Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет63/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
99 
күйедей қою түнек бірте-бірте сейілейін деді. Ақырында, шаңқай түстегі 
шілде аспаны жарқ ете қалды. Ханым мұнараның басына шықты. 
Соңындағы қолына шырақ ұстаған қызметші жаңғыз кісі зорға сиятын 
қылдырықтай мұнараның ішінде, төменде қалды. 
Қою қараңғыдан оқыс жарыққа шыққаннан ба, əлде мұнараның зəулім 
биіктігінен бе ханымның басы айналып кеткендей болды. Біраздан кейін 
бойын билеп, жан-жағына көз салып еді, Байтақ шаһар тым төменде быт-
шыт шашырап жатыр. Жерде жүргенде аспандап көрінетін асқақ 
мұнаралар, 
мешіттер, 
əсем 
сарайлар 
мына 
жерде 
баланың 
ойыншығындай тым құрдым көрінеді. 
Ханымның жүрегіне қайтадан қуаныш жүгірді. Ол бекер қобалжып жүр 
екен. Мына мұнара шынында да тамаша. Байтақ шаһардың аспанын 
қазірдің өзінде бір өзі иемденіп алыпты. Ханым жан-жағын қармай 
шолып жүрген ашқарақ жанарын бір сəт ез төңірегіне тоқтатып еді, 
мұнара жиегіне сүйеніп тұрған шеберді көрді. Өне бойы балшық-балшық. 
Сонысынан қаймығады ма, қорыққан баладай тұрған жерінде қатыпты да 
қалыпты. Лəм-мим үн де жоқ. Тырп етіп қозғалған да жок,. Осындай 
зəулім мұнара қолынан шыққан шебердің қоянның көжегіндей 
қорғалақтап тұрған мына бір мүсəпір кескінін көріп, аяп кетті ме, əлде 
қызық көрді ме, ханым жүзіне қалай күлкі жүгіргенін өзі де байқай 
алмай қалды. Мынау зəулім мұнараның басында екеуінен басқа тірі жан 
болмаса да, өзінің бұл қылығын орынсыз көріп, ханым əлгі сыпайы 
күлкісін теп-тез тыйып ала қойды. Одан ары бұл арада тұра беруден бір 
түрлі ыңғайсыздық сезіп, екі етегін қолымен қымқыра көтеріп 
қызметшісі күтіп тұрған тас баспалдаққа беттеді. Бұрыла беріп, қайта 
бір қарап еді, шебердің ерімдей жап-жас жігіт екенін сонда барып 
байқады. Ат жақты, қыр мұрынды, алақандай-алақандай екі көзі тұңғиық 
мөлдірейді... 
Ханым 
тас 
қараңғы 
мұнараның 
əр 
баспалдағын 
санап 
басып, 
төменгетүсті... 
Күймеге мініп жатып, мұнараның басына тағы да қарады. Зəулім 
мұнараның басында бет-аузы анық байқалмай, еміс-еміс бұлдырап тұрған 
шеберді тағы да көзі шалды. Оның бұдан қысылып-қымтырылып 
жəудірей қараған жасқаншақ жанары есіне түскенде бір жымиып қойды 
Содан кейін мұнараны көп уайымдамайтын болды. Көптен бері ұмытып 
бара жатқан баяғы күнде-күнде бақта қыдырып, нөкер қыздарымен бірге 
шомылатын əдетіне қайта оралды. Енді айдында шомылып болып, 
қызметшілерге денесін сылатқанда да, баяғыдай қайдағы-жайдағыны 
ойлап басын қатырмай, күннен күнге көкке ермелей түскен зəулім 
мұнараға қарап жататын болды. Бір күні мұнара басында құмырсқадай 
қылтиып отыратын шебер əлдеқайда зым-қайым жоғалды да кетті. Бұл 
қызметшілерін жіберіп, хабар алдырып еді, шебер мұнараның əшекейіне 
кірісіп жатыр екен деп келді. 
Жаз өтіп, күз түсті. Бұл аймақта болып жарымайтын қыстың аз ғана 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет