Әдебиеттерге аналитикалық шолу 7 Зерттеу ауданының табиғи ауа-райына шолу 9



бет3/4
Дата17.07.2016
өлшемі325.5 Kb.
#205829
1   2   3   4

4.3. Қоректенуі. Қырғауыл негізінен өсімдіктермен қоректенетін құс. Ол қорегін жерден теріп жейді. Сондықтан қары қалың жерлерде тіршілік ете алмайды. Оның шөптердің 60-тан астам түрімен қоректенетіндігі анықталған. Негізгі қорегі – жиде, ақ тікен, тауық тары, немесе күрмек, қояншөп, шырмауық сияқты өсімдіктердің жемісі, дәні, сабағы. Сонымен бірге көктем мен жазда ол омыртқасыз жәндіктерді де қорек етеді. Қыс айларында қураған өсімдік сабақтары және тікен жиденің жемістерімен қоректенеді. Тамақтануға таңертең және кешкілік шығады. Бұл құстың басқа тауық тұқымдастардан айырмашылығы бар. Ол ауылшаруашылығы дақылдарының (бидай, жоңышқа, қант қызылшасы, мақта) зиянкестері, түрлі өсімдік қандаласы, шегіртке сияқты жәндіктермен және арамшөптермен қоректенеді. Сонымен қатар ол кәсіптік маңызы бар құстың бірі. Ол спорт әуесқойлары мен аңшылық шаруашылығының негізгі объектісі болып есептеледі. Тек қана күн шыққанда ғана жайылымға шығып күн батқанға дейін қайтіп оралады. Қысты күндері қысқа болғандықтан олар көп азық таба алмай арықтайды. Қырғауылдың қорегі болып кішкене жәндіктер мен өсімдіктер бөліктері болады. Қырғауыл жәндіктердің арасынан қоңызды, құмырсқаны, өрмекшілерді, ұлуды, шыбын-шіркейді аулайды. Ебін тапса кішірек бақаларды, жыландарды, тышқандарды жұтып жібереді. Мысалы, Тәжіксатнда қырғауылдың қорегіне 80 түрлі жәндіктер мен омыртқасыздар кіреді. Өсімдіктер арасынан жасыл жапырақтарды, жәндіктерді, жабайы өсімдіктердің сабағы жерге түскен дәндермен қоректенеді. Балапандары басында насекомдармен кейіннен өсімдіктермен қоректенеді. Қырғауыл ауыл шаруашылығына зиянды насекомдармен жабайы өсімдіктер тұқымын жеп, пайда келтіреді. Қатаң қыста қырғауылдар ашаршылықтан көп көлемде өліп кетеді. Осындай ауа-райында адамның көмегіне мұқтаж болады.

4.4. Көбеуі. Қ ы р ғ а у ы л – Біздің елімізде кездесетін құстардың ішіндегі ең әдемісі. Үсті алмас сияқты жалт-жалт етіп тұратын бұл құс, әсіресе оның қоразы, өте сұлу. Мекиені көбінесе сұрғылт түсті болады. Қырғауыл қанатының ұзындығы 1,0-0,5 метр, орташа салмағы 1 килограмм келеді. Тауық тәрізділерге жататын құстардан қырғауылдың айырмашылығы құйрығы өте ұзын келеді. Қырғауылды жергілікті тұрғындар, әсіресе закарпатьеліктір «король құсы» деп аталады. Қырғауылдың мекиендері мен қораздарының тек қана ашық түсінде ғана емес, денесі ірірек және ұзын құйрығымен аяғындағы тепкімен ерекшеленеді.

Әр қырғауылдың қоразы белгілі бір орынға барып тіршілік етіп дауыс шығарады. Дауыс шығарарда қораз жерде жүріп, ұзын құйрығын жоғары көтеріп мойынын созып дауыс шығарады. Оның шығаратын дауысы екі не үш түрлі болады. Мысалы, «ке-ке», «ке-ке-ре», «кох-кох». Ол дауыс шығарғаннан кейін қанаттарын қағады. Одан басқа қырғауылдың қораздары ерекше ақырын «гу-гу-гу» деген дауысты бірнегше рет қайталайды.

Дауыс шығару уақытында қырғауылдың қоразы өзінің таңдаған алаңқайы ішінде өзіне жол салады. Ол жолдың ұзындығы 400-500 м-ге дейін жетеді. Қырғауыл өзінің дауыс шығарып жүретін жолында әр жері 30-40 минут тамақтану үшін тоқтайды. Басында қоразы өзі ғана дауыс шығарады, осы кезде мекиендері топ-тобымен 3-4-тен жүреді. Одан кейін мекиендері, қораздарына қосылып жұп құрайды. Осы кезде қораз өзінің ұя салу алаңын күзетеді. Егерде өз алаңына бөтен қораз кіретін болса, төбелесуге дейін барады. Қырғауылдың қораздарының төбелесі, кәдімгі үй қораздарына ұқсас. Жеңген қораз жеңілген қоразды артынан қуады да өзінің алаңына қайтып оралады. Дауыс шығару кезі 4 айға дейін созылады, ал кейбір жерлерде тамыз айының басына дейін созылады. Кейбір жерлерде мекиендері балапан басып шығарғанға дейін созылады. Дауыс шығару уақытының созылу себептерін бірінші басқан жұмыртқаларынан балапан шыққанға дейін қайта жұмыртқа салуға тура келеді. Аналықтары ұя салатын жерлер бұталардың, шөптердің арасында қауіпсіз жерлерге салады. Ол ұя өзінің қоразының алаңында орналасады.

Аналықтары жұмыртқасын топыраққа салады, оның шеттерін шөптің сабақтарымен және өзінің қауірсіндарымен қоршайды. Кейбір ареалдарда аналықтар жабынын дөңгелектеп салып ауызын жанынан шығарады. Ұяның қабырғасы айтарлықтай тығыз және жақсы болғандықтан жаңбыр мен бораннан өте жақсы қорғайды. Ұяның ауданы 20-23 см, тереңдігі 5-7 см. Қырғауыл өсімтал құстардың бірі болып саналады. Аналық қырғауылдың толық жұмыртқа салуы 7-ден 18 жұмыртқаға дейін, кейде 8-14 жұмыртқа салады.

Бұл жұмыртқаның түсі күрең жасыл иүсті жылтыр болып келеді. Жұмыртқаның көлемі мен үлкендігі әртүрлі болып өзгеріп тұрады. Жұмыртқаның көлемі 42-46 х 33-37 мм. Жұмыртқа салу мерзімі сәуір мен мамыр айлары аралығында жүреді. әдетте, қырғауылдың аналығы жұмыртқа басады, ол тек өзі қоректену кезінде ғана тұрады. Жұмыртқа басу уақыты 21-23 күн, ал ейбір деректер бойынша 28 күн. Жұмыртқа басу кезінде аналықтары арықтайды. Ол қысқы салмағынан 40 пайыздай төмендейді. Қораздар жұмыртқа басу кезінде ұяға жақын жерде жүреді. Қырғауылдың балапандары дүниеге жақсы жетіліп және денесін тығыз мамықты қауырсындары болады. Шала құрғақ балапандар тез жүгіре бастайды және өз күшімен тамақты жерден өзі шоқып қоректенеді. Олардың жетілуі басында тез жүріп, соңында баяулайды. 3-ші күні балапандардың қанат қауырсындары қатайып 30 см биіктіктен 30 см жерге дейін ұша алады. Бір айлық балапандардың салмағы 130-г-ға дейін жетеді, осы кезде олар 3-м-ге дейін көтеріліп, 30-40м-ге дейін ұша алады. Тек қана 4-5 айлық балапандар үлкен қырғауылдың денесіне ұқсайды.олар басында өздерінің ұясы салынған жерде қоректеніп, бірте-бірте алыстап, бірақ өз ұясы орналасқан алаңнан шықпайды. Балапандар бір-бірімен топтасып, ұзақ уақыт тіршілік етеді. Басында балапандар басқа балапандармен қосылмайды. Шілденің аяғында тамыз айының басында бірнеше рет балапандар бірігіп үйірімен жүреді. Осы кезде 50-ге дейін балапандарды санауға болады. Балапандарды аналықтары ертіп жүреді. Қораздары тек қана күзде үйіріне қосылады. Осы кезде қырғауылдарды жан ұясымен бірге көруге болады. Олардың құрамы 2-3 бұрынғы мекиендерімен бір қораз. Қыркүйек, қазан айларында жастары үлкендерінің денесіне пара-пар болады. Осы кезде үйірі шашырай бастайды. Дауыс шығару уақыты аяқталғаннан кейін аналықтары жұмыртқа басып, қораздары түлейді. Аналықтары балапандары үлкейген кезде барып бірақ түлейді.
5. Жалпы аңшылық кәсіптік құстарын санау
Орман құстарының ойнақ жерлерінде көктемдік санақ. Санақ негізгі тауық тәрізділердің қораздарының ойнақ дауыстарынан құрылған: саңырау құр, құр, ақ құр, қырғғауыл, ұлар, сұр құр.

Саңырау құрдың санағы сәуірдің басынан мамырдың ортасына дейін жүргізіледі. Санақ барлық шаруашылықтағы ойнақ жерлерде жүргізіледі. Бұл құс топ болып ойнақтайды және ойнақ шекарасының шеңберінен асып кетпейді. Ойнақ жерлері жыл сайын бірқалыпты, бір жерде жүргізіледі, егер ол жерде орманды шабу жұмыстары жүргізілмесе. Саңырау құр үй үндігіне ұқсап ойнақ уақытында қанатымен жерді сызады, қарға көріністі сызықша қалдырады. Ойнақ жерін тапқаннан соң, олардың ойнақ шекарасын анықтауымыз керек және планшетке белгіленеді. Санақшы әр саңырау құрдың ұшып келу уақытын белгілеп отырады (санақты) құсты екі рет санап қоймау үшін. Таңертең қораздардың «әндетуі» жатқадарын санайды, абриске олардың ойнақ жерлерін белгілейді.

Соңғы қорытындысында калькаға ойнақ карточкасымен ойнақ абрисы белгіленіп, орман (аймағы көрсетіліп белгіленуі керек) аймағындағы ойнаққа орын бөлінген жерлерін көрсетіп белгілеу керек.
Қырғауыл санау тәсілі

Бұл құстардың тұрақты ойнақ жерлері жоқ, ойнақ топтарын құрмайды, жиі жалғыз ойнақтайды, ойнақтаған қораздардың дайыстары (қатты) күшті және өте алысқа естіледі. Бұл құстардың санағын маршруттерінде жүргізеді.

Санақшы, белгіленген маршрутта жүре отырып, жүру машрут абресіне «әндеткен» қораз жерлерін белгілеп, қай жерде отырғанын анықтайды. Санақ маршруттың барлық мекендеу алаңында жүргізіледі.

Итсіз орман құстарын санау, ленталы санақ тәсілі.

Бұл тәсілдің негізі бірнеше адам бір қатарға тізіліп аймақты бақылап өтеді, лентада белгіленген еніндегі жерлерге кездескен құстарды санайды.

Лентаның санақ ені адам санына байланысты. Санақшылар тік бір қатарда бір бірінен арақашықтығы 15 метрде жүріп оытрады. Бақылау алаңының ені 30м метр, оң және сол жаңынан 10 метр сызықшадан ұшып шыққан құстарды санайды. Үш санқшының санақ лентасындағы жалпы ені 30 метрге тең болады. Санақшының біреуіне жүру маршруттың обресі беріледі, әр түсті карандашпен боялған.

Берілген құстар түрінің алаңы 20 айызға дейін жері саналса, санақ мәліметтерін шаруашылық аймақ типтерінде қалған алаңдарға электронды болады.

Жыл сайын құстардың ленталы санаудың бақылау арасында тұрақты маршрутта және бір мерзімде құрған жөн (тамыз-қыркүйек айларында).


7. Биотехниялық шаралар
Аңшылық шаруашылығының дамуындағы жүргізілетін негізгі шаралардың бірі – биотехниялық шаралар. Олар жануарлардың бастарына түскен қиын кезеңін жеңілдетуге арналған шаралар (яғни, қыста, жұт кезінде, апаттарда, өртте, т.б. жағдайларда). Ормандарда мекендейтін құстарға арналған биотехниялық шаралар (жер суару). Қыс айларында құстардың мекен ету алқаптарында тазартылмаған жиделер, тарының, дәнді дақылдардың, бауын бұталардың, ағаштардың бастарына іліп қояды. Сонымен қатар түрлі астауларға, оттықтарға, бидай, түрлі жидектер (алма, долана, жапырақтар) салады.

Күз айларында құстар ас қорытуға керекті май сиыр тастарды өзендердің жағасынан, жыралардан, тас жолдарда, төселген қиыршық тастарды жинап қоректенеді. Тасы жоқ немесе аз алқаптарда қолдан жинау керек. Құстардың жиналатын жерлеріне тамыз айынан бастап қою қажет, себебі, оларға сиыр тастар қыркүйектен қыстың аяғына дейін керек. Тастарды немесе шымдарды үйіріп қояды.

Қырғауылдар негізінен жұмсақ қыста қорекпен жетерліктей қамтамасыз етіледі., бірақ та аса қатты қыстарда оларға көмек керек етеді. Оттықтарды, астауларды қалың бұталардан арылған,баспаналардың астына орналастырады. Астаулар жерде тұрақты тұруы керек. Оған 10 кг-дай жем салады. Сонымен қатар, қыста және көктемде қырғауылға минералды қоспалар қажет: сүйек ұнтақтарын, азықты ізбесті тас, ұнтақталған әк, ұнталқатлған жұмыртқаның қабығын қопа ретінде өскен бидай ұрықтарын. Осы қоспаларды құстық жейтін құрама жеммен араластырып беру қажет.

Астаулардың басына майда қиыр тасрады немесе ірі шымдарды үйіп қоб қажет, себебі олар қырғауылдың асқазанына қажет. Сонымен қатар, 50 шақты қазық дайындау қажет (тазартылмаған сұлы бауын ілу керек) майқұм (ағаштың күлі қосылған) төгу қажет. Боранды және қатты суықта қырғауылдарға қорған керек. Сол қорған ретінде сырғауылдан жасалған, аталған қорегі бар болады.

2005 жылы Нарынқол ормандарды қорғау мекемесінің қызметкерлері 30 тоннадай дәнді дақылдар шөбін шауып, қажетті жерлерге үйіп қойды. Ол үшін 20 тарта астаулар жасалып, баспаналар құрылды, өйткені жауын, қар жауған кезінде астаулардағы жеміс-жидектер, дәнді-дақылдар зақымданбайды.

Зиянды жануарлармен күрес. Нарынқол аймағында қырғауылдар мен құрлардың жаулары болып, қасқыр, шиебөрі, жабайы иттер, түлкі, қарға, сауысқан, жыртқыш құстар болып есептеледі.


Кесте. 3 2005 жылы Нарынқол мекемесінде жойылған зиянды жыртқыштар

Зиянды жануарлар түрлері

Жылдар

1999

2001

2002

2003

2004

2005

Қасқыр

58

53

61

56

54

59

Жабайы иттер

15

18

13

19

16

17

Қарға, сауысқан

185

151

182

176

165

192

Қырғауылдарға көп зиян келтіретін қаңғыма жабайы иттердің мөлшері басылмай тұр. Оларға қойшылардың немесе қаладағы бос жүрген иттер азық таба алмағандықтан мекеме аймағындағы шілікті-жылы жерлерге орнығып, қырғауылдарға тыныштық бермегендіктен, ауық-ауық жойылып отырады.

Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Нарынқол орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі республиканың және жергілікті өкімет есебінен қаржыланатын мекеме. Осыған байланысты мекеме қаржыдан тапшылықта болып келеді. Биыл 2005 жылы мекеменің бюджеті 18 пайыз кеміп, көптеген қызметкерлер бос қалды. Және қырғауылға деген спорт-әуесқой аңшылықта қызықтырмай қалды. өйткені шетелдік туристер-аңшылар таутеке, арқар секілді қызыл кітапқа енген аңдарға ғана қызығады.

Төменде Нарынқол мекемесінің территориясында мекендейтін қырғауылдар саны келтірілген.


Кесте 4. Мекеме Территориясындағы қырғауыл мөлшері

Жылдар

Мекеме жері (мың га)

Қырғауыл мекендейтін жер (мың га)

Қырғауыл есептелген жер (мың га)

Пайыз мөлшері

Қырғауыл мөлшері, бас

1000 га жерге шаққанда қырғауыл саны

2001

315

48

30

62,5

3580

35,8

2002

315

48

36

75

3695

36,9

2003

315

48

42

87,5

3856

38,6

2004

315

48

51

106,25

4121

41,2

2005

315

48

53

110,41

4265

42,6

2001-2005 жылдары Нарынқол мекемесінің территориясы 315 мың га жерді алып жатыр. Соның ішінде қырғауылдар мекендейтін жерлері 48 мың га. Ал мекеме қызметкерлері аз болғандықтан қырғауылдар саны есептелген жерлер 30-53 мың га. Сол қырғауылдар саны жылдар бойынша 3580-4265 бас аралығында ауытқиды. Оның ішінде еркегі мен ұрғашысы немесе жас мемиендер деп бөлінеді. 1000 га жерге шаққанда қырғауылдар саны 35,8 бастан (2005 жыл) 42,6 бас. Сондықтан қырғауыл аулау үшін әуесқой-спорт аңшыларды шақыра алмайсыз. Аңшылықтарды қызықтыру үшін қырғауыл санын молайту қажет. Ол үшін биотехнологиялық шараларды күшейту керек (мысалы, қырғауыл жұмыртқасына инкубациялау, жас балапандарды өсіріп, далаға жібері, т.с.с.).

Нарынқол мемлекеттік мекемеге 2001 жылы қырғауыл 10 қырғауылдарды атқан, 2002 жылы 15 қырғауылдарды атуға рұқсат, ал 2003 жылы – 12, 2004-20, 2005- 42 қырғауылды аулауға квота берілген (5 кесте).

Кесте 5. қырғауылдарды аулау рұқсат мөлшері (квота)



жылдар

Рұқсат қағаз (квота)

Оның ішінде

Отандық аңшыларға

Шетелдік аңшыларға

2001

10

10

-

2002

15

15

-

2003

12

12

-

2004

20

15

-

2005

42

18

-

Қырғауылдарға деген квота отандық әуесқой аңшылар мен шетелдік аңшыларға бөлінеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарлығымен 1 құсқа жергілікті (отандық) аңшылар 70 тенгеге төлеуге тура келеді. Қырғауыл аулауға төленген тенге ең арзаны, өйткені, мысалы, маралдарды ату үшін отандық аңшылар 70 000 тенге, ал шетелдік аңшылар 1,0 млн тенге төлейді.


Кесте 6. Нарынқол мемлекеттік мекеме территориясында мекендейтін қырғауылдарды аулаудан түскен қаржы, мың тенге есебімен

жылдар

Отандық аңшылар

Шетелдік аңшылар

Бір жылда

2001

700

-

700

2002

1050

-

1050

2003

840

-

840

2004

1050

-

1050

2005

1260

-

1260

барлығы

4900

-

4900

Кейінгі 5 жылда (2001-2005 ж.ж.) отандық аңшылардан 4900 тенге табылды. Алынған көрсеткіштерді саралап көрсек, жылдан жылға қырғауыл аулаудан түскен қаржы көбейіп келеді, яғни бұл жұмыс тиімді, әрі қырғауылдарды қорғау, өсіру және қолдану дұрыс жолда деп есептейміз. Экономикалық тиімділікті арттыру үшін жарнама жасап шетелдік аңшыларды қырғауыл аулауға көптеп тарту керек.


8. Қырғауылды аулау тәсілдері мен құралдары
Орман құстарын – қырғауыл, құр, кекілік, т.с.с. әуесқой аңшылықтың объектісі болып саналады. Бұрынғы Кеңес аумағында орман-тоғай құстарын жоспар бойынша аулайтын. Кейінгі жылдары тек қана спорттықө-әуесқой және трофейлік аңшылық түрі болып саналатын болды. Орман-тоғай құстарын мылтықтың немесе тұзақ және кішкене қақпандармен аулайды. Құстарды аулау күзге таман – тамыз айының аяғында басталып, қар қалың түскенге дейін созылады. Қырғауылдарды тасада тығылып отырып, олардың азықтануға шыққан уақытта атуға болады немесе итті ертіп шығып олар мекендейтін жерлерді барлап үркітіп те аулауға болады. Қырғауылдардың тасада тығылатын қалың шілік, тоғай-ағаштарының ортасындағы сүрлеулерге тұзақтар құрады. Тұзақтардың диаметрі 17-18 см болады. Негізінде тұзақтарда ұсталған қырғауылдардың денесі қауырсындары бұзылмайды да, трофейлік кескін дайындауға әбден болады. Ал мылтықпен атқан кезде бытыраның №0, №1, №2 түрлерін пайдаланады. Бірақ құстың денесі де, қауырсыны да бұзылуы мүмкін. Қырғауылдарды аулау үшін кейбір биотехникалық шаралар қолдануы керек. Ол үшін қырғауылдар қалың мекендейтін жарлерге бастырма құрып немесе үсті жабық астаулар (қырғауылдар жейтін азықтар салып қояды) және ақырлар орнатса, ықрғауылдар сол жерлерге шоғырланып, азықтанған кезде атуға да, тұзақ құруға да қолайлы болады.

Қырғауылдарды аулау үшін белгілі жерде мекендейтін немесе белгілі мерзімде атуға арнайы рұқсат-лицензия беріледі. Осы арнайы рұқсатта – аң аулау мерзімі, саны, мергеннің аты, жөні көрсетіледі. Лицензияны арнайы басқарма арқылы беріледі. Сонда орман-тоғай құстарын аулау ретке келеді.

Қырғауыл – еті дәмді, қауырсыны, мамығы өте бағалы құс. Қазақстанда қырғауыл еті 30 жылдарға дейін жоспармен, аз мөлшерде дайындалып отырған. Бұл кезде қырғауылдың қоры мол болатын. Бірақ транспортың жеткіліксіздігінен алыстағы және қиын соқпақты жерлердегі құстар ауланбай келді. Сондықтан да ол кезде тек ауылға таяу жерлер ғана игерілгенді. Сол уақытта жылына 70-80 мың қырғауыл ауланған екен. Соңғы жылдары өнеркәсіптің күшті дамуына байланысты адамның бұрын игерілмеген өзен-көлдер маңындағы әрекеті қырғауыл санын азайта түсті. Тек бұл құсты атуға тйым салынудың әсерінен оның қоры едәуір өскендігі байқалғандығын жоғарыда айтылды. Әлі де оған қамқорлық керек.

Қырғауылды халық щаруашылығына пайдалану үшін оны питомникте өсіруді де ойластырған жөн. Сондай ақ жаңа жерлерді игеріп, оған қырғауылды жерсіндіру бағытында әлі де қыруар жұмыстар атқарылуы тиіс. Құстың бұл түрін әсіресе, суармалы жердердегі өңделген ландшафтыға жерсіндіру және өсіру өте қолайлы. Аңшылық шаруашылығында және питомникте өсірілетін қырғауылдарды қыс қатты, қар қалың болған жылдары үстеме азықпен қоректендіруді дағдыға айналдыру керек. Сол сияқты құстың қорын молайту үшін оны қорықта өсіруді де ойластырған жөн. Мұндай тәжірибе Украинада, Қырымда, Ужгородта, Ростовта табысты аяқталды. Краснодар мен Ставрополь өлкелерінде оны жерсіндіру көптен жүргізіліп келеді. Краснодарда Майкоп қаласына жақын жерде қырғауыл өсіретін питомник бар. Бұл питомник 1958 жылы құрылған. Мұнда осы құсты өсіру жұмысы өнеркәсіп негізінде жүргізіліп келеді. Қырғауылды осындай өнеркәсіп негізінде өсіру соңғы кезде Закарпатьеде қолға алынып отыр. Мұнда Виноградово қаласында жақын жерде көлемі 240 га мал жайылымы жасалды, рнда қолдан өсірілген құстар бағылады. Инкубаторға жұмыртқаны бір рет салғанда 3000 жұмыртқаны басып шығады. Осындай инкубатор Алматы қаласында 60 км таяу жерде орналасқан аңшылық шаруашылығында 1972 жылдан бастап жұмыс істеуге кірісті. Бұл шаруашылықта келешекте қырғауылды өсіру жұмысы өнеркәсіп негізінде жүргізілмекші. Дәмді ет алу үшін қырғауыл көптеген шет мемлекеттерде жерсіндірілген. Мәселен, жер көлемі шағын, халқы тығыз орналасқан Чехословакияда оның саны өскені сонша, қазірде жылына онда 1 млн қырғауыл ауланып тұрады. Мұнда осы құсты өсіретін 24 қырғауыл фермасы жұмыс істейді. Сондай-ақ Венгрияда жылына 81 мың, ал Франция, Дания, Австралияда жыл сайын 200 мыңнан 800 мыңға дейін қырғауылдың еті дайындалады.

Ал бізде бұл бағалы құстың қорын көбейтуге мүмкіндіктер мол, бірақ оның бәрін өзіміз дұрыс пайдалана алмай отырмыз демекпін.

Қырғауыл жеріміздің көркі болумен бірге өте бағалы және пайдалы құс екенін көреміз, олай болса, оның қорын молайту үшін аңшылар мен табиғат қорғаушылар қырғауылды қамқорлыққа алып, оның өсіп - өнуіне қолайлы жағдайлар жасаулары қажет. Бұл игілікті іске өлкеміздің еңбеккерлері де өз үлестерін қосуға тиіс. Жоғарыда құс санынынң өсуіне қамысты қопаны өртеу, орман, тоғай ағашын кесіп алу кедергі жасайды дедік, сондықтан мұндай шаралардың жоспарлы жүргізуі үшін табиғат қорғау ұйымдарымен алдын-ала келісіп отыру керек. Қырғауылды қорғау – міндетіміз.

Сондай-ақ аңшылық шаруашылықтарының қызметкерлері қырғауылдың санын көбейтуге бағытталған биотехникалық шараларды дер кезінде жүргізіп отыру керек. Кәсіптік құстар – халық байлығы, табиғат көркі. Бірақ ол таусылмайтын қор емес. Оны өзіміз мәпелеп күтіп, қорығанда ғана санын молайтып, халық шаруашылығына пайдалануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет