Әбікенова Гүлнат Төкенқызы Когнитивті лингвистика


Когнитивтік лингвистиканың негізгі теориялық тұжырымдары



бет4/14
Дата30.05.2023
өлшемі378 Kb.
#474472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
бікенова Г лнат Т кен ызы Когнитивті лингвистика

Когнитивтік лингвистиканың негізгі теориялық тұжырымдары.
Когнитивтік лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам санасын, тіл мен таным жүйесін біртұтас жүйе тұрғысынан қарастыру болып табылады. Ол сан ғасырлық тілдік білімді адам миының жемісі ретінде бағалап, күрделі құрылым, жүйе ретінде кешенді сипаттауға бағытталған.
«Когнитивтік ғылым» термині алғашқыда белгілі ақпаратты қабылдау, оны електен өткізу, ми қыртыстарында сақтай отырып, қажетті кезде оны тәжірибеде қолдану үшін қолданылған болатын. Аталған мәселелерді қамтудың нәтижесінде адамның миында білімнің қалыптасып және толығу жүйелерін зерттейтін ғылыми пәндер есебінде қолданылады. Танымдық үлгі жүйесіндегі тілдің қызметі жөнінде Г.Харман: «Тілдің танымдық ғылымдардың ішіндегі ең маңыздылығы-тілдің ойды жеткізудегі басты құралы болып табылумен байланысты... Тіл танымға өзінің әсерін беруі де мүмкін» (8,43 б)-дейді. Ал В.Гумбольд «Язык-главнейшая деятельность человеческого духа, пронызывающая все сферы человеческого бытия и познания»-деген болатын. Бұл жөнінде Е.С.Кубрякова: «Мы знаем о структурах и сознания только благодария языку, который позволяет сообщить об этих структурах и описать их на любом естественном языке» деген де тұжырым жасайды (2,21). Зерттеушілердің пікірінен адам санасында, миында қалыптасқан білім қыртыстарының көрінісі тек тілдің қызметі арқылы жүзеге асатындығына көз жеткізуге болады. Яғни, таным негізінде қалыптасқан санадағы білім тек тілдік бірліктер нәтижесінде коммуникативтік қарым-қатынасқа түсе алады. Сондықтан да тілдің когнитивтік лингвистикада алар маңызды болмақ.
Когнитивтік ғылым саласы ғылымның философия, логика, лингвистика, психология, мәдениеттану сияқты бірнеше салалардың басын тоғыстыру арқылы тілдік мәселелерді шешуді ұсынады.
Тілдік бірліктердің когнитивтік тұрғыдан қарастырылуы адамның қоршаған әлемді қабылдауымен байланысты.Тіл біліміндегі когнитивтік бағыт жөнінде Жаналина : «Дәстүрлі тіл білімінің шеңберінің кеңеюі тіл мен ойлау арақатынасы мселелерінің шешілуіне жағдай жасайды». Тілдік мәселелердің өзге салалармен байланысы адамның ойлау процестерінің ерекшелігін жете тануды алға тартады. Сондықтан тілдік жүйені когнитивтік парадигмада зерделеуде адамның ойлау процесіндегі білім қоры негізгі категория ретінде танылады.
Таным мен тілдің ара қатысы, сайып келгенде, адам проблемасының өзегі- дара тұлға тұжырымдамасымен шешіледі. Оның себебі мынада: таным сыртқы дүние заттарына бағытталған тәрізді көрінгенмен, оны жүзеге асырып отырған адам болмысы тұрғысынан бағдарласақ,айтылған процестің үнемі ішке қарай (адамның ішкі дүниесіне қарай) бағытталғанын көреміз.
Бүгінгі таңдағы лингвистика ғылымының жаңа бағыттарының зерттеу нәтижелері негізінде тілдік деректер мен ғылыми теориялардың біртұтас сипатта топтасуы тілдің табиғатын анықтаудың жүйелі үрдісін қалыптастыруда.
Бұл үрдістің негізін қалаған В.Гумбольдт тіл мен рух, тіл мен ойлау, тіл мен сана, тілдік бейнелеу мен таңбаның өзіндік байланысына баса назар аударып, соның негізінде тілдің қызметі мен қолданысын сипаттайтын өзінің «ішкі форма» туралы ғылыми теорисын, тілді жүйелі түрде зерттеу туралы концепциясын ұсынады. Ғалымның лингвистика ғылымындағы бұл концепциясы бүгінгі таңда антропоцентристік бағытта зерттеу жасаушылардың тарапынан кең қолдау табуда. Демек ішкі форма В.Гумбольдттың пайымдауынша - ойлау материясының элементтерін белгілі бір тілдің онтологиясына сай ұйымдастыру тәсілі, құрылымдық жүйесі.
Тілді зерттеудің когнитивтік парадигмасы тіл мен ойлаудың арасына теңдік қоймайды. Тілдің ойды ұйымдастырушылық қызметін атап көрсетеді, тілдің мазмұндық жағы грамматикалық құрылыммен тікелей байланыстырылады. Осы тұрғыдан түсіндірілетін ғаламның тілдік бейнесі – мифтік танымнан поэтикалық ойға дейін жетілген ой мазмұнын, тілдік модельдердің сандық және сапалық қатынастарын бойына сіңіретін даму үстіндегі жүйе болып табылады.
Лингвистика ғылымының даму тарихында үш түрлі ғылыми парадигма анықталып отыр. Олар: салыстармалы-тарихи, жүйелі-құрылымдық және антропоцентрлік.
Тілді зерттеудің арнайы әдісі салыстырмалы-тарихи әдіс болғаны бүкіл ХІХ ғасыр тіл білімінің алғашқы ғылыми парадигмасы ретінде сипатталса, ХХ ғасырда жүйелі-құрылымдық парадигмаға сай сөзге, атауға таңбалық жүйе ретінде ерекше көңіл бөлініп, соның негізінде тілдің әр түрлі деңгейдегі парадигмалық және синтагмалық қатынастарын, қызметін анықтайтын іргелі зерттеулер, оқулықтар және акдемиялық грамматикалар жазылды да көптеген зерттеушілердің арқа сүйер негізгі идеяларына айналды.(Ф.Фортунатов, Бодуен де Куртене, Ф.де Соссюр, А.Мартине, Э.Бенвенист, т.б.)
ХХІ ғасырда тілді өз ішінде қарастыратын зерттеу жеткіліксіз болып табылды да, оны ой-санамен, мәдениетпен ижәне адамның тұрмыс-тәжірибелік қызметімен, таныммен, философиямен, дінмен тығыз баланыста қарастыру қажеттілігі туды. Осы қажеттілік лингвистика ғылымында жаңа ғылыми бағыттың және соның негізінде қалыптасқан парадигманың дамуын талап етті.
Демек бұл – тілді зерттеудің мүддесін объектіден субъектіге аудару, яғни адамды тіл арқылы анықтау болып табылады. Бұл, бір қарағанда, тіл білімі зерттеулерінің жаңа даму сапасы негізінде жасалған жаңа бағытқа қатысты туған жаңа көзқарас сияқты көрінгенмен оның бастау көзі тереңде екенін лингвистика ғылымындағы лингвистикалық мектептердің өмірге әкелген еңбектерінен көруге болады.
Нақты айтқанда, Қазан лингвистикалық мектебінің негізгі жетістіктерінің бірі – ассоциативті-психологиялық негізде айқындалатын теориялық тұжырымдар. Сол мектептің жаңа құрылымдық лингвистиканың көрнекті өкілі Бодуен де Куртенэнің өзі кез келген тілдік единицаны зерттеуде оның сыртқы және ішкі жақтарының байланысына ерекше көңіл бөледі. Ішкі жақтағы психикалық мазмұнды ол семасиологиялық құрылыммен, ал оның көрінісін морфологиямен байланыстырады.
Қазіргі тіл білімінде ұлттық тілдің табиғатын шынайы тану үшін тілдік бірліктерді мәдениетпен сабақтастыра және танымдық тұрғыда тілдік емес мәнділіктермен байланыста «ғаламның тілдік бейнесі» теориясына сай қарастырылып жүр. Ғаламның тілдік бейне көрністері әр тілдің өзіне тән ерекшеліктеріне, әр халықтың дүниені өзінше тануына, ол фрагменттерді өзінше бейнелеп атауына байланысты, тіл-тілде өзгеше көрініс табады. Қазіргі таңда дүниенің тілдік мәселесі Ю.М.Караулов, Е.С.Кубрякова, А.А.Уфимцева, В.Н.Телия т.б. еңбектерінде қарастырылып жүр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет