Бақылау сұрақтары
Импульс деген не?
2. Импульстің сақталу заңы қандай жүйелерде орындалады?
3. Материалдық нүктенің, қатты дененің импульс моменті деген не?
4. Импульс моментінің сақталу заңын түсіндіріңіз.
Тақырыпты пысықтауға арналған тапсырмалар
1. Механикалық энергияның сақталу заңы:
A) сыртқы диссипативті күштер болмағанда толық энергия тұрақты;
B) консервативті жүйелерде толық механикалық энергия сақталады;
C) сыртқы консервативті күштер болмағанда толық энергия тұрақты;
D) консервативті емес күштер әсер ететін жүйеде толық энергия
сақталады;
E) кеңістіктің біртектілігімен анықталады;
F) оқшауланған жүйеде орындалмайды;
G) уақыттың біртектілігімен анықталады;
H) тұйық жүйеде орындалмайды.
2. Массасы 2 г дене, массасы 1 г қозғалмай тұрған денемен соқтығысады. Серпімді соқтығысудан кейін олар сол бағытта 2 м/с және 3 м/с жылдамдықтармен қозғалған. Соқтығысуға дейін бірінші дененің жылдамдығын табыңыз.
А) 4 м/с
В) 3,8 м/с
С) 3,5 м/с
D) 1,6 м/с
Е) 1,3 м/с
3. Массасы 1 кг дене hбиіктіктен еркін түскен. Жер бетіндегі кинетикалық энергиясы 100Дж болса, ол қандай биіктіктен құлаған?g=10 м/с2.
А) 10 м; В) 20 м; С) 30 м; D) 40 м; Е) 100 м.
4. Абсолют серпімсіз соқтығысқан екі шар үшін импульстің сақталу заңының өрнегін табыңыз. Шарлардың массалары m1 және m2, ал жылдамдықтары 1 және 2, яғни m11+ m22=?
А) m1u1
В) m2u2
С) ( m1+m2)u
D) m1u1+m2u2
Е) u1+u2
5. Массасы 20 т вагон 0,3 м/с жылдамдықпен қозғалып, массасы 30 т, жылдамдығы 0,2 м/с екінші вагонды қуып жетіп, одан соң бірге қозғалған. Олардың қозғалу жылдамдығын анықтаңыз.
А) 0,25 м/с
В) 0,24 м/с
С) 0,50 м/с
D) 0,22 м/с
Е) 0,28 м/с
6. Төменде келтірілген өрнектердің қайсысы импульстің сақталу заңына сәйкес келеді?
A) A=mgh1- mgh2
B)
C) m11+ m22=m1u1+ m2u2
D) Ft = m12 – m21
E) Ek1 + Ep1 = Ek2 + Ep2
7. Темір жол бойымен 500 м/с жылдамдықпен ұшып бара жатқан снаряд, массасы 10 т жүгі бар платформаға еніп, сонда қалады. Осы кезде тыныш тұрған платформа қандай жылдамдық алған болар еді? Снарядтың массасы 100 кг.
A) 6,75 м/с
B) 4,95 м/с
C) 1,05 м/с
D) 10 м/с
E) 7,95 м/с
8. Массасы m1 және m2, ал бастапқы жылдамдықтары 1 және 2 болатын шарлардың абсолют серпімсіз соққылары үшін импульстің сақталу заңын жазыңыз, m11+ m22=
A) m1u1
B) m2u2
C) m1u1+ m2u2
D) (m1+ m2) u
E) (u1+ u2) m
9. Абсолют серпімсіз соқтығысу кезінде импульс пен механикалық энергияның сақталу заңдары орындала ма?
А) импульсі сақталады, энергиясы сақталмайды
В) импульсі сақталмайды, энергиясы сақталады
С) импульсі де, энергиясы да сақталады
D) импульсі де, энергиясы да сақталмайды
Е) импульсі және энергиясы нольге тең
10. Массасы 5 кг дене 10 м биіктіктен еркін құлады. Жер бетіне түсетін мезетте дененің кинетикалық энергиясы қандай болады (g=10м/c2)?
А) 1000 Дж;
В) 500 Дж;
С) 2000 Дж;
D) 50 Дж;
Е) 250 Дж.
Достарыңызбен бөлісу: |