Бақылау сұрақтары
1. Орбитальды магнит моментін түсіндіріңіздер.
2. Атомдағы электронның магниттік және механикалық моменттері неге қарама-қарсы бағытталған?
3.. Гиромагниттік қатынас деген не?
4. Диамагнетиктер және парамагнетиктер деген не? Олардың айырмашылығын атаңыз.
5. Диа магнитті және парамагнитті эффектіні түсіндіріңіздер.
6. Магнит индукциясы, магнит өрісінің кернеулігі және магниттелу векторларының арасындағы байланысты қорытып шығарыңыз.
7. Магниттелі векторының мағынасын қалай түсмінесіздер?
8. векторының циркуляциясы туралы теорема
9. Ферромагнетиктер деген не?
10. Ферромагнетиктердің гистерезис тұзағын түсіндіріңіз.
Тақырыпты пысықтауға арналған тапсырмалар
1. Лармор теоремасы бойынша атомдағы электронның орбитасына сыртқы магнит өрісіні магнит өрісінің әсер етуінің бірден-бірі нәтижесі ... болып табылады.
А) орбитаның деформациясы
В) атомнан электронның жұлынып алуы
С) орбитаның ауытқуы
D) орбитаның прецессиясы
Е) атомның орбиталь моментінің өріс бойымен ориентациясы
2. Магнитострикция деген не?
А) ферромагнетиктің магниттелгенде деформациялануы
В) магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсер ету күші
С) ферромагнетиктің қалдық магниттелуін жоюға қажет қарсы
бағытталған магнит өрісінің кернеулігіне тең шама
D) сыртқы магнит өрісі алынып тасталғанда заттың магниттік қасиеті сақталатын магниттелу шамасы
Е) заттың спонтанды магниттелуі тоқтап, ферромагниттік қасиеті жойылатын, нәтижесінде қалыпты парамагнетикке айналатын температура
3. Масс-спектрографтағы зарядталған бөлшектердің жылдамдығын 3 есе арттырып және магнит өрісінің индукциясын 3 есе кемітсек, олардың қозғалыс траекториясының қисықтық радиусы қалай өзгереді:
А) Өзгермейді
В) 9 есе кемиді
С) 3 есе артады
D) 9 есе артады
Е) 3 есе азаяды
4. Қандай шама Les шамасына пропорционал және бағыты қарама-қарсы болады:
А) магнит моменті
В) индукция векторы
С) кернеулік векторы
D) импульс моменті
Е) күш мометі
5. Парамагнетиктер үшін магнит өтімділігі қандай болады ?
А) 1; В) ; С) 1; D) 1; Е) =1;
6. Диамагнетиктер үшін магнит өтімділігі қандай болады ?
А) 1; В) ; С) 1; D) 1; Е) =1;
7. Парамагнетиктердің магниттелу коэффициенті немесе магниттік алғырлығы П.Кюри заңы бойынша анықталады. Кюри заңын көрсетіңіз.
А) ? =b/T
В) ?=maxSint
С) ? = C/T
D) ? =- dФ/dt
Е) ?=2 LC
8. Магнит өтімділігі 1-ден аз болатын зат қалай аталады?
А) ферромагнетик
В) парамеагнетик
С) диамагнетик
D) диамагнетик және парамагнетик
Е) аталған магнетиктердің барлығында да 1-ден азх болады
9. Кюри температурасы деген не ?
A) парамагнетиктерді қыздырғанда өз қасиетін жоғалту температурасы
B) диамагнетиктерді қыздырғанда өз қасиетін жоғалту температурасы
C) ферромагнетиктерді қыздырғанда өз қасиетін жоғалту температурасы
D) парамагнетиктерді суытқанда өз қасиетін жоғалту температурасы
E) парамагнетиктердің диамагнетиктерге айналу температурасы.
10. Ферромагнетиктерді қыздырғанда белгілі бір температураға жеткенде ол өзінің ферромагниттік қасиетін жоғалтып, парамагнетикке айналады. Осы температураны қалай атайды ?
А) кризистік нүкте
В) Кюри нүктесі
С) қызыл шекара
D) протондар деп аталады
Е) гистерезис тұзағы.
11. Ампер болжамы бойынша заттардың молекулалары ішіндегі дөңгелек токтар қалай аталады?
А) ығысу тогы;
В) конвекциялық ток;
С) қанығу тогы;
D) айнымалы ток;
Е) молекулалық токтар.
Достарыңызбен бөлісу: |