Әдістемелік нұсқау Нысан пму ұс н 18. 2/0



Дата03.07.2016
өлшемі146.55 Kb.
#174042
Әдістемелік нұсқау Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/05

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Жылуэнергетика кафедрасы


«Сұйық және газ механикасы» пәні бойынша

050717 «Жылуэнергетика» мамандығының студенттеріне арналған
оқыту бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар

Әдістемелік нұсқауды

бекіту парағы








Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/05




БЕКІТЕМІН

ЭФ деканы

______________ Кислов А.П.

20 _ ж. «___»_________


Құрастырушы: аға оқытушы, жылуэнергетика магистрі

Айтмагамбетова Г.А. ___________
Жылуэнергетика кафедрасы
«Сұйық және газ механикасы» пәні бойынша

050717 «Жылуэнергетика» мамандығының студенттеріне арналған


оқыту бойынша

әдістемелік нұсқау


Кафедра отырысында ұсынылған «__»____200 ж. Хаттама №___
Кафедра меңгерушісі ______________ С.А. Глазырин
Энергетика факультетінің кеңесімен мақұлданды
200__ ж. «__»______________ №___ хаттама

ӘК төрағасы________________ М.М.Кабдуалиева



1 Жалпы мәлімет

«Сұйық және газ механикасы» пәні 050717 – «Жылуэнергетика» мамандығы үшін типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалған, жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім алудың Республикалық оқу-әдістемелік кеңесімен (РОӘК) 2006 ж., 22 маусымынан бекітілді.



2 Пәнді оқыту мақсаты
Негізгі курстың мақсаты – жылуэнергетикалық және жылумеханикалық қондырғының сенімді және тиімді жұмыс істеуі үшін, жылуэнергетикалық және технологиялық үрдістер және қондырғының сұйықағулық сипаттамасын есептік және тәжірибелік зерттеу үшін теориялық базасын игеру.

Пәнді игеру нәтижесінде студенттер міндетті:

түсінік алуға:

– сұйық қозғалысының негізгі теңдеулері мен теоремалары туралы;

– сұйық теңдесуі мен қозғалысының заңдылықтары туралы;

– әртүрлі арналардағы сұйықтардың ағу сипаттамасы, сұйықағулық кедергілері туралы;

– сұйық ағыстарының ұқсастық және үлгілеу теориясының негіздері туралы;

білуге:



- жылуэнергетикалық жабдықтар сұйықағулық және ауа қозғалымдық есептеу,

қолдануға:

– арналардағы сұйық және газдар ағынының сұйықағулық кедергісін, әр түрлі үлгідегіарналардағы тегеурін шығынын анықтау туралы;

- арналардағы, саптамалардағы, тежегіштегі және басқа элементтердегі газдар мен сұйықтар ағынын есептеу әдістерін пайдалануға.


Мамандықтың жұмыс оқу жоспарынан көшірме




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.1/10





  1. 050717 «Жылуэнергетика» мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Пәннің атауы «Сұйық және газ механикасы»




Оқу формасңы

Бақылау

формасы


Білім алушылардың жұмыс көлемі, сағатпен

Курс және семестр (сағаттарды) бойынша сағаттарды бөлу

емтихан

сынақтар

ҚЖ

Бақ. жұм

Жалпы

Аудит.

СӨЖ

Дәрістер

Пр.

Зер.

СӨЖ

Дәрістер

Пр.

Зер.

СӨЖМ


СӨЖ

1.

Күндізгі ЖОБ негізінде

4




4




135

45

90

3 семестр

4 семестр

-

-

-

-

30

15

-

45

45


Пререквизиттер:

Бұл пәнді оқыту «Математика», «Физика», «Механика», «Техникалык термодинамика» пәндерінен алған білімдеріне негізделген.

«Сұйық және газ механикасы» курсынан алған білімдері «Жылумаңызалмасу», «Жылуэнергетикалық жүйелер және энергия пайдалану» және баска мамандық бойынша пәндерді оқығанда қажет болады.

Пәннің тақырыптық Нысан

жоспары ПМУ ҰС Н 7.18.2/10
4 Пәннің мазмұны


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Жалпы орта білім негізінде күндізгі



№ р/с

Тақырып атауы

Сағаттар саны

Дәр.

прак.

СӨЖ

1

Кіріспе. Сұйық және газ механикасы пәні және оның әдістері

1

2

5

2

Сұйықтеңдесу

4

2

5

3

Кинематика негіздері

2

2

10

4

Сұйық және газ қозғалысының негізгі тендеулері

4

2

10

5

Сұйықтың құбырдағы қозғалысы және құбырларды сұйықағулық есептеу

6

3

10

6

Сұйықтың тесіктерден және саптамалардан ағуы

2

2

10

7

Қатты денелердің ағысталуы. Шекаралық қабат

3




10

8

Екі текті ағындар қозғалысы


1

2

10

9

Батырылған ағыншалар


2




10

10

Газқозғалым (газодинамика)


5




10

Барлығы:

30


15

90


5 Дәріс сабақтарының мазмұны
Тақырып 1 Кіріспе

Сұйық және газ механикасы пәні және оның әдістері. Қысқаша тарихи мәліметтер. Сұйық ұғымының анықтамасы. Тығыздық. Сығылғыштық. Тұтқырлық және сұйықтағы үйкеліс туралы Ньютонньң заңы. Тұтқырсыз сұйық. Сұйықта әрекет ететін күштер: массалық және беттік. Қысым.



-білуге: сұйықта әрекет ететін күштердің сұйық және газ механикасы пәнінің спецификасы;

-қолдана білуге: берілген қысым мен ыстықтықта құбырдағы тұтқырлық газдың тығыздығын анықтау.

Осы тақырыпқа қатысты мәселелер [1, §1 - §3 ] әдебиетте айтылған.



Тақырып 2 Сұйықтеңдесу

Тыныштықтағы сұйықтағы кернеулер. Сұйықтеңдесудің дифференциалдық тендеулері. Сығылмайтын сұйықтың ауырлық күш өрісіндегі теңдесуі. Айналған ыдыстағы сығылмайтын сұйықтьң теңдесуі Сұйықтың беттегі қысым күші. Архимед заңы.



- білуге: Архимед заңын, сұйықтеңдесудің негізгі тендеулерін;

- қолдана білуге: сұйықтеңдесудің негізгі тендеулері бойынша есептерді шығару.

Осы тақырыпқа қатысты мәселелер [1, §4 - §12 ] әдебиетте айтылған.


Тақырып 3 Кинематика негізі

Сұйық қозғалысының түрлері мен тәртіптерін жіктеу. Ағын сызығы және түтігі. Сұйық бөлшектің қозғалыс кұраушыларын талдау. Коши-Гельмгольц теоремасы. Құйын сызықтары және түтіктері. Кұйьн түтіктерінің қасиеттері. Жылдамдық айналмасы, Стокс және Томсон теоремалары туралы түсінік. Құйынсыз қозғалыс және оның сипаттамалары туралы түсінік.



- білуге: сұйық қозғалысының түрлері, ламинарлы және турбулентті сұйық ағынның тәртіптерін;

- қолдана білуге: ағын сызығының теңтеулерін жазу.

Осы тақырыпқа қатысты мәселелер [1, §19 - §20 ] әдебиетте айтылған.



Тақырып 4 Сұйық және газ қозғалысының негізгі тендеулері

Ағын түтігі мен бip өлшемді ағын үшін шығыс, үзіксіздік, қайрат (Бернулли) және қозғалыс мөлшерінің тендеулері. Үзіқсіздіктің, дифференциалдық тендеуі. Тұтқыр және тұтқырсыз сұйықтың дифференциалдық қозғалыс теңдеулері. Бастапқы және шекаралық шарттар. Ретсіз қозғалыстың негізгі сипаттамалары. Жылдамдық пен қысымның толқуы. Ретсіз ағынның орташаланған қозғалыс тендеулері (Рейнольдс тендеулері). Сұйық ағыстарының ұқсастығы туралы ұғым. Ұқсастық шарттықтары (сандары). Үлгілеу.



- білуге: бip өлшемді ағын үшін шығыс, үзіксіздік, қайрат (Бернулли) және қозғалыс мөлшерінің тендеулерін;

- қолдана білуге: бip өлшемді ағын үшін шығыс, үзіксіздік, қайрат (Бернулли) және қозғалыс мөлшерінің тендеулері бойынша есептеу .

Осы тақырыпқа қатысты мәселелер [1, §15 - §18 ] әдебиетте айтылған.



Тақырып 5 Сұйықтың құбырдағы қозғалысы және құбырларды сұйықағулық есептеу

Құбырлардың сұйықағулық кедергісі. Ағын кенет кеңейгенде және тapылғанда қысым шығыны. Дөңгелек құбырдағы ретті және peтciз қозғалыс. Жылдамдық кескіні. Шығыс және орташа жылдамдық. Бастапқы аумақ. Үйкеліс кедергісінің eceлeyіші. Қисық сызықды арналардағы ағыстар. Құбырдағы сұйықағулық соққы. Көпіршіктену (кавитация) туралы ұғым.

Құбырларды жіктеу. Ұзын қарапайым құбырдың негізгі eceптері. Тармақты және қатарлас құбырларды есептеу. Газ құбырын қысым құламасы үлкен болғанда есептеу.

- білуге: ұзын қарапайым құбырдың негізгі eceптерін;

- қолдана білуге: құбырлардың сұйықағулық есептерін шығару.

Осы тақырыпқа қатысты мәселелер [1, §36 - §45 ] әдебиетте айтылған.



Тақырып 6 Сұйықтың тесіктерден және саптамалардан ағуы

Сұйықтың тұрақты тегеуірінде кішкене тесіктен ағуы. Саптамалар арқылы ағу.



- білуге: жылдамдық коэффициенттерін есептеу формулаларын;

- қолдана білуге: саптамалардан ағу мезгіліндегі жылдамдықты және шығынды анықтау .

Осы тақырыпқа қатысты мәселелер [1, §79 - §81 ] әдебиетте айтылған.



Тақырып 7 Қатты денелердің ағысталуы. Шекаралық қабат

Мандайлық кедергі, көтеруші және көлденең күштер туралы ұғым. Шекаралық қабат туралы ұғым және оның теңдеулері Бойлық ағысталған тақташадағы peттi және peтсіз шекаралық қабаттар. Қанат тәрізді кескіннің ағысталуы. Н.Е.Жуковский теоремасы. Кескіндер торы туралы ұғым.



- білуге: Н.Е.Жуковский теоремасын;

- қолдана білуге: қанат тәрізді кескінге әрекет ететін, күш векторын сызу.

Осы тақырыпқа қатысты мәселелер [1, §67 - §70, 4, §7 - §6] әдебиетте айтылған.



Тақырып 8 Екі текті ағындар қозғалысы

Eкi текті ағындар туралы ұғым және олардың сипаттамалары. Қатты бөлшектерді ағынмен тасымалдау. Қалқыту (шекті) жылдамдығы. Тік кұбырдағы бөлшектердің қалқу жылдамдығы. Ауамен тасымалдау құбырының кедергісі. Құбырдағы газсұйық қоспаларының құрылымы.



- білуге: екi текті ағындар туралы түсінік;

- қолдана білуге: тік кұбырдағы бөлшектердің қалқу жылдамдығын анықтау .

Осы тақырыпқа қатысты мәселелер [1, §78] әдебиетте айтылған.



Тақырып 9 Батырылған ағыншалар

Ағыншалық шекаралық қабат. Ағыншаларды жіктеу. Еркін ретсіз ағынша. Жылдамдықтың таралу заңы. Бастапқы және негізгі аумақтар. Айналған

ағынша.

- білуге: ағыншалық құрылымды;

- қолдана білуге: ағыншалық негізгі бөлімін құру.

Осы тақырыпқа қатысты мәселелер [1, §33 ] әдебиетте айтылған.



Тақырып 10 Газқозғалым (газодинамика)

Үлкен жылдамдықпен қозғалғанда газдардың сығылғыштығы. Газдардың бip өлшемді қозғалыстарының негізгі теңдеулері. Газдық ортадағы әлсіз және әлді ұйтқулар. Әлсіз ұйтқулар газ ағынында таралуы. Тығыздалу секірмесі. Секірмелерде газ көрсеткіштерінің өзгеруі.



- білуге: газдардың бip өлшемді қозғалыстарының негізгі теңдеулерін;

- қолдана білуге:. газдардың бip өлшемді қозғалыстарының негізгі теңдеулері бойынша есептеу.

Осы тақырыпқа қатысты мәселелер [1, §84 ] әдебиетте айтылған.


6 ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі:

1 Альтшуль А.Д. Гидравлика и аэродинамика: Учебник для ВУЗов. М.: Стройиздат, 1987. – 410 с.: ил.

2 Кинжибекова А.К.. Рындин В.В., Рындина Д.В. Методические указания к выполнению лабораторных работ по дисциплине «Механика жидкости и газа» для студентов теплоэнергетических специальностей. Павлодар: ПГУ, 2002. – 56 с.
Қосымша:

З Дейч М.Е., Зарянкин А.Е. Гидрогазодинамика. М: Энергоатомиздат, 1984. –384 с.: ил.

4 Емцев Б.Т. Техническая гидромеханика: Учебник для ВУЗов по специальности "Гидравлические машины и средства автоматики". М.: Машиностроение, 1987. – 438 с.: ил.

5 Повх И.Л. Техническая гидромеханика. М.: Машиностроение, 1976.–


502 с.: ил.

6 Рындин В.В., Макушев Ю.П. Гидромеханика и газовая динамика: Методи-ческие указания к лабораторным работам по специальности 0308. Алма

-Ата: УМК, 1983. – 54 с.: ил.

7 Рындин В.В., Рындина Д.В. Механика жидкости и газа (методические указания к курсовой работе для студентов специальностей 2201 «Тепловые электрические станции», 2202 «Технология воды и топлива», 2204 «Промышленная теплоэнергетика»). – Павлодар: Павлодарский государственный университет им. С. Торайгырова, 2003. – 58 С.: ил.



6 ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі:

1 Альтшуль А.Д. Гидравлика и аэродинамика: Учебник для ВУЗов. М.: Стройиздат, 1987. – 410 с.: ил.

2 Кинжибекова А.К.. Рындин В.В., Рындина Д.В. Методические указания к выполнению лабораторных работ по дисциплине «Механика жидкости и газа» для студентов теплоэнергетических специальностей. Павлодар: ПГУ, 2002. – 56 с.
Қосымша:

З Дейч М.Е., Зарянкин А.Е. Гидрогазодинамика. М: Энергоатомиздат, 1984. –384 с.: ил.

4 Емцев Б.Т. Техническая гидромеханика: Учебник для ВУЗов по специальности "Гидравлические машины и средства автоматики". М.: Машиностроение, 1987. – 438 с.: ил.

5 Повх И.Л. Техническая гидромеханика. М.: Машиностроение, 1976.–


502 с.: ил.

6 Рындин В.В., Макушев Ю.П. Гидромеханика и газовая динамика: Методи-ческие указания к лабораторным работам по специальности 0308. Алма-Ата: УМК, 1983. – 54 с.: ил.

7 Рындин В.В., Рындина Д.В. Механика жидкости и газа (методические указания к курсовой работе для студентов специальностей 2201 «Тепловые электрические станции», 2202 «Технология воды и топлива», 2204 «Промышленная теплоэнергетика»). – Павлодар: Павлодарский государственный университет им. С. Торайгырова, 2003. – 58 С.: ил.

Аралық үлгерімдегі бақылау шараларының күнтізбелік графигі


Апталар

1


2

3

1 рейтинг

Күні

12.01- 18.01


19.01-25.01

26.01-01.02.

Максимал балл, соның ішінде бақылаудың түрлері бойынша:

25


25

30

Дәріс сабақтарына қатысу мен жұмыс

Д

10

Д

10

Д

10

Практикалық сабақтарға қатысу мен жұмыс


П 1,2

10


П 2,3

10


П 4,5

10

Өздік жұмысының орындау (ӨЖО)

СРС

5


СРС

5

СРС

10


Аралық бақылау – 20 балл

Экзамен – 100 балл.

Зертханалық сабақтар мазмұны
Курс бағдарламасы сырттай оқу бөлімі студенттерінің зертханалық жұмыстарды орындауын талап етеді.
Тақырып 1. Кіріспе

Кіріспе сабақ. Зертханада жұсмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарымен танысу. Гидрогазодинамикалық сынақтың теориялық негіздері. Сұйық пен газдар ағындар ұқсастығы. Гидравликалық есептер нәтижесі қателігін анықтау.


Тақырып 2. Гидростатика негіздері

Гидростатикалық қысым. Гидростатикалық қысымды өлшеу жолдарын зерттеу.


Тақырып 4. Гидродинамиканың негізгі теңдеулері

Сұйық қозғалысы режимдерін зерттеу (Рейнольдс аспабы). Шыны құбырда ағатын ағын үшін Рейнольдстің критикалық санын Рейнольдс аспабында визуалды анықтау әдістемесімен танысу және сұйық қозғалысы режимдерін зерттеу.

Арынды құбырда орнатылған қозғалыс кезінде Бернулли теңдеуін талдау. Толық және пьезометрикалық арын сызықтарын сынау құру мен бос құбырлар үшін пьезометрикалық және гидравликалық еңкеюді анықтау.
Тақырып 5. Сұйықтың құбырда қозғалысы мен құбырлардың гидравликалық есебі

Гидравликалық үйкеліс мен болат құбыр үшін эквивалентті бұдырлылық коэффициентін анықтау. Гидравликалық үйкеліс мен болат құбыр үшін эквивалентті бұдырлылық коэффициентін анықтаудың эксперименталды әдістемесімен танысу.



Сұйық орнатылмаған қозғалысы. Ауыспалы арын кезінде резервуардан судың көлемін анықтау уақытын эксперименталды анықтау мен бұл уақытты есептікпен салыстыру.

Ағынның жылдам кеңеюі мен тарылуы кезінде жергілікті кедергі коэффициенттерін анықтау. Ағынның жылдам кеңеюі мен тарылуы кезінде жергілікті кедергі коэффициенттерін анықтау әдістемесімен танысу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет