Әдістемелік нұсқау


ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия



бет162/163
Дата21.11.2023
өлшемі408.19 Kb.
#484015
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   163
3 сынып ҚМЖ жаңа.

ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия
Жеке жұмыс

Қалыптастырушы бағалау




7 мин
Сабақты бекіту.
Рефлексия.

«Ой-толғаныс» әдісі
Бұл кезеңде күнделікті оқыту үдерісінде оқушы өзіндік толғаныс, дағды-машықтарын ұйымдастыру, өзіне де, өзгеге де сын көзбен қарап, баға беруге үйренеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды салмақтап, салыстырып, түйіндеп өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалармен пікір алмастырады, үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын қорытынды кезең. Әртүрлі шығармашылықпен ой салыстыру болашақта қолданылатын мақсатты әрекеттерге жетелейді.
Орындаған жобаңның файлын компьютерде «Менің жобам» деген тақырыпта бума ашып, сақта. Жобаны аяқтағаннан соң, дәптеріңе төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, есебіңді жаз:

  • Мен таңдаған жобаның тақырыбы

  • Мен неге бұл тақырыпты таңдадым?

  • Жаңадан не білдім, не үйрендім?

  • Керекті ақпараттарды қалай іздеп таптым?

  • Ақпараттарды қалай сақтадым?

  • Ақпараттарды қалай тасымалдадым?

  • Қай нәрсе ұтымды шықты?

  • Нені орындай алмадым?

  • Менің жобаны орындаудан алған әсерім қандай?

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды, бір тілек айтуды сұраңыз. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат
Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Менің жұлдызым» әдісімен бағалайды. Сабақтың соңында оқушылардың қорытынды бағасын шығару мақсатында сабақ бойында жинаған жұлдызшаларын санайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет