Ең соңғысы болмасын. Ей, адамдар абайлашы, «Көркем көңіл-көл»



бет1/4
Дата04.07.2016
өлшемі0.69 Mb.
  1   2   3   4
Ең соңғысы болмасын.

Ей, адамдар абайлашы,

«Көркем көңіл-көл» деген.

«Сөз бен ісің-жан айнасы»,

Еленетін елменен.
Қанша жанмен кездесеміз,

Көп іске мән бермейміз...

Жылылықта жүздесеміз,

Қоштасамыз, көрмейміз...


Қаншама жан сағынышта,

Тағдырына таланған...

Ұят пен арға бағынышта,

«Өмір-өткел» қаланған...


Адам болып, адам жанын,

Түсіне алмай өткен бар...

Қанат болған жан арманын,

Бағын сыртқа тепкен бар...


Табысуда сыйластық бар,

Қоштасуда көз жасың...

Кездесуде қимастық бар,

Ең соңғысы болмасын!!!

09.06.2008жыл.
Сағыныш кетпес көңілден.

Жүремін ылғи толғанып,

«Ең үздік өлең жазсам»-деп.

Өзіңе жырмен жалғанып,

«Жүрек пернесін бассам»-деп.
Тап-таза, әппақ, пәк күйде,

Жүректе сені сақтағам.

Сағыныш түзде, бақ үйде,

Тағдырым тұнық мақтанам!


Мұңайған сәтте жарықсың,

Қуанған сәтте жырға орап.

Сырыма әбден қанықсың,

Жаныма тұрар нұр тарап!


Көркейттім көңіл көктемді,

Өзіңмен жаз боп жадырап.

Күз болып жедік еккенді,

Қыз жанын сезер ақын-ақ.


Сағыныш кетпес көңілден,

Жақсылық жетер,үн тарап.

Ұлы ақын өтсе өмірден,

Жазылмай қалар мың парақ...

10.06.2008жыл.
Ғажап қой өмір...

Ғажап қой өмір, жандармен, сүрсең жүрекпен,

Қуанып жүрміз, жайнадық жылы тілектен.

Қауышып таңмен, ояну әнмен ғанибет,

Жақсымен жарқын күн өткен.
Жақсылық көрсең, жақсылықтарыңның сыйы бұл,

Қиянат барда қиянат келер жиі біл.

Тәрбие төккен, еңбекпен өткен жандардың,

Тұрмысы жақсы, үйі гүл...


Достықпен қымбат, өмірің қызық жалғанда,

Өкініш, арман адамнан сірә қалған ба?

Өмір де өрнек, тоқыған көрмек рахатын,

Тағдырың тартыс, таңдаған өзің алданба.


Адаспай әркез, «Адам» боп алғын әуелі,

Бір сөзді болған, қасиет қонған кәделі.

Еленген еңбек «Ер»етіп, елге танытар,

Жақсы болуға, беделге әр жан дәмелі.


Биікке шығу-адамға арман себебі,

Өлмеген адам көп нәрсе тағы көреді.

Ел ғана әділ бағасын кештеу береді,

Жамандықтарды жақсылық әркез жеңеді!!!

11.06.2008жыл.
Көңіл толқыны.

Ойладым сені, ойлаған сайын от болғам,

Жан едің жалғыз, жүректе жылы сақталған.

Елеске еріп, тағдырға көніп жүрсің бе?

Қайталап жырды жатталған...
Іздедім сені,жан дүнием керек еткені,

Өзіңмен өткен күндерім тарих беттері.

Іздеген сайын ізіме қарап жүріп ең,

Ысырмай мені шеткері.


Аңсадым сені, аңсары ауған жан аз ба?

Сағыныш сырғып, сия боп түсті қағазға.

Жүдесе жаным жылылық саған тіледім,

Тоңбаса деумен аязда.


Күттім де сені, естіліп жылы хабарың,

Сездім де жүрек сен жаққа қарай соғарын.

Алыстап арман, ағызып мені әкетті,

Жаутаңдап жалын жанарың.


Түсіндім сені, тектілік тұнған бойыңда,

Намысты бермей, аялау арды ойыңда.

Сезімді сыртқа шығара алмас қыз жаны,

Тағдырын ілген мойынға...

Тағдырын ілген мойынға...

13.06.2008жыл.


Жүректе қалар...

Қараңғы түнде сырласым болып жыр дәптер,

Өзгеше үнде жыр маржан өлең ырғақ бер.

Шабыттың шөлі, сағынған сені сыр етіп,

Маңдайдан шықты құрғақ тер...
Жүректе қалған, жарқ етіп бейнең көрінген,

Жете алмай қалғам шуаққа сенен өрілген.

Сағынған жанның дидарын көру-бір бақыт,

Кетпеген мәңгі көңілден.


Өткінші өмір, өтеді көңіл аңсаумен,

Құпия небір, ашылмай қалар шаршаумен.

Жақсылық-ұтқан,қасиет тұтқан-сыйластық,

Жүректе қалар қоршаумен...

17.06.2008жыл.
Таңғы сыр.

Таңды көзбен атырдым,

Бұлбұлын тыңдап бақтардың.

Жаныма сені шақырдым,

Сырымды келді ақтарғым.
Самал жел талды тербетіп,

Сұлулығыңды танығам.

Сағыныш саған шөлдетіп,

Жыр болып тағы ағылам.


Жапырақ жайып құшағын,

Қиыла қалған «Сен» дедім.

Табиғатыма ұқсадың,

Сезіммен салған өрнегін.


Жұлдыздар кетті жылыстап,

Ай қарап көкте тұрды да.

Күнменен жетті ырыс бақ,

Сәулемен шашты нұрды да.


Тағы бір міне таң атты,

Тіршілік қайта басталды.

Жердегі жұмақ жаннаты,

Өзіңмен екен расталды.

18.06.2008жыл.
Сырлы өмір...

Ай заман-ай жәудіреткен жанарды,

Қанша жанның қара шашы ағарды.

Дүниені дүр сілкінткен дүлейлер,

Дәурені өтіп, ең төменгі баға алды.
Ай өмір-ай бақытты еткен, жылатқан,

Көп адамдар өте алмай жүр сынақтан.

Өмір-қымбат құралатын жұмақтан,

Өмір-жұмбақ сұралатын сұрақтан...


Қуаныш-ай, ең жақындау бұл бізге,

Жылылыққа жайнап тұрар гүлміз бе?

Көктем-көңіл көтерілер көркейіп,

Бір қуаныш күнде сыйлап жүрміз бе?


Сағыныш-ай, орны төрде, жүректе,

Соншалықты көңіл неге дір етпе?

Аяулыға аңсары ауып адамның,

Құштар болып, туылған-ау тірекке...


Сыйластық-ай, сән беретін санаға,

Өмір мәні сыйластық боп қала ма?

Жүрек жақын жол алыстау болғанмен,

Тілек жақын жылдар өтсе арада.


Қимастық-ай, жүректе тұр алауы,

Алаңдатар аңсары мен қалауы.

Ең жақын жан жылатады жаныңды,

Ұмытылмас ең соңғы рет қарауы...

22.06.2008жыл.
Туған жер.

Мынау дала, жасыл тоғай мекенім,

Қадіріңе қалай,қашан жетемін?

Самал соғып жүрегіммен сезіндім,

Туған жердің махаббаты екенін.
Қарлығаштар төбемізде сайрады,

Гүл мекенін сүйгенінің айғағы.

Бөріжар-өзен көріктене көсіліп,

Ағысыменен сезім бойды жайлады.

Бөріжар,Қайнар ырыс құттың аймағы,

Ордабасы-ынтымақтың қаймағы.

Өзенімен тал қамысы күй төксе,

Үн қосады кеуіл,шеңгел сайдағы.


Жантақтары гүл ашқаны нұр құйып,

Адыраспан салмақтанып сыр түйіп.

Мұрын жарар киікоты жусанмен,

Кеуілменен қурай сырлас қылқиып.


Сезіндім де топырақтың жылуын,

Мүмкін емес жүрек бір сәт тынуың.

Көз алдымда мөлдіреді туған жер,

Көз алдымда елжіреді сұлуым...

02.07.2008жыл.
Сағыныш.

Ажарыңды айыра алмай еліктен,

Сені ойлаумен күлкімді де кеміткем.

Саған қарай аңсары ауып бұл жүрек,

Сағынышы басылмады неліктен?
Арнап саған жырларымның үздігін,

Кешегі жаз сырғып өтіп күз бүгін.

Киік болып көрінгенсің көз тоймас,

Сезім болып өрілгенсің, сөзді ұғын.


Ыстық болып сезілгенсің өрттен де,

Көркем болып көрінгенсің көктемде.

Жанарыңмен жаутаңдадың жәудіреп,

Сағынышың қалып қойды тек менде.

06.07.2008жыл.
Өзіңменен...

Сұлулығың жанды ерітіп, тербеді,

Қайталанбас көріктім-ау жердегі.

Саған деген сағынышым сарғайтып,

Алып ұшып жүрек құлаш сермеді.
Өзіңменен төрт құбылам тең екен,

Өзіңменен мына дүние кең екен.

Жаныма күш аман-есен жүргенің,

Қанатымсың, қолдаушымсың берекем.


Өзіңменен бал қызықты, асқақ үн,

Түсінерсің сөздерімнің астарын.

Өзіңменен бақытымды сезіндім,

Өзіңменен шабыт тулап басқамын...

14.07.2008жыл.
Махаббат балдызымның көк тасына арналған
Құлпытастағы жазу.
Жұлдыздай болып аққансың,

Көріктім, көркем, күйімсің!

Жұмақта жаның шаттансын,

Алладан жәннат бұйырсын!
Түс болып өттің асыл жан,

Аңсаймыз көзде шық тұрып,

Тұрарсың гүлдей ашылған,

Жалғанды жанға ұқтырып...

18.07.2008жыл.

Сұлулыққа сұраныс.

Қиялыммен қауышты да қуаныш,

Үдей түсті сұлулыққа сұраныс.

Көңіл көкте, арман алыс, ой-орман,

Сағынышың тым алыс.
Еске түсті кешегі өткен нұр көктем,

Қырды аралап, бір дара бақ сыр төккен.

Сол күндер-ай сағым болған санада,

Сол түндер-ай қиялымда жүр көптен.


Жоғалтқандай алтын, күміс, лағылды,

Нені аңсады, жүрек нені сағынды?

Қай қиырда, қай белесте, қай бақта,

Қалдырдым мен жалын жастық шағымды?

23.07.2008жыл.

Сұлуға.

Қасыңдамын...

Сағынышты сан ойда басыңдамын.

Алаңдасаң, аңсасаң, аласұрып,

Жанарыңды жылытқан жасыңдамын.
Қасыңдамын...

Сағым болып, мойыныңа асылғанмын.

Күйзелсең қу тірліктің күйбеңінен,

Жаныңа жыр маржан боп шашылғанмын.


Қасыңдамын...

Әр таңның үміті боп ашылғанмын.

Жан жаңбырын тілесең жабырқаулы,

Найзағай боп күркіреп, басылғанмын.

Жаныңдамын...

Көзіңнің қарасы мен ағындамын.

Бір өзіңді алаңдап аңсағанмын,

Бір өзіңді сарғая сағынғанмын.


Таңдағаным...

Аман болсаң ғарышқа самғағаным.

Көріп тұрып кешірген кемшілікті,

Өзіңсің өмірімді арнағаным!

26.07.2008жыл.
Бұл өмір...

Бұл дүние тұрады екен сағыныштан,

Өзіңе ғаламат күш алып ұшқан.

Жылылық сезіледі сөздеріңнен,

Жаным-ау жанарыңнан жарық құшқам.
Бұл өмір құралады қимастықтан,

Күтуден,кешіруден, сыйластықтан.

Бұл өмір өрілсе де кәрілікпен,

Гүл-көңіл күдер үзбес нұр жастықтан.


Сүйгенсің, сүйікті боп қалу бақыт,

Күйгенсің, бәрін ұрлар залым уақыт.

Көңілдің тоқтығына не жетеді?

Сұлуым амандығың жаныма құт!

12.08.2008жыл.
Өмір-мағына...

Жалғыздық маған жат екен,

Сағыныш кетті санамды ап.

Өзіңмен көңіл шат екен,

Жанымда жүрсең маған бақ.
Дүрсілдеп кетті бұл жүрек,

Өзіңді көрмей еске алып.

Екенсің нәзік-гүл-тірек,

Сезіндім сенсіз кеште анық.


Сағынып кеттім алаңдап,

Жаутаңдап қарап жан-жаққа.

Сезімнен сезім қаланбақ,

Ұқсаттым сені ән баққа.


Өзіңмен мәнді еске алсам,

Үмітпен атқан таңдарым.

Жарасар және жар салсаң,

Жаныңа жақын жан барын.


Жүректегі жанмен тілдесіп,

Сыйласып жүрсең сағына.

Үлбірер сезім үндесіп,

Осы екен өмір мағына...

12.08.2008жыл.
Үш алып...
Төле бидей ұлы ойшыл, ер, тұлға,

Қазақ үшін туылар ма мың жылда?

Қара түнек қара қырғын заманда,

Елін, жерін қорғап қалған бұл сында.


Қазыбек би «Ел»-деп туған шаттанып,

Ел есінде қалды мәңгі жатталып.

Семсер сөзбен жау екпінін қайтарған,

Рухы биік, ұрпақ қалды сақталып.


Әйтеке би ойы ұшқыр , қырандай,

Біріктірді тұрғанда елі құралмай.

Көз жасымен келген мынау тіршілік,

Ынтымақты айтып өткен ұрандай.

13.08.2008жыл.
Қыз мұңы.

Бір күнімді бір күнімнен асырып,

Сені ойладым өзгелерден жасырып.

Дір еткенмін шарпығанда от демің,

Жан-жүрегім жүрегіңе ғашық ұқ...
Іздегенмін, нұр жүзіңді сағына,

Күз келгенін біліп тұрып бағыма.

Әттеген-ай, қыздың жолы тым қиын,

Ішкі сырын шығара алмас шағына.


Бәрін ойлап, көтерумен туысты,

Жалғыздықта жаным жүдеп у ішті.

Ішім жылап, сыртым күліп тұрғанмен,

Көңіл жүдеу күн болуға тырысты.


Сағындым ғой, сағынғанмен не шара?

Кете алмадым жер жәннаты осы ара.

Өсек өрті күн-түн мені аңдып жүр,

Бәрі жақын көрінетін дос, аға.

Түсімдесіз, дәл өңімде келгендей,

Мүсіндесіз, қиялымда көргендей.

Талай жанды жақсы көрген шығарсыз?

Ешкім сізді сүйе алмайды дәл мендей.


Ардақ тұтып, аялайтын армансыз,

Жан жүректі жаулап алып қалғансыз.

Жылап тұрып, бақытымды сезіндім,

Қиялымда күтіп жүрсіз алдан Сіз!

14.08.2008жыл.
Өзіңе әркез есеп бер!
Өзіңе әркез есеп бер,

Жақсылық кімге жасадың?

«Байлық пен бақ та көшеді» дер,

Сырыңды бүкпе босағын.


Алдадың, кімнен алдандың?

Қиянатын көрдің кімдердің?

Ебіне көніп жалғанның,

Тікені болма гүлдердің.


Таза боп ардың алдында,

Өзіңді сақтай алдың ба?

Өмір де тұрмас қалпында,

Жастық шақ келмес алтынға.


Қиялда жүрген адамды,

Өмірде таба алдың ба?

Жарыққа шығар табанды,

Өзгерер дәстүр салтың да.


Көңілін адал досыңның,

Көтеріп әркез жүрсің бе?

Шет қалмай көпке қосылғын,

Өкінбе, күйме, күрсінбе...


Не үшін келдік өмірге?

Мағына мәні не екен?

Ұрындық ауыр, жеңілге,

Неде екен бақыт, берекең?


Өзіңмен-өзің сырласқын,

Есепті ұтар бүгінде.

Адамдық арың күй тасқын,

Тазалар бәрін түбінде.


Өмірді сүру-ғанибет,

Сыйластық өмір-көрік, нұр.

Адамдық атты алып өт,

Өзіңе есеп беріп жүр.


Өзіңе есеп беріп жүр...

25.08.2008жыл.


Сұлулық құпиясы.

Сен қалай сұлулықты сақтағансың?

Жүйрікке оқ бойы озып шаппаған сын.

Күн болып, күні бойы ойға орап,

Түн болып, сезімімді ап қалғансың.
Мөлдірсің, алау жүзің жанды еріткен,

Сен гүлсің, қарай бердім таңғы үмітпен.

Қобыздың құдіретті үнін есітіп,

Жанарың жасаураумен кімді күткен?


Тұнықсың, тал бойыңа таңданбас кім?

Кім ұқсын, жан сырыңды аңғармас тым.

Сезімнің селк еткізер сыршыл күйі,

Сұлулық құпиясы, шыға алмас шың!


Сұлулық-адамзаттың аңсағаны,

«Жетем»-деп таусылмаған қанша амалы.

Күн-көңіл мәңгі жас боп қала берер,

Жүрек те «Жастық шақ»-деп жар салғаны...


Сұлулық жаулап алған жүректегі,

Махаббат өмір мәнін реттеді.

Сүйгеннен сүйікті боп қалған дұрыс,

Тап-таза сыршыл сезім тілектегі.


Сұлулық құдіреттен алған сыйың,

Сезе біл сүйіктіңнің сыршыл күйін.

Ажарлы ақылымен биік тұрар,

Өмірде пәк сезімді сақтау қиын...

26.08.2008жыл.
Іздедің мені...

Іздедің мені ...

Көздегі жасың,мөлтілдеп,

Аңсаумен сені,

Жанымнан сырым шертілмек.

Жыл өткен сайын сағынышыма айналдың,

Жүректің сездім өртін тек.
Сағыныш сөнбес арманға қарай ұласты,

Сен жаққа қарай сермедім қанша құлашты.

Жақсы көрумен жылынып тұр-ау бар әлем,

Сезіміменен сенімді екен күн асты.

Ыстық қой жанға кешегі өткен он жеті,

Шуаққа толы ғашық жандардың келбеті.

Өмірдің мәні,көңілдің сәні-сыйластық,

Сеніміменен сезімге толы жер беті.


Қия алмай тұрам қоштасқан сайын қиналып,

Өзіңе деген сағыныш тұрар жиналып.

Өзіңмен өткен күндерім көктем екенін,

Сезіндім сенсіз күйде анық.


Өзіңмен ұштым,белгілі биік самғарым,

Өзіңмен қызық ататын үміт таңдарым.

Шалдығып шаршап,өзіңді аңсап жетермін.

Сағыныш болса өмірден сездім мән барын.

Бақытты жансың сезінсең жақын жан барын!!!

03.09.2008 ж


Жыламашы...
Жыламашы...

Күйзелтті ме тағдырдың сынамасы?

Жазғырды ма жанды жеп жымысқылар,

Азғырды ма алаяқ құрамасы?

Жыламашы...

Өзіңді босқа қинап сынамашы.

Өмір-өксік,өкінтер,өрт секілді,

Алланың адам құрғақ бір ағашы...

Жыламашы...

Шың биікте ұшқансың,құламашы.

Әттең-ай ... өз орныңды тапқаныңда,

Болар ең адамзаттың ғұламасы.


Жыламашы,жүрегім,жыламашы...

04.09.2008 ж.


Сен қуаншы...
Сен қуаншы, өмірде барсың демек,

Шамаңмен шаттануға толық себеп.

Мен сені қуантайын қуана алсаң,

Күлгенің денсаулыққа басты қорек.


Көңіліңді көтеріп жүр жырланасың,

Уақытпен бірте-бірте ұрланасың.

Сұлулық сырғып өтер су сияқты,

Бір күні бәрінен де құр қаласың...


Адамды имандылық мәңгі жақтар,

Жүректен қабыл болар мінәжаттар.

Әділ бол, қайырыммен тірлік жаса,

Әрдайым сақтанғанды Алла сақтар!!!

05.09.2008жыл.
Байланған жіпсіз тіршілік.
Байланған жіпсіз тіршілік,

Үніңді есіту бір бақыт.

Көктемгі сезім бүр шығып,

Жүректі тербер нұр жақұт.


Пәк сезім неден басталар?

Тартылар адам неліктен?

Махаббат кәрі жаста бар,

Жылы сөз жанды еліткен.


Асығып жүрміз алаңдап,

Сұлуға тағы ынтықпыз.

Әлемге иісі таралмақ,

Гүл иісі шықпас бүршіксіз.


Алғашқы сезім жүректе,

Тап-таза күйде кіршіксіз.

Жымиып ыстық тілекте,

Бұйыртпай кеткен қырсық қыз.


Әрбір жан құпия сезімде,

Өзінде мәңгі сақталар.

Сағынып кеткен кезіңде,

Мөлдіреп тұрған баққа бар!

03.10.2008жыл.

Тәуекел, үміт, күрес.
Мөлдірім менің тұнығын іште сақтаған,

Гүлсің бе әлде жаураған, таңда атпаған.

Езіліп жүрек, басқанда түнек, ойлармен,

Теңселіп кетіп, құлауға тағы шақ қалғам.


Тағдыр-ай қатал, нәп-нәзік гүлді игені,

Ерекше елең еткізді ессіз күй мені.

Қиын-ай қиын, шаншылды миым, не шара?

Қорғаны болып, көмектесе алмаса сүйгені...


Денсаулық керек, басқасы тағы табылар,

Түнерген түннің ағарып атар таңы бар.

Жүргенде қатар бір-бірін адам сезбейді,

Алыстау кетсе күн түні іздеп сағынар...


Иіле түсіп, көтеріп жүрсің қиынды,

Ұмытып тіпті той думан, сауық жиынды.

Қарлығаштайсың қамқоршы болып туылған,

Жақсылық қайтар аларсың шексіз сыйыңды...


Еліксің көрік, ерекше еріп, езілгем,

Түндерің көп-ау ұйқысыз шаршап, көз ілген.

Сұлусың еркем, жая бер өркен нәзік қыз,

Келесің күліп төзіммен...


Жаныңа шуақ жылылық тұнсын, жыр ескем,

Жүрекке жақын ұмытылмас нұрлы күн естен.

Өмірдің мәнін түсіну қиын, сезе алсаң,

Тұрады екен тәуекел, үміт, күрестен...

08.10.2008жыл.

Болат қанжар.

Болат қанжар мен өзіңмен тілдесем,

Рухы биік бабалармен үндес ең.

Іліп түсер, тіліп түсер қырандай,

Шарт сынсаң да майысуды білмес ең.
Ата мінез сенің өткір жүзіңдей,

Қасиетпен келе жатқан үзілмей.

Өн бойыңнан сәуле шашып жарқырап,

Нұр құясың имандылық ізіндей.


Болат қанжар мен өзіңмен сырластым,

Жаным-жалын, көкірегім күй тасқын.

Көк бөрінің тұқымымыз айды алар,

Ұлылықпен, мәңгілікпен құрдаспын!


Болат қанжар біздер бірдей шыңдалып,

Танылғамыз биіктерде тыңдалып.

Тектіліктің тұнығында тұншығып,

Мың бір қайта туылғанбыз мұңда анық.


Өткірлігің жетпей тұр-ау ұрпаққа,

Бір сөзділік айнала ма қылжаққа?

Қиып түсер қанжар сабын кесе алмас,

Еттен сірә ажырамас тырнақ та.


Жалғасады баба рухы, үрдісі,

Артта қалар кімдер әлсіз, кім кіші.

Болат қанжар қайсарлықтың қанаты,

Шарт сынса да майыспаудың үлгісі.

09.10.2008жыл.

Махаббат мәңгі сезімде.
Тазалықты таңнан сезінем,

Ауасы жағар жаныма.

Сұлулықтарға кезігем,

Жастықтың кіріп бағына.


Қайда екен сол бір пәк күнім?

Сәби боп жатқан бесікте...

Өткізіп бейқам шат күнін,

Байқамай қалдық өсіп те.


Қызғалдақ теріп қырларда,

Желменен жүрдік жарысып.

Аруға айтқан сырлар да,

Көңілде тұр-ау алысып.


Бақытты едік сол шақта,

Қызығы мол еді өзіндік.

Қиындықтарда қалсақ та,

Сал.сері болып сезіндік.


Жалынды жастар болғанбыз,

Арулар өтпес қарамай.

Атырып таң ән салғанбыз,

Бақтарды әсем аралай.


Өмірің күрес, езілме,

Жарамас жеңіл жеңілген.

Махаббат мәңгі сезімде,

Жастық шақ кетпес көңілден!

10.10.2008жыл.
Жыр дәптерім...
Жыр дәптерім жүз жылдан соң,

Қай жерлерде тұрасың?

Сенде менің бар тұлғам сол,

Тек өзіңнен сұрасын.


Сенен білсін арманымды,

Сезімімді селдеткен.

Ұйқысыз мың таңдарымды,

Сұлулыққа шөлдеткен.


Сенен білсін жай күйімді,

Сағынышпен сарғайған.

Кімдер ынтық, кім сүйінді?

Үміт бірге қартайған.


Өстік, өндік өнер өрде,

Өмір өткен күреспен.

Қиындық бар барлық жерде,

Тасты жерде гүл өскен.


Ұрпақтарым көрікті елмен,

Оқып жатса жиылып.

Қол бұлғармын әріптерден,

Мейірлене жымиып...

16.10.2008жыл.


Балалық шақ-ай...
Таңқалдым саған, дидарың сұлу ақ таңғы,

Тал бойың әсем, еліктей есте сақталды.

Көңілдің күйі сен жаққа қарай тартады,

Көркіңнен жүрек шаттанды...


Жібектей шашың, самалмен сәнді тербеліп,

Аққудай болып, жараса қалған еркелік.

Шілдеде ыстық жалындай жүріп жаурағам,

Аязда тоңып, өртеніп...


Сағым боп қалған, сарғая түскен жапырақ,

Саялы бақ та қол бұлғап әркез шақырад.

Жастық шағымды жыл өткен сайын сағындым,

Нұрлы күндерің жүрекке жылы жақын-ақ.


Есте ғой бәрі, қызғалдақ терген көк бел де,

Ұяңдық шіркін, тыйылтып бәрін шектер ме?

Даладан терген гүлдерді сыйлай алмадық,

Балалық бәлкім қызара түскен бет перде.


Сөз түспей тағы ауызға бірден кысылып,

Балалық шақ-ай өзгеше өмір түсінік.

Қиялымдағы қыз құрбым қайда жүр екен?

Қарыздар болған, бере алмай гүлді ұсынып...


Ертеңге сеніп, өзімізді жүрміз жиі алдай,

Сүйікті болып қалғымыз келер сүйе алмай.

Білгенімізден білмейтініміз көп екенін,

Мойындамаймыз ұялмай...

17.10.2008жыл.
Қымбатсың өмір...
Қымбатсың өмір, өмір сүргім келді құнығып,

Жақсы жандардың жанарынан келем жылынып.

Қимас жандардың тілектерінен тұрар дүние,

Сыйласқандардың жүректерінен тылсым сыр ұғып.


Қымбатсың өмір, есімде нұрлы сәттерім,

Адал жандарға ұсындым жүрек бек төрін.

Сағынышпенен сарғайып кеткен шақтарда,

Аяулы жанның оқыдым тілек дәптерін.


Бақытым шығар, өнермен мәңгі өтемін,

Көңіл де тапқан өзінің таза мекенін.

Біле ме адам, өмірдің өзі-сыйластық,

Қуана біліп, қуаныш сыйлау екенін?!


Қымбатсың өмір, адамдық атпен, құрметпен.

Адамгершілігімен есімін жандар ірілеткен.

Қарапайымдар айналған текті ұлыға,

Жүректе қалып, ұмытылмай мәңгі жүр көптен.


Қымбатсың өмір, қайталанбайтының себепті,

Қаншама ұлы, жақсы мен жайсаң, ер өтті.

Бақытты өмір сүруім үшін күні ертең,

Қиындық бүгін керек-ті...

Қиындық бүгін керек-ті...

29.10.2008жыл.


Жалынға толы алтын күз...

Жанардан сездім сағыныш пенен үмітті,

Мөлдірей қалдың іштегі шықпай пәк сезім.

Өн бойың әсем жүректі жылы жібітті,

Қыздарға ғана берілген шыдам, нақ төзім.
Далада нөсер, жуынып жатыр тал шыбық,

Жаңбырмен бірге көңілді тербер күй ақты.

Сені ойлап тұрдым, өн бойым суға малшынып,

Уайымды жуар ақ жауын келген сияқты.


Тамшылар тиіп, бұталар басын изеді,

Сағынышымды түсініп сірә тұрғандай...

Жалынға толы бұл да бір алтын күз еді,

Көрінбей күн тұр ару боп бетін бұрғандай...

29.10.2008жыл.
Ұлы өнер-адамзаттың шын сыңары!

Не тылсым бар, дидарың нұр шашқаны,

Көңілім көтеріліп, гүл ашқаны.

Назы мен сазы бөлек әуеніңнен,

Жүректің жарқырады мұң аспаны.
Теңселіп, тербелді де табиғат мың,

Кеудемде күй ойнады ағындап тым.

Жанарың жалындаған жанды жеді,

Қалайша көрмей білмей сағынбақпын?!


Ән кетті әуелетіп, болмысты алып,

Шөлдедім, шөл қысқандай естен танып.

Өнердің киесі ме, иесі ме?!

Не болды өн бойыма күйіп, жанып?!


Көңілім құлазыды, шерленгендей,

Әуенің әл жинатты дем бергендей.

Кешегі Сара, Майра заманынан,

Тіріліп, қуат берер ән келгендей.


Шешілмес бұл дүниенің мың сұрағы,

Ұлы өнер-адамзаттың шын сыңары.

Сағыныш санамызды саяласа,

Белгілі жүрегімде ән тұрары...

30.10.2008жыл.

Сұлу-өнер.

Қарай бергім келеді көзімді алмай,

Жаның сұлу, ерітер сөзің балдай.

Жан дүниемнің сезіндім рахатын,

Өн бойымда өзгеріс есім қалмай.
Жанарыңнан сезіндім жылылықты,

Өнеріңмен көрсеттің ұлылықты.

Келбетіңнен келісті кер маралдай,

Жүрек еріп, елжіреп, тынығыпты.


Сұлулығың тартады жетегіне,

Қаншама жыр тыңдалмай кетеді ме?

Табиғаттың тартымды тұлғасысың,

Бұл күніме мың күнім жетеді ме?!


Жанарлар түйіскенде от шарпыды,

Сезіндік саф өнерді сен арқылы.

Қия алмай қоштасарда қарай бердім,

Жүректің беймәлімдеу бұл тартымы.


Қарай бергім келеді көзімді алмай,

Жылап тұрып күлесің өзіңді алдай...

Аз күндерде тартылыс күшін сездім,

Әнің қалды жүректе, өзің шалғай...

01.11.2008жыл.


Каталог: jobalar -> orleu -> bertai
bertai -> Фарабиге арнау. (Әні бар) 1 Оңтүстіктің арайланған ақ таңы, Бұлбұл үні естіледі бақтағы
bertai -> Бертай Есмаханұлы Төкеев. Тойың тойға ұлассын
bertai -> Серпілтер сезім сұлуы!
bertai -> Өмір қызық өзіңді тануменен, Кемшілікті жоюмен, жануменен Өз-өзін танып әр жан әлем таныр
bertai -> Бақытты бал дәурен Шымкент-2013жыл
bertai -> Рух күші. (поэма) Төкеев Бертай Есмаханұлы
bertai -> Көше бойлап келе жатқан аруға, Байқалғаны нанның жерде жатқаны
bertai -> О, табиғат үлкен сезім бастаған, Өз заңымен келген ылғи аспаған. Адамға тән қасиеттер маған дос, Ғаламға жат қасиеттер қас маған…
bertai -> Cезім күші Көңілім көкте самғады, Сағыныш бойды тербеді. Жарқ еткен сәуле жандағы, Сезім боп маза бермеді
bertai -> Төкеев Бертай Есмаханұлы ГҮл сезім шымкент 2009 Гүл сезім


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет