас болуы міндетті емес, бұл клиентпен түсінікті және қалыпты жағдай болады, ал егер де ол тазаланбаған , уқаланған болса, онда бұл әлеуметтік қызметкерге қатысты қарама-қарсы қатынасты білдіреді. Клиентпен әңгімелесу барысында вербалды емес ақпарат құралдарын қолдану тиімді болып табылады, мысалы, мимика, пантомимика. Ал егер мұндай құралдарды қолданбаған жағдайда оның ұялшақтығын, тұйықтығын, көңіл аудармаушылықты білдіреді. Сөйлеу мәнері сабырлы, жүйелі, нақты , түсінікті, вульгаризм мен неологизмдерсіз болуы керек.

Халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын назарға алу принципі. Бұл принципті жұмыс барысында қолдану тиімді, себебі әр ұлттарда өзінің жеке вербалды емес белгілер жүйесі бар, өздерінің әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері бар. Олардың бір-біріне ұқсас белгілері – үлкендерге құрмет көрсету, әлсіз адамдарға көмек беру және оларды қорғау, өзін-өзі ұстай білу, т.б. , бірақ олардың көрінуі - әртүрлі. Сондықтан әлеуметтік қызметкер ыңғайсыз жағдайға түспес үшін жұмыс істейтін әр ұлттардың әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлерін білуі керек. Мысалы, Орталық Ресейде өзіне қызмет етуге шамасы келмейтін, үнемі біреудің көмегіне мұқтаж қарт адамдарды интернатқа орналастыру қалыпты жағдай болып табылады. Ал егер осыған ұқсас жағдай Солтүстік Кавказ жерінде байқалатын болса, онда әлеуметтік қызметкер оған көмектің мұндай формасын ұсына алмайды, себебі бұл жақта қарт адамдарға оның туыстары мен жақындары өз үйінде ұстап, оған өздері көмек береді.

Халықтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін білу әлеуметтік қызметкер үшін клиентпен дұрыс әңгіме құруға, оны қызықтыратын сұрақтарға жауап алуға және әлеуметтік қызмет жүйесінің мүмкін болатын шегінен аспайтын көмегін ұсынуға көмектеседі.

Әр түрлі өмірлік жағдайда тәртіп сақтау әртүрлі, бірақ олар жалпы этикеттің принциптеріне сәйкес келеді. Күнделікті қызметте әлеуметтік қызметкер кездейсоқ кезде өзінің клиентіе, серіктестерін ыңғайсыз жағдайға қалдырмас үшін осы принциптарды ұстану керек.

Әлеуметтік қызметкердің кәсіби қызметіндегі сәйкес жағдайларға танысу, клиентпен қайта жүздесу, кеңес беру, күнделікті қарым-қатынас (мысалы, стационарда), клиенттің айналасындағылармен қарым-қатынас болып табылады. Клиенттен танысу мекеменің ішінде немесе клиенттің үйінде жүзеге асуы мүмкін. Алғашқы кездесулердің қайда болатынына қарамастан, оған дайындалу керек.

Бірінші кезекте, клиентке қоятын сұрақтарды алдын ала құрастырып қою керек, әңгіменің схемасын құрастыру керек. Кездесудің мұндай шарттарын ұстану сапалы, қысқа және кәсіби түрде өтеді, барлық мүмкін деген сұрақтар артық уақыт пен күш жұмасусыз шешіледі.

Өзінің тәртіп сақтау мәнерін нақты ойластырып қою керек – ол мейлінше кәсіби түрде, бірақ жұқа емес, сабырлы және игі ниетті болуы керек. Клиент оны күтіп отырған және оған көмек беретін жерге келгенін сезінуі керек, яғни қандай жағдай болмасын клиент және оның мәселесі әлеуметтік қызметкердің басты назарында болу ықтимал. Тіпті уақыт шектеулі болған кезде, әлеуметтік қызметкер өзінің жұмысы көп екенін, клиенттің мәселесінен де маңызды мәселе бар екенін білдіртпеу керек. Әрбір адам үшін оның мәселесі басқа проблемаларға қарағанда үлкен маңызға ие. Олар клиентке өте өзекті және қауіпті болып келеді. Сондықтан әлеуметтік қызметкердің асығыстығы және байқамаушылығы кездесудің соңында клиентке жағымсыз әсер қалдырады.

Клиентпен танысу кезінде әлеуметтік қызметкердің киімі маңызды рөл атқарады. Адам туралы алғашқы түсінік танысудың алғашқы 20-45 секунд аралығында жүреді. «Киіммен қарсы алады, ал ақылмен шығарып салады» деген мақал бекер айтпаған. Әлеуметтік қызметкер көбінесе аз қамтылған клиенттермен жұмыс істейді, сондықтан киімнің ең келбеттілігін көрсету клиенттерді кемсітуге әкеледі, олардың әлеуметтік қызметкерге негативті негативті қатынасын тудырады. Бірақ ұсқынсыз киім де жақсы көзқарас қалдыруы мүмкін. Қандай жағдай болмасын киім толығымен өзіне назар аудартпау керек – бұл клиенттің сенімсіздігін тудырып, қарым-қатынастың сапасы төмендейді. Пьер Карден бір күні «Жақсы киінген әйел қандай ?» деген сұраққа былай жауап беріпті: «Егер мен сұлу әйелді көрсем, бірақ оның не кигені есімде болмаса, демек, ол жақсы киінген болып шығады». Осындай даналы ережені ұстана отырып, әлеуметтік қызметкердің киімі емес, оның өзі назарға алыну арқылы киіну керек. Ол клиентпен алғашқы кездесу кезінде маңызды.

Әңгімені сәлемдесу мен таныстырудан бастаған жөн. Танысу арқылы әлеуметтік қызметкер өзінің атын, әкесінің атын, тегін және қызметін атап өтуі тиіс. Егер кездесу туралы келісім ерте жасалса (мысалы, телефонмен), онда клиентке оны ескерту керек. Егер де әлеуметтік қызметкер күтпеген жағдайда ауысып кетсе, оның себебін түсіндіру керек.

Клиенттің мәселесінің мәнін анықтай отырып, және оның қажетті көмек туралы пікірін анықтап, нақты сұрақтар қою керек, себебі әрбір клиент өз ойын жүйелі және мәселенің барысымен айта алмайды; кобалжу және қорқыныш әңгімелесу кезінде адамға әсер етуі мүмкін, сондықтан клиентке бағытталған әлеуметтік қызметкердің көмегі мәселенің мән-мағынасын түсіндіруде қажет. Барлық керек деген ақпаратты алғаннан кейін, клиенттің қатысуымен, оның барлығын нақтылап, еш сұрақтың қараусыз қалмағанына қанағаттанып, клиент мәселенің мән-жайын толық түсіну үшін әңгіменің әрбір негізгі кезңдерін қысқа-нұсқа түрде қайталап шығу керек.

Егер алғашқы кездесу кезінде барлық сұрақтар мен кейінгі кездесулер толық шешілмесе, онда әлеуметтік қызметкер мен клиент тағы да кездесудің уақытын белгілеу үшін бір-бірімен келісуі керек – белгіленген нақты күн мен уақыт немесе, егер кездесу жұмыстың белгілі бір кезеңінің аяқталмауынан кейін өткізуді қажет етсе, кездесудің мерзімін нақтылау үшін әлеуметтік қызметкермен телефон арқылы келісуге болады.

Кеңес беру. Кеңес беру клиентпен қарым-қатынасындағы ең маңызды формасы болып келеді. Кеңес беру кезінде әлеуметтік қызметкер клиентке бұйырып сөйлемеу керек, ол клиентпен достық қатынаста жасай білуі қажет. Клиенттің әлеуметтік қызметкерден берген кеңесінен нақты не қалайтынын анықтап алу керек. Барлық қажетті ақпараттарды жинап алғаннан кейін, әлеуметтік қызметкер клиенттің мәселесінің шешу жолдарының бірнеше нұсқаларын келтіруіне болады. Әрбір таңдалған нұсқаларды таңдай отырып, оның барлық қажетті аспектілерін қарастырған жөн, ол аспектілер – құықтық, психологиялық, күнделікті өмір жағдайы, медициналық және т.б., және олардың барысында негативті қырларын да естен шығармау керек.

Клиентке кеңес беру мәселе шешілгенге дейін немесе клиенттің қалауына дейін жалғасады. Егер клиент кеңеске келуін тоқтатса, онымен хабарласу керек
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.


  1. Мәдениет. Әлеуметтік мәдениет

  2. Әлеуметтік этикетке қойылатын талаатар.

  3. Әлеуметтік жұмісердің киіміне қойылатын талаптар.

  4. Әлеуметтік қызметкердің сөз мәдениеті. Сөз мәдениетің дамытатын жолдары.

  5. Әлеуметтік жұмыскердің өз-өзін үстау мәдениеті.


Қолданған әдебиеттер тізімі

1. Федоренко Е.Н. Профессиональная этика. – Киев, 1983.

2. Фромм Э. Психоанализ и этика. –М ., 1993. – 215с.

3. Куликова Н.Н. Содержание и критерий нравственного прогресса (Опыт философско – этического исследования проблемы ). – М.,1967 .-326с.

4. Склярова Т.В. Этические ценности социальной работы // Социальная работа: методология, теория и технология. Учебное пособие в 2-х частях. Ч. 1 – Саратов. – 1998 г.

5. Смирнова Е.Р. Нравсвенно-профессиональные принципы социальной работы // теория и практика социальной работы. – Саратов. – 1995.




Қорытынды
Әлеуметтік жұмыс кәсіби қызметтің ерекше түрі сияқты мамандардың өзін-өзі ұстау нормалары мен принциптерінің қалыптасу үрдісінде құрылған, оған ғана қатысты идеалдар мен құндылықтар ерекшеліктерін қамтиды. Келешекте мамандандырылған қызмет ретінде әлеуметтік жұмыс әр түрлі жағдайларды, қарама-қайшылықтарды қамтиды.

Әлеуметтік жұмыстың этикасы моральды нормаларға негізделеді (лат. Norma – ереже, үлгі; моральды қарым-қатынастардың элементі және моральды сананың формасы ретінде анықталатын адамгершілік талаптарының қарапайым формаларының бірі). Моральды нормалар әлеуметтік жұмыстың негізін құрайтын кәсіби құндылықтарда қоғаммен қабылданады.

Қазіргі таңда әлеуметтік жұмыста әрбір әлеуметтік қызметкердің өзінің кәсіби қызметіне артқан жауапкершілігінің этикалық критериилерін анықтау қажеттілігі туралы мәселе басты назарды аудартады. Ол моральды принциптер мен нормаларды қабылдауда бір бағыт қалыптастыруда, мағынасын нақтылауға, құндылықтар мен идеалдардың ортақ жүйесін құрастыруды талап етеді.

Әлеуметтік қызметкерге жалпы қабылданған этикет сақтау өте маңызды, себебі ол тікелей адаммен жұмыс жасайды және әр түрлі адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы қызмет атқарады. Сондықтан әлеуметтік қызметкердің сыртқы бейнесі, киім-киісі, қимыл-әрекеттері, сөйлеу мәнері, ой-пікірі, жеке қасиеттерінің барлығы да клиентке нұқсан келтірмейтіндей қызмет ету керек. осы аталғандардың барлығын сақтау үшін этикеттің принциптерін ұстану керек. Осыған орай Л.С. Лихачев әлеуметтік қызметкерге арналған этикеттің 4 принципін бөліп көрсетеді. Олар: гуманизм принципі, іс-әрекеттің мақсатқа бағытталған принципі, тәртіптің эстетикалық келбеттілгі принципі, және халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын білу принципі. Осы принциптерді ұстану арқылы әлеуметтік қызметкер клиенттің мәселесінің шешілуіне көмектеседі, әлеуметтік қызметкер мен клиент арасында достық қарым-қатынас, өзара түсіністік орнайды, мәселені дұрыс жоспарлап, клиентке үлкен табыс әкеледі. Ал клиенттің мәселесінің шешілуі, клиентке жақсылық жасау - әлеуметтік қызметкердің басты міндеті.



Қосымша

Өз-өзінін білімін тексеруге тест тапсырмалар
1. Көңіл аударудың қысқа уақыттағы еріксіз өзгерістері кезең сайын қалай аталады?

A) Ойын бөлмеу

B) бөліп тастау

C) қайта кірісу

D) фруктуация

E) қосылу


2. «Санасыздықты ықтыру» терминін кім енгізген?

A) Аристотель

B) К. Юнг

C) З.Фрейд

D) Гербард

E) Сократ


3. Іс әрекеттің нәтижесін немесе жағдайдың дамуын болжай алу ?

А) Қиялдау

В) Ойлау
С) антипация
Д) активация
Е) Аглюценация
4. Белгілі заттың немесе құбылыстың сезімтал бейнелеуі?

А) Сезіну

В) Қабылдау
С) Зейін
Д) Ойлау
Е) Бостандық
5. Тұлғаның жеке құндылықтарының белсенділігін көрсетеді?

А)Іс-әрекет стилі

В)цикл
С) жүйе
Д) құру
Е) бағалы бағдар
6. Адамгершілік тәрбиесі:

A) жеке бастың ерікті- моральдық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған

B) арұжданмен тәртіптілікті тәрбиелеуге қойылатын талаптарды толық анықтайды

C) жеке бастың әлеуметтік сезімін қалыптастыруға бағытталған

D) адамгершілік сана сезімді, адамгершілік көзқарасты, сезімді, ойды, адамгершілік тәртіппен мотивті қалыптастырудан тұрады

E) құрметтеу, жауапкершілік сезімін қалыптастырады


7. Халықтың рухани байлығын тәрбиелеу арқылы меңгеруді қалай атаймыз

A) тәрбие

B) оқыту

C) тұқымқуалаушылық

D) өсиет

E) үйрету

8. Эстетикалық тәрбие жүйесін ұйымдастырудың негізіне жататын принциптер

A) ғылымилық

B) жүйелік

C) эстетикалық тәрбие мен көркемдік тәрбие берудің жалпы бірлігі

D) балалардың жеке қызығушылықтарын есепке алу

E) қоғамдық қажеттіліктерді есепке алу


8. Өзін- өзі тәрбиелеудің маңызы неде?

A) өзін- өзі тәрбиелеу- адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп, өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталады.

B) білім, іскерлік, дағды тәрбиеленеді.

C) қарым- қатынас, іс- әрекет, еңбек.

D) жеке адам санасын қалыптастыру.

E) еңбекке даярлайды.


9 Этикалық әңгімеге қойылатын талаптардың сипаты қандай

A) иллюстрациялау

B) оқушының тәжірибесіне сәйкестігі

C) жағдай

D) еркінен тыс түсіндіру

E) тындаушылардың күйзелісі

10. Сендіру әдістеріне жататын?

A) түсіндіру, әңгімелер

B) педагогикалыќ талап, үйрету, жаттығу

C) мадақтау

D) педагогикалық байқау

E) өзін- өзі бақылау, жаттығу


11. Өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы неде?

A)өзін-өзі тәрбиелеу – адамның саналы түрде белгілі біор мақсат көздеп, өзінің бойына қалыптастыртын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталады

B) білім,іскерлік, дағды тәрбиеленеді

C) қарым-қатынас, іс-әрекет, еңбек

D) жеке адам санасын қќалыптастырады

E) еңбекке даярлайды


12. Жеке адамның дамуына әсер ететін факторларды атап беріңіз

A) қоғамдық және әлеуметтік жағдайлар

B) тұқым қуалаушылық, тәрбие , орта

C) жеке адам, жеке тұлға

D) жанұя және мұғалім

E) іс - әрекеттер (ойын, оқу, еңбек , спорт)


13. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты неде ?

A) эстетикалық идеалды тәрбиелеу

B) эстетикалық көзқарас, талғам, дүниені сезіну, идеалының болуы

C) табиғатты сүйу

D) көркемділік талғам, сезім

E) дүниені тану, сезіну




Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Психологияның теориялық-методологиялық негіздері
buuk -> КІтапхана ісінің тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> МамандықҚа кіріспе
buuk -> Xix ғ. Екінші жартысы – XX ғ. Басындағы ертіс өҢіріндегі
buuk -> Орындаушылық өнер кафедрасы
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> М. Аллаберген тарих тудырған тұлғалар
buuk -> М ж. КӨпеев шығармаларындағы кірме сөздер тарихы оқУ ҚҰралы
buuk -> Қызметтік хаттар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет