Әдебиет туралы ғылым және оның салалары


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



бет50/86
Дата03.04.2024
өлшемі462.32 Kb.
#497435
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   86
дебиет туралы ылым ж не оны салалары

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:


  1. «Тек», «түр», «жанр» терминдерінің мәндері қандай?

  2. Әдебиет тектерінің өмір шындығын бейнелеу тәсілінде қан- дай ерекшеліктер бар?

  3. Эпикалық тектің жанрлық түрлері қандай?

  4. Лирика жанрының психологиялық қасиеті қандай?

  5. Лирикалық кейіпкер дегеніміз не?

  6. Драмалық жанрдың басты сипаты немен ерекшеленеді?

  7. Драма жанрын эпикалық жанрмен салыстыра отырып, ерекшеліктерін атаңыз.

  8. Эпикалық шығармадағы лиризмге, лирикадағы оқиғаға, дра- мадағы лиризмге көркем шығармадан әдеби мысалдар келтіріңіз- дер.

  9. Өзіңіз қалаған лирикалық шығармаға талдау жасау.

11. КӨРКЕМДІК ӘДІС. ӘДЕБИ БАҒЫТ, АҒЫМДАР


Әдебиет әлемінде бағыттар мен көркемдік әдіс мәселелері ерекше орын алады. Жаһандық әдебиет тарихында көркемдік сананың даму тәжірибесі әр кезеңдегі тарихи-әлеуметтік құбы- лыстарға лайық түрлі әдеби әдістерді, ағым-бағыттарды тудыр- ды. Өнер - өмірдің шынайы қалпын, объективті болмысын бей- нелеу. Көркемөнер тәжірибесінің ұзақ ғасырлар бойғы даму та- рихында суреткерлердің өмірді қаз-қалпында, шынайы бейнелеу- ге талпынуы өнердің табиғатынан туындайды. Көркемдік шын- дық жасау талабы қай уақытта да көркемдік әдістер мен бағыт- тарға арқау болған. Олардың әрқайсысы өнерде өз принципін ұс- танып, өмір шындығын шыншылдықпен суреттеу мақсатында (тек әр дәуірде «шынайы болмыс» ұғымдарының мағынасы түр- ліше болды) күресіп келді. З.Ахметов көркемдік әдіске төмен- дегідей анықтама береді: «Көркемдік әдіс - белгілі бір дәуірде көптеген жазушылардың шығармаларында қолданылатын, өмір шындығын суреттеу ерекшелігі, соны айқындайтын негізгі прин- циптер. Көркемдік әдіс жазушының өмірді бейнелеуде нақтылы болған, яки болатын жағдайларды, өмір құбылыстарын тірек етуі немесе өмірдің өзі қандай болуы қажет деген өз ой-түсінігіне сүйенуі – осы екеуінің қайсысына көбірек мән беретініне сәйкес сипатталады. Бұл пікір алғаш Аристотельден бастап орнығып, кейін Белинский оны соңғы дәуірлердегі әдебиет тарихына сүйе- не отырып дәлелдеді. Бұл тұжырымды құптасақ, көркем әдебиет пен өнердің бүкіл даму тарихында әр дәуірде әр түрлі нақтылы
сипат алып, үнемі бой көрсетіп келе жатқан негізгі екі көркемдік әдіс – романтизм мен реализм деуге болады»1.
Көркемдік әдіс - әдебиеттану ғылымындағы күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Әдебиеттің даму бағыттары, көркемдік таным арналары әдіс мәселесімен тығыз ұштасатыны мәлім. Өт- кен күн мұраларын бүгінгі күн биігінен қайта таразылаған тұста көркемдік әдістер, әдеби бағыт пен ағымдар мәселелері жан- жақты талқылауды, терең зерттеуді қажет етеді. Тіпті кеңес қо- ғамы дәріптеген реализмнің мазмұны мен даму мәселесін жаңа- ша зерттеу де қазіргі әдебиеттану ғылымының күн тәртібінде тұр.
Кеңес дәуірі тұсында социалистік реализмнен басқа әдеби әдістер еленбей, көлеңкеде қалды, олардың әдебиетке әкелген жетістіктері мен мүмкіншіліктері жете бағаланбады. Әдебиет- тануда «реализм және реализмге қарсы әдістер» теориясы үстемдік етті. Кеңес оқулықтарында оларды бір-біріне қарсы қою жүйесі қарапайым еді: реализм – шынайылық, адалдық, та- рихилық, мазмұндылық, ал буржуазиялық әлемдегі басқа әдіс- тер: «керітартпа» романтизм, модернизм, постмодернизм т.б.
«измдер» - керісінше, өмір шындығынан алыс әкететін, идеа- лизмді, дарашылдықты дәріптейтін мазмұнсыз, зиянды деп бір- жақты бағаланды. Бірін-бірі ауыстырып отырған әдеби ағым- бағыттар белгіленіп қойғандай, олардағы реализм үлесінің аз- көптігіне байланысты бағаланды. Ал іс жүзінде әр алуан әдіс- тәсілдерді бірінен бірін жоғары қою, я төмен қою түбірімен дұ- рыс емес. Қазіргі әдебиетте қаламгер қандай әдіспен жазамын десе де, шығармашылық еркіндікке ие.
Көркемдік әдіс – болмысты, өмір құбылыстарын суреттеу- дің, бағалаудың, іріктеудің принциптер жүйесі. Оның негізінде адам, әлем, өнер туралы концепция, автор ұстанымы және адам- гершілік-эстетикалық идеал жатады. Әдебиеттің әлеуметтік өмірді тануының, игеруінің сипаттамасы ретінде көркемдік әдіс (шығармашылық әдіс) термині әдебиеттануда 1930 жылдардан бері қолданыста. Тағы бір айтпаса болмайтын жайт, кеңес әде-


1 Әдебиеттану. Терминдер сөздігі (құр. Ахметов З., Шаңбаев Т.) – Алматы: Ана тілі, 1998. 187-б


биетіндегі социалистік реализм әдісінің қайшылықтарын даттау- дың нәтижесінде көркемдік әдіс термині де соңғы кездері сы- налып жүр. Кейде оның орнына балама сөздер қолдану тәжіри- бесі де кездеседі. Алайда жеке суреткер шығармашылығының ерекшелігін даралау мақсатында ортақ теориялық ұстанымдар болуы тиіс.
Әдебиеттану тарихында көркемөнер туындыларынан өмір шындығын тұңғыш талап еткендердің бірі Аристотель екені белгілі. Антика дәуірінен бастап ұзақ ғасырлар бойы сөз өнерінің көркемдік даму тәжірибесінде өнердің, әдебиеттің шынайылық қасиетіне барлық ойшылдар назар аударып отырды. ХІХ ғасыр әдебиеттанушылары да әдебиеттің реалистік сипатын бағдар етіп, көркемөнердің мән-маңызын танытатын басты ерекшелігі - өмірді шынайы бейнелеу, өмірді түсіндіру, өмір құбылыстарына үкім айту деп білді.
Қазақтың жаңа реалистік әдебиетінің алтын бастауында тұрған зор тұлға – Абай. Абай реализмінің табиғатын тану үшін реализмнің өзін жай ғана өмір шындығын бейнелеу деп ұқсақ, көркемдік әдістің жан-жақты қырын аша алмаймыз. Абай реализмінің көркемдік әдіс ретіндегі ең басты ерекшелігі ал- дымен қоғамдық құбылыстарды кең қамтып, ұлттық болмысқа барынша терең бойлап, нақтылы бейнелеу, ұлттың тағдырына, рухани өміріне, тұрмыс-тіршілігіне қатысты ең маңызды қоғам- дық-әлеуметтік өзекті мәселелерді халықтың мақсаты мен мүд- десі тұрғысынан толғай білуі дейміз.
Әлемдік әдебиеттің алтын қорына қосылған ең озық туын- дылардың да реализм әдісімен жасалғаны ақиқат. Реализмнің негізгі ұстанымы - нақты тарихи-қоғамдық орта мен оның туын- дысы – адамның арасындағы байланысты, өмір шындығын шы- найы суреттеу. Реализм (лат. realis – нағыз, заттай) – әдебиет пен өнерде кең қанат жайған, өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылық сипат-белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырым- дап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс. Реализмнің негізгі өзгешелігі өмірдегі типтік жағдайларды кеңі- нен қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жи- нақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейне-тұл-
ғалар жасау дейміз. Реалистер өнердің мақсаты өмір құбылыс- тарын шыншылдықпен бейнелеу деп біледі.
ХХ ғасырда реализм бағыттан біртіндеп көркем шығарма- шылықтың моделіне айналды. Реализм – осы аттас түрлі ба- ғыттардың (сыншыл реализм, социалистік реализм, итальяндық неореализм, латын америкалық «магиялық» реализм және т.б.) жалпы атауы. ХХ ғ. реализмнің кең өріс алған негізгі ұстаным- дары: шынайылық, психологизм, тарихилық, философиялық, де- ректілік сипаттар. Олардың әрқайсысы қазірге дейін қалыпта- сып, жаңа реңге ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет