Е. Т. Акимбеков физика пәнінен дәрістер курсы нұр-Сұлтан 2020



бет22/57
Дата04.03.2024
өлшемі3.65 Mb.
#494228
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57
fizika darister kurs . oku kural . akimbekov e.t.

Бақылау сұрақтары

1. Идеал газдың ішкі энергиясы.


2. Идеал газдың ішкі энергиясын қандай әдістермен өзгертуге болады?
3. Термодинамиканың бірінші бастамасы.
4. Изопроцестер үшін термодинамиканың бірінші бастамасы.
5. адиабаталық процесс. Пуассон теңдеуі.
6. Политропты процестер.
7. Энтропияның физикалық мағынасын айқындаңыз.
8. ТД-ның екінші бастамасы қандай нұсқалармен тұжырымдалады?
9. Жүйе күйінің термодинамикалық ықтималдығының мағынасы.
10. Нернст-Планк теоремасы қандай шартқа негізделген?
Тақырыпты пысықтауға арналған тапсырмалар

1. Ішкі энергия


A) Бөлшектердің ретсіз жылулық қозғалысының энергиясы.
B) Дене ішіндегі бөлшектердің өзара әсерлесу энергиясы.
C) Жүйенің термодинамикалық күйінің бір мәнді функциясы.
D) Бір дененің басқа денеге қатысты кинетикалық энергиясы.
E) Бір дененің басқа денеге қатысты потенциалдық энергиясы.
F) Зарядталған бөлшектердің өзара әсер күші.
G) Электрмагниттік энергия
H) Температурасы жоғары дененің жылулық энергиясы

2. Адиабаталық процесс кезінде жүйе (газ)


A) Қоршаған ортамен жылу алмаспайды;
B) Температурасы төмендейді;
C) Жұмыс істелмейді;
D) Қоршаған ортамен жылу алмасады;
E) Ішкі энергиясы өзгермейді;
F) Қысымы өзгермейді;
G) Көлемі өзгермейді;
H) Температурасы жоғарылайды.

3. Ортамен жылу алмасу болмайтын процесс


A) Адиабаталық;

B) Политроптық;

C) Изобаралық;

D) Изотермиялық;

E) Изохоралық;




4. Термодинамиканың І бастамасы
A) Жүйеге берілген жылу мөлшері оның ішкі энергиясын ұлғайтуға және жүйенің сыртқы күштерге қарсы жұмыс атқаруына жұмсалады.
B) Термодинамикалық процестегі энергияның сақталу және айналу заңы орындалады.
C) Сырттан берілген энергиядан артық жұмыс жасай алатын периодты түрде жұмыс істейтін қозғалтқыш жасау мүмкін емес.
D) Жүйеге берілген жылу мөлшері тек қана оның ішкі энергиясын
ұлғайтуға жұмсалады.
E) Термодинамикалық процестегі энергияның сақталу заңы
орындалмайды.
F) Сырттан берілген энергиядан артық жұмыс жасай алатын периодты түрде жұмыс істейтін қозғалтқыш жасауға болады.
G) Жүйеге берілген жылу мөлшері оның ішкі энергиясы тек жүйенің
сыртқы күштерге қарсы жұмыс атқаруына жұмсалады.
H) Термодинамикалық процестегі массаның сақталу заңы орындалады
5. Термодинамиканың екінші бастамасының анықтамасы:
A) Жалғыз-ақ нәтижесі болып табылатын бір денеден жылу мөлшерін алып, ол жылуды толығымен жұмысқа айналдыру болып келетін процестерді жүзеге асыру мүмкін емес.
B) Екiншi типтi перпетуум мобиленiң болуы мүмкiн емес
C) Соңғы нәтижесi бiрден-бiр кейбiр жылу мөлшерi температурасы төмен денеден температурасы жоғары денеге ауысатын процестердiң болуы мүмкiн емес.
D) Жұмыс жасамай энергияны бip денеден екіншісіне бергенде жылу алмасу пpoцeci жүреді;
E) Жүйе бipiншi күйінен eкiншi күйіне өткен кезден оның ішкі энергиясының өзrepici сыртқы күштің жұмысы мен жүйеге берілген жылу мөлшерінің қосындысына тең
F) Жылу мөлшері өзгермейді, ол тек бip формадан eкіншігe ауысады.
G) Кез келген машинаның жұмысы iштегi жылу мөлшерінен немесе өзініңiшкi энергиясын азайтудан болады.
H) Жалғыз-ақ нәтижесі болып табылатын бір денеден жылу мөлшерін алып, ол жылуды толығымен жұмысқа айналдыру болып келетін процестерді жүзеге асыруға болады.


6. Термодинамиканың 3-ші бастамасы
A) Тепе-теңдік күйде термодинамикалық температураның нольге жақындауымен барлық денелердің энтропиясы нольге ұмтылады.
B) 0 К-де Ср және СV жылу сыйымдылықтары нольге тең.
C) Қыздырғыштан алынған жылу толығымен жұмысқа айналатын дөңгелек процесс болуы мүмкін емес.
D) Энтропияның өсуі термодинамикалық жүйенің ықтималдығы төмен күйден ықтималдығы жоғары күйге көшуін білдіреді.
E) Жылу машиналарыңда тек тура цикл орындалады.
F) Макроскопиялык жүйенің белгілі бір күйге келу жолдарының тәсілдерінің саны термодинамикалық ыктималдылық деп аталады.
G) Термодинамикалық жүйенің күйінің ықтималдық өлшемі энтропия деп
аталады.
H) Абсолют температура нолге жақындаған кезде барлық денелердің энтропиясы нольге ұмтылады:
7. Идеал жылу машинасының термиялық п.ә.к.-і:
A) ; B) ;
C) ; D) ;
E) ; F) ;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет