Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет92/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
128 
шашпайтын сұп-суық жүзін бұгін көріп тұрғандай, соншама неден сескенді? 
Əлде аитқан сөзінің бұған ешңаядай əсер етпегенін көріп, тіксінді ме екен? 
Сонда бұл оның əлгі сөздері əсер еткенде не істеуі керек еді! Қапас зындандағы 
жас жігітті босатып жібер дейді ме? Ханым көңілінің қалауы не? Бұл оған жанға 
тиердей, шошытардай ештеңе айтқан жоқ. Ештеңені бетіне салық еткен жоқ. 
Ендеше ол осыншама неге үрейленеді? Əлде шебер жігіт жазаға ұшырап 
қалады деп қорқа ма? Абыройын аяқ асты қыла жаздаған ақымақ немені 
ханымның бүйтіп аяйтыны қалай? Қайта қара табан есерсоқтың əлгіндей 
оспадарсыздығын келіп өзі айтуы, қалың жұрттың алдында қара бет қып 
жазалауды талап етуі, сөйтіп күні ертең көп шуылдақтың сасық ауыздарында 
кеткелі турған абыройын ақтап алуы керек емес пе еді? Оның орнына бүгін 
кеп, ашып айтпағанмен, əлгі бұзақыға кешірім тілегендей рай танытты. Осының 
өзі əлгі немеге, шынында да, көңілі кетіп қалғаннан сау ма? Əйтпесе, бұның 
алдына қайдағы бір қу шұнақ құлға рақым тілеп келе ме? Жоқ-жоқ, бүнда бір 
гəп бар. Кісі бетіне тіктеп қарауды білмейтін ұялшақ Кіші ханымның бұл келісі 
тегін келіс емес, ол не де болса, жанын шүберекке түйіп, нар тəуекелге бел 
буып келіп отыр. Басын өлімге тіккенге барабар қылық. Əлгі немеге жаны 
шындап ашымаса, ол мұндайға елсе барар ма? Сонда... Сонда... Күтуші 
кемпірдің анадағы айтып жүргені не боп шықты? Əлгінде ханымның өзі де: 
«Арамызда ештеңе болған жоқ», – деп ант-су ішіп еді ғой. Соның бəрі жалған 
болғаны ма? Жоқ. Жоқ... Ханым мынау терезеден күні-түні телміре тəніп 
тұрған əзəзіл мұнара тұспалдаған əлдеқандай жұмбақ аңсарға ханым тіпті де 
кет əрі болмаған. О баста-ақ, оспадарсыз жігітті аяп, оған нөкер қызын 
жібергенде де тек өзінің абыройын ғана емес, мұнара тұрғызған жас жігіттің 
басының амандығын да ойлап істеген. Ендеше оған көңілінің əуелден-ақ 
құлағаны. Бірақ алтын тақты хан сарайдың аруағын да аттап кете алмапты. 
Албырт жігіттің асау дəмесін жазғырмаған да, жазаламаған да... 
Əміршінің ойы жылан арбаған торғайдай бір төңіректен шырқ айналып шыға 
алмай қойды. Бірақ мынау жер астынан жік шыққандай ойда жоқта сап ете 
қалған сұмпайы тұспалға көңілі əбден құлап тұр. Бəлкім, ханым өз құшағына 
ынтық болған асау дəмелі албырт жігітті тек мүсіркеп қана қоймай, өзі де 
алабұртып аңсаған шығар. Есіне анау жолғы түнде ханымның бөлмесіне барғаны 
сап ете қалды. Енді тапты... Ханымның сол жолғы түсінде құшқан еркегі басқа 
ешкім де емес – əнеу күнгі монтаны жігіт. Ханым онымен өңінде болмағанмен 
түсінде табысты. Ендеше ол сол бір жайнақ көз жас жігітпен өмірінде 
болмағанмен, көңілінде əлдеқашан қауышқан. Көңілінде ол ханымға бұдан гөрі 
əлдеқайда жақынырақ... Жаңа да соның жолына жанын құрбандыққа шалуға 
пейіл болып келді. Ал бұл болса шаршы ғаламды түгел тітіренткен Əмірші 
басымен түкке түсінбей, бала құсап, жылады екен деп мүсіркеді. Өмір бақи 
істеп көрмеген осалдығын жасады. Ұрғашының көзіндегі жас та бір, 
көзбояушының қолындағы алтын да бір - екеуінде де опа жоқ. Ханымның ақ 
неке төсегіне қаншалықты адал екенін əнеукуні түнде көзімен көрмеп пе еді? 
Ол өңінде аттай алмай жүргеннен түсінде аттап, өңінде істей алмай жүргенін 
түсінде істеп тынған жоқ па еді? Ендеше ханымның өңінде бұның алтын тəжді 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет