Е. Т. Акимбеков физика пәнінен дәрістер курсы нұр-Сұлтан 2020



бет56/57
Дата04.03.2024
өлшемі3.65 Mb.
#494228
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
fizika darister kurs . oku kural . akimbekov e.t.

Рентгендік сәулелену. Ультракүлгін сәулелену мен гамма-сәулелену аралығындағы спектрлік облысты алып тұрған электрмагниттік сәулеленулер.
Реостат. Электр тізбегіндегі ток пен кернеуді оның кедергісін өзгерту жолымен реттеуге арналған құрал.
Сәуле. Әрбір нүктедегі жанамасы осы нүктедегі толқынның таралу бағытымен сәйкес келетін сызық.
Сегнетоэлектрик. Сыртқы электр өрісі болмағанда оны құрайтын бөлшектердің дипольдік электр моменттерінің өздігінен бағдарлануы болатын кристалдық диэлектрик.
Соленоид. Бойымен электр тогы өтетін орамдардың үлкен санындағы иірілмеге бұралған өткізгіш.
Тесла. Халықаралық бірліктер жүйесіндегі магнит индукциясының бірлігі.
Толқындық сан. Циклдік жиіліктің толқын жылдамдығына қатынасы.
Трансформатор. Айнымалы электр тогының кернеуін жоғарылатуға немесе төмендетуге арналған құрал.
Феррит. Ферромагнетик болатын және ферромагнетик пен жартылай өткізгіштің немесе ферромагнетик пен диэлектриктің қасиеттерін жұптастыратын темірдің күрделі тотығы.
Ферромагнетик. Ферромагнетизм байқалатын зат. 
Фонон. Кристалдық тордағы серпімді толқынға сәйкес квазибөлшек.
Фотоэлектрон. Электрмагниттік сәулеленудің әсерінен зат босатқан электрон.
Фотоэлемент. Әсері фотоэффектіге негізделген электрлік құрал.
Фуко токтары. Массивті өткізгіштерде пайда болатын индукциялық токтар.
Элементар бөлшек. Атом, атом ядросы немесе атомнан құралған қандай да бір басқа түзіліс болмайтын заттың өте ұсақ бөлшегі.

ФИЗИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ ШАМАЛАР





Физикалық тұрақты шамалар

белгісі

Тұрақтының мәні

Электрмагниттік толқындардың таралу жылдамдығы (вакуумдегі жарық жылдамдығы)

с

2,997925×108 м/с

Еркін түсу үдеуі

g

9,8 м/с2

Гравитациялық тұрақты

G

6,672×10-11Н×м2/кг2

Газ тұрақтысы

R

8,314 ДЖ/моль×К

Авогадро саны

NA

6,022×1023 моль-1

Больцман тұрақтысы

k

1,381×10-23Дж/К

Қалыпты жағдайдағы қысым

р0

101325 Па

Қалыпты жағдайдағы температура

Т0

273,15 К

Идеал газдың қалыпты жағдайдағы мольдік көлемі

VM

0,022413 м3/моль

Фарадей саны

Ғ

96484,56 Кл/моль

Элементар заряд (электронның заряды)

е

1,602×10-19Кл

Электронның тыныштықтағы массасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет