Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
49
құрады. Сосын іштерінен біреуіне жас жұбайлардын есігін қағуды
тапсырады.
Есік қаққанда, ар жағынан күйеу кеп есік ашады, əлгі əйел онымен бірге
сып етіп бөлмеге еніп кетеді. Көп ұзамай қолына күйеу мен қалыңдық
берген сыйлық ұстап қайта шығады. Əйелдерге əлдене деп сыбырлайды.
Сол-ақ екен, таң атқалы ол не айтып келер екен деп сабырлары сарқылып
тұрған əйелдер ду күліп жібереді. Бəрі жапа-тармағай сыртқа қалыңдық
пен күйеудің шешесі қос құдағиға жүгіріп, екеуінен шүйінші алады.
Ертеңіне күн шыға күйеу жігіттер отырған бөлмеге бойдақ достарымен
ақырғы рет думан құруға қайтып келді. Бұдан былай ол үй иесі,
бойдақтармен бірге жүріп-тұра алмайды.
Бөлме ішіндегілер күйеу жігітті ортаға алып дуылдасып жатқанда,
Жаппар сыртқа шығып кетті.
Кешеден бергі ың-жыңнан басы зеңгіріп, дарбаза алдындағы жалғыз
түттың көлеңкесіне зорға жетті. Сол түні түс қайта той тарқады, күйеу
жігіт үйіне кетті, қалыңдық əке-шешесінің үйінде қала берді. Ахмет бай
той-ға киген сəнді шапанын шешкісі келмегендей, үйіне бір кіріп, бір
шығып, көлбеңдеп жүр. Қалыңдық шымылдық құрулы үйде. Көрші-
қолаңның төрт-бес қатыны ауыздары жалпылдап, əлденелерді сыпсың-
сыпсың əңгімелеп, ыдыс-аяқ жинасып жүр.
Жаппар сең соғып кеткендей мең-зең. Көз алдында күйбеңдеп жүрген
адамдарға таңырқай қарайды.
Сол күні бөлме іші күндегіден ала бөтен қапырық боп кеткендей, түнде де
тыпыршып жата алмады. Жалаң аяғына кебіс сұғып, сыртқа шығып еді -
ай сүттей жарық екен. Шым дуал біреу кеп əктеп кеткендей тым бозарып
кетіпті. Ауланың түкпірінде сабан қажап тұрған есектің бір сарынды
тысыр-тысырынан басқа дыбыс та жоқ. Ол есік алдындағы бастырмада
тіреу жөке ағашқа арқасын сүйеп, түнгі самалға омырауын тосып тұра
қалды. Кенет əлдене дүк ете түскендей болды. Ол қақпа жаққа қарап еді,
көзіне ештеңе түспеді. Əлгі «дүк» еткен дыбыс жерге сіңіп кеткендей,
артынан ешқандай сыбыс шықпады. Бұл аң-таң. Құлағын түріп тыңдайды-
ақ. Сол баяғы шошала-дағы есектің тысыр-тысыр сабан қажағаны ғана
естіледі. Қапелімде əлгі дүсірдің қай жақтан шыққанын да аңғармай
қалды, қайтадан дыбыс шьщпаған соң аяғын еппен басқа бастырмадан
шықты. Жалан аяқ сұға салған кебісі өкшесіне шылп-шылп соғады.
Əлдекім үйдің көлеңке жақ сыртына сып бергендей болды. Ол кілт кідірді.
Ілгері басарын не кейін қайтарын біле алмай біраз аңырды. Жүрегі дүрс-
дүрс етеді. Не де болса, тəуекелге бел буып, тез-тез басып, көлеңкеге
беттеді. Сол-ақ екен үй сырты-нан біреу жұлдыздай атылып шықты да,
шым дуалға қарай жүгіре жөнелді. Бұ да кебісін сылпылдатып, соңынан
қуып берді. Қашқын дуалға жете беріп жалт бұрылды да, қалт тоқтап
қалды. Шым дуалға асыла берген қолы сылқ төмен түсті. Сосын қашан
бұл қасына барғанша тырп етпей тосып тұрды. Қол созымдай жер
қалғанда барып тіл қатты.
|