Еңбек нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз етуде кәсіби бағдар беруді дамыту



Дата09.06.2016
өлшемі57.82 Kb.
#123966
Еңбек нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз етуде кәсіби бағдар беруді дамыту
М.А.Умирзакова - э.ғ.к., аға оқытушы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті,

Қызылорда қаласы

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарға сай жастарға кәсіптік бағдар беру жұмысы қоғамдағы өзекті мәселелер қатарына жатады. Қоғам өмірін демократияландыру мен ізгілендіру бағытында болып жатқан түбегейлі жаңаруларға байланысты республикамыздың білім беру мекемелеріндегі шәкірттің кәсіп таңдау мәселесіне жаңа талаптар қойылуда.

Кәсіби бағдар беру- жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға арналған мектеп мұғалімдердің, тенологтардың, дәрігерлердің, инженер-педагогтердің, жанұяның, еңбек ұжымдарының бірлескен іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалынып алынған мамандыққа мүдделігін тәрбиелеуді қажет етеді. Кәсіби бағдар беру жүйесі қазіргі таңда жастарды өз бетінше кәсіп үйренуде ғылыми-теориялық және практикалық қабілеттерін, ел экономикасындағы қажеттілікпен ұштастыру болып отыр.

Кәсіби бағдар берудің негізгі компоненттері:



    1. Кәсіби бағдар беруді ақпараттандыру.

    2. Қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке жас кезінен бастап үйрету.

    3. Кәсіби бағдарға арналған кеңестер беру.

4. Кәсіптік бейімделу .

Демек, кәсіптік бағдар-бұл өзара байланысты компоненттерден тұратын тұтас жүйе. Бүгінгі таңдағы ғылыми зерттеулер жүйесінде өзекті болып отырған мәселе - қоғам талаптарына орай еңбек сипаты мен мазмұнының тез өзгеруі жағдайында мамандық таңдауға дайындықты қалыптастыруды теориялық және әдіснамалық өңдеу болып табылады.

Еңбек нарығын реттеудің құралдарының бірі болып, жалпы білім беретін оқу мекемелерін бітірушілерге кәсіби бағдар беру табылады.

Өкінішке орай, мектепті бітірушілерге мамандықтың болашағы мен мазмұны және кәсіби мансаптың нұсқалары туралы нақты және дер кезінде ақпарат беруге мүмкіндік беретін кәсіби бағдардың қолданыстағы жүйесі қазіргі кезде өзінің функционалдық міндеттерін шешуге қауқары жоқ.

Қазіргі кезеңде мектептегі кәсіби бағдар беру жүйесінің мақсаты болып, оқушыларда жеке ерекшеліктеріне және еңбек нарығының бәсекеге қабілетті кадрларға тапсырысына сәйкес, кәсіби қызмет саласын таңдай білу дағдысын қалыптастыру табылады. Кәсіби еңбекке бағдар және өзінің кәсіби болашағын таңдау, оны оқушылардың мүмкіндіктері мен қабілеттерін дамытуға қажетті ақпараттық, кеңес беру жұмыстарымен толықтырған жағдайда, барлық оқу-тәрбие беру процесінің ажырамас бөлігі ретінде қарстырылады.

Мектеп білім беру жүйесін, экономикалық жүйемен байланыстыруы тиіс, оқушылардың қажеттілігін, қоғамның қажеттілігімен, оқушылардың бүгінгісін келешегімен байланыстыруы тиіс.

Бұндай өзара байланыстың нәтижесі болып, жасөспірімнің өзін-өзі тану және өзін-өзі бағалай білу, мамандық нарығын зерттей білу және шешім қабылдай алу қабілеті ретінде қарастырылатын мамандықты таңдауға адамды даярлығының қалыптасуы табылады.

Осыны ескере отырып, мектептегі жұмыс оқушының өзі туралы білімін, арттыруға, өзін -өзі тану процесін ынталандыру, еңбек нарығындағы мамандықтарды таңдау мүмкіндіктерімен таныстыруға бағытталуы тиіс.

Алынған білім негізінде шешім қабылдауға үйрету, еңбек нарығының ерекшелігімен таныстыру, кәсіби ізденіске және кәсіби оқытуға даярлық жүргізіледі. Бұл жерде дәстүрлі және кәсіптік бағдар берудің қазіргі формалары мен әдістері де қолданылады.

Білім беру- біздің елімізде мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі. Біз нарықтық экономикада білікті мамандар қажет екенін жақсы білеміз.

Еңбек нарығының жоғары білімді мамандарға деген қажеттіліктері туралы ақпараттар жоғары білім беру мекемелерінің білім беру саясатын қалыптастыруындағы қажетті негізге айналуда. Экономика мен жоғары білім беру жүйесінің өзара үйлесімде дамуы тек кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс күшін алу мүдделерінің есебін жүргізу міндеті болып қана қоймай, оқу орнының түлегі үшін кәсіби мансап құру мүмкіндігін және одан кең тұрғыда – өз тағдырын құру мүмкіндігін анықтайды. Мамандарды даярлау және экономика салаларының даму процестерін үйлестіру мүмкіндігін анықтайтын негізгі шарт – еңбек нарығының қажеттіліктерін болжау процесін сауатты ұйымдастыру .

Білім және ғылым ордалары, өндіріс пен кәсіпкерлік саласы араларындағы байланыстың әлсіз болуы. Осының салдарынан жас мамандардың ЖОО-нан алған білімдерінің нақты өмірде қолдануында кемшіліктер бар. Сол себепте аталған салалар тікелей ЖОО-на маманға деген сұраныстарын жеткізіп, үш жақты шарттар негізінде талаптарын қанағаттандыруға болады.

«Кәсіпорын – ЖОО» арасында тығыз байланыс жасау керек. Болашақ мамандарды даярлау арнайы салаға қажетті мамандарға деген мемлекеттің тапсырысынан басталады (26-сурет).

26- суреттен көріп отырғандай мектептерде, гимназияларда республиканың алдыңғы қатарлы ЖОО-ң кафедраларының ұйымдастырылуы жоғарғы сынып оқушыларының болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға септігін тигізеді. Мамандарды даярлаудың келешектегі бағдарламасын жасауда аталған модель жоспарланған кезеңдегі мемлекеттің экономикалық дамуының ерекшеліктерін, белгілі бір мамандардың қажеттілігінің көрсеткішін есепке алуы қажет. Бұл ең алдымен, маркетингтік зерттеулер жүргізуді және потенциальды тұтынушылардың (сала, кәсіпорын) нақты мамандар сұранысын зерттеуді талап етеді. Келісімді қатынастардың артықшылықтарын келесі түрде көрсетуге болады:

1. ЖОО-ң мамандарды даярлауда жауапкершіліктерінің артуы, былайша айтқанда, өз еңбектерінің қорытынды нәтижесі үшін.

2.Қажетті мамандарға деген фирмалардың, кәсіпорындардың тікелей қызығушылығы.

3.Серіктестіктің бұл формасынан барлық үш жақ та ұтады: «фирма – ЖОО – студент». Болашақта фирманың табысы, ЖОО-ң имиджі, маманның пайдасы осындай серіктестікке байланысты болады.

4. Оқу үдерісінің өндіріске барынша жақындатылуы білім алушылардың іргелі, теориялық дайындықтарының дамуына зор ықпал етеді, және де теориялық білімді өндірістің еақты жағдайында қолдануында, сонымен қатар, болашақ маманның шығармашылық ойлауына әсерін тигізеді.

Алайда бұл модель жалғасын табуы тиіс, себебі ЖОО-ғы білім саласын басқару жүйесін оңтайландыру оқу бағдарламасы мен оқу жоспарын түбегейлі өзгертуді және түзетуді қажет етеді. Осы бағытта ЖОО мен кәсіпорын арасында тығыз байланыс орнауы қажет.

Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы негізгі факторлардың бірі білім екендігі дау тудырмайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл қазақстандық ЖОО алдына әр азаматтың алған білімі мен біліктілігі әлемнің кез келген елінде сұранысқа ие маман болатындай білім деңгейіне жетуді міндет етіп қойды. Әлемде мыңдаған кәсіп түрлері бар: қажетті, маңызды, қызықты. Мамандық таңдау – кез келген адамның өміріндегі жауапты сәт. Бұл сәт әсіресе мектеп бітіретін жас буын үшін ерекше, себебі мамандық таңдай отырып, олар өз болашағына жол салады. Әр мамандық өзінше ерекше, алайда оны дұрыс таңдай білу маңызды.

Кадрлар даярлау 2011 жылдан бастап бес бағыт бойынша жүргізіледі:

-Индустрияландыру картасының жобаларын қамтамасыз етуге жұмыспен қамту органдарының тапсырысы бойынша жобаларды іске асыру үшін мамандар даярлау. Облыстар мен мамандықтар бөлінісінде қайта даярлаудың егжей-тегжейлі жоспары әрбір өңір бойынша стратегияларды іске асыруды қаржыландыру бағыттары бекітілгеннен кейін әзірленетін болады;

- Техникалық мамандықтар бойынша бар бос жұмыс орындарын толтыру үшін қайта даярлау жүргізу;

- Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының (кәсіптік лицейлер мен колледждер), сондай-ақ ірі кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, шетелдік жұмыс күшін қазақстандық кадрлармен ауыстыру;

- «Жастар саясатын» жүргізу жөніндегі іс-шаралар;

- Әлеуметтік жұмыс орындарын құру жөніндегі іс-шаралар.



Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы, оның қаншалықты нарық жағдайына бейімделуіне білікті жұмысшы мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру мәселесіне тікелей байланысты болып отыр. Саяси-әлеуметтік және экономикалық реформаларды жүзеге асыруда бәсекелестік басты орынға шықты. Білім беру, оның ішінде кәсіби білім беру жүйесінің қызметін дұрыс ұйымдастырғанда ғана қоғамның әрбір мүшесіне тиісті жалпы немесе кәсіптік білім бере аламыз. Тек қана нарық талабына лайық сұранысқа ие жоғарғы білікті дәрежеде дайындалған кәсіптік мектеп, колледж не жоғарғы оқу орнын бітірген мамандар арқылы ғана ішкі еңбек ресурстарын толықтырып, жұмыссыздықты жоюға жол ашуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет