Өндірістің жалпы тиімділігі және оның көрсеткіштер жүйесі
Нарық жағдайында, экономикалық дамуды әрі қарай жалғастыруда, өндірістің тиімділігін арттырудың бағыттарын, олардың өсу факторлары мен тиімділкті анықтаудың әдістерін анықтау маңызды міндет болып табылады. Кәсіпорындардың өндірістік тиімділігін арттырудың маңызды бағыттарын дұрыс айқындау үшін, тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін біліп алуымыз қажет.
Экономикалық тиімділіктің жалпылама критерийіне қоғамдық еңбектің өнімділігі жатады.
Қоғамдық еңбектің өнімділігі ұлттық табысты, материалдық өндіріс саласында жұмыс жасайтын адамдардың орташа санына бөлу арқылы табылады: ЕӨ= ҰТ / А
Сонымен қатар, экономикалық тиімділіктің аса маңызды көрсеткіштері ретінде еңбексыйымдылығы, материал сыйымдылығы, кпиталсыйымдылығы және қорсыйымдылығы алынады.
Өнімнің еңбек сыйымдылығы материалдық өндіріс саласында жұмсалған еңбек санын, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бқлу арқылы анықталады:
Е сый = Т / Q
мұндағы: Е сый – еңбексыйымдылығы;
Т – еңбек саны;
Q – шығарылған өнімнің жалпы көлемі.
Қоғамдық еңбектің материал сыйымдылығы шикізат, материал , отын, энергия және т.б. шығындардының көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады:
М сый = Ш / Q
мұндағы: М сый – материалсыйымдылығы деңгейі;
Ш – шикізат, материал , отын , энергия және т.б. шығындары
Капитал сыйымдылығы халық шаруашылығындағы капитал салымдарының көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлемінің өсіміне бөлу арқылы анықталады:
К сый = K / DQ
мұндағы: К сый – өнімнің капиталсыйымдылығы;
К – капиталдық салымдардың жалпы көлемі;
DQ – шығарылған өнімнің жалпы көлемі.
Кәсіпорынның рентабельділік (табыстылық) көрсеткіштері
Негізгі қор мен басқа айналымнан тыс активтердің рентабельдігі қор құнының бір данасына шаққандағы пайда көлемімен өлшенетін айналымнан тыс активтерді пайдалану тиімділігін анықтайды. Бұл коэффициент кәсіпорынның барлық капиталының рентабельділік коэффициентімен өзара байланысты. Барлық капиталдың рентабельділік коэффициенті төмендегенде негізгі қор мен басқа да айналымнан тыс активтердің рентабельділігінің өсуі, шектен тыс қордың жиналуы салдарынан жұмылдырылған қордың шектен тыс артуын, сол тауарға деген сұраныстың төмендеуі салдарынан қоймада дайын өнімнің шектен тыс көп болуы, дебиторлық қарыздың немесе ақша қорының шектен тыс өсуін сипаттайды.
Бірақ та жоғарыда аталған рентабельділік көрсеткіштердің ішінен практикалық қызметте барлығы емес тек негізгілері ғана қолданады (Кесте 1).
Кесте 1 – Рентабельділіктің негізгі көрсеткіштері
Формула
|
Түсініктеме
|
Комментарий
|
1. Сату рентабельдігі (Рсат)
|
Рсат = Псат / Т
|
Т – сатудан түскен түсім; Псат – сатудан түскен пайда;
|
Өнімнің бір данасына қанша пайдадан келетінін көрсетеді. Коэффициенттің өсуі – тұрақты баға жағдайында өндіріс шығынының төмендеуі немесе өндірістің тұрақты шығын жағдайындағы баға өсуінің салдары.
|
2. Кәсіпорынның барлық капиталының рентабельдігі (Рнк)
|
Рнк = П / Борт
|
Борт – кезең балансының орта-ша қорытындысы;
П – жалпы пайда немесе сатудан түскен пайда
|
Кәсіпорынның барлық мүлкін тиімді пайдалануын көрсетеді. Коэффициенттің төмендеуі - өнімге сұраныстың төмендеуін көрсетеді.
|
3. Негізгі қор мен басқа да активтердің рентабельдігі (Рт)
|
Рт = П / АТорт
|
АТорт – кезең-дегі айналымнан тыс активтердің орташа көлемі
|
Негізгі қорды пайдалану тиімділігін көрсетеді. Барлық капиталдың рентабельділік коэффициенті төмендегенде аталмыш коэффициенттің артуы мобильдік қордың шектен тыс артуын білдіреді.
|
4. Меншікті капиталдың рентабельдігі (Рмк)
|
Рмк = П /Қм
|
Қм – кезеңнің баланс бойынша меншікті қор көзінің орташа көлемі
|
Меншікті капиталды пайдалану тиімділігін көрсетеді. Коэффициент серпіні қор биржасында акция котировкасының деңгейіне әсер етеді.
|
5. Инвестициялық капиталдың рентабельдігі (Ри)
|
Ри = П / Кұ
|
Кұ – кезеңдегі ұзақ мерзімді несие мен займның орташа көлемі
|
Кәсіпорын қызметіне ұзақ мерзімге салынған инвестициялық капиталды пайдалану тиімділігін көрсетеді.
|
Жоғарыдағы көрсеткіштер серпінмен зерттеледі, яғни олардың өзгеру қарқыны бойынша кәсіпорын қызметінің шаруашылы қаншалықты тиімді жүргізіліп жатқанын анықтауға болады.
Дәріс 3
•1.Еңбек ресурстарын пайдалану көрсеткіштері
•2.Еңбек өнімділігі: мәні, кәсіпорынды дамытудағы рөлі, есептеу әдістері
•3. Кәсіпорындағы персоналды басқару тұжырымдамасы
•Әдебиеттер: нег. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11,13-15, 20-22, қос.4,5, 15-17
Загрузка…
Загрузка…
Загрузка…
Достарыңызбен бөлісу: |