Еңбекақы түрлері Негізгі


ТАҚЫРЫП 3. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫ



бет38/48
Дата04.04.2023
өлшемі274.51 Kb.
#471663
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48
Экономика предприятия лекция

ТАҚЫРЫП 3. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫ
Дәріс жоспары (4 сағат)
Дәріс 3

  1. Кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштерін жақсартуда айналым құралдарының айналымдылығын жеделдетудің мәні

  2. Айналым құралдарына қажеттілікті анықтау: өндірістік запастарды, аяқталмаған өндірісті және дайын өнімді қалыптастыру үшін

Әдебиеттер:нег. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11,13-15, 20-22, қос.4,5, 15-17
Дәріс мақсаты болып кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштерін жақсартуда айналым құралдарының айналымдылығын жеделдетудің мәні мен айналым құралдарына қажеттілікті анықтаудың өндірістік запастарын, аяқталмаған өндірісті және дайын өнімді қалыптастыруды зерттеу.
Кілттік сөздер: Айналым қорын жүктеу, айналымдылық коэффициенті, коэффициенттік әдіс, тікелей есептеу әдісі, сараптамалық немесе тәжірибелік статистикалық мөлшерлеу әдісі, өндірістік запас, ЛИФО әдісі, ФИФО әдісі.



        1. Кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштерін жақсартуда айналым құралдарының айналымдылығын жеделдетудің мәні

Кәсіпорынның нәтижелі жұмысы бұл ең аз мөлшерде шығын жұмсай отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізу.
Шығындарды азайту бұл кәсіпорынның айналым капиталын қалыптастыру көздерінің құрылымын оңтайлы ету, яғни меншікті және несиелік ресурстарды ұтымды үйлестіріп пайдалану деген сөз.
Айналым капиталын мөлшерлеу – бұл тұрақты, бірақ материалдық құндылықтар қорын құруға жеткілікті, аяқталмаған өндіріске қажетті запастарды төмендетпейтін қаржылар мен басқа да айналым капиталының көлемін анықтау.



Сурет 1. Мөлшерленетін айналым капиталы
Айналым капиталының қалған элементтері мөлшерленбейді.

Сурет 2. Айналым капиталының нормативін есептеу әдісі

Сараптамалық немесе тәжірибелік статистикалық мөлшерлеу әдісі өндірісті, өнімді өткізу және жабдықтауды ұйымдастыру ісінде қалыптасқан тәжірибені көрсетеді. Бұл әдіс бойынша меншіктегі тауарлы материалдық құндылықтарды сараптау кезінде қажет емес артық құндылықтар есептен шығарылып, олардың іс жүзіндегі керектісі ғана қалдырылады.


Тікелей есептеу әдісі техника мен технологияның дамуын, өндірісті ұйымдастыруды, материалдық құндылықтарды тасымалдауды және есептеулер саласында жүріп жатқан барлық өзгерістерді ескере отырып, кәсіпорында қол жеткізілген ұйымдастыру техникалық деңгей тұрғысынан ғылыми негізделіп есептелген қорды табуды көздейді
Коэффициенттік әдісте өткен кезеңнің нормативіне сәйкес жоспарланып отырған өндіріс көлемінің өзгеруі мен қаражаттардың айналымдылығын үдетуге байланысты түзетулер енгізіледі. Айналым капиталының нормативтерін тікелей есептеу жолымен ұдайы нақтыланып отыратын жекелеген элементтер бойынша жекелеген коэффициентті қолдануға болады.
Айналым капиталының әрбір элементін тікелей есептеу әдісімен мөлшерлеу айналым капиталының оңтайлы мөлшерін дәлірек анықтау үшін қажет болады. Басқа мөлшерлеу әдістері өнеркәсіпте көмекші әдіс ретінде пайдаланады.
Енді жоғарыда айтып өткен мөлшерленетін айналым капиталының мөлшерлеу әдістеріне тоқталып өтейік
Материалдық ресурстар шығынын мөлшерлеу дегеніміз – жоспарланған өндірісті жетілдіру жөніндегі ұйымдастыру-техникалық шараларды іске асыруды ескере отырып, өнім өндіруге немесе жұмыстың орындалуына қажет барынша мүмкін болатын шикізат немесе материалдардың ең аз көлемін белгілеу.
Аяқталмаған өндірістегі меншікті айналым капиталының нормативін есептеу үшін аяқталмаған өндіріске жұмсалған айналым капиталының мөлшерінжәне тауарлық өнімді өндіруге жұмсалған бір күндік шығын көлемін анықтап алу қажет.
Наө = Ш * ЦҰ * Көс / Ұ
мұндағы Ш – жалпы өнім өндіру шығындары;
ЦҰ – өндірістік циклдың ұзақтығы, күн;
Көс – аяқталмаған өндірістегі шығындардың өсу коэффициенті
Ұ – кезең ұзақтығы (тоқсан, жартыжылдық және т.б.)
Дайын өнімдегі айналым капиталының нормативі толық өзіндік құнмен алынған тауарлық өнімнің бір күндік айналымы мен айналым капиталы мөлшерінің көбейтіндісімен анықталады.

Ндө = Тө * АКм


мұндағы Тө – тауарлық өнімнің бір күндік айналымы
Акм – айналым капиталы мөлшері





        1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет