Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет103/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
139 
болмас еді. Қазір жібек шатырдан сытылып шыгап, ну жыныстың 
арасына қойып кетсе ғой, шіркін. Ертең соңындағы қарақұрым нөкер не 
өзін, не сүйегін таба алмай, Байтақ шаһарға қайтар еді, ел аузында бұл 
жайында небір адам сенгісіз алыпқашты аңыздар тарар еді. Бұл соны 
естігенде миығынан күліп, ақымақ тобырдың көк ми есуастығына əбден 
айызы қанар еді... 
Əмірші мынау қасқыр қиялының ешқашан жүзеге аспайтынын білсе де, 
көңілі бір түрлі тыншу тапқандай болды. Шатырдың аузынан бастап, 
бүкіл қосты шыр айнала қоршап жатқан кілең сақшы бұдан тіріде көз 
жазар ма... 
Өзі ойлап шығарған төр мен тəртіптің қыл тұзағы өз тірсегіне түскенін 
ойлағанда, Əміршінің көкірегі қайтадан кермек тартып қоя берді. 
Бірақ Əмірші өне бойын балбыратып бара жатқан жым-жырт түннің 
жұмбақ рақатынан айрылғысы келмеді. Əлгінде ғана өзін пейіштің 
төріндей бір жайлы мекенге бастай жөнелген тентіреуік соқпақты 
қайтадан тауып алды. Ол оны мынау аңшылық алдында алаңсыз қорылға 
басқан қостан, күдік пен күмəнды кезек құшқан пұшайман тіршіліктен 
біржолата алыстатып, əлдеқайда жетелеп барады. Енді бұл өмір, бұл 
өңірге ешқашан оралтпастай. 
Ол мынау қарғыс атқан қағынды өлкеден алыстаған сайын басындағы 
зіп-зілдей тəжден, үстіндегі оқалы киімнен арылып, тұла бойы жеңілейіп 
бара жатқандай көрінді. Бір уақытта тіпті иығындағы лыпа ихрамга

айналып кеткен екен дейді. Ақ майса топырақты жалаң аяқ борп-борп 
басып келеді. Көз алдында бұл бұрын көрмеген бейтаныс өлке. Күн мен 
жел мүжіп тастаған қоңыр таулардың ортасында шағын шаһар жатыр. 
Соған қарай ұзын-шуақ көп тобыр жөңкіліп барады. Соңда-рында ілбіп бү 
да келеді. Əлдебір сөздерді қырық қайтара қақсай бергендіктен тамағы 
құрғап, даусы қарлығып қалыпты. Қанша айқайласа да, үні шықпайды. 
Тек еріндері ғана жыбырлайды. Алдынан кесе-көлденең түсіп жатқан 
қара сұр жота көрінді. Жұрттың бəрі соған қарай емпеңдей жөнелді. Түс 
ауа олар əлгі жотаға да жетіпті. Жотаның басына үстіне кілем жапқан 
ашамайлы аппақ желмаяға мінген ақ сəлделі біреу көтерілді. Түйеден 
түспеген күйі, тізесінде жатқан кітапты ашып, күңірентіп оқи бастады. 
Күңіренген қою даусы оқтын-оқтын үзіліп кетеді. Сол кезде ихрамның 
етегін қолдарына ұстап, желпіп тұрған көп тобыр: 
- Хақ тағала, қай қызметіңе де əзірміз,– деп шу ете қалады. Мұндай құлдық 
ұрған сөздерді өзгелерден естігенмен, өзі айтып көрмеген Əмірші 
қапелімде аузы илікпей, жамырасып жатқан жұртқа көптен соң барып 
қосылады. Қасындағылар ағыл-тегіл жылап тұр. Бұның көлденең көзге 
сыр алдыртпаймын деп, көн боп қатып қалған сұп-сұр бетінде бір тамшы 
жас көрінбейді. Кеңірейіп тұрғанын біреу-міреу аңдап қалмасын дегендей 
1
Мекеге қажыға барғанда киетін киім
.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет