Әділет Министрлігімен 02. 12. 05 г. №3957 тіркелген Алматы қаласы



бет1/2
Дата19.07.2016
өлшемі187 Kb.
#208925
  1   2


Әділет Министрлігімен 02.12.05 г. № 3957 тіркелген

Алматы қаласы

2005 жылғы 29 қазан

№ 137



Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
“Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулықты
бекіту туралы” 2001 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 343 қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасындағы экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру тәртібін нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының “Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы” 2001 жылғы 5 қыркүйектегі № 343 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1669 тіркелген, “Егемен Қазақстан” газетінде 2001 жылғы 29 қарашадағы № 267-268 және “Казахстанская правда” газетінде 2001 жылғы 1 желтоқсандағы № 277-278 жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы № 575, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1743 тіркелген, 2002 жылғы 3 маусымдағы № 203, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1923 тіркелген және 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 484, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2696 тіркелген қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса, мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықта:

кіріспесіндегі “Нұсқаулық” деген сөзден кейін “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және” деген сөздермен толықтырылсын;

бүкіл мәтін бойынша:

“уәкілетті банк”, “уәкілетті банктер”, “уәкілетті банктің”, “уәкілетті банкте”, “уәкілетті банктерге”, “уәкілетті банкке” деген сөздер тиісінше “мәміле паспортының банкі”, “мәміле паспортының банктері”, “мәміле паспорты банкінің”, “мәміле паспортының банкінде”, “мәміле паспортының банктеріне”, “мәміле паспортының банкіне” деген сөздермен ауыстырылсын;

“экспорт/импорт келісім-шарты бойынша”, “экспорттық-импорттық келісім-шарттарды” деген сөздер тиісінше “экспорт немесе импорт бойынша мәміле”, “экспорт немесе импорт бойынша мәмілелерді” деген сөздермен ауыстырылсын;

“экспорттық келісім-шарт”, “экспорттық келісім-шарттың” деген сөздер тиісінше “экспорт бойынша мәміле”, “экспорт бойынша мәмілеленің” деген сөздермен ауыстырылсын;

“экспорттық мәмілелерге” деген сөздер “экспорт бойынша мәмілелерге” деген сөздермен ауыстырылсын;

“импорттық келісім-шартқа”, “импорттық келісім-шарттың” деген сөздер тиісінше “импорт бойынша мәмілеге”, “импорт бойынша мәміленің” деген сөздермен ауыстырылсын;

“импорттық мәмілелерге” деген сөздер “импорт бойынша мәмілелерге” деген сөздермен ауыстырылсын;

“сыртқы сауда келісім-шарттары”, “сыртқы сауда келісім-шартты” деген сөздер тиісінше “экспорт немесе импорт бойынша мәмілелер”, “экспорт немесе импорт бойынша мәміле” деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтың 1) тармақшасында “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиiстi лицензияларын немесе тiркеу куәлiктерiнiң” деген сөздер “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген тиiстi лицензияларын немесе тiркеу куәлiктерiнiң және/немесе валюта операциялары туралы хабарлама туралы куәліктердің” деген сөздермен ауыстырылсын;

3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

“3. Экспорттық түсім “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде түспеген жағдайда, экспортер резидент емеске Қазақстан Республикасының валюта заңнамасына сәйкес экспорт жасалған күннен бастап 180 (тауарлардың жекелеген тізбесі бойынша – 365) күннен астам мерзімге коммерциялық кредит беруге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясын алу үшін уақтылы өтініш жасауы қажет.

Экспорттық түсім “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясында белгіленген мерзімдерде түспеген жағдайда, экспортер экспорттық түсімді алу немесе бұрын экспортталған тауарды қайтару үшін барлық шараларды қолдануы қажет.

Экспорттық түсімді экспортерлердің шетелдік банктердегі шоттарына есепке алуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген лицензияға немесе тіркеу куәлігіне немесе валюта операциялары туралы хабарлама туралы куәлікке және “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес рұқсат етіледі.

4. Тауар “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде жеткізілмеген жағдайда импортер резидент емеске Қазақстан Республикасының валюта заңнамасына сәйкес аванстық төлем жасалған күннен бастап 180 күннен астам мерзімге коммерциялық кредит беруге арналған лицензиясын алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне уақтылы өтініш жасауы қажет. Бұл ретте тауарды негізгі кедендік ресімдеу күні жеткізу күні болып табылады.

Тауар “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясында белгіленген мерзімдерде жеткізілмеген жағдайда, импортер аванстық төлемді қайтару немесе тауарды жеткізу үшін барлық шараларды қолдануы қажет.”;

8-тармақта:

төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

“мәміле паспортының банкі – экспорт немесе импорт бойынша мәміленің паспортын ресімдейтін, экспорттық түсімнің түсуін және/немесе экспорт немесе импорт мәмілесі бойынша төлемдердің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті банк (оның филиалы не есеп айырысу-касса бөлімі);”;

он төртінші абзацтағы “куәлігінің” деген сөзден кейін “және/немесе валюта операциялары туралы хабарлама туралы куәліктің” деген сөздермен ауыстырылсын;

он тоғызыншы абзацтағы “.” тыныс белгісі “;” тыныс белгісімен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

“мекен-жай бюросының экспортердің немесе импортердің басшыларының тұрғылықты жері туралы мәліметтер бар анықтамасы.»;

1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

“экспорт бойынша мәміленің паспорты – белгіленген нысандағы, валюта операциялары бойынша есепке алуды және есептілікті қамтамасыз етуге қажетті, экспорт бойынша сыртқы экономикалық мәміле туралы мәліметтер көрсетілетін, экспортер толтыратын құжат;”;

2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

“импорт бойынша мәміленің паспорты – белгіленген нысандағы, валюта операциялары бойынша есепке алуды және есептілікті қамтамасыз етуге қажетті, импорт бойынша сыртқы экономикалық мәміле туралы мәліметтер көрсетілетін, импортер толтыратын құжат;”;

3-тарау мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

“8-1. Екінші деңгейдегі банктер есеп айырысу-касса бөлімдерінің сенімхат негізінде мәмілелер паспортын ресімдеу өкілеттігін айқындайды.

Банктердің есеп айырысу-касса бөлімдері мәмілелер паспортын ресімдеуді:

1) банктің:

банк және оның филиалы (есеп айырысу-касса бөлімі) арасында клиентке банктік шот ашу және клиенттің тапсырмасы бойынша шот ашылған немесе төлем немесе ақша аудару жүргізілген операциялық күннен кешіктірмей жүргізілген төлемдер және аударымдар туралы ақпарат алмасуға;

осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен банкке ұсынылған мәмілелер паспорттары бойынша тауарлардың нақты қозғалысы туралы ақпаратқа рұқсаттың болуына;

мәміле паспортының банкі мәміле паспортын ресімдеген күннен кешіктірмей, тұтастай алғанда уәкілетті банк және/немесе оның филиалы, ресімделген мәмілелер паспорттары, оның ішінде есеп айырысу-касса бөлімдері бойынша жиынтық мәліметтердің болуына мүмкіндік беретін интеграцияланған автоматтандырылған ақпарат жүйесі;

2) есеп айырысу-касса бөлімдерінің мәмілелердің паспорттарын ресімдеу және клиенттердің тапсырмалары бойынша экспорт-импорт операцияларын жүргізу, банктердің мәміле паспортын ресімдеген есеп айырысу-касса бөлімдеріне мәміле паспорты бойынша тауарлардың нақты қозғалысы туралы ақпаратты жеткізу, сондай-ақ банктің бағалау тәуекелдерін басқару жүйесі шеңберінде есеп айырысу-касса бөлімдерінің валюталық бақылау агенттерінің функцияларын жүзеге асыруына байланысты тәуекелдерді өлшеу, бақылау және мониторингін жүзеге асыру рәсімдерін реттейтін ішкі ережелер (бұдан әрі – ішкі ережелер) болған кезде жүзеге асырады.

Ішкі ережелермен сондай-ақ кеден органдарына осы Нұсқаулықтың 12 және 13-қосымшаларында белгіленген нысан бойынша хабарлар жіберу тәртібі реттеледі.”;

9-1-тармақ алынып тасталсын;

11-тармақта:

бірінші абзацтың екінші сөйлемі “МП электронды көшiрмесiн” деген сөздерден кейін “, сондай-ақ мекен-жай бюросының экспортердің немесе импортердің басшыларының тұрғылықты жері туралы мәліметтер бар анықтамасын” деген сөздермен толықтырылсын;

екінші абзацта:

“факс” деген сөзден кейін “не электрондық пошта” деген сөздермен толықтырылсын;

“факсимильді көшірмесін” деген сөздер “мәміленің барлық қатысушысының қолдары және мөрлері бар факсимильдік не электрондық көшірмесін” деген сөздермен ауыстырылсын;

“факсимильді көшірмесімен” деген сөздер “факсимильдік не электрондық көшірмесімен” деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

“Экспортер немесе импортер осы тармақта көрсетілген мерзімде келісім-шарттың түпнұсқасын не оның нотариат куәландырған көшірмесін ұсынбаған не келісім-шарт түпнұсқасының мәміленің паспортын ресімдеу үшін ұсынылған көшірмесімен сәйкес келмеген жағдайда экспортер немесе импортер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік атқарады.”;

12-1-тармақтың үшінші абзацында “экспорт және импорт мәмілелерін” деген сөздер “экспорт немесе импорт бойынша мәмілелерді” деген сөздермен ауыстырылсын;

13-тармақта:

екінші абзацта:

“факс” деген сөзден кейін “не электрондық пошта” деген сөздермен толықтырылсын;

“факсимильді көшірмесін” деген сөздер “мәміленің барлық қатысушысының қолдары және мөрлері бар факсимильдік не электрондық көшірмесін” деген сөздермен ауыстырылсын;

“факсимильді көшірмесімен” деген сөздер “факсимильдік не электрондық көшірмесімен” деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

“Экспортер немесе импортер осы тармақта көрсетілген мерзімде келісім-шарттың түпнұсқасын не оның нотариат куәландырған көшірмесін ұсынбаған не келісім-шарт түпнұсқасының мәміленің паспортын ресімдеу үшін ұсынылған көшірмесімен сәйкес келмеген жағдайда экспортер немесе импортер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік атқарады.”;

16-тармақта:

2) тармақшаның мемлекеттік тілдегі мәтін өзгеріссіз қалады;

8) тармақшада “Қазақстан Республикасының заңдарында” деген сөздер “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Қазақстан Республикасының Заңында” деген сөздермен ауыстырылсын;

23-тармақта:

“экспорт-импорт мәмілесі” деген сөздер “экспорт немесе импорт бойынша мәміле” деген сөздермен ауыстырылсын;

“тіркеу куәлігін” деген сөздерден кейін “және/немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген валюта операциялары туралы хабарлама туралы куәліктің” деген сөздермен толықтырылсын;

26-1-тармақтағы “куәлігін”, “куәлігінің” деген сөздерден кейін тиісінше “және/немесе валюта операциялары туралы хабарлама туралы куәлігін”, “және/немесе валюта операциялары туралы хабарлама туралы куәлігінің” деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 26-2-тармақпен толықтырылсын:

“26-2. Экспортер немесе импортер кеден органында және мәміле паспортының банкінде осы Нұсқаулықтың 46 және 47-тармақтарында көзделген тәртіппен мәміле паспортын жабады.”;

28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

“28. Мәміле паспортының банкі кеден органынан келіп түскен мәмілелер паспорттарын және/немесе экспорт немесе импорт бойынша паспортқа қосымша парақтарды, салыстыру актілерін және кеден органдарына жіберілген хабарламаларды есепке алу үшін осы Нұсқаулықтың 3 және 4-қосымшаларында белгіленген нысан бойынша экспорт немесе импорт жөніндегі журналды жүргізеді.

Егер банкте (оның филиалында) әр түрлі жерде орналасқан бірнеше операция залы (есеп айырысу-касса бөлімдері) бар болған жағдайда, әрбір операция залы (есеп айырысу-касса бөлімі) үшін экспорт немесе импорт жөніндегі бірнеше журнал жүргізуге рұқсат етіледі. Күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін банктердің есеп айырысу-касса бөлімдері келіп түскен және жіберілген валюта бақылау құжаттарын тіркеуге арналған, аяқталған журналдарды банктің не әкімшілік-аумақтық бірлік (облыс) шегінде есеп айырысу-касса бөлімі құрылған филиалдың мұрағатына тапсырады. Журналдар аяқталған күннен бастап 5 (бес) жыл бойы сақталады.”;

28-2-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

28-7-тармақтың бірінші абзацындағы “экспорт мәмілесінде” деген сөздер “экспорт бойынша мәміледе” деген сөздермен ауыстырылсын;

33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

“33. Экспорттық түсім мәміле паспортының банкіне “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Қазақстан Республикасының Заңында не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясында белгіленген мерзімдерде түспеген жағдайларда, экспортер экспорттық түсімнің осы түсу мерзімдері аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кеден органына растау құжаттарының көшірмелерін қоса бере отырып экспорттық түсімнің түспеу себептері туралы жазбаша түсінік беруі қажет.

34. Импорт бойынша тауар “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Қазақстан Республикасының Заңында не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясында белгіленген мерзімдерде түспеген жағдайларда, импортер импорт бойынша тауарлардың түсу мерзімдері аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кеден органына растау құжаттарының көшірмелерін қоса бере отырып импорт бойынша тауардың түспеу себептері туралы жазбаша түсінік беруі қажет.”;

36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

“36. Экспорттық түсім “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Қазақстан Республикасының Заңында не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясында белгіленген мерзімдерде түспеген немесе толық түспеген жағдайда, кеден органы жөнсіздік фактісін растайтын құжаттар болған кезде, әкімшілік құқық бұзушылық белгілер бойынша тиісті ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, ал қылмыстық жазалау іс-әрекет белгілері бойынша тиісті ақпаратты құқық қорғау органдарына жібереді.

37. Кедендік шекара арқылы тауарлардың орын ауыстыруы көзделетін мәміле бойынша импорт бойынша тауар не аванстық төлем “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Қазақстан Республикасының Заңында не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясында белгіленген мерзімдерде түспеген немесе толық түспеген жағдайда, кеден органы импортерді Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту туралы мәселені дербес қарайды және істелген жұмыс туралы мәліметтерді кейіннен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жиынтық мәліметтерді беру үшін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

Қылмыстық жазалау іс-әрекет белгілері бар құқық бұзушылықтар бойынша тиісті ақпаратты кеден органы құқық қорғау органдарына жібереді.”;

39-тармақ алынып тасталсын;

44-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

“Мәміле паспорты банкінің қызмет көрсететін филиалы немесе есеп айырысу-касса бөлімі өзгерген жағдайда мәміле паспортын қайта ресімдеу талап етілмейді. Экспортердің немесе импортердің жаңа банктік деректемелері және мәміле паспорты банкі филиалының немесе есеп айырысу-касса бөлімінің жаңа деректері “Ерекше белгілер” бағанында көрсетіледі және осы ақпарат мәміле паспортын ресімдеген кеден органына жіберіледі.

Бұл ретте мәміле паспортына бұрын қызмет көрсеткен банктің филиалы немесе есеп айырысу-касса бөлімі олар бойынша барлық мәліметтер мен құжаттарды осы мәміле паспортын бақылау үшін қабылдаған банктің филиалына немесе есеп айырысу-касса бөліміне өткізеді.”;

47-тармақта:

2) тармақшадағы “осы нұсқаулықтың 9-1 тармағының талаптарын сақтағанда” деген сөздер алынып тасталсын;

5) тармақшада:

бірінші сөйлемдегі “резидент емес әріптестен” деген сөздерден кейін “мәміле паспортының барлық сомасына” деген сөздермен толықтырылсын;

екінші сөйлемдегі “басқа резидент тұлға” деген сөздерден кейін “резидент еместердің міндеттемелерді орындамау тәуекелдерін сақтандыру шарттары жөніндегі сақтандыру компанияларын қоспағанда” деген сөздермен толықтырылсын;

6) тармақшадағы “осы импорттық келісім-шарттың” деген сөздер “импорт бойынша осы мәміленің” деген сөздермен ауыстырылсын;

7) тармақшадағы “осы экспорттық келісім-шарттың” деген сөздер “экспорт бойынша осы мәміленің” деген сөздермен ауыстырылсын;

8) тармақшадағы “экспорт/импорт келісім-шартын” деген сөздер “экспорт немесе импорт бойынша келісім-шарттың” деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толықтырылсын:

“10-2) тараптардың міндеттемелерін орындау баламасы болған және экспорт немесе импорт бойынша мәмілелерді орындау мерзімдері аяқталған кезде мәміле паспорты банкінің экспортерінің немесе импортерінің және кеден органын осы мәмілені тоқтату туралы жазбаша хабарламасынсыз, міндеттемелерді орындаудың соңғы күнінен бастап 1 (бір) жыл ішінде мәміле паспорты бойынша ақша және тауар қозғалысының болмауы;»;

мынадай мазмұндағы 13-2) – 13-4) тармақшалармен толықтырылсын:

“13-2) резидент еместің міндеттемелерін орындамау тәуекелін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру оқиғасы басталған кезде сақтандыру төлемін алу;

13-3) уәкілетті органның әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімі немесе мәміле паспорты бойынша жөнсіздік сомасы бойынша қылмыстық іс туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жыл ішінде резидент еместің резидент алдындағы міндеттемелерін орындамауы;

13-4) мәміле паспортын ресімдеген резиденттің орналасқан жері бойынша бес жыл бойы, осы Нұсқаулықтың 49-тармағында көзделген тәртіппен расталған болмауы;»;

49-тармақтың бірінші абзацының екінші сөйлемі алынып тасталсын;

53-тармақта:

2) тармақшадағы “8-нен” деген сан және әріптер “11-нен” деген сан және әріптермен ауыстырылсын;

6) тармақша алынып тасталсын;

54-тармақта:

2) және 6) тармақшалар алынып тасталсын;

3) тармақшада “айына бір рет, келісілген мерзімде” деген сөздер “ай сайын, 11-нен кешіктірілмей” деген сөздермен ауыстырылсын;

55-тармақта:

“ақпаратты” деген сөзден кейін “, сондай-ақ валюталық бақылау құжаттарына сәйкес валюталық бақылауды жүзеге асыру үшін талап етілетін өзге ақпаратты” деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

“Экспорттық-импорттық валюталық бақылау мақсаты үшін кеден органдары тауарлардың экспорт немесе импорт мәмілесі бойынша белгіленген құнын есепке алады.»;

56-тармақ алынып тасталсын;

57-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

“Мәміле паспортының банкі кеден органының сұратуы бойынша экспорттық-импорттық валюталық бақылау мақсаты үшін кеден органына нақты мәміле паспорты бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтер ұсынады.»;

58-тармақта:

бірінші абзацтағы “Қазақстан Республикасының” деген сөздерден кейін “валюта” деген сөзбен толықтырылсын;

2) тармақшадағы “15” деген сан “20” деген санмен ауыстырылсын;

3) тармақшада:

“20” деген сан “23” деген санмен ауыстырылсын;

“.” тыныс белгісі “;” тыныс белгісімен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

“4) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-на дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне клиенттердің тапсырмасы бойынша экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыратын банктің есеп айырысу-касса бөлімдері туралы мәліметтерді жазбаша түрде олардың деректемелері мен орналасқан жерін көрсете отырып жібереді;

63-тармақта:

3) тармақшада:

“;” тыныс белгісі “.” тыныс белгісімен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

“Тиісті мемлекеттік органның хаты мемлекеттік сыртқы заемдар есебінен тауарлар сатып алуды растайтын құжат болып табылады;”;

5) тармақшада:

“келісім-шарттар” деген сөздер “не ресімделген келісім-шарттар, инвойстар, шот-фактуралар” деген сөздермен ауыстырылсын;

“.” тыныс белгісі “;” тыныс белгісімен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

“6) қарама-қарсы орындау міндеттемелері талап етілмейтін, өтеусіз сипаттағы шарттар бойынша тауарлардың орнын ауыстыру кезінде.”;

68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

“68. Шетелдік банкте импорт бойынша төлем жүзеге асырылатын не “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына және лицензияның немесе куәліктің талаптарына сәйкес экспорттық түсім түсетін шот ашу үшін экспортерде немесе импортерде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы немесе тіркеу куәлігі немесе валюта операциялары туралы хабарлама туралы куәліктері болған кезде, мәміле паспортында Қазақстан Республикасы резидентінің шоты ашылған мәміле паспорты банкінің деректемелері және сол сияқты осы резиденттің шоты ашылған шетелдік банктің деректемелері көрсетіледі.

Мыналар экспорттық түсім түсуінің (тауарлардың ақысын төлеудің) растамасы болып табылады:

1) шетелдік банктегі корреспонденттік шоттан үзінді-көшірме – банктер тауар сатып алған кезде (кеден органында үзінді-көшірменің банктің корреспонденттік шоттан төлеген валюта сомасын растайтын бөлігінің расталған көшірмесі қалады);

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (оның аумақтық филиалының) резиденттің шетел банкіндегі шоты бойынша ақша қозғалысы туралы, кеден органына оның жазбаша сұрауы бойынша жіберілетін хабарламасы;

3) мәміле паспорты банкінің осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен кеден органына жіберілетін хабары.”;

70-тармақтың бірінші абзацындағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы болмаған жағдайда” деген сөздер алынып тасталсын;

71-тармақтың алтыншы абзацындағы “Капиталдың қозғалысымен” деген сөздер “Коммерциялық кредит ұсынуға” деген сөздермен ауыстырылсын;

75-тармақтағы “импорт мәмілесі”, “импорт келісім-шарттары” деген сөздер тиісінше “импорт бойынша мәміле”, “импорт бойынша мәмілелер” деген сөздермен ауыстырылсын;

75-1-тармақта:

5) тармақшадағы “лицензиясын” деген сөзден кейін “немесе тіркеу куәлігін” деген сөздермен толықтырылсын;

сегізінші абзацтағы “капитал қозғалысына байланысты операцияларды жүргізуге” деген сөздер “180 (жекелеген тауарлар тізбесі бойынша – 365) күннен асатын мерзімге коммерциялық кредит беруге” деген сөздермен ауыстырылсын;

77 және 77-1-тармақтар алынып тасталсын;

78-тармақтағы “капиталдың қозғалысымен байланысты операцияға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы және/немесе тіркеу куәлігі” деген сөздер “, егер алынуы валюта заңнамасына сәйкес талап етілген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген лицензия және/немесе тіркеу куәлігі және/немесе валюта операциялары туралы хабарламалар туралы куәлік” деген сөздермен ауыстырылсын;

1 және 2-қосымшалар мынадай редакцияда жазылсын:




“Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 1-қосымша

_____ жылғы “__” ________

_________ нөмірі 11 (12, 31, 32) Экспорт бойынша мәміле паспорты
Экспортер банкінің деректемелері:

Атауы ____________________________________________________

Филиалы ______________________________________________________

Есеп айырысу-касса бөлімі (бұдан әрі – ЕКБ) _______________________

Мекен-жайы ___________________________________________________

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі – СТН) _______________

Банктің (банк филиалының) кәсіпорындар мен ұйымдарды жалпы мемлекеттік жіктеушінің коды (бұдан әрі – КҰЖЖ) _________________

Шетелдік банктің атауы ____________________________________


Экспортердің деректемелері:

Атауы _____________________________________________________

КҰЖЖ коды _______________________________________________

Мекен-жайы _______________________________________________

Қазақстан Республикасындағы банктік шотының нөмірі ____________

Шетелдік банктегі банктік шотының нөмірі ____________

СТН _________________________________________________________

Салық органының мекен-жайы __________________________________

Төлқұжат деректемелері _______________________________________
Үшінші тұлғаның деректемелері:

Атауы ___________________________________________________

КҰЖЖ коды _____________________________________________

Мекен-жайы _____________________________________________

Қазақстан Республикасындағы банктік шотының нөмірі ____________

СТН _________________________________________________________

Салық органының мекен-жайы __________________________________

Төлқұжат деректемелері _______________________________________


Шетелдік сатып алушының деректемелері:

Атауы _____________________________________________________

Елі ________________________________________________________

Мекен-жайы _______________________________________________

Сатып алушы банктің деректемелері ______________________
Келісім-шарттың деректемелері және талаптары:

Нөмірі ___________________ Соңғы күні ________________

Күні _____________________ Төлем валютасы ____________

Келісім-шарт сомасы _______ Төлем валютасының коды________

Есеп айырысу нысаны ________________

Келісім-шарт бойынша валюта _____________

Келісім-шарт бойынша валютаның коды __________

Валютаны келісу ________________________________________


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы

Лицензияның нөмірі ________ Күні __________ Мерзімі __________


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тіркеу куәлігі

Тіркеу куәлігінің нөмірі _______________ Күні ____________

Валюта операциялары туралы хабарлама туралы куәліктің нөмірі _________ Күні _________
Уәкілетті тұлғалардың қолдары:

банктің атынан

(лауазымы)

___________________

Аты-жөні


(қолы)

экспортердің атынан

(лауазымы)

___________________

Аты-жөні


(қолы)

кеден органы атынан (лауазымы)

_____________________

Аты-жөні

(қолы)


мөр орны

күні ______



мөр орны

күні ______



мөр орны

күні ______












үшінші тұлғаның атынан

(лауазымы)

___________________

Аты-жөні


(қолы)

үшінші тұлға банкінің атынан

(лауазымы)

_____________________

Аты-жөні


(қолы)




мөр орны

күні ______



мөр орны

күні ______






Банктің, Кеден органының ерекше белгілері

____________________________________________________________________________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет