«Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік қызмет стандарты



бет1/3
Дата21.06.2016
өлшемі0.74 Mb.
  1   2   3
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 27 шілдедегі

981 қаулысымен



бекітілген

 

 



«Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу»

мемлекеттік қызмет стандарты

 

 



1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) арқылы ұсынады.



Мемлекеттік қызметтің шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті мобильді орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 22-2-бабының 4) тармақшасының, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 15-2-бабының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының, «Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрiнде өмiр бойы төлем төлеудiң ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1247 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:



1) уәкілетті органның www.mts.gov.kz  интернет-ресурсында, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;

2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - «Орталық» РМК) www.con.gov.kz  интернет-ресурсында;

3) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендтерде орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының 1414 телефоны арқылы берілуі мүмкін.

5. Мемлекеттік қызмет нәтижесі материалдық қамсыздандыруды төлеу (төлеуден бас тарту) туралы қағаз жеткізгіштегі шешім, не болмаса электрондық құжат форматындағы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасының және (немесе) ҚСРО құрама командаларының құрамына кірген, кемінде жиырма жыл еңбек стажы бар спортшылар мен жаттықтырушыларға, сондай-ақ:

1) спортшылар үшін - Олимпиада ойындарының чемпиондары және (немесе) жүлдегерлері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алғандарға және «ҚСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері» және (немесе) «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағы барларға;

2) жаттықтырушылар үшін - «Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» және (немесе) «КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы барларға және «КСРО-ның еңбегі сіңген спорт шебері» және (немесе) «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері» атағын алған спортшыларды даярлағандарға (бұдан әрі - алушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:



1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алушы орталыққа жүгінген сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда ұсынады);

2) алушының жүгінген күнінде сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің ең шекті уақыты 20 минуттан аспайды;

3) алушының жүгінген күнінде сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең шекті уақыты 20 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Жұмыс кестесі:

уәкілетті органда демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайы бойынша жұмыс қамтамасыз етілетін кесте белгіленеді.

Орталықтарда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейін, еңбек заңнамасына сай, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз көрсетіледі.

Қабылдау «электрондық» кезек тәртібінде, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

Мобильді орталықтар құжаттарды қабылдауды орталық бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты жұмыс сағаты бойы жүзеге асырады.

10. Мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтамалық бюро, күту үшін арналған орындықтар, толтырылған бланкілердің үлгілері бар анықтамалық стенділер орналасады. Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар (күтуге арналған орындықтар, стенділер) көзделген.



 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі



 

11. Алушы мемлекеттік қызметті алу үшiн орталыққа мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:

осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш.

Спортшылардан талап етілетін құжаттар:

1) еңбек стажын растайтын еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

2) Олимпиада ойындарының чемпионы және (немесе) жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионы екендігін растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі;

3) салық төлеушінің куәлігі - 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін;

4) банк шотының нөмірі;

5) спортшының атағын растайтын куәліктің немесе уәкілетті орган бұйрығының көшірмесі.

Мынадай құжаттың мәліметтері:

алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында жеке алады.

Орталықтың қызметкері құжаттардың түпнұсқаларын олардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.

Жаттықтырушылардан талап етілетін құжаттар:

1) жаттықтырушылық жұмысының стажын растайтын еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

2) салық төлеушінің куәлігі - 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін;

3) банк шотының нөмірі;

4) шын мәнінде Олимпиада ойындарының чемпионы және (немесе) жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған спортшының жаттықтырушысы болып табылатынын растайтын жұмыс орнынан анықтама;

5) ол жаттықтырған спортшының Олимпиада ойындарының чемпионы және (немесе) жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионы екендігін растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі;

6) жаттықтырушының атағын растайтын куәліктің немесе уәкілетті орган бұйрығының көшірмесі.

Мынадай құжаттарың мәліметтері:

алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында жеке алады.

Орталықтың қызметкері құжаттардың түпнұсқаларын олардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.

12. Орталықтарда бекітілген нысандағы өтініштердің бланкілері күту залында арнайы бағандарда, сонымен қатар «Орталық» РМК www.con.gov.kz  интернет-ресурсында орналастырылады.

13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттар тапсырылған кезде алушыға мыналар көрсетіле отырып тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:



1) сұрауды қабылдау күні мен нөмірі;

2) сұрау жасалған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) алушының фамилиясы, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты, және олардың байланыс телефондары.

15. Орталықта дайын құжаттарды алушыға беруді орталықтың қызметкері қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде күн сайын «терезе» арқылы жүзеге асырады.



Егер алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алуға келмесе, орталық оның бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін уәкілетті органға береді.

16. Уәкілетті орган аталған мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:



1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаса;

2) құжаттарда жалған немесе бұрмаланған деректер анықталса.

Алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуі тапсырмаған жағдайда, орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде орталықтың қызметкері алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.

Өтінішті қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап, құжаттар толық ұсынылмаған не болмаса мемлекеттік қызмет көрсету үшін белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда алушыға екі күндік мерзімде беріледі.

 

 



3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Уәкілетті органның қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:



1) заңдылық;

2) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін сақтау;

3) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;

4) мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамада белгіленген тыйымдар мен шектеулерді қатаң сақтау;

5) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi;

6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;

7) сапа және азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау кезінде төрешілік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

8) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі мен мүдделерінің теңбе-тең болуы;

9) мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнаманы қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;

10) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;

11) алушы келмеген жағдайда құжаттарды сақтау;

12) ақпараттың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

13) тиімділік;

14) сыпайылық.

 

 



4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. «Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік қызметін көрсететін мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

 

 



5. Шағымдану тәртібі

 

20. Уәкілетті органның уәкілетті лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты алу және өтініш дайындауға жәрдем көрсету осы стандартқа 4-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша жүзеге асырылады. Шағым уәкілетті орган төрағасының атына беріледі.



Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың (1414) телефоны бойынша не осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.

21. Орталықтың қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталық басшысының беріледі.

22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда, пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамамен көзделген жағдайларда электрондық түрде, не болмаса жұмыс кетесі мен мекенжайлары осы стандарттың 26-тармағында және 14-қосымшаларда көрсетілген уәкілетті органның, «Орталық» РМК және орталықтардың кеңселерінде қолма-қол қабылданады.

23. Уәкілетті органның, орталықтың және «Орталық» РМК кеңсесінде өтініштің қабылданғанын растау оның тіркелгені (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.



Алушыға оның шағымын қабылдағанын растау үшін шағымды қабылдаған адам талон береді, онда нөмірі, күні, байланыс деректері көрсетіле отырып, шағымды қабылдаған адамның тегі көрсетіледі.

24. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.



Шағымды қараудың нәтижелері туралы алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

25. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

26. «Орталық» РМК мекенжайы:

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны: Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А-үй, телефон: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.

 

«Еңбек сіңірген спортшылар мен



жаттықтырушыларға өмір бойы ай

сайынғы материалдық

қамсыздандыруды төлеу»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

 

 



Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары

 


Р/с №

Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдер, бөлімшелер)

Орналасқан мекенжайы

Байланыс деректері

1

2

3

4

«Ақмола облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

1.

«Ақмола облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 а-үй

8 (7162) 40-10-76

8 (7162) 40-10-63

1.1

Көкшетау қалалық бөлімі

Көкшетау қаласы, Біржан сал көшесі, 42-үй

8 (7162) 25-00-67

8 (7162) 25-06-21

1.2

Красный Яр с. аудандық бөлімі

Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы Ленин көшесі, 65-үй

8 (7162) 40-43-27

1.3

Ақкөл аудандық бөлімі

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 102-үй

8 (71638) 2-09-96

8 (71638) 2-18-49

1.4

Аршалы аудандық бөлімі

Аршалы ауданы, Аршалы кенті, М. Мәметова көшесі, 19-үй

8 (71644) 2-10-77

8 (71644) 2-28-28

8 (71644) 2-10-77

1.7

Атбасар аудандық бөлімі

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Уәлиханов көшесі, 11-үй

8 (71643) 2-45-94

8 (71643) 4-07-22

8 (71643) 4-12-58

1.8

Астрахан аудандық бөлімі

Астрахан ауданы, Астраханка ауылы Әл-Фараби көшесі, 44-үй

8 (71641) 2-35-96

8 (71641) 2-21-94

1.9

Бұланды аудандық бөлімі

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Сейфуллин көшесі, 18б-үй

8 (71646) 2-37-20

8 (71646) 2-37-81

1.10

Бурабай аудандық бөлімі

Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылай хан көшесі, 28-үй

8 (71636) 4-29-97

8 (71636) 4-28-91

1.11

Егіндікөл аудандық бөлімі

Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 7-үй

8 (71642) 2-12-57

1.12

Ерейментау аудандық бөлімі

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Мұсабаев көшесі, 15-үй

8 (71633) 2-44-92

1.13

Еңбекшілдер аудандық бөлімі

Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Сыздықов көшесі, 2а-үй

8 (71639) 2-22-41

8 (71639) 2-22-42

8 (71639) 2-22-18

1.14

Есіл аудандық бөлімі

Есіл ауданы, Есіл қаласы, Жеңіс көшесі, 56-үй

8 (71647) 2-22-07

1.15

Жарқайың аудандық бөлімі

Жарқайың ауданы, Державинск қаласы, Ғабдуллин көшесі, 104-үй

8 (71648) 9-00-35

8 (71647) 2-22-05

1.16

Жақсы аудандық бөлімі

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Ленин көшесі, 8-үй

8 (71635) 2-17-10

1.17

Зеренді аудандық бөлімі

Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Мир көшесі, 52-үй

8 (71632) 2-00-74

8 (71632) 2-29-43

1.18

Қорғалжын аудандық бөлімі

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Абай көшесі, 44а-үй

8 (71637) 2-17-83

8 (71637)2-20-36

1.19

Степногор қалалық бөлімі

Степногор қаласы, 4 ш/а, 7-үй

8 (71645) 2-00-40

8 (71645) 2-00-30

1.20

Сандықтау аудандық бөлімі

Сандықтау ауданы, Балқаш ауылы, Абылай хан көшесі, 119-үй

8 (71640) 9-26-66

1.21

Целиноград аудандық бөлімі

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15-үй

8 (71651) 3-12-30

8 (71651) 3-11-98

1.22

Шортанды аудандық бөлімі

Шортанды ауданы, Шортанды ауылы, аты аталмаған тұйық көше, 1-үй

8 (71631) 2-17-97

«Ақтөбе облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

1.

«Ақтөбе облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй

8 (7132) 56-57-87

1.1

Ақтөбе қалалық №1 бөлімі

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй

8 (7132) 57-80-27

1.2

Қарғалы с. (Жилянка)

Ақтөбе қаласы, Қарғалы ауданы, Қарғалы ауылы (Жилянка), Сәтпаев көшесі, 10-үй

8 (7132) 98-60-06

8 (7132) 98-60-05

1.3

Алға аудандық бөлімі

Алға ауданы, Алға қаласы, Киров көшесі, 23-үй

8 (71337) 3-20-79

8 (71337) 3-10-96

1.4

Мәртөк аудандық бөлімшесі

Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылы, Байтұрсынов көшесі, 1 «Б»-үй

8 (71331) 22-4-13

8 (71331) 22-1-14

1.5

Хромтау аудандық бөлімі

Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Абай көшесі, 12-үй

8 (71336) 26-6-33

8 (71336) 26-6-34

1.6

Қандыағаш аудандық бөлімі

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Молодежный ш/а, 47 «Б»-үй

8 (71333) 30-2-19

8 (71333) 30-2-18

1.7

Ембі аудандық бөлімі

Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, Әміров көшесі, 10-үй

8 (71334) 23-9-83

1.8

Темір аудандық № 8 бөлімі

Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Байғанин көшесі, 15 «А»-үй

8 (71346) 23-5-83

8 (71334) 23-9-87

1.9

Қобда аудандық бөлімі

Қобда ауданы, Қобда ауылы, Нұрымжанов тұйық көшесі, 2-үй

8 (71341) 22-1-47

8 (71341) 22-1-38

1.10

Қарғалы аудандық бөлімі Бадамша с.

Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Әйтеке би көшесі, 27-үй

8 (71342) 23-4-64

8 (71342) 23-4-62

1.11

Ойыл аудандық бөлімі

Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, 64-үй

8 (71332) 21-1-81

8 (71332) 21-1-82

1.12

Әйтеке би аудандық № 12 аудандық бөлімі

Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы, Балдырған көшесі, 10-үй

8 (71339) 22-3-73

8 (71339) 22-3-74

1.13

Байғанин аудандық бөлімі

Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Барақ батыр көшесі, 41 «А»-үй

8 (71345) 23-5-86

8 (71345) 23-5-87

1.14

Ырғыз аудандық бөлімі

Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Жангелді көшесі, 7-үй

8 (71343) 21-8-28

1.15

Шалқар аудандық бөлімі

Шалқар ауданы, Шалқар ауылы, Әйтеке би көшесі, 63-үй

8 (71335) 23-6-10

8 (71335) 23-6-11

«Алматы облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

1.

«Алматы қаласы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 Б-үй

8 (7282) 24-15-06

8 (7282) 24-41-33

1.1

Ақсу аудандық бөлімі

Жансүгіров кенті, Қабанбай батыр көшесі, 20-үй

8 (72832) 2-14-51

1.1.1

Қапал бөлімшесі

Қапал ауылы, Алпысбаев көшесі, 3-үй

8 (72841) 2-17-60

1.2

Алакөл аудандық бөлімі

Үшарал қаласы, 8 наурыз көшесі, 63-үй

8 (72833) 2-35-46

8 (72833) 2-35-48

1.2.1

Қабанбай бөлімшесі

Қабанбай кенті, Абылайхан көшесі, 237-үй

8 (72837) 4-13-85

1.3

Балқаш аудандық бөлімі

Бақанас ауылы, Бижанов көшесі, 25 «А» -үй

8 (72773) 95-2-22

8 (72773) 9-18-20

1.4

Еңбекшіқазақ аудандық бөлімі

Есік қаласы, Абай көшесі, 314 А-үй

8 (72775) 4-54-70

8 (72775) 4-54-69

1.4.1

Шелек бөлімшесі

Шелек ауылы, Бижанов көшесі, 100-үй

8 (72775) 2-34-96

8 (72775) 2-34-97

1.5

Ескелді аудандық бөлімі

Қарабұлақ кенті, Оразбеков көшесі, 52-үй

8 (72836) 3-22-16

1.6

Жамбыл аудандық бөлімі

Ұзынағаш кенті, Мәжитов көшесі, 1-үй

8 (72770) 2-30-90

1.7

Іле аудандық бөлімі

Өтеген батыр кенті, Қуат ш/а, Тәуелсіздік көшесі, 25-үй

8 (727) 251-74-46

8 (727) 251-74-47

1.7.1

Боралдай бөлімшесі

Боралдай ауылы, Вокзал көшесі, 6 «А»-үй

8 (72738) 7-82-42

1.7.2

Қараой бөлімшесі

Қараой ауылы, Тыңдала көшесі, 9-үй

8 (7275) 24-88-10

1.7.3

Ақши бөлімшесі

Ақши ауылы, Қонаев көшесі, 29-үй

 

1.8

Қарасай аудандық бөлімі

Қаскелең қаласы, Жанғозин көшесі, 38-үй

8 (72771) 2-56-86

8 (72771) 2-56-96

1.8.1

Тау Самалы бөлімшесі

Тау Самалы кенті, Рысқұлов көшесі, 129-үй

8 (727) 391-38-58

1.8.2

Шамалған бөлімшесі

Шамалған станциясы, Қонаев көшесі, 1 «В»-үй

8 (7272) 93-66-33

1.9

Қаратал аудандық бөлімі

Үштөбе қаласы, Абылай хан көшесі, 22-үй

8 (72834) 2-02-07

8 (72834) 2-20-92

1.10

Кербұлақ аудандық бөлімі

Сарыөзек қаласы, Момышұлы көшесі, нөмірсіз

8 (72840) 3-25-88

1.10.1

Қоғалы бөлімшесі

Қоғалы кенті, Желтоқсан көшесі, 45-үй

8 (72842) 9-10-59

1.11

Көксу аудандық бөлімі

Балпық би кенті, Измайлов көшесі, 10-үй

8 (72838) 2-16-19

8 (72838) 2-16-18

1.12

Қапшағай қалалық бөлімі

Қапшағай қаласы, Қонаев көшесі, 41-үй

8 (72772) 4-79-61

8 (72772) 4-79-60

1.12.1

Шеңгелді бөлімшесі

Шеңгелді ауылы, Сейфуллин көшесі, 34-үй

8 (72772) 7-11-94

Каталог: uploaded -> kaz -> Actualno -> cent obslyjivaniya naseleniya -> Pilotniy rezhim
Pilotniy rezhim -> «Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Pilotniy rezhim -> «Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Pilotniy rezhim -> «Жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер
Pilotniy rezhim -> «Жер учаскесіне құқықтың алғаш берілуінің құқық белгілеуші құжаты туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Pilotniy rezhim -> «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты
Pilotniy rezhim -> «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Pilotniy rezhim -> «Азаматтың әскери қызметке қатыстылығы туралы анықтамалар беру»
Pilotniy rezhim -> «Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, интернационалист жауынгерлерге, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның салдарын жоюға қатысушыларға куәліктер беру»
Pilotniy rezhim -> Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және ірі габаритті көлік құралдарының


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет