Әдебиеттануға кіріспе



бет3/39
Дата20.11.2023
өлшемі234.31 Kb.
#483840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
дебиеттану а кіріспе

Әдебиет тарихы жеке алғанда, бір елде, жалпы алғанда, бүкіл адам баласының тарихында көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қалай қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейді. Әр халықтың көркемдік даму сапарын (ауыз әдебиетінен жазба әдебиетке дейінгі) саралайды, сын көзімен сұрыптайды. Сонымен қатар әр дәуірдің әдеби нұсқасына тарихи тұрғыдан қарап, оның сапасын сол тұстың сана сатысына, ой өрісіне байланыстыра тексереді. Олай болмаса, ауыз әдебиетінің нұсқалары болсын, жеке жазушылар творчествосы болсын, әділ бағаланып, әдеби дамудағы өзіне лайық орнын алуы мүмкін емес. Әдебиет тарихын зерттеушілерге ең басты талап дәл осы тұрғыдан қойылады.
Мысалы, ежелгі әдеби нұсқалардың эстетикалық құны мен ғылымдық мәнін бағалау үшін тек тарихтық тұрғы, яғни көне мұраға деген тарихи көзқарас керек. Орхон жазуындағы жырларды бүгінгі биік талғаммен өлшесек, олардың эстетикалық құны, әрине, мықты емес. Ал тарихтық тұрғыдан тексеріп, таным тарапындағы мәнін, ғылымдық маңызын бағаласақ (ежелгі дәуір жыры – ХҮ ғ. Доспамбет толғауы – ХІХ ғ. Махамбет өлеңі – ХХ ғ. Мұқағали өлеңі), қазақ өлеңінің ғасырлар бойы қандай жолмен сатылап дамығанын топшылаймыз.
Бұл – қазақ поэзиясының есею, жетілу барысындағы мың белгінің бірі ғана. Әдебиеттің барлық қалыптасу, даму тарихын жан-жақты талдап, түсінуде әдебиет тарихының атқарар қызметі зор.
Әдебиет теориясының толғамдары әдебиеттің тарихын негізге алумен бірге, әдебиеттің сынымен тығыз байланысып жатады.
Әдебиет сыны өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне араласып, әдеби туындыны жан-жақты талдайды, оның идеялық-көркемдік құнын белгілейді, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтайды.
Бір жағынан, жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның творчестволық өсуіне тікелей қолғабыс жасайды.
Екінші жағынан, оқырманды оқығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды.
Сыншы – қалың оқырманның өскелең талабы мен талғамының жаршысы, әдеби құбылысты жалпы мемлекеттік мүдде тұрғысынан пайымдайтын қоғамдық ой-пікірдің озғын өкілі.
Сын тек жазушы үшін ғана емес, оқырман үшін де жазылады. Ол көркем шығармаға қосалқы комментарий емес, өз алдына жеке шығарма болып табылады.
Әдеби сында көркем шығарманы бағалаудың жолдары, тәсілдері, шарттары, критерийлері бар. Көркемдік критерий әдеби шығарманың кемшілігін ғана қазбалау емес, ең алдымен, әдеби шығарманың бағалы жағын көре білу. Сынның ең қиын міндетінің өзі – осы. Кез-келген шығармада болатын үлкенді-кішілі кемшілікті табу бәрінен оңай, ал шығарма несімен
жақсы екенін белгілеу, оның нағыз поэтикалық сұлулығы мен сырлылығы неде екенін анықтау бәрінен қиын.
Әдебиет туралы ғылымның негізгі үш саласы (теориясы, тарихы, сыны) өзара тығыз бірлікте болады, әдебиеттің теориясын түсінбей тұрып, тарихы жайлы әңгіме қозғау; тарихын білмей тұрып, сынын өрбіту мүмкін емес. Шын мәніндегі әдебиет сыншысы немесе әдебиет зерттеушісі әдебиеттанудың үш саласына да жетік, білімдар әдебиетші болуы шарт. Мұндай әдебиетшіліктің озық үлгісін орыс ойшылдары В.Г. Белинский, Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов көрсеткен: олар әдебиеттің данышпан сыншылары ғана емес, тамаша тарихшылары және терең теоретиктері де бола білген.
Әдебиет туралы ғылымның негізгі салаларынан басқа жанама тараулары да бар. Олар – текстология, историография және библиография. Бұл тараулар ғылыми мақсат үшін керек.
Текстология – әдеби туындылардың мәтінің зерттеп, танудың принциптері мен әдістемесін жинақтайтын арнаулы ғылыми пән.
Текстология:

  • көркем шығарманың тұрақты түпнұсқасын белгілейді;

  • автор қолымен жасалған ақтық редакциясын анықтайды;

  • әр алуан вариантын өзара салыстырады;

  • әр басылымын автографпен салыстырады;

  • мәтіннің автор еркінен тыс қысқарған жерлері немесе бөгде қолмен орынсыз өзгертілген тұстары болса, қалпына келтіреді;

  • түпнұсқаны көшіріп басқандар мен әріп терушілер тарапынан кеткен емле қателері болса да түзеп отырады.

Текстология үш бөлімнен құралады:

  1. Текстің туу сыры. Түпнұсқадан транскрипцияға дейін тексереді.

  2. Текстің тұрақтану тарихы. Автордың алғашқы ой қазығынан ақырғы жөндеуіне дейін зерттейді.

  3. Текстің басылу түрлері. Әр нұсқаның терілуінен бар туындының рет- ретімен түзілуіне дейін бақылайды.

Бұл бөлімдердің қай-қайсысында да көркем әдебиетке деген әділ көзқарас, асқан жауапкершілік жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет