Дене мүшелері
Бас
8 -сурет. Бұл – маңызды және өте бағалы дене мүшесі. Ой, ептілік – баста. Отбасының ең ақылды, ойшылын бала үлкен баспен суреттейді (8-суретті қара).
Көздер
Тек қарау үшін ғана емес, олар уайымды да білдіреді. Кейіпкердің үлкен, кең ашылған көздері баламен мазасыз, тынышсыз, көмекте мұқтаж ретінде қабылданады (8-суретті қара). «Нүкте» немесе «сызықша» көздері бар кейіпкерлер – өздерінің ішінде жылауға ішкі тыйым салуды ұстайды (яғни, адам тұйық, түйсіксіз немесе саналы түрде өз эмоцияларын көрсетпейді, жиі теріс).
Құлақтар
9-сурет. Бұл – сынды және тіпті кез келген өзін туралы ақпаратты қабылдау органы. Үлкен құлақтары бар кейіпкерлер айналасындағыларды тыңдайды. Егер құлақтар тіпті де болмаса, онда адам ешкімді тыңдамайды, ол туралы айтқандарды ескірмейді.
Ауыз
Суретте ауыз – «шабуыл органы», ауызбен агрессияны білдіреді, ұрысады, тістейді, ренжиді. Үлкен немесе және штрихтап тастаған аузы бар кейіпкер қауіптің көзі болып қабылданады. Егер тіпті аузы болмаса, ол нүкте, сызық түрінде салынса – адам өз сезімін жасырады, сөздермен айта алмайды немесе басқаларға ықпалы тимейді.
Мойын
Бастың сезімдерге деген өзін-өзі бақылау мүмкіндігін символмен көрсетеді. Мойны бар адам өз сезімдерін басқаруға қабілетті (жиірек ол үлкен адам).
Қолдар
Қолдар функциясы – жабысу, қосылу, айналадағы адамдармен қарым-қатынаста болу, яғни әрекет жасау қабілеті. Қолдарда саусақтар көп болған сайын, кейіпкер күшті болады. Қолдың ұзындығы оның көпшілдігін айтады, қысқа қолдар ішкі дәрменсіздігін, жасқаншақтығын, қатынас ж етіспеуін білдіреді.
Аяқтар
Жүруге, тірек үшін, қозғалу еркіндігі үшін керек. Аяқта тіреу орны көбірек болған сайын, кейіпкер нық және сенімді жерде тұрады. Оң аяғы - отбасы ақиқатынан тыс тіреуді білдіреді (11-суретті қара).
Суреттің түрлі түсті гаммасы – сезім палитраның индикаторы. Ең жақсы көретін түстермен бала отбасындағы ең жақын мүшелерін, өзін салады, жақсы көрмейтін түнеріңкі түстер баланың жақсы көрмейтін адамдарына қалады. Жалпы түрлі түсті палитраға назар аударыңыз: жарқын түстің басым болуы жақсы көңіл күй туралы айтады, ал түнеріңкі түстер, мазасыз және жабырқанқы көңіл-күйді көрсетеді (егер, әрине, қара түс б ала үшін сүйікті болмаса). Аналар әншейінде әдемі көйлекпен, шашында шаш тұтқышы бар болып бейнеленеді, ұсақ детальдардың көбі бар, шаштың түсі де ерекеше болуы мүмкін, мұқият детальдар салынады, себебі бала өз махаббатын көрсетеді. Балалар өз-өздерін бағалап сайма-сай мұқият суреттеп, әдемі киіндіріп салады. Баланың барлық жақын және сүйікті туысқандары сияқты, сүйікті әкесі де сәнді.
Бала тек өзін салады, барлық қалғандарды салуға «ұмытып», бұл оның өзін отбасы мүшесі екенін сезбейтінін айтады. Баланы отбасында шеттейді, сәтсіздік пен эмоциялық проблемалар оны басады. Дене бітімі кішкентай болуы мүмкін, парақтың бұрышында «тығылып» қалған, қараңғыда, жағып тастаған бетпен. Бірақ болады, өзін-өзі бағасында көтермеленген бала тек өзін, өз маңыздылығын көрсету үшін суреттейді. Ол мұқият киімнің, жүзінің детальдарын сүреттейді, дене бітімі өте үлкен, жарқын.
Суреттегі Күн – қорғау және жылылықтың символы. Бала мен күннің ортасында болатын, адамдар мен нәрселер – ол өзін қорғалдым деп сезінуге, энергия мен жылулықты пайдалануға кедергі болатындар. (12-суретті қара). Ұсақ детальдердің көптігі, жабық детальдар (шәрпы, түймелер) баланы оларға жібермейтін тыйымдар, құпиялар туралы білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |