Е. Т. Акимбеков физика пәнінен дәрістер курсы нұр-Сұлтан 2020


Жарықтың қосарланып сынуы –



бет44/57
Дата04.03.2024
өлшемі3.65 Mb.
#494228
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57
fizika darister kurs . oku kural . akimbekov e.t.

Жарықтың қосарланып сынуы – анизотропты заттардың түскен жарықты әртүрлі фазалық жылдамдықпен екі бағытта таралатын және өзара перпендикуляр бағыттарда поляризацияланған жарық сәулелеріне жіктеу қабілеті.


Бақылау сұрақтары

1. Когерентті жарықтар дегеніміз не ?


2. Ньютон сақиналарын алу жолын түсіндіріңіз.
3. Дифракция құбылысын түсіндіріңіз және қандай әдістермен дифракцияны алуға болады ?
4. Френель және Фраунгофер дифракцияларын түсіндіріңіз.
5. Дисперсия деген не? Қалыпты және анормаль дисперсия. Призма және дифракциялық тор көмегімен алынған спектрлерді қандай белгілері бойынша ажыратуға болады?
6. Малюс заңы. Брюстер заңы.
Тақырыпты пысықтауға арналған тапсырмалар

1. Жарық дисперсиясы:


A) жарықтың бөгетті орағытып өтуі;
B) сыну көрсеткішінің толқын ұзындығына тәуелділігі;
C) электрондардың металдан шығуы;
D) бірнеше толқынның қосылуынан болады;
E) тек когерентті толқындардан алынады;

2. Интерференция:


A) жарықтың бөгетті орағытып өтуі;
B) сыну көрсеткішінің толқын ұзындығына тәуелділігі;
C) электрондардың металдан шығуы;
D) бірнеше толқынның қосылуынан болады;
E) тек когерентті толқындардан алынады;
F) кез келген толқыннан алынады

3. Дифракция:


А) жарықтың бөгетті орағытып өтуі;
В) сыну көрсеткішінің толқын ұзындығына тәуелділігі;
С) электрондардың металдан шығуы;
D) жарықтың түзу сызықты таралудан ауытқуы;
Е) тек когерентті толқындардан алынады;
F) кез келген толқыннан алынады

4. Жарық поляризациясы:


А) жарықтың бөгетті орағытып өтуі;
В) сыну көрсеткішінің толқын ұзындығына тәуелділігі;
С) жарық толқындарының реттеліп таралуы;
D) электрондардың металдан шығуы;
Е) I=Iο cos2 a
F) тек когерентті толқындардан алынады;

5. Екі немесе бірнеше жарық толқындарының қосылуы кезінде бірін-бірі күшейтуі немесе әлсіретуі ...


A) ...дифракция деп аталады;
B) ... поляризация деп аталады;
C) ... интерференция деп аталады;
D) ... фотоэффект деп аталады;
E) ... жылулық сәуле шығару деп аталады;
F) ...тек когерентті толқындардан алынады

6. Жарықтың түзу сызықты тараудан ауытқуы немесе бөгетті орағытып өтуі ...


A) ...жарықтың толқындық қасиетін дәлелдейтін құбылыс бола алады;
B) ... поляризация деп аталады;
C) ... интерференция деп аталады;
D) ... дифракция деп аталады;
E) ... фотоэффект деп аталады;
F) ... жылулық сәуле шығару деп аталады.

7. Жарықтың толқындық қасиетін сипаттайтын құбылыстар?


А) фотоэффект;
В) люминесценция;
С) поляризация;
D) интерференция;
Е) дифракция;
Е) Комптон эффект;
F) Холл эффект

8. Когеренттілік дегеніміз не?


A) толқындардың интеренференциясы.
B) жиіліктерді бірдей және фазалар айырымы уақыт бойынша
тұрақты толқындардың тербелісі.
C) толқындардың бағытының өзгеруі.
D) толқындардың бірдей тербелуі;
E) толқындардың жойылуы.

9. Интерференция құбылысы:


A) жиіліктері бірдей, фазалар айырымы айнымалы толқындардан
алынады
B) жиіліктері бірдей, фазалар айырымы тұрақты толқындардан алынады
C) жиіліктері әр түрлі, фазалар айырымы тұрақты толқындардан
алынады
D) жарықтың корпускулалық қасиетін дәлелдейді
E) кез келген жарық толқындарынан алынады
F) тек когерентті жарық толқындарынан алынады
G) жарықтың толқындық қасиетін дәлелдейді
H) жарықтың реттеліп таралуы

10. Интерференцияның минимумы шартының түрі:


А) D= ± ml; В) D=l; С) ;
D) D= I1-I2; Е) .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет