Әдебиетке шолу


Тұқымдық еркек бұзауды азықтандыру ерекшеліктері



бет10/15
Дата19.05.2022
өлшемі110.9 Kb.
#457920
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
аналақ төлдер

2.9 Тұқымдық еркек бұзауды азықтандыру ерекшеліктері


Ет бағытындағы мүйізді ірі қара мал тұқымының бұзауын 8 айлығына дейін енесімен бірге ұстап еркін еміздіріп өсіреді. Олардың өсіп-жетілуі мен салмақ қосуын жеделдету үшін 15—20 күннен бастап көкшөп, пішен, жем жеуге үйретеді де, оларға енесін емуімен қатар қосымша пішен, сүрлем, пішендеме, қүнарлы жем қосындысын жегізеді. Олардың енесінің рационында да сүт бағытындағы сиырмен салыстырғанда тамыр жемістілер мен құнарлы жем мелшері азайтылып, жергілікті ірі жемшеп көбейтіледі.
Енесінен ажыратылғаннан кейін тана рациондары қырлы өңірде жал-пы қоректілігі бойынша - 35-45% ірі жемшөп, 35—40% шырынды азық, 20—25% құнарлы жемнен құрастырып, шөлейт және таулы өңірлерде ірі жемшөп үлесін 50—56%-ға дейін молайтады. Жаз айларывда олардың азы-ғына жайылым отын кеңінен пайдаланады. Шөлді Мойынқұм ауданында Т. Оңғарбаев, А. Атабаев қалмақ тұқымымен, таулы Нарынқол ауда-нывда Н. Омарқожаүлының галловей тұқымымен жүргізген тәжірибелері етті тұқымды мүйізді ірі қара малдың азықтандыру деңгейі мен құнарлылығын жақсарту арқылы олардан сапалы сиыр етін өндіруді біршама арттыруға болатынын көрсетті.
Жайып семірту үшін мүйізді ірі қара малды көктемде бетегелі-жусан-ды тыңға, жазда өзендер бойындағы шалғынға жайып, күзде қайта көктеген жусанды жайылымдарға, кегерген сор мен сортаңға жаюға болады. Жа-йылым оты жетіспеген жағдайда оларды екпе шөп көгімен қосымша азық-тандырады.
Тұқымдық бұқалардың азықтық рационының құрамына әр түрлі азық астық және бұршақ тұқымдас жақсы пішен, сүрлем, шөп ұны, тамыр-жемістілер, жём қоспасы, жанышталған астық және бұршақ тұқымдас дәнді азықтар, кебек, кунжара кіруге тиіс.
Жануар тектес азықтар, витаминдер мен минералдық заттар ұрықтың түзілуіне әсерін тигізеді, соңдықтан шағылыстыруға көбірек пайдаланғанда бұқалар рационында қан, балық, ет-сүйек ұндарын әсіресе үнемді типті азық, қолданатын кезде оларды тәулігіне 50 грамнан 400 грамға дейін қосқан дұрыс.
Бұқаларға берілетін пішен, сурлем және пішендеме 1-нші -класты болуға тиіс. Бұқаларға өндіріс қалдығын: жом, барда, мезга, сыра бертпесін, күнжараны беруге болмайды.
Қысқы кезеңде.буқаларды көбірек шағылысқа пайдаланғанда, олардың рационына витаминге бай азықтар (азықтық ашытқы, бидай өркенін, кектеген жүгері және арпа (сонымен қатар витамин (А, Д, Е) препараттарын қосады. Бұқаның әр 100 .кг тірі салмағына, тәулігіне мына азықтардың төмендегі мөлшерін беруге болады:
Пішен, орта салмақты бұқаларға — 1,0—1,5 кг
Пішен, жоғары салмақты.ірі бұқаларға — 0,8—1,2 кг
Тамыр жемістер — 1,0—1,5 кг •
Сүрлем — 0,8—1,0 кг
Жемдердің қоспасы (тәулігіне бір басқа) — 2,0—5,0 кг .
Бұқалардың қысқы кезеңдегі рационының құрамы қоректілігі жағынан ірі азықтар 25—40 проц., шырынды азық 20—30 проц., жем 40—50 проц., ал жазғы кезеңде шөп 35—40 процент, ірі азық . 15—20 проц., жем 35—45 проц. болғаны жөн.
Бұқалар тәулігіне үш рет азықтандырылады. Таңертең, бір күнге бөлінген құрама жем мен шырынды азықтардың (қызылша, сәбіз) жартысын, 2—3 кг пішен береді. Түсте — сүрлем мен шырынды азықтың қалған бөлігі беріледі. Түнге қарай құрама жем мен пішен берген дұрыс.
Қолдан ұрықтандыру кезінде, бұқалардың ұрығын алғаннан кейін азықтандыру керек. Оларды тәулігіне 2—3 рет суарады.

АЗЫҚ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет