Әдістемелік нұСҚау елді мекендердің су бұру жүйесіне өндірістік сарқынды суларды ағызу алдында оның сынамасын іріктеу жөнінде кіріспе



бет1/2
Дата13.06.2016
өлшемі428.56 Kb.
#131297
  1   2


БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 29.12.2010 жылғы № 606 және 21.01.2011 жылғы № 19 бірлескен бұйрығы.

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ СУ БҰРУ ЖҮЙЕСІНЕ ӨНДІРІСТІК САРҚЫНДЫ СУЛАРДЫ АҒЫЗУ АЛДЫНДА ОНЫҢ СЫНАМАСЫН ІРІКТЕУ ЖӨНІНДЕ

Кіріспе
Елді мекендердің су бұру жүйесіне өндірістік сарқынды суларды ағызу алдында оның сынамасын іріктеу жөнінде әдістемелік нұсқау (бұдан әрі - Әдістемелік нұсқау) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 788 қаулысымен бекітілген Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау ережесіне және ҚР СТ МСТ 51592-2003 «Су. Су сынамасын іріктеудің жалпы талаптарына» сәйкес әзірленген.

Әдістемелік нұсқау өндірістік сарқынды су сынамасын іріктеу орындарын анықтау, елді мекендердің су бұру жүйесіне қызмет көрсететін су шаруашылық ұйымдарының (бұдан әрі – Қызмет көрсетуші) су бұру жүйесіне өндірістік сарқынды суларды ағызатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің (бұдан әрі - Тұтынушылар) су бұру жүйесінен сынамалар іріктеу кезінде орындалатын іс-әрекеттер тәртібін белгілейді.


1. Қолданылу саласы
1.1. Осы Әдістемелік нұсқаудың күші дербес бақылау жүргізетін болса, елді мекендердің су бұру жүйесіне өндірістік сарқынды суларды ағызатын барлық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге және Тұтынушылар ағызатын елді мекендердің су бұру жүйесіне өндірістік сарқынды сулардың сапасына өндірістік бақылау жүргізу кезінде елді мекендердің су бұру жүйесіне қызмет көрсететін су шаруашылық ұйымдарына тарайды.

1.2. Осы Әдістемелік нұсқаудың күші кәсіпорындардың, жеке өндірістердің, цехтардың, қондырғылардың, тазарту құрылыстарының, қайталап сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерінің сарқынды суын, ерітілген және өлшенген жағдайда ластаушы қоспалары бар жинақ суларын талдау үшін сынама іріктеуге тарайды.


2. Сынама іріктеу міндеттері
2.1. Сынаманы іріктеудің мақсаты болып зерттелетін судың сапасын сипаттайтын дискретті сынама алу, сондай-ақ мыналар табылады:

- өндірістік сарқынды сулардағы зиянды заттың шоғырлануын анықтау;

- елді мекендердің су бұру жүйесіне шекті рұқсат берілген шоғырланудан асқан зиянды заттың түсу мүмкіндігінің алдын алу;

- ағатын сарқынды су құрамының қабылданған нормативтерге сәйкестігін бақылау;

- ластау көздерін анықтау.

Елді мекендердің су бұру жүйесіне ағызатын Тұтынушылардың өндірістік сарқынды суларының сынамасын іріктеу Қызмет көрсетушінің (бақылау мақсатында) және/немесе Тұтынушының (жеке меншік мақсатында ) бастамасы бойынша жүргізілуі мүмкін.

2.2. Іріктелген сынама сынаманы іріктеу сәтінде немесе белгілі уақыт аралығында сарқынды судың химиялық құрамының негізгі көрсеткіштері мен органикалық ластаушыларды барынша ықтимал толық көрсетуге тиіс. Сынаманы іріктеу, консервілеу және сақтау тәсілдері сынаманы іріктеу және оларды талдау арасындағы аралықта химиялық құрамның тұрақтылығына кепілдік болуы тиіс.

2.3. Өндірістік сарқынды сулардың сынамасын іріктеу бақылаудағы кәсіпорын қызметінің кез келген тәулік уақытында жүргізілуі мүмкін. Тұтынушы Қызмет көрсетушіге Тұтынушының аумағында орналасқан бақылау құдықтарынан сынама іріктеу жүргізуге мүмкіндік жасайды.

2.4. Талдауға сынама іріктеуді Қызмет көрсетушінің өкілдері Тұтынушының өкілімен бірге жүзеге асырады. Егер Тұтынушы хабардар болған сәттен бастап бір сағат ішінде өз өкілінің қатысуын қамтамасыз етпеген жағдайда, Қызмет көрсетуші біржақты тәртіпте сынама іріктеу жүргізеді және жасалған сынама іріктеу актісі жарамды деп есептеледі.

2.5. Сынаманы іріктеу актпен ресімделеді.

2.6. Іріктеліп алынған сынама сол күні ластаушыларға талдау жасау үшін зертханаға жеткізіледі. Қажет болған жағдайда (2-қосымша) сынама консервіленеді.

2.7. Талдау жасауға оны орындау әдістемесінде қарастырылған уақыт бөлінеді.

2.8. Талдаудың нәтижелері хаттамамен ресімделеді, онда мыналар көрсетіледі:

сынама көлемі;

бөтелкенің (ыдыстың) нөмірі;

сынама іріктеу орны;

сынама іріктеу уақыты мен күні;

сынама іріктеу тәсілі (сынама іріктеу типі, бейімдеу);

сынама түрі (жай, аралас);

суды зерттеу мақсаты;

сынама іріктеуге және оларды әзірлеуге қатысқан Қызмет көрсетуші мен Тұтынушы өкілдерінің лауазымы, аты-жөні және қолы.
3. Сынама түрлері
3.1. Жай және аралас сынама деп бөледі. Іріктелетін сынаманың түрі зерттеу мақсатымен анықталады.

3.2. Жай сынама уақыттың осы кездегі осы жердегі судың құрамын сипаттайды. Оны қажетті су мөлшерін бір рет іріктеу арқылы алады.

3.3. Аралас сынама белгілі көлемде белгілі уақыт ішіндегі судың орташа құрамын сипаттайды. Оны әр жерде бір уақытта (көлемі бойынша орталандыру) немесе сол жерден белгілі бір уақыт аралығында (уақыт бойынша орталандыру) алынған жай сынамаларды араластыру арқылы алады.

3.4. Жаппай талдаулар жүргізген кезде орташа ауысымдық, орташа тәуліктік және орташа пропорционалды аралас сынамалар деп бөледі.

3.5. Орташа ауысымдық және орташа тәуліктік сынамалар көлемі бойынша бірдей тең уақыт аралығында іріктеп алынған сынамаларды араластыру арқылы дайындалады.

3.6. Орташа пропорционалды сынама шығын мөлшеріне пропорционалды тең уақыт аралығында іріктеп алынған су көлемін араластыру арқылы алынады.


4. Сынама іріктеу орындары
4.1. Тұтынушылардың өндірістік сарқынды суларының сынамасы жергілікті тазарту құрылыстарының кешеніне дейін және кейін, ал олар болмаған жағдайда тек бақылау құдықтарынан, не егер Тұтынушы қалалық су бұру жүйесіне қосылмаса, шұңқырлардан немесе жинайтын резервуарлардан іріктеліп алынады.

4.2. Сынама іріктеу орындарына еркін қол жететін болуы тиіс. Автоматты сынамалағыштардың көмегімен сарқынды сулардың сынамасын іріктеу кезінде оларға бөгде адамдардың баруына жол бермеу керек.

4.3. Сынаманы сүйемелдеу әрекетінің аймағынан тыс су бұру құрылғыларының турбуленттік, тура сызықты учаскелерінде жақсы араласқан ағындардан, не онда сарқынды сулар араласқаннан кейін шұңқырлардан немесе жинайтын резервуарлардан іріктеу қажет.

4.4. Өлшенген заттарды анықтау үшін ағындар араласқаннан кейін ғана бақылау құдықтың, шұңқырдың немесе жинайтын резервуардың түбінен сынама іріктеу жүргізіледі.

4.5. Бақылау құдықта автоматты сынамалағыш болмаған жағдайда талдау үшін жай сынама алынады.
5. Сынама іріктеу кезеңділігі мен мерзімдері
5.1. Сынама іріктеу жиілігі 1-қосымшаға сәйкес анықталады.

5.2. Сынама іріктеу мерзімдері осы өндірістің сарқынды суының шығын және құрам режимі ескеріліп белгіленуге тиіс. Сынама іріктеудің барынша ұзақ кезеңділігі тоқсанына бір реттен кем болмауы тиіс.

5.3. Сынама іріктеудің белгіленген жиілігі алынған деректер ескеріліп қайта қаралады. Ерекше жағдай туындаған кезде (тазарту құрылыстарды іске қосу және жөндеу, жинауышты босату, апатты жағдайлар және т.б.) сынама іріктеу жиілігі ұлғаюға тиіс. Көрсеткіштердің орташа ұзақмерзімді шамаларын есептегенде осы нәтижелер іріктеудің ұлғайған жиілігін түзетумен қолданылуы мүмкін.

5.4. Сарқынды суының құрамы тұрақты болғанда (тұрақты тазарту технологиясы, жинауыштар мен орталандырудан сынама іріктеу) орта мәндерді сипаттау үшін сынаманы іріктеу кезеңін зерттеу кезеңіне тең шамаға дейін өсіруге болады (іріктеу жиілігі кезең ішінде 1 рет).

5.5. Шекті рұқсат берілген шоғырланудан асқан жағдайда талдау қорытындылары бойынша ластанудың жоғарылауын туғызған себептер жойылған соң сынама іріктеу және сарқынды суды талдау қайта жүргізіледі.
6. Сынама іріктеу техникасы, сынама іріктеу үшін құрылғылар
6.1. Сарқынды суды іріктеу үшін әртүрлі типті құрылғылар қолданылады, олар зерттелетін судың химиялық құрамын сақтауды қамтамасыз етуі және сынама іріктеудің кездейсоқтық элементтері (механикалық қоспалардың түсуі, сынамалғышты жеткіліксіз босату) болмауына кепілдік етуі, сондай-ақ сынамалғыш құрылғының қабырғаларында тоттану және сорбция есебінен ластауыштарды болдырмауы тиіс. Өзгерістерге жеңіл ұшырайтын, мысалы, еріген газдар, шала тотталған темір және т.б. бар сынаманы іріктеу барысында сынамалайтын судың ауамен араласуына жол бермеу қажет. Бұл жағдайда саптамасы бар бөтелкені қолдану қажет. Саптама резеңке тығынды білдіреді, оған екі шыны түтік орналастырылған: біреуі бөтелкенің түбінде, ал екіншісі тығында. Бірінші түтік арқылы бөтелкенің үш еселі көлеміне тең құйып, ыдыс толтырылады.

6.2. Сынамалғыш құрылғының типі зерттеу бағдарламасы мен сарқынды суды бұру тәсілі ескеріліп таңдалады.

6.3. Су алу жүйесінің сынамасын үздіксіз беру кезінде және сынамалғышқа сарқынды су сынамасын беруді 5 минуттан аспайтын көлік кешігуінің уақыты қамтамасыз етуге тиіс.

6.4. Автоматты талдағышты пайдаланғанда тұрақты автоматты сынамалғыш қолданылуы тиіс.


7. Сынаманы сақтауға арналған ыдыстар
7.1. Сынамаларды сақтау үшін тығыз қиюластырылған немесе нығыз бұрап кигізілетін қақпақтары бар шыныдан немесе полиэтиленнен жасалған ыдыстарды қолдану керек. Әртүрлі сынамаларды іріктеу мен сақтауға арналған ыдыстардың түрлері және олар жасалатын материалдарға қойылатын талаптар ҚР СТ МСТ 51592-2003 және МСТ 17.1.5.04 келтірілген. Сондай-ақ, егер зерттелетін сынамада сынап, күміс, озон, органикалық заттар болмаса және оттегін биохимиялық тұтынуды (бұдан әрі - ОБТ) және оттегін химиялық тұтынуды (бұдан әрі - ОХТ) анықтау қажет болмаса, қабыршақты және резеңке тығындарын пайдалануға болады.

7.2. Шыны ыдысты жуады және хром қоспасымен майсыздандырады, қышқылдан мұқият тазартады және буландырады. Полиэтиленді ыдысты ацетонмен, тұзды қышқылмен (1:1), бірнеше рет су құбыры суымен, кейін тазартылған сумен шаяды.

7.3. ОХТ мен ОБТ және мұнай өнімдерін анықтау үшін сынама іріктеу тек шыны ыдысына алынады.

7.4. Қабыршақты тығындарды алдын ала тазартылған суда қайнату керек, ал резеңке тығындарды тұзды қышқылдың 5 % ерітіндісінде 20-30-минут, кейін 20 % ащы натрда ұстап, сосын оларды тазартылған сумен мұқият шаю қажет. Таза тығындарды қақпағы бар шыны банкаларды сақтайды.

7.5. Сынама іріктеу жүргізілетін ыдысты таңбалау, не оған сынама іріктеу паспортын жапсыру қажет.
8. Сынаманы сақтау, консервациялау және тасымалдау
8.1. Сарқынды су сынамасын іріктеп алғаннан бірден талдау жүргізу мүмкін болмаса ғана оны сақтауға жол беріледі. Бұл ретте, рұқсат берілген сақтау мерзімдерін қатаң ұстану қажет.

8.2. Сынаманы алған кездегі судың жай-күйін сақтау мерзімін ұзарту үшін оны консервациялау қажет (2-қосымша).

8.3. Егер сынамада анықталатын заттар бір тәсілмен консервацияланбайтын болса, онда сынаманы жеке бөтелкелерге іріктеледі және әрқайсысы үшін тиісті консервациялау жүргізіледі.

8.4. Сарқынды судың сынамасын тасымалдауды сынамаларды сақтауды және оларды жылдам жеткізуді қамтамасыз ететін рұқсат берілген кез-келген көлік түрі жүзеге асырады.

8.5. Тасымалдау кезінде сынаманың қызуы мен суық өту мүмкіндігіне жол берілмеуге тиіс.
9. Сынама іріктеу кезінде қауіпсіздік техникасы
9.1. Сынама іріктеу кезінде қолданыстағы нормалар мен ережелерге сай келетін қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы тиіс.

9.2. Сарқынды сулардың құрамында улы және тұтанғыш заттар болуы мүмкін және індет немесе микробиологиялық сипатта қауіпсіздік туғызуына байланысты оларды іріктеу кезінде ерекше ұқыптылық сақтау керек.

9.3. Радиоактивті және ыстық сарқынды су сынамасын және қысымдағы жүйелерден сынама іріктеу кезінде арнайы жабдықтар мен арнайы киімдер талап етіледі.

9.4. Үлкен ыдыстардан (тұндырғылар, жинауыштар, орталандырулар) сынама іріктеу кезінде құтқарушы кеудеше киіп, сақтандыру канаттарды пайдалану қажет.

9.5. Жұмыс тәртібі мен орны, жабдықты пайдалану қатерді барынша болдырмау үшін жоспарлануы тиіс.

9.6. Сынама іріктеу және химиялық талдау үшін оларды әзірлеу және қауіпсіздік техникасы үшін химиялық талдау өндірісі үшін жауапты жұмыскер жауапкершілік етеді.

1-қосымша (Анықтама)
Сынама іріктеу жиілігі мен мерзімін есептеу жөніндегі құрал
1.1. Өндірістік бақылау бағдарламасында сынама іріктеу жиілігі мен мерзімі іріктеудің жоғары жиілігімен егжей-тегжейлі алдын ала жұмыстардан кейін және статистикалық әдістермен алынған деректерді өңдеуден кейін ғана сенімді анықталуы мүмкін (іріктеу жиынтығы бойынша орташа мағыналарының есебі, іріктеу құрамының бытыраңқылығы, стандартты ауытқушылықтар мен максимальды өлшемдері).
1.2. Сарқынды судың химиялық құрамы кездейсоқ, сондай-ақ, жүйелі өзгерістерге тартылады.
1.2.1. Кездейсоқ өзгерістерде қалыпты не логарифмді-қалыпты үлестіру болады. Жүйелі өзгерістер бағытты, циклді не екеуінің де амалы болуы мүмкін.
1.2.2. Егер кездейсоқ өзгерістер басым болса – ерекше жағдайларды қоспағанда, сынаманы іріктеу мерзімі маңызды емес. Циклді тербеліс кезінде іріктеу мерзімін бар циклді қамтитындай немесе максимальды және минимальды шамаларды анықтайтындай таңдалады. Құрамының бағытты өзгерістері кезінде сынама іріктеу тең аралықтар арқылы реттеледі.
1.2.3. Егер циклді өзгерістер болмаса не кездейсоқтармен салыстырғанда азын-аулақ болса, берілген сенім білдірілген ықтималдылықпен қоса орташа үшін сенімді аралықтағы орташа мәнге тиюге кепілдік беретін іріктеу санын таңдап алу жеткілікті.
1.2.4. Орташа (ε) үшін сенімді аралық – берілген сенім білдірілген ықтималдылықпен бірге m іріктеуі бойынша анықталған орташа бар аралық. Бұл шама мынадай ара қатынаспен сипатталады:
tp x S

ε = ---------- (1)

√m

онда m – сынамалардың көрсеткіштерінде бытыраңқылықты сипаттайтын орташа шаршы ауытқушылық есептелген негіздегі сынамалардың саны. Шашыраудың сипаттамасы әдеттегідей оң белгісі бар дисперсиядан алынған шаршы түбі ретінде есептеледі.



tp – анықталатын шаманың дәл орташа мәні мен стандартты ауытқушылықтан артық орташа мәні арасында айырым модулінің қаншалықты екенін көрсететін сенімділігі бар p критерийі.
1.2.5. Сенім білдірілген ықтималдылық (p) – С орташа мәні сенімді аралықтың шегінен аспайтын жағдайлардың пайызы. Сенім білдірілген ықтималдылықты таңдау сарқынды судың санатына байланысты болады. Ішкі өндірістік қорытындылар үшін p = 90 жеткілікті. Жауапты шешімдер өте жоғары сенімділікті (p = 95) талап етеді, жоғары уытты сарқынды су үшін p = 99 немесе p = 99,9 сенімділік деңгейі талап етілуі мүмкін. Сенім білдірілген ықтималдылық су объектілеріне тартылған сарқында суларды іріктеу кезінде су ресурстарын пайдалануды реттеу және суды қорғау органдарымен келісіледі.
Мысал. Егер өлшенетін шаманың орта мәні белгілі бір уақыт ішінде сенім білдірілген ықтималдылық 95 % кезінде сенім аралығы 4 мг/л (яғни С +/- 2 мг/л) болса, онда әр 100-дің 95 сынамасында орта мәні дәл орташадан 2 мг/л айырмашылығы болатынын білдіреді.
1.3. Берілген сенім білдірілген ықтималдылықпен жуық бағалау үшін және өлшенетін параметрді қалыпты тарату кезінде сынаманың талап етілетін саны (n) мынаған тең:
tp x S

n = (---------)2 (2)

ε

Сынаманың жеткілікті көп саны үшін берілген сенім білдірілген ықтималдылыққа байланысты tp шамасы төменде келтірілген.


КЕЙБІР МӘНДЕР ҮШІН tp ШАМАСЫ


Сенім білдірілген ықтималдылық

99

98

95

90

80

68

50

tp

2,58

2,33

1,96

1,64

1,28

1,00

0,67

Сонымен, егер талап етілетін сенімді аралық εmp берілген сенім білдірілген ықтималдылық 95 % кезінде орта мәннен 5 % тең, ал стандартты ауытқушылық бақылау әдіс бойынша орта шамадан 20 % тең болса, онда сынама саны 2-формула бойынша есептелуі мүмкін:


1,96 x 20

n = (--------------)2 = (7,84)2 ≈ 61

5
Бұл, егер қызықтыратын кезең 1 айға тең болса, сынама іріктеудің жиілігі күніне 2 рет немесе қызықтыратын кезең 1 жыл болса, аптасына 1-2 рет тағайындалады.

Стандартты ауытқушылықтың шамасы талдаудың әр әдісі үшін өлшеу әдістемесін метрологиялық аттестаттау арқылы анықталады.

2-қосымша (Анықтама)
Өндірістік сарқынды су сынамасын консервациялау тәсілдері


Анықталатын компонент, көрсеткіш

Консервациялау, сынама іріктеу және іріктеуден кейін талдау мерзімдері туралы нұсқаулар

Алюминий

Мемстандарт 18165-75 сәйкес:

а) консервацияламайды. Іріктеуден кейін 2 сағаттан кешіктірмей талдауға кіріседі;

б) консервациялайды. Мемстандарт 3118-67 бойынша 1 л сүзіндіге 5 мл концентрацияланған тұз қышқылын қосады.


Аммиак және аммоний ионы

Консервацияламайды:

а) іріктеуден кейін талдауға кіріседі;

б) сынаманы 3-40 С сақтайды.

Консервациялайды:

а) Мемстандарт 4204-77 бойынша 1 л сынамаға 1мл концентрацияланған күкірт қышқылын қосады;

б) Мемстандарт 3160-51 бойынша 1 л сынамаға 2-4 мл хлороформ қосады



Анионды СЖБЗ

Консервациялайды:

а) Мемстандарт 3160-51 бойынша 1 л сынамаға 2-4 мл хлороформ қосады;

б) сынаманы 3-40 С сақтайды.


Бораттар

Консервацияламайды

ОБТ (оттекті биохимиялық тұтыну)

Консервацияламайды:

а) сынаманы 3-40 С сақтайды;

б) сүзіндіні (немесе сынаманы 2 сағат бойы тұндырғаннан кейін) сынама іріктелгеннен кейін 24 сағаттан кешіктірмей талдауға кіріседі


Ванадий

Консервацияламайды. Сынама іріктелгеннен кейін 24 сағаттан кешіктірмей талдауға кіріседі

Өлшенген заттар

Консервацияламайды

Сутекті иондар (pH)

Консервацияламайды:

а) іріктеуден кейін талдауға кіріседі;

б) 6.1.-тармақта көрсетілгендей сынама іріктеу жүргізіледі


Вольфрам

Консервацияламайды. Сынама іріктелгеннен кейін 12 сағаттан кешіктірмей талдауға кіріседі

Висмут

Консервацияламайды. Сынама іріктелгеннен кейін 12 сағаттан кешіктірмей талдауға кіріседі

ДДҚ (дөрекі дисперсті қоспалар)

Консервацияламайды. Сынама іріктелгеннен кейін 24 сағаттан кешіктірмей талдауға кіріседі

Темір

а) темірдің жалпы құрамы

б) темірдің (ІІ) және (ІІІ) жеке құрамы


Консервациялайды:

а) Мемстандарт 4161-77 бойынша 1 л сынамаға 25 мл концентрацияланған азот қышқылын қосады;

б) Мемстандарт 199-78 бойынша 1 л сынамаға 25 мл сірке су-қышқыл натрий ерітіндісін (500 мл суға 68 г CH2COONa x 3H2O тұз) және Мемстандарт 61-75 бойынша 1 л сынамаға 23 мл сірке су қышқыл ерітіндісін (500 мл суға 166,7 мл мұздай сірке су қышқылы) қосады.


Қаттылығы

«Кальций», «Магний» қара

Майлы қышқылдар

Консервацияламайды. Сынама іріктелгеннен кейін 2 сағаттан кешіктірмей талдауға кіріседі

Иіс

Консервацияламайды. Сынама алынған жерде бірден анықтауды бастайды немесе сынама іріктелгеннен кейін 2 сағаттан кешіктірмей талдауға кіріседі

Йод саны

Консервацияламайды

Кадмий

Консервациялайды. Мемстандарт 4461-77 бойынша 1 л сынамаға 5 мл концентрацияланған азот қышқылын қосады

Калий

Консервацияламайды

Кальций

Консервацияламайды

Қышқылдығы

Консервацияламайды:

а) сынама іріктелгеннен кейін бірден талдауға кіріседі;

б) 6.1.-тармақта көрсетілгендей сынама іріктеу жүргізіледі. Сынама іріктелгеннен кейін 24 сағаттан кешіктірмей талдауға кіріседі


Кобальт

Консервациялайды. Мемстандарт 4461-77 бойынша 1 л сынамаға 5 мл концентрацияланған азот қышқылын қосады

Ксантогенаттар

Консервацияламайды. Анықтауды барынша ертерек, сынама іріктелгеннен кейін 12 сағаттан кешіктірмей талдауға кіріседі

Магний

Консервацияламайды

Марганец

Мемстандарт 4974-72 сәйкес:

а) консервацияламайды. Сынама іріктелгеннен кейін бірден талдауға кіріседі;

б) консервациялайды. Мемстандарт 4461-77 бойынша 1 л сынамаға 5 мл концентрацияланған азот қышқылын қосады


Мыс

Консервациялайды:

а) Мемстандарт 4161-77 бойынша 1 л сынамаға 5 мл концентрацияланған азот қышқылын қосады;

б) Мемстандарт 3118-67 бойынша 1 л сынамаға 5 мл (1:1) концентрацияланған тұз қышқылын қосады.


Молибден

Мемстандарт 18308-72 сәйкес сынаманы консервацияламайды, іріктеу мен талдау арасындағы уақыт барынша қысқа болуы тиіс.

Күшәла

Консервациялайды. Мемстандарт 3119-67 бойынша 1 л сынамаға 5 мл концентрацияланған тұз қышқылын қосады.

Лайлылық

Консервацияламайды

Мұнай өнімдері

а) консервацияламайды. Төртхлорлы оттегімен бөліп алады. Осы Әдістемелік нұқсаудағы 6.1.-тармақта көрсетілгендей сынама іріктеледі;

б) 1 л суға 2-4 мл төртхлорлы оттегін қосып консервациялайды. Талдау үшін сыныма толығымен пайдалануы тиіс: сүзілмеуі тиіс, ыдыстың қабырғасында жанасқан мұнай өнімдерін төртхлорлы оттегімен шайып, сынамаға қосу қажет.



Никель

Консервациялайды. Мемстандарт 4161-77 бойынша 1 л сынамаға 5 мл концентрацияланған азот қышқылын қосады.

Нитраттар

Консервацияламайды:

а) сынаманы іріктеген күні талдау жүргізеді



Натрий

Консервацияламайды

Сульфаттар

Консервацияламайды

Сульфидтер

Сынаманы жеке бөтелкеге іріктейді, екі сағат бойы тұндырады және талдауға қажетті мөлшер мөлдірленген бөлігінен іріктеліп алынады.

Консервацияламайды. Сынаманы іріктеген күні талдау жүргізеді.

Консервациялайды. Мемстандарт 5824-71 бойынша 1 л сынамаға 10 мл 10-пайызды сірке су-қышқыл кадмий ерітіндісін және Мемстандарт 5823-69 бойынша сірке су-қышқыл цинкі қосады.


Сульфиттер

Консервацияламайды. Сынаманы іріктеген күні барынша ертерек талдау жүргізуге кіріседі.

Консервациялайды. Сынаманы алдын ала Мемстандарт 4328-77 бойынша 100 мл сынамаға 0,2мл ащы натрдың 20-пайызды ерітіндісі және Мемстандарт 6259-75 бойынша 2 мл глицерин қосылған жеке бөтелкелерге іріктеледі



Сүрме

Консервациялайды. Мемстандарт 3118-77 бойынша 1 л сынамаға 5 мл концентрацияланған тұз қышқылын қосады.

Теллур

Консервацияламайды. Сынама іріктелгеннен кейін 12 сағаттан кешіктірмей талдауға кіріседі

Температура

а) сынаманы іріктеп жатып бір уақытта анықтайды;

б) сынаманы 3-40 С сақтайды.

Консервациялайды:

а) Мемстандарт 4204-77 бойынша 1л сынамаға 1 мл концентрацияланған күкірт қышқылын қосады;

б) Мемстандарт 3160-51 бойынша 1л сынамаға 2-4 мл хлороформ қосады.


Нитриттер

Консервацияламайды:

а) сынама іріктелгеннен кейін бірден талдауға кіріседі;

б) сынаманы 3-40 С сақтайды.

Консервациялайды:

а) Мемстандарт 3160-51 бойынша 1 л сынамаға 2-4 мл хлороформ қосады.


Озон

Консервацияламайды:

а) сынама іріктелгеннен кейін бірден талдауға кіріседі. Озон ерітіндісінің тұрақтылығы pH салқындатылған және төмендетілген кезде жоғарылайтынын ескеру қажет;

б) сынаманы іріктегеннен кейін бірден тиісті реактивтер қосылып, жазылып алынады және марганец-о-толидин әдісімен 24 сағаттан кешіктірмей талдау жүргізіледі


Органикалық оттегі

Консервацияламайды. Сынаманы іріктеген күні бірден талдауға кіріседі.

Консервациялайды. Мемстандарт 4204-77 бойынша 1 л сынамаға 1 мл концентрацияланған күкірт қышқылын қосады.



Негізгі азот

Консервацияламайды. Сынаманы іріктеген күні бірден талдауға кіріседі.

Консервациялайды. Мемстандарт 4204-77 бойынша 1 л сынамаға 1 мл концентрацияланған күкірт қышқылын қосады.



Негізгі фосфор

Консервацияламайды

Тығыздығы

Консервацияламайды

Мөлдірлігі

Консервациялауға болмайды. Сынаманы іріктеген күні бірден талдауға кіріседі немесе, ерекше жағдайда, 24 сағаттан кешіктірмей талдау жүргізіледі

Ерітілген заттар

Консервацияламайды. Сынама іріктелгеннен кейін 24 сағаттан кешіктірмей талдауға кіріседі

Роданидтер

Консервацияламайды. Сынама іріктелгеннен кейін 24 сағаттан кешіктірмей талдауға кіріседі

Сынап

Консервациялайды. Мемстандарт 4461-77 бойынша 1 л сынамаға 1 мл концентрацияланған азот қышқылын қосады

Қант

Консервацияламайды

Қорғасын

Консервациялайды. Мемстандарт 18293-72 сәйкес 1л суға Мемстандарт 4461-77 бойынша 1 л суға 3 мл концентрацияланған азот қышқылын немесе Мемстандарт 61-75 бойынша 2 мл мұздай сірке су қышқылын қосады.

Селен

Консервацияламайды. Сынама іріктелгеннен кейін 12 сағаттан кешіктірмей талдауға кіріседі

Күміс

Консервациялайды. Мемстандарт 18293-72 сәйкес 1 л сынамаға Мемстандарт 4461-77 бойынша 1 л сынамаға 3 мл концентрацияланған азот қышқылын немесе Мемстандарт 61-75 бойынша мұздай сірке су қышқылын қосады.

СЖБЗ – синтетикалық жоғары белсенді заттар

Консервациялайды. Мемстандарт 18293-72 сәйкес 1 л сынамаға 2-4 мл хлороформ қосады.

Силикаттар

Консервациялайды. Мемстандарт 4204-77 бойынша 1 л сынамаға 1 мл концентрацияланған күкірт қышқылын қосады

Титан

Консервацияламайды. Сынама іріктелгеннен кейін 12 сағаттан кешіктірмей талдауға кіріседі

Фенолдар

Консервацияламайды:

а) егер фенолдың құрамы 1 литрде 0,05 мг артық болса, сынама іріктелгеннен кейін бірден талдауға кіріседі;

б) егер фенолдың құрамы 1 литрде 100 мг артық болса, сынама іріктелгеннен кейін 5 тәуліктен кешіктірмей талдауға кіріседі.

Егер фенолдың құрамы 1 литрде 100 мг артық болмаса, Мемстандарт 18293-72 бойынша 1 л сынамаға 4 г ащы натр қоса отырып, консервациялайды. Сынама іріктелгеннен кейін 24 сағаттан кешіктірмей талдауға кіріседі



Фторидтер

Консервацияламайды. Мемстандарт 4328-77 сәйкес сынамаларды полиэтиленді пакеттерге іріктейді.

Фосфаттар

Консервациялайды. Мемстандарт 3160-51 сәйкес 1 л сынамаға 2-4 мл хлороформ қосады.

«Белсенді» хлор

Консервациялауға болмайды. Сынаманы күн сәулесінен және селкілдеуден сақтандыра отырып, жеке қараңғы бөтелкелерге іріктейді. Сынаманы іріктелгеннен кейін бірден талдауға кіріседі.

Хлоридтер

Консервацияламайды.

Ерекше жағдайларда ғана, Мемстандарт 3160-61 бойынша 1 л сынамаға 2-4 мл хлороформ қоса отырып, консервациялайды



ОХТ – оттегін химиялық тұтыну

Консервацияламайды. Сынаманы 3-40 С сақтайды. Сынама іріктелгеннен кейін 24 сағаттан кешіктірмей талдауға кіріседі.

Консервациялайды. Мемстандарт 4204-77 бойынша 1 л сынамаға 1 мл концентрацияланған күкірт қышқылын қосады және бихромат әдісімен анықтау жүргізіледі.



Хром:

а) хромның негізгі құрамын анықтау;

б) (ІІІ) хромды және (VI) хромды жеке анықтау


а) консервациялайды. Мемстандарт 4461-77 бойынша 1 л сынамаға 5 мл концентрацияланған азот қышқылын қосады;

б) консервацияламайды. Сынама іріктелген күні барынша ертерек талдауға кіріседі.



Түсі

Сынама іріктелгеннен кейін бірден Мемстандарт 3160-61 бойынша 1 л сынамаға 2 мл хлороформ қосады. Анықтауға сынама іріктелген күні барынша ертерек кіріседі.

Цианидтар

Консервацияламайды. Сынама іріктелген күні бірден талдауға кіріседі.

Консервациялайды. Мемстандарт 4328-77 бойынша 1 л сынамаға 1 г ащы натр немесе Консервациялайды. Мемстандарт 24363-80 бойынша ащы калий қосады. Сынаманы 3-40 С сақтайды.



Мырыш

Консервациялайды. Мемстандарт 4204-77 бойынша 1 л сынамаға 1 мл концентрацияланған күкірт қышқылын қосады.

Сілтілігі

Консервацияламайды:

а) сынама іріктелгеннен кейін бірден талдауға кіріседі;

б) сыналатын суды бөтелкеге толтыра құяды және сынама іріктелгеннен кейін 24 сағаттан кешіктірмей талдауға кіріседі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет