Әдістемелік кейс Жобаны дайындаған: Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқу ісі орынбасары Дагмурзаева Бағлан Әдістемелік кейс Елбасы Н.Ә. Назарбаев кезекті бір жолдауында «Өмір бойы білім алу»



бет3/5
Дата24.11.2023
өлшемі32.66 Kb.
#484356
1   2   3   4   5
Әдістемелік кейс

Әдістемелік кейс тосын жағдаяттар, проблемалық мәселелер туралы тез және нәтижелі ойлауды ғылыми теория мен оның танымдық әдіснамасын практикада пайдалануға дағдыландыратын әдіс екенін атап көрсету керек.Кейстер арқылы мектептің әдістемелік бағыттағы проблемаларын талдап, ортақ шешімін табуға болады.
Әдістемелік кейстің мақсаты: әдістемелік бағыттағы проблемаларды талдау және оларды шеше білу қабілетін дамыту;
ақпаратпен жұмыс жасауды үйрету ;
Міндеттері: практикалық жағдайларды зерттеу;
болған жағдайларды баяндау;
Мұғалімдер проблемамен танысып, оны шешудің жолдарын іздейді ;
Әдістемелік кейстің мәні - мұғалімдерге нақты өмірлік проблемаларға қатысы бар және сипаттамасы бар, кез-келген практикалық тапсырмамен шешім табу ұсынылады.

Ерекшелігі- нақты өмірдегі фактілерге негізделген проблемалық жағдай жасау.

Әдістемелік кейстің негізгі ерекшеліктері


  • тәжірибелік жағдайларды зерттеу;

  • болған жағдайларды баяндау;

  • оқытушылар мәселемен танысып, оны шешудің жолдарын іздейді.

Кейс-технологияларға:
· жағдайды талдау әдісі;
· инцидент әдісі;
· рольдік ойындар әдісі;
· іс хабарды талдау әдісі;
· ойындық жоба;
· дискуссия әдісі жатады
Кейс әдісінін 5 кезеңі
1-кезең – жағдаятпен танысу, оның ерекшелігі;
2-кезең – мәселені аңықтау, әсер ететін факторлар мен объектілер;
3-кезең – ой доданы ұйымдастыру үшін тұжырымдаманы, ойларды ұсыну;
4-кезең – шешім қабылдау алдындағы талдау жұмысы;
5-кезең – кейстің шешімі – бірнеше нұсқадағы шешім, шешімдерге байланысты туындайтын мәселелерін ескеруді атау.
Кейс әдісі оқытушының кәсіби құзіреттілігінің өсуіне, оның икемділігіне, жасампаздык іс-әрекетіне қол жеткізетін әдіс.
Проблеманы шешу үшін:

  1. СМАРТ мақсат қоя білу керек.

  2. Әртүрлі ақпараттық материалдармен (мақалалар, әдеби әңгімелер, интернеттегі сайттар, статистикалық есептер және т.б.) «КЕЙС" дайындау.

  3. Белгілі жағдайды талдау – нақты жағдайды терең және бөлшектеп талдау.

  4. Кейстің мақсаты: проблемалық жағдайды талдау және практикалық шешім шығару.

  5. Қатысушыларға болған жағдайды толық мәлімдейтін мәтін ұсынылады.

  6. Қатысушылар жағдаймен танысады, оны өз-бетінше талдайды және оны шешудің бірнеше жолын табады.

  7. Үрдістің аяқталуы – ұсынылған алгоритмдерді бағалау және олардың ең үздігін таңдап алу.

  8. Әдістемелік кейстер арқылы мектептегі проблемаларды талдап, шемімін табуға болады деп ойлаймын.Бұл менің авторлық позициям.

Әдістемелік кейстерді оқу процесінде және білімді бақылауда қолдануға болады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет