Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет5/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
41 
Жер тізерлеп отырғандар бастарын жерге жеткенше үсті-үстіне иіп, 
тағзым етті. 
Əмірші олардың тағзымын қабыл алғанын білдіріп, иек қаққандай болып 
еді, басындағы қардай аппақ шошақ бөркінің маңдайындағы бармақтай 
оқшау лағыл бір түрлі аса суық ұшқын шашып, оқыс жалт ете қалды. 
Бас уəзір ым қақты. Жер тізерлеп отырған, Əмірші алыс жорықта 
жүргенде елде елеулі қызметі сіңген бір топ еркек орындарынан 
көтерілді. Олар төменірек шегініп, жолдың бір қапталындағы айлапат 
түт ағашы-ның көлеңкесіне барып тұрды. Əмірші енді шет елдерден 
келген елшілерді қабылдайтын болды. Олар да əуелі үш балаға, ханның 
үш сүйікті немересіне кеп, тағзым етті. Сосын үш бала елшілердің 
қолындағы шиыршықтаулы қағазды алып, аталарына беттеді. Оған үш 
адымдай қал-ғанда үш рет тізелерін бүгіп тағзым етті де, қолдарындағы 
қатырма қағазды ұсынды. Сосын тағы да үш рет тағзым етіп, 
орындарына оралды. 
Əр елшіні екі жағынан екі сарай төресі қолтықтап Əміршіге қарай алып 
жүрді. Олардың соңынан елшілер əкелген сыйлықтарды көтеріп келе 
жатқан сарай қызметшілерінің ұзын-шұбақ тізбегі көрінді. 
Елшілер Əміршіге он шақты адым қалғанда оң тізелерін бүгіп, қол 
қусырып, бастарын иіп тағзым етті. Оларды қолтықтап келген төрелер 
сол арада тұрып қалды да, қапталда отырған уəзірлер орындарынан 
тұрып, шет елдік меймандарды қолтықтарынан демеп, ханға беттеді, 
төрт-бес аттаған соң, тағы да кідіріп тағзым етті. Əмірші жақынырақ 
келіңдер дегендей ишарат білдірді. 
Елшілер енді екі-үш аттады да, бастарын иіп, қол қусырған күйлері, 
салмақтарын екі өкшелеріне салып, жер тізерлеп отыра-отыра кетті. 
Сосын олар Əмірші қойған сұрақтарға жауап берді. Ол əңгіменің мəн-
жайын алысырақта, тұт ағашының түбінде тұрған бір топ адам естіген 
жоқ. Көбі мына баққа алғаш рет аттап отырғанды. Көз алдарында болып 
жатқан мынау қызылды-жасыл қимыл-қыбырдың бірін де қалт жібермей, 
қадағалай қарап түр. 
Елшілер жолдың екінші бетіне, уəзірлер отырған сəкіге қарама-қарсы 
қойылған биік сəкіге барып жайғасты. 
Енді қызметшілер үшеу-төртеулеп қолдасып сыртын алтынның буымен 
шайған төрт құлақ талыс табақтарды лықа толтырып ет əкелді. Əміршіге 
жиырма қадамдай қалғанда жерге қойды да, қолдарын қусырып, тағзым 
ет-кен күйлері алқадан шығып алыстай берді. Оларды алда-рына былғары 
жапқыш байлаған басқа жігіттер алмастырды. Қындарынан бір-бір сапы 
суырып ап, қолдарына көз ілеспей ет турай жөнелді. 
Əр алуан гүлдің хош иісі мен хауыздағы судың лебі ғана сезіліп тұрған 
салқын бақ ішіне жас қойдың жылы-жұмсағы мен сұр қазы, жал-жаяның 
тəбет қытықтар тəтті иісі аңқып қоя берді. Тай терісінен жасалған он 
шақты талыс ет ə дегенше туралып та бітті. Ет тураған жігіттер туралған 
етті қастарында иін тіресе тізіліп тұрған алтын, күміс, қыш табақтарға 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет