Айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның айналым қорының орташа қалдығын көтерме бағада сатылған өнімнің көлеміне қатынасына тең:
мұндағы, Кайн – айналым қорының айналымдылық коэффициенті, айналым;
Өс – сатылған өнім көлемі, тг;
Қорт – айналым қорының орташа қалдығы, тг.
Кайн = Өс / Қорт
Айналым қорын жүктеу коэффициенті айналымдылық коэффициентіне кері көрсеткіш. Ол сатылған өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы айналым қорының сомасын көрсетеді:
мұндағы, Кжүк – айналым қорының жүктеме коэффициенті.
Кжүк = Қорт / Өс
Загрузка…
Айналым қорының көлемін белгілі кезең ішіндегі олардың айналымдылық санын бағалайды және кәсіпорынның қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ететін қор көлемі неше күнге жететіндігін анықтайды. Жалпы бір айналымның ұзақтығын күн есебінде мына формула бойынша анықтаймыз:
мұндағы, Ткүн – күн есебіндегі қор көлемі;
С – кезеңдегі күн саны (360, 90, 30).
Т күн = С / Кайн
Ал шикізаттың, материалдың, дайын өнімнің және т.б. қорын талдау, жоспарлау және бақылауды ұйымдастыру мақсатында қор көлемін күн есебінде мына формуламен анықтаймыз:
мұндағы, Ткүн – күн есебіндегі қор көлемі;
Қі – натуралды өлшем бірліктегі қажетті ресурс түрінің (і) қоры;
Ші – сол өлшем бірліктегі қажетті материалдың (і) орташа күндік шығыны.
Ткүн = Қі / Ші
Айналым қорын тиімді пайдалану көптеген ішкі және сыртқы факторларға байланысты.
●жалпы экономикалық жағдай;
●салық заңдылығының ерекшелігі;
●қаржы-несиелік жүйе;
●ғылыми-техникалық саясат және басқалары.
ТАҚЫРЫП 7. ӨНІМДІ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ШЫҒЫНДАРЫ
Дәріс жоспары (4 сағат)
Дәріс 2
Экономикалық элементтері мен калькуляция баптары бойынша шығындардың жіктелуі
Кәсіпорындардың өнімді өндіру және өткізу шығындарының қалыптасуының қазақстандық тәжірибесі
Калькуляциялау, оның түсінігі және қағидалары
Достарыңызбен бөлісу: |