Әдістемелік нұсқау н 2-1-31-2021



бет11/27
Дата27.02.2022
өлшемі0.82 Mb.
#455787
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Химия лаб

Жұмыстың мақсаты: Реакцияның жылдамдығының әртүрлі факторларға байланыстылығы және тепе-теңдіктің ығысу шарттары туралы лекция материалдарын бекіту және оларды тәжірибе жүзінде зерттеу.
Керекті ыдыстар мен реактивтер: пробиркаклар, секундомер, Na2S2O3. H2SO4. FeCl3. NH4SCN. KCNS. K2Cr2O7. CuSO4. ерітінділері және кристалдары NH4Cl.
Жұмыстың мазмұны:
1-тәжірибе. Гомогенді жүйедегі реакциялар жылдам-дығы. Реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігі.
Натрий тиосульфаты мен күкірт қышқылы ерітінділері әрекеттескенде күкірт тұнбаға түсіп, белгілі бір концентрацияда ерітінді лайланады.
Na2S2O3 + H2SO4. S + SO2 + H2O + Na2SO4
Реакцияның басынан бастап тұнба түскенге дейінгі уақыт аралығы реакцияның салыстырмалы жылдамдығын сипаттайды. Үш пробиркаға: біріншісіне – 5 тамшы Na2S2O3 ерітіндісін және 10 тамшы су, екіншісіне- 10 тамшы Na2S2O3 , ерітіндісін және 5 тамшы су, ал үшіншісіне 15 тамшы Na2S2O3 ерітіндісін құйыңыз. Бюреткамен үш пробиркаға 2 тамшыдан күкірт қышқылының ерітіндісін құйыңыз. Секундамерді пайдаланып қышқыл ерітіндісін құйған уақыттан бастап тұнба түскен кезге дейінгі уақытты анықтаңыз. Алынған деректерді мына кестеге жазыңыз.

Пробирка


Ерітінді көлемі, мл ( немесе тамшы)



Толық кө-лемі, мл не-месе тамшы

Тұнбаның
пайда болған
уақыты t.,
(сек)

Салыстыр
малы жылдам
дық,
V=ℓ/t, (1/сек)

Na2S2O3

H2O

H2SO4

1

5

10

2










2

10

5

2










3

15

-

2










Тәжірибе жасаған жағдайдағы жылдамдықтың концентрацияға тәуелділігін сипаттаңыз. Тәжірибе нәтижесін график түрінде көрсетіңіз. Ол үшін абцисса осіне
бір-бірінен а, 2а, 3а қашықтығында (а –ерітіндісінің салыстырмалы концентрациясын көрсететін кез-келген қашықтық) орналасқан үш нүкте салыңыз. Координат бойына орналасқан нүктелер арқылы перпендикуляр тұрғызып, олардың қиылысқан нүктелерін сызықпен қосыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет