Әдептілік –тәрбие бастауы Этика


«Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше, педагог ұстаздық шеберлікке қолы жетпейді». К. Д. Ушинский



бет2/5
Дата17.11.2022
өлшемі24.08 Kb.
#465057
1   2   3   4   5
Әдептілік-тәрбие бастауы

«Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше, педагог ұстаздық шеберлікке қолы жетпейді».
К. Д. Ушинский


Педагогикалық әдеп – мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі. Педагогикалық шеберлік.
Педагогикалық шеберлік дегеніміз:

▪ педагогтың пәнді жетік білуі
▪ оқыту мен тәрбиелеудің әдіс - тәсілдерін міндетті түрде білуі
▪ педагогтың өмірге деген көзқарасы
педагогикалық әдеп
Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері:
▪ Кәсіптік білім
▪ Біліктілік
▪ Дағды
▪ Кәсіптік қабілет
▪ Педагогикалық әдеп
Педагогикалық техника
Педагогтың бойында қандай этикалық қасиеттер болуы керек?
Педагогтың бойында болу керек қасиеттер (оқушылардың пайымдауы бойынша):

▪ Мейірімділік
▪ Балаларға деген шынайы махаббат
▪ Эмоционалдық байсалдылық
▪ Әділдік
Балаларға деген зейін
▪ Қайырымдылық
▪ Сергектік
▪ Өмірді сүйгіштік
▪ Тіл табыса білу, бәрімен араласа білу
▪ Жігер
Педагогтың бойында болмау керек қасиеттер:
(оқушылардың пайымдауы бойынша)
1. Дөрекілік

▪ Оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдамау, сыйламау
▪ Әділетсіздік
▪ Өзін - өзі ұстай білмеу
▪ Әдепсіздік
Балаларға немқұрайлы қарау
▪ Өзінің пәніне немқұрайлы қарау
Педагогикалық этикада ұстаздың адамгершілік қасиеттері қоғамдық құндылыққа айналады, бұл қасиеттерсіз мұғалімнің басқа да кәсіби қасиеттері мен икемділіктердің құндылықтары жойылады. Зияткерлік және психологиялық қасиеттермен бірге жауапкершілік, абырой, әділеттілік, шынайылылық, ар - ұят, қарапайымдылық сияқты қасиеттер педагогикалық беделдің негізгі құрауыштары болып табылады.


«Нағыз тәрбиеші ұстаз бойында он екі тума табиғи қасиетті меңгерген дана адам болу керек».
Әл - Фараби


▪ өнер - білімге құштар
▪ мүшелері мүлде мінсіз;
▪ жаратылысынан өзіне айтқанның бәрін жете түсінетін;
▪ өзі естіген, көрген, түсінген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, алғыр да аңғарымпаз;
▪ өткір сөз иесі және ойына түйгенінің бәрін анық бере алатын;
▪ тағамға, ішімдік ішуге, сыр - сұхбат құруға қанағатшыл;
▪ жаны асқақ және ар - намысын ардақтайтын;
▪ жаратылысынан игі істерге ынтызар;
▪ әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты жек көретін;
▪ жақындарына да, жат адамдарға да әділ, пасықтық атаулыға мүлде рақымсыз қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек;
▪ бойына туа біткен он екі қасиетке ие болған, бұларды бір - бірімен сәтті ұштастырған адам ғана нағыз ұстаз, жұртқа жақсы басшы бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет