1965-1980-жылдар. Электрондық өндіріс орындары интегралдық сұлбалар жасай бастады. Интегралдық сұлба – бұл шағын жартылай өткізгіш криссталдар, оларда бірнеше жүздеген, тіпті мыңдаған транзисторлар бар.
Интегралдық сұлба негізіндегі ЭЕМ-дар бұл үшінші буындағы ЭЕМ-дар. ЭЕМ-дар халық шаруашылығында кеңінен қолданыла бастады.
1980 жылдар және қазіргі кезең. Қазіргі кездегі ЭЕМ-дар – бұл төртінші буындағы ЭЕМ-дар. Олар 70-ші жылдардан бастап өндіріске енді. Қазіргі кезде көптеген елдерде бесінші буындағы ЭЕМ-ды жасау ісі қолға алынуда. Бұл машиналар кәдімгі тілді, яғни “жасанды интеллект” ЭЕМ-дары болуы керек.
ЭЕМ құрылысы – деп сәйкес есептер класстарын шығару үшін, ЭЕМ-нің функционалдық мүмкіндіктерін анықтайтын, аппаратты-бағдарламалық құралдар мен олардың сипаттамаларын ұйымдастырудың жалпы принциптерінің жиынтығын айтады.
КЕҢ ТАРАЛҒАН АРХИТЕКТУРАЛАР:
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СХЕМАСЫ
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРДІҢ АРХИТЕКТУРАСЫ МЕН КОМПОНЕНТТЕРІ - Қоректену блогы компьютердің электрондық схемалары үшін желідегі электр қорегін төмен кернеулі тұрақты токқа түрлендіреді.
- Магниттік дискілер ТСҚ (ПЗУ) (тұрақты есте сақтау құрылғысы) – мәліметтерді ұзақ уақытқа дейін (компьютер сөндірілген кезде де) сақтау үшін арналған микросхема.
- Аналық тақта (плата материнская; motherboard) – дербес компьютердің негізгі платасы. Ішкі байланыстарды басқарады және басқа құрылғылармен әрекеттеседі.
- Процессор – бұл ДК-дің орталық блогы (ядросы) және негізгі микросхема;
- Математикалық сопроцессор үтірі ауысып отыратын екілік сандармен орындалатын амалдарды жылдамдатуға арналған.
- Микропроцессорлық жиынтық (чипсет) – компьютердің ішкі құрылғыларының жұмысын басқаратын микросхемалар жиынтығы. Аналық платаның негізгі қызметтік мүмкіндіктерін анықтайды.
- Шиналар – компьютердің ішкі құрылғылары арасындағы сигналдармен алмасу орындалатын өткізгіштер жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |