Еңбек мотивациясы. Мотивация теориясы. Түрлері, типтері



бет2/4
Дата03.01.2022
өлшемі45.32 Kb.
#451085
түріҚұрамы
1   2   3   4
Лекция Психология

Басқарудың психофизиологиялық негіздері. Адамның функционалдық жағдайы. Қойылатын талаптар: жұмыс істеу қабілеттілігін қолдау. Жұмысқа қабілеттіліктің жас бойынша өзгеруі.
Психофизиология - психиканы оның нейрофизиологиялық субстратымен бірлікте зерттеуге бағытталған, психология мен нейрофизиологияның тоғысуындағы пәнаралық зерттеулер саласы. 1830 ж. француз философьі Н. Массиас ұсынған бұл бағыт нейрофизиология мен жалпы психология аралығынан орын алады. Бастапқы кезде физиологиялық дәл объективті әдістерге сүйенетін психиканың ауқымды зерттеулерін белгілеу үшін "физиологиялық психология" ұғымымен қатар қолданылады. Психофизиологияның басты мақсаты - нейрофизиологиялық механизмдерді түсіндіру арқылы психикалық құбылыстарды түсіндіру немесе адам организмі қызметін тұтас синтездік тұрғыдан, құрылымдық-мағыналық сыңайдан қарастыру арқылы әрбір психикалық құбылыстың физиологиялық тетігін және әрбір физиологиялық процестін психикалық маңызын айқындау. Қазіргі кезде психофизиологияда дәстүрлі әдістермен (сенсорлық, моторлық, вегетапиялық реакцияларды тіркеу, миды жасанды ширықтыру (стимуляция және миға зақым келу салдарын талдау) қатар электр-физиологиялық әдістер (электрэнцефалография және т.б.), сондай-ақ сараптау мәліметтерін өңдеудің математикалық тәсілдері қолданылады. Психофизиологияның мынандай жеке бағыттары бар: сезім мүшелерінің психофизиологиясы, мотивация психофизиологиясы, эмоция психофизиологиясы және т.б. Әсіресе жеке тұлғалық-психологиялық айырмашылықтардың физиологиялық негіздерін зерттейтін дифференциалдық психофизиологияның маңызы зор. Психофизиология саласындағы зерттеулер зиятты қабілеттің, темпераменттің және т.б. психодиагностикасының дамуына себепші болады. Психофизиологияның жетістіктері клиникалық практикада, психикалық процестердің кибернетикалық үлгілерін құруда, сондай-ақ психологияның қолданбалы салаларында (психогигиенада, эргономикада, спорт психологиясында және т.б.) қолданылады.

Адамның функционалды күйі оның нақты бағыттағы қызметімен, нақты шарттарда, нақты өмірлік қуат қорымен сипатталады. А. Б. Леонова адамның функционалды күйі оның өзін ұстауымен немесе қызмет түрінің эффектілігімен сипатталады деп көрсеткен. Бұл дегеніміз адамның әртүрлі жағдайда нақты бір әрекеттерді жасау мүмкіндігімен түсіндіріледі.

Адамның күйін өзін әртүрлі ұстауымен сипаттауға болады: физиологиялық жүйесі жұмысының өзгеруімен (орталық жүйке, жүрек - қантамыр, тыныс алу, қозғалу, эндокринді) психикалық үрдістердің жылжуы (түйсік, қабылдау, еске сақтау, ойлау, елесеу, назар аудару), субъективті алаңдау. В. И. Медведев функционалды күйдің келесі анықтамасын берді: «адамның функционалды күйі дегеніміз оның қызмет жасауға көмегі бар функциялар мен қасиеттердің сипаттамасы»
Функционалды күй әртүрлі факторлармен анықталады. Сондықтан адамның әрбір нақты жағдайда көрінетін күйі бірегей. Бірақта жеке жағдайлардың әртүрлігінен жағдайдың жалпы күйлері анық бөлініп көрсетіледі:

- жақсы өмір сүру жағдайы;

- патологиялық жағдайы;

- Шексіз жағдайы.

Нақты бір классқа адамның жағдайын жатқызуға сенімділік пен әрекет бағасы критериі көмектеседі. Сенімділік критериі адамның берілген тапсырманы уақытында, нақты және бас тартусыз орындау қабілетімен анықталады. Әрекет бағасы адам ағзасының әрекет барысында жоғалтқан күші мен соңында адам денсаулығына зиян әкелуімен сипатталады.Айтылған критерилер негізінде адамның қызметке араласуының функционалды жағдайы екі басты классқа бөлінеді - жол берілген және жол берілмеген, немесе рұқсат етілген және рұқсат етілмеген.

Адамның психологиялық және физиологиялық қорын шектен тыс ысырап ету оның әртүрлі ауруға шалдығу мүмкіндігіне әкеледі. Осы жағдайға байланысты жақсы және патологиялық күй ажыратылады. Соңғы класс медициналық зерттеулер нысаны болып табылады. Шектен шығу жағдайы ауруға шалдықтыруы мүмкін. Ұзақ уақыт уайымдау жүрек - қантамыр, асқорыту, жүйке ауруларына шалдықтырады. Үнемі шаршау шаршаудың шектен тыс күйі саналып - жүйке жүйесінің патологтялық аурауына шалдықтырады. Сондықтан қызмет барысында барлық шектен шыққандық қызметте жол берілмеген категориясына жатады. Олар психологтардың араласуымен жүзеге асатын профилактикалық шаралар қолдануға мәжбүрлейді.

Функционалды жағдайдың басқа классификациясы адамның істелген жұмысына жасалған талаптарға адекватты түрде жауап беру әсерімен құрылады. Осы концепцияға сәйкес адамның күйін екі топқа бөледі - теңбе - тең жұмылдыру жағдайы және динамикалық келіспеушілік жағдайы.Теңбе - тең жұмылдыру күйі нақты жұмыс шарттарына жасалған талаптарға адамның шиеленісу мүмкіндігіне сәйкестігімен сипатталады. Ол әртүрлі себептермен бұзылуы мүмкін: әрекеттің жалғасуымен, интенсивті күш жұмсау жоғарылығымен, шаршаумен, т.б. Осы жағдайда динамикалық келіспеушілік туады.

Психологияда функционалды жағдайды зерттеу жұмысқа қабілеттілік динамикасы және шаршаумен анықталады. Шаршау - ұзақ жұмыс атқару кезінде күш жұмсаудың өсуінің табиғи реакциясы. Физиологиялық тұрғыдан шаршау ішкі ағзаның жүдеуі, және жүйенің тиімді жұмыс істеуіне көшуі: қанайналымның минуттық тоқтауы жүректің соғу көлемінің жиырылу жиілігі есебінен көбеюінің нәтижесінде және бұлшықет бірліктерінің әлсізденуі мен оның жеке талшықтарының қысқаруының нәтижесінде жүзеге асады. Осының нәтижесінде жұмыс қарқыны төмендеп, қозғалыстың координациялығы, нақтылығы және ырғағы азаяды. Шаршау нәтижесінде психикалық үрдістердің өзгерісі жүзеге асады. Бұған әртүрлі ағзалардың сезу қабілетінің төмендеуі мысал бола алады. Шаршау кезінде әрекет ету жылдамдығы төмендейді. Шаршаудың сипаттаулары әртүрлі субъективті сезімдермен ұсынылады. Қызмет ету барысын зееттегенде жұмысқа қабілеттіліктің төрт деңгейі анықталды:

1) Көп жұмыс істеу деңгейі;

2) Оптималды жұмысқа қабілеттілік деңгейі;

3) Шаршау деңгейі;

4) «Соңғы талпыныс» деңгейі.

Үнемі шаршау шаршудың бірінші белгілері әртүрлі субъективті сезінулер - әркез шаршау, үйқы келушілік, т.б. Бастапқы кезеңдерінде бұл белгілер әлсіз көрінеді, ххроникалық шаршауды жұмысқа қабілеттілігімен сипаттауға болады.Жұмыс істеуші адамды зерттеу үшін «шиеленісті» термині қолданылады. Әрекеттің шиеленістігін еңбек үрдісі құрылымын, соның ішінде жұмыс қиындығы, қарқындылығы, әрекеттің толыққандылығымен сипатталады. Басқа жағынан әрекет шиеленісі психофизиологиялық жұмсалулар мен көрсетіледі.Шиеленіс жағдайы екі негізгі классқа бөлінеді: спецификалық, психофизиологиялық үрдістердің динамикасы мен қарқындылығын анықтайды, спецификалықсыз, әрекет жасаушы адамның деңгейін көрсетеді.

Жұмысқа қабілеттілік - белгілі бір уақыт көлемінде белгілі бір ырғақпен жұмыс істеуге қабілеттілік. Жұмысқа қабілеттіліктің сипаттамасы ретінде жүйке - психикалық тұрақтылық, өндірістік әрекет ырғағы, адамның шаршаңқылығы болып табылады.

Жұмысқа қабілеттілік айнымалы өлшем ретінде нақты шартарға тәуелді:

- денсаулық;

- тиімді тамақтану;

- жас;


- адамның резервті мүмкіндігі (күшті және әлсіз жүйке жүйесі)

- еңбектің санитарлы - гигиеналық шарттары:

- проффесионалды дайындық пен тәжірибе;

- мотивация;

- тұлғаның бағытталуы.

Адамның еңбекке қабілеттілік шарттарында маңызды орын алатын еңбек пен демалыстың кезектесуі басты талап. Осыған байланысты басшының басты тапсырмасы жұмысшыларға тиімді жұмыс кестесі мен демалысты ұйымдастыру.

Психофизиологтардың зерттеуінше психологиялық сергектік таңғы сағат 6 дан басталып, 7 сағат көлемінде тұрады. Биологиялық ырғақ сағат 3 тен басталып 2 -3 сағатқа жетеді. Сағат кешкі 6 дан бастап психологиялық сергектік төмендеп, 7 -нің кезінде спецификалық өзгеріске ұшырайды: психикалық тұрақтылықтың төмендеуі ашушаңдыққа әкеліп, себепсіз ұрысуға дайын болады.

Кең тәжірибе жинаған жұмысшы қартаю қасиетіне ие. Жаңа келген жұмысшылардың да жасы келген болса не істеу қажет?

Бәрінен бұрын биологиялық және күнтізбелік қартаюдң не екенін біліп алу қажет. Адамның жұмысқа қабілеттілігіне биологиялық қартаю әсер етеді. Өмір сүру барысында адам ағзасы өзгерістерге ұшырап, биологиялық құрылымдары және жұмыс істеу үрдісі өзгереді. Осы өзгеріс жеке дас топтарына әртүрлі әсер етеді, жас ұлғайған сайын биологиялық және күнтізбелік қартаю арасындағы айырма үлкеюі мүмкін.

Биологиялық қартаюмен қоса ағзаның толық жұмыс істеуі бәсеңдеп, адамның жұмысқа қабілеттілігі төмендеп, келесі жұмыс күніне күшін толықтыруға шамасы келмей қалады. Осыны болғызбау үшін басшы қарт адамдардың жұмыс тәртібін өзгертуі қажет:

1. Қарт адамдарды кенеттен қиын жұмысқа жүктемеу қажет. Асығыстық, аса жауапкершілік, қатаң жұмыс тәртібіндегі шиеленіс, демалудың болмауы жүрек ауруларына шалдықтырады. Қарт адамдарға біркелкі қиын жұмыстардан босату қажет.

2. Әрдайым медициналық профилактикалық тексерулер жүргізіп отыру қажет. Бұл кәсіптік аурулардың алдын алуға көмектеседі.

3. Қызметкерді басқа орынға ауыстыру кезінде қартаю адамдардың өзін керексіз сезінуіне жол бермеу.

4. Қарт адамдарды тыныш, бірқалыпты жұмыс ырғағы қалыптасқан, жағдай жасалған орындарға отырғызу.

5. Қартаю кезеңінде зейін қою төмендегенмен, жұмыс тиімділігі төмендемейді.

6. Қарт адамдарда қалыптаса бастаған есте сақтау мен қабылдау үрдісінің төмндеуін санатқа алу. Бұл талаптар жаңа қондырғыны қарт адамдарға түсіндіргенде туындауы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет