Е. Т. Акимбеков физика пәнінен дәрістер курсы нұр-Сұлтан 2020


-дәріс. ЭЛЕКТРМАГНИТТІК ИНДУКЦИЯ ҚҰБЫЛЫСЫ



бет36/57
Дата04.03.2024
өлшемі3.65 Mb.
#494228
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57
fizika darister kurs . oku kural . akimbekov e.t.


16-дәріс. ЭЛЕКТРМАГНИТТІК ИНДУКЦИЯ ҚҰБЫЛЫСЫ




Дәрістің мақсаты: электрмагниттік индукция құбылысы және Фарадей заңын білу.
Кілттік сөздер: электрмагниттік индукция, индуктивтік, экстратоктар.
Қарастырылатын сұрақтар: Фарадей заңы және Ленц ережесі. Өзара және өздік индукция. Индуктивтілік. Магнит өрісінің энергиясы. Тұйықталу және ажырау тогы. Магнит өрісі энергиясының көлемдік тығыздығы.


Бізге белгілі электр тогы өзінің айналасында магнит өрісін тудырады. Магнит өрісі мен электр тоғының арасындағы байланыс осы магнит өрісінің көмегімен контурда ток пайда бола ма деген сұрақтың шешімін 1831ж ағылшын физигі Фарадей шешті. Оның тәжірибесінде гальванометрге жалғанған катушканың (соленоид) ішіне, тұрақты магнит салғанда, гальванометр стрелкасының қозғалысын байқаған. Магнитті қайтадан суырып алса, стрелка басқа бағытқа ауытқиды. Магнитті неғұрлым тезірек қозғалтса, стрелка соғұрлым көбірек ауытқиды. Демек, магнит өрісінің күш сызықтары тұйық контурды қиып өткенде ток пайда болады. Магниттің полюсін өзгертсе, стрелканың бұрылу бағыты өзгереді. Магнитті тұрақты қойып, соленоидты қозғауға да болады. Осындай тәжірибе бір біріне кигізілген екі катушкамен де жасалды. Олардың біреуі арқылы ток өткізсе, екіншісі гальванометрге жалғанған.
Электрмагниттік индукцияток өткізетін тұйық контурда осы контурды қамтыған магнит өрісі өзгергенде индукциялық токтың (ЭҚК-нің) пайда болуы.
Фарадей заңы: Электрмагниттік индукцияның электр қозғаушы күші (ЭҚК) контурды тесіп өтетін магнит индукциясының ағынының уақытқа байланысты өзгеру жылдамдығына тең болады.
(16.1)
Электрмагниттік индукцияның ЭҚК магниттік ағынның өзгеру жолдарынан тәуелсіз болады.
Кез келген тұйық өткізгіш контурда осы контурмен шектелген ауданнан өтетін магнит индукциясының ағынын өзгертсек, онда электр тогы пайда болады. Осы токты индукциялық ток деп атайды.
Одан кейін индукциялық токтың бағыты мен оның өзгеруіне себеп болатын магнит ағынының арасындағы байланысты ашып көрсететін Ленц ережесі тағайындалды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет