Әбдіраш, Ә. Қоршаған ортаға қамқорлық / Ә.Әбдріраш // Орталық Қазақстан. – 2007. – 5 маусым (№86)



Дата23.02.2016
өлшемі48.43 Kb.
Әбдіраш, Ә.

Қоршаған ортаға қамқорлық / Ә.Әбдріраш // Орталық Қазақстан. – 2007. – 5 маусым (№86)
«Қазақмыс» корпороциясы басшылығы ұстанған қағида Қара­ғанды облысы бойынша «2005-2007 жылдарға арналған аймақтық-экологиялық бағдарлама» белгіленген. Қарастырылған уақыттың басым бөлігі артта қалды, шешуші шепке шықтық. Маңызды мәселе қалай шешілуде?

Облыстық Мәслихаттың уақытында жұмысшы комиссиясының депутаттары мен табиғат қорғау мекемелерінің өкілдерінен тұратын тобы Жезқазған және Сәтбаев қалаларында, Ұлытау ауданында, сондай-ақ «Қазақмыс» корпорациясының кәсіпорында­рында болып, қабылданған құжатта көрсетілген міндеттердің орындалу барысын бағалады.
ТАЗА АУА – ЖАНҒА ДАУА

Адам өмірінде ауаның алатын орны айтпасақ та түсінікті. Экология мәселесінде ауа тазалығы су мен жердің алдыңғы қатарында тұрады.

Жезқазған аймағында қалыптасқан экологиялық жағдайда ауа бассейнін бүлдіретін негізінен өндіріс орындары, әсіресе жылу-электр орталығы. Егер бұрнағы жылмен салыстырсақ, былтыр атмосфераға алты мың тоннаға жуық зиянды заттар кем тарады. Мұндай оң өзгеріс қоршаған ортаны қорғау шараларын мақсатты түрде жүргізу нәтижесінде мүмкін болды.

Мәселен, жоғарда өзіміз айтқан бағдарламаға және 2003-2007 жылдарға арналған шектеулі нормативтер жобасының шараларына сәйкес Жезқазған жылу-электр орталығына жетілдірілген технологиялық жабдықтар енгізу көзделген. Айталық, батерейлі эмульгаторлар мұнда күл шаңын тұту жүйесінің жұмыс тиімділігін 99,5%-ке дейін қамтамасыз етуі тиіс.

Былтыр соның біреуі орнатылды. Оны дайындауға, монтаждауға және қайта құру жұмыстарына кәсіпорын 39. 864 мың теңге қаржы жұмсады. Өзін-өзі ақтаған ақша деп осыны айт. Нәтижесінде көмір күлінің ауаға тарауы 2005 жылға қарағанда 4031 тоннаға кеміді.

Келешекте мұндай жабдықтар басқа қазандықтарға да қойылады. Газ-шаң тұту қондырғылары жұмысының тиімділігін арттыру, күлдің көтерілуін азайтатын жетілдірілген технологияларды енгізу одан әрі жалғасады.


СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР

Қысы қатты, жазы аңызақ, жартылай шөлейтті біздің өңірде су - күн тәртібінде өткір тұрған мәселе. Оны үнемдеп жұмсау, таза ұстау назардан тыс қалмауға тиіс.

Су ресурстарын қорғау мақсатында «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігі кәсіпорындарында сумен жабдықтаудың қайталама жүйесі өндіріске енгізілген. Соның арқасында былтыр белгіленген мөлшердегі 94092 мың текше метр орнына 82858 мың текеше метр су пайдаланылды. Оның ішінде Кеңгір су қоймасынан 65000 мың текше метр орнына 61065 мың текше метр су алынды. Желілерде ысырапты азайту, технологияда қайта қолдану, ұқыпты пайдалану Кеңгір су қоймасынан тұтынатын суды үнемдеуге жеткізді.

Жалпы алғанда, қолдағы мәліметтер тазарту құрылғыларының тиімді жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Олардың қызметі қоршаған оратаны қорғау Жезқазған мемлекеттік инспекциялық бөлімі және мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық қадағалау басқармасымен келісілген технологиялық регламент­ке сәйкес жүзеге асырылады.

Аймақтық экопогиялық бағдарламаға сәйкес бас насос стансасында 600 қума метр су құбыры айырбасталып, технологиялық жабдықтарға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы шараларға 1426,90 мың теңге қаржы жұмсалды.
ЖЕР ЖАРЫҚТЫҚ ЖҮДЕМЕСІН

Арнайы қабылданған аймақтық экологиялық бағдарламаға сәйкес «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігінің кәсіпорындары Жезқазған қаласында қоршаған ортаны қорғауға қатысты бірқатар шараларды жүзеге асырып, қыруар қаржы жұмсады. Мәселен, қайта өңдеу арқылы өндірістік қалдықтардың көлемін қысқартты. Атап айтқанда, Жезқазған байыту фабрикасы 470,943 мың тонна металлургиялық шлакты қайта өндеді. Қолданыстағы өндірістік қалдық шаруашылығының сенімділігін қамтамасыз ету бағытында 420071,33 теңгенің жұмыстары атқарылды.

Бірлестік кәсіпорындарына қарасты өнеркәсіптік алаңдар мен санитарлық қорғау аймақтарын сәулеттендіруде, көгалдандыру мен тазалауда мақсатты жұмыстар жүргізілді. Кәсіпорын төңірегінде бей-берекет шашылған өнеркәсіптік қалдықтар қатты тұрмыстық қоқыстар, металл сынықтары, құрылыс қалдықтары жиналды. Бұл шараларды мыс қорыту зауыты мен байыту фабрикасы өз қаржылары есебінен орындады.
АЙМАҚ АМАНДЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

«Қазақмыс» корпорациясының кәсіпорындары өзінің өндіріс көлемі және күрделі технологиялық қызметі арқылы қоршаған ортаға қаншалықты әсер ететінін компания басшылығы жақсы сезінеді. Сондықтан қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды басты назарда ұстайды. Осы мақсатқа бағытталған әр түрлі техникалық шараларды жүзеге асыруға қыруар қаржы жұмсайды. Корпорация басшылығы экологиялық қалыпты жағдайды экономикалық өркендеудің негізі және қауіпсіздікті сақтаудың, компания қызметкерлері мен жалпы жұртшылықтың денсаулығын қорғау мен сауықтырудың басты шарты деп есептейді.

Корпорация табиғатты қорғаудың қолданыстағы заңнамалары мен стандарттарының талаптарын, табиғи байлықты пайдалану мен экологиялық ережелерді мүлтіксіз орындауға ұмтылады. Кәсіпорындардың өндірістік қызметі мен өнімдері қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін кеміту үшін қолдап келген мүмкіндіктің бәрін қолданады. Экологиялық жағдайды жақсарту жүйесін ұдайы жетілдіріп отырады.

«Қазақмыс» корпорациясы қоршаған ортаны Қорғау министрлігінен істеп тұрған кәсіпорындары үшін табиғатты пайдалануға рұқсат алады және ҚР-ның Салық кодексінде қарастырылған қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін ақыны уақтылы өтеп отырады. Жаңадан пайдалануға берілетін негізгі және көмекші нысандардың жобалырының барлығы еліміздің қоршаған ортаны қорғау органдарында міндетті түрде мемпекеттік экологиялық сараптамадан өтеді. Жылда негізгі технологиялық жабдықтардың, табиғат қорғау нысандары мен қондырғыларының ырғақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін кешенді шаралар жасалынып жүзеге асырылады.



Компанияның көш бастаған іргелі құрылымы - «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігі. Оның құрамындағы 38 бөлімшенің бесеуінен басқасы экологиялық жағынан таза кәсіпорын болыл табылады. Яғни, олардан тарайтын залалды заттардың көлемі рұқсат етілген шектеулі концентрациядан аспайды. Ал әлгі бес кәсіпорынды атап айтатын болсақ, олар: Жезқазғандағы мыс қорыту зауыты мен байыту фабрикасы, құю-механикалық зауыты, жылу-электр орталығы және Сәтбаевтағы жылу-энергетика кәсіпорны. Амандық болса, техникалық қайта жарақтандыру есебінен 2009 жылға дейін олар да экологиялық жағынан таза кәсіпорындар қатарына қосылады.

Әлемдік стандарттарға ұмтылған «Қазақмыс» корпорациясы сыртқы тексеруші компанияларды тарта отырып, «ISO: 14001» экологиялық ме­неджмент жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Бастапқы кезеңінде екі кеніш, мыс қорыту зауыты мен байыту фабрикасы қамтылады. Сосын бұл жүйе бастапқы кезеңде курстан өткен қызметкерлердің күшімен өндірістің басқа буындарына таратылады. Бұл тұрғыда белгіленген бағдарлама бар.
Каталог: download -> DBases -> Ecology of the CK -> Files
Files -> Яковлев, А. Табиғат – ел байлығы / А. Яковлев // Орталық Қазақстан. – 2007. – 23 қаңтар (№12)
Files -> Қарқаралы орманының қорғалуына 125 жыл [Текст] / С. Т. Тохметов // Гүлстан. 2009. №4. С. 40-45 б.
Files -> Жанысбай С. Арқаның омырауында алқасындай / Сүйіндік Жанысбай // Орталық Қазақстан. – 2003. – 14 тамыз. –
Files -> Бекішев, Қ. Байқоңырдың әсері / Қайыржан Бекішев // Орталық Қазақстан. – 2007. – 9 тамыз (№126-127). –
Files -> Байқоңыр дейтін бір мұң бар: Кеселді космодром кімге керек? / Жаңабек Шағатай. 2003. 16 қазан
Files -> Облыстыќ статистика басќармасы Ќараѓанды облысындаѓы экологиялыќ ахуал // Орталыќ Ќазаќстан. – 2003. – 1 ќараша (№174-175)
Files -> Балқаш аллбүғасы Табиғи түрде өсіп-өнуі мүлде азайып барады. Бұ л түрі «Қызыл кітапқа»
Files -> Задача настоящего исследования выделение наиболее характерных и урожайных растительных сообществ о участием изучаемых видов, выявление в них экотипов о наибольшим содержанием гликозидов в органах в фазу цветения
Files -> Талжанов, С. А. Орталық Қазақстан жайылымды жер ресурстарының экологиялық мәселелері және оны шешу жолдары [Текст] / С. А. Талжанов // Әрқилы биологиялық деңгейдегі физиологиялық бейімделуі және санокреатиологияның өзекті мәселелері
Files -> Өмірсерікқызы, Э. Іле-Балқаш аймағының экономикалық-экологиялық проблемасы / Э. Өмірсерікқызы // Экологическое образование в Казахстане. – 2006. №3. – 16-18 б


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет