Әбіш Кекілбаев Көлденең көк атты (Сахналық қойылым) Қатысушылар



бет1/4
Дата10.03.2023
өлшемі27.62 Kb.
#470620
  1   2   3   4
біш Кекілбаев К лдене к к атты (Сахналы ойылым) атысушылар




Әбіш Кекілбаев Көлденең көк атты (Сахналық қойылым)
Қатысушылар:
Самат – соғыстан келген жігіт, соғыста ерлікпен қаза тапқан Ахаттың досы
Бала-Ахаттың інісі
Ана-Бала мен Ахаттың анасы
Жазира –Ахаттың жұбайы, баланың жеңгесі
Жанас – аталас ағайын
Зайыр-ауыл жігіті
1-көрініс
(Ортада дөңгелек үстел.Үстел жанында самауыр. Бала, анасы, жеңгесі үшеуі таңғы шайларын ішіп отыр. Самат келеді)
Самат(сырттан) :Хабарласқандай кім бар?
Баланың анасы: - Кім болса да кіре бер!
Самат (ішке кіреді):Ассалаумағалейкум!
Бала(алдынан шығып қол алысып амандасады): Уағалейкумассалам!
Ана:Балам, қош келдің! Төрге шық!
Жазира:Есенсіз бе!
(Самат төрге үстел басына жайғасады )
Ана: Иә, қай баласың? Қайдан келесің? Жайыңды айта отыр.
Самат: әскерден босаған гвардия ефрейторы Қазиев Самат майданда ерлікпен қаза тапқан командирі гвардия аға лейтенанты Ахат Бекбаевтың ата-анасын іздеп келе жатырмын.
(Мұңды музыка ойналады. Үйдегілер қазаны естіп жылай бастайды. Ана мен Жазира, ана мен бала, Жазира мен бала бір-бірін құшақтап көріседі. Музыка басылып, үйдегілер бір-біріне сабыр айтып жатады . Жазира шығып кетеді.
Самат: Мына көк теңіздің арғы жағындағы Сталинградтан бастап қуа отырып, сонау Берлинге дейін жауды қуып бардық қой...
(Баланың анасы мен Самат әңгімелесіп отырады. Дауыстары естілмейді. Сахна сыртынан соғыс жырлары оқылады)
Отан- Ана жылағанда шерленіп,
Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.
Жиырма миллион солдаттар жоқ тізімде,
Жиырма миллион жұлдыз жоқ көк жүзінде.
Олар қалды Сталинград биігінде,
Олар қалды Курск иінінде.
Жиырма миллион бастарын тікті өлімге,


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет