Е. Т. Акимбеков физика пәнінен дәрістер курсы нұр-Сұлтан 2020



бет10/57
Дата04.03.2024
өлшемі3.65 Mb.
#494228
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57
fizika darister kurs . oku kural . akimbekov e.t.

Бақылау сұрақтары

1. Айналмалы қозғалысқа анықтама беріңіз және мысал келтіріңіздер.


2. Инерция моменті деген не?
3. Әртүрлі пішінді денелер үшін инерция моментінің формулаларын жазып түсіндіріңіздер.
4. Штейнер теоремасының мағынасын түсіндіріңіздер.
5. Қозғалмайтын нүктеге қатысты күш моменті деген не?
6. Айналмалы қозғалыстағы қатты дененің кинетикалық энергиясын есептеу формуласын қалай алуға болады?
7. Сырғанаусыз домалап келе жатқан диск немесе цилиндрдің кинетикалық энегиясы қалай есептеледі?
8. Қатты дененің айналмалы қозғалысы үшін динамиканың негізгі теңдеуін қалай қортып шығаруға болады?


Тақырыпты пысықтауға арналған тапсырмалар

1. Инерция моментi:


A) Материялық нүкте массасының оның айналу осiне дейiнгi
қашықтығының квадратына көбейтiндiсiне тең шаманы айтады.
B) Айналмалы қозғалыста дененің инерттілігін сипаттайтын физикалық
шама;
C) Ол қандай оське салыстырғанда және көлем бойынша оның массасы
қалай таралғандығына байланысты;
D) Материялық нүкте массасының оның айналу радиусының квадратына көбейтiндiсiнiң жартысына тең шаманы айтады;
E) Күш түсетiн нүкте радиус-векторының күш векторына векторлық
көбейтiндiсiне тең шаманы айтады;
F) Материялық нүкте радиус-векторының оның импульсвекторына
векторлық көбейтiндiсiне тең шаманы айтады;
G) Материялық нүкте радиус-векторының квадратының оның импульс
векторына векторлық көбейтiндiсiне тең шаманы айтады;
H) Айналу осiнен ең қашықта жатқан дене нүктелерiнiң сызықтық жылдамдықтарына тең шаманы айтады.

2. Күш моментi


A) Күш түсетiн нүкте радиус-векторының күш векторына векторлық
көбейтiндiсiне тең шама;
B) Күш бағытымен бағыттас векторлық шама;
C) Импульс моментінің уақыт бойынша өзгеру шапшаңдығына тең;
D) Материялық нүкте массасының оның айналу радиусының квадратына көбейтiндiсiнiң жартысына тең шама;
E) Материялық нүкте радиус-векторының оның импульс векторына
векторлық көбейтiндiсiне тең шама;
F) Материялық нүкте массасының оның айналу осiне дейiнгi
қашықтығының квадратына көбейтiндiсiне тең шама;
G) Күш түсетiн нүкте радиус-векторының квадратының күш векторына векторлық көбейтiндiсiне тең шама;
H) Айналу осiнен ең қашықта жатқан дене нүктелерiнiң сызықтық
жылдамдықтарына тең шама.

3. Радиустары бірдей тұтас цилиндр мен шар көлбеу жазықтықпен сырғанамай бірдей биіктікпен домалап келеді. Шар мен цилиндрдің жылдамдықтарының қатынасы қандай?


A) массасы үлкен дененің жылдамдығы үлкен;
B) цилиндрдің жылдамдығы үлкен;
C) шардың жылдамдығы үлкен;
D) массасы кіші дененің жылдамдығы үлкен;
E) жылдамдықтары бірдей.

4. Импульс моментінің сақталу заңы:


A) тұйық емес жүйенің импульс моменті тұрақты;
B) тұйық жүйенің импульс моменті тұрақты болмайды;
C) тұйық жүйенің импульс моменті тұрақты;
D) тұйық жүйеде сыртқы күштердің моменті нольге тең;
E) тұйық жүйеде сыртқы күштердің моменті нольге тең емес;
F) импульс моментінің уақыт бойынша туындысы нольге теңемес;
G) импульс моменті скаляр шама, массаға тәуелді;
H) тұйық жүйеде импульс моментінің туындысы нольге тең.


5. Күш моменті:
A) ; B) ; C) ;
D) ; E) ; F) .
6. Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеулері
A) ; B) ; C) ; D) ;
E) ; F) ; G) ; H) .

7. Массасы 5кг, диаметрі 20см диск 2 рад/с2 бұрыштық үдеумен айналады. Осы дискінің жиегіне әсер ететін жанама күшті табыңыз.


A) 4 H; B) 10 H; C) 0,4 H; D) 0,1 H; E) 0,5 H;

8. Массасы 2,1 кг, радиусы 35 см болатын біртекті тұтас диск 360 мин-1 жиілікпен айналады. Оған жанама тежеу күші әсер еткенде 2 минуттан соң тоқтайды. Дискіге әсер еткен тежеу күші:


A) 115∙10-3 Н; B) 125∙10-3 Н; C) 135∙10-3 Н;
D) 11,5∙10-2 Н; E) 12,5∙10-2 Н; F) 13,5∙10-2 Н;
G) 125 мН; H) 115 мН.

9. Радиусы R, массасы m біртекті шар қозғалмайтын өсті  бұрыштық


жылдамдықпен айналады. Ось шар бетіне жанама бойымен орналасқан. Осы қозғалыстың кинетикалық энергиясы E неге тең?
A) ; B) ; C) ;
D) ; E) .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет