Күтілетін нәтиже: Сындарлы оқыту теориясына негізделген тапсырмаларды орындату барысында студенттердің әдеби-шығармашылық белсенділіктері артады, әдістемелік тұрғыдан теориялық білімдерін практикада қолдану дағдылары қалыптасады.
Әдістемелік әзірлеме мектеп оқушыларына, колледж студенттеріне, мұғалімдерге білім беру сапасын арттыратын және білім деңгейін бақылау мақсатында пайдаланатын әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Кіріспе
Педагогикалық қызметтің басты мақсаты студенттермен оқу-тәрбие ісінде жаңа педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану. Ол үшін жаңа технологияларды игеру және оны шығармашылықпен дамыту, инновациялық технологиялармен білім беру.
Қазақ әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру. Оқыту процесінің нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады.. Сабақ жоспарын тиімді құру , оқу мақсаттарын дұрыс қою, оқу мен оқыту міндеттері оқудың нәтижелі болуын қамтамасыз ететіндей оқыту стратегияларын қалай ,қай жағдайда қолдану керектігін, әр әдіс-тәсілде кері байланысты жүзеге асыруы, өз жұмыстарына рефлексия жасай білулерін үйретуге бағыттаймын. Оқушының өз ойын еркін айта алатындай жағдай жасай отырып, әр оқушымен жекелей әрі топтық бағытта жұмысты ұйымдастыру жолдарын көрсетемін.
Көмекші құралда берілген тапсырмалар оқушылардың сыни тұрғыдан ойлай білу қабілеттерін дамытуға, өз ойларын еркін айтуға, төселіп жаза білуіне бағытталған.Топтық тапсырмалар оқушылардың ынтымақтастық атмосферада жұмыс істей білуге, бірін-бірі оқытуға, үйретуге құлшындырады. Белгіленген уақытта тапсырманы аяқтау, бірінің жауабын бірі тыңдау, құрметпен қарау, бағалау дағдылары қалыптасады. Әдебиет сабақтарынан рухани азық алып, адамгершілік қасиеттерін дамытуда осындай шығармашылық тапсырмалар әсер етеді. Туған елге, ата-анаға деген құрмет ана тілімізде, төл әдебиетімізде жатыр. Сондықтан жас ұрпақтың саналы, салиқалы болып өсуінде әдебиет сабақтарының маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |