9. Толықтырғыштың ұсақталуын цилиндрде сығып анықтау. Толықтырғыштың беріктілігі цилиндрде сығу арқылы жанама көрсеткішімен бағаланады. Ірі толықтырғышты мұндай қылып тексеру келесі жолмен тексеріледі.
5-10, 10-20 немесе 20-40 мм қиыршық тасты тесіктерінің мөлшерінің ірілігі (Dүлкен) және майдалығы (Dкіші) сәйкес келетін тексерілетін фракцияны екі електен өткізеді. Тесіктерінің мөлшері Dкіші сәйкес келетін електегі қалдықтан тексеру үшін цилиндрдің диаметрі 75 мм болатынға 0,5 кг аз емес және цилиндрдің диаметрі 150 мм болатынға 4 кг аз емес екі сынақ алынады. Екі және одан көп фракциядан тұратын қиыршық тасты тексеру үшін, сынақты стандарт фракциялары бойынша електен өткізіп дайындайды және әр фракцияны жеке тексереді. 40 мм ірі қиыршық тасты алдын ала ұсақтап, 10-20 немесе 20-40 мм фракцияны тексереді.
20-40 және 40-70 мм фракция қиыршық тастың петрографиялық құрамы бірдей болған жағдайда 40-70 мм фракцияның беріктілігін 20-40 мм фракциясынын тексеру нәтижелері арқылы сипаттамалауға рұқсат етіледі. Қиыршық тасты тексеру кұрғақ және сумен қаныкқан жағдайда да тексеру жүргізуге рұқсат етіледі. Қиыршық тасты кұрғақ күйінде тексергенде тұрақты салмағына дейін кептіріп алады, ал суға қаныққан күйінде тексергенде суға 2 сағат салып алады. Суға салғаннан кейін түйіршіктерді ылғал матамен сүртіп алады. Қиыршық тастың маркасын анықтағанда диаметрі 150 мм цилиндр пайдаланады. Фракциясы 5-10 және 10-20 мм қиыршық тастың күделікті сапасын бақылауға цилиндрдің диаметрі 105 мм басқа, цилиндрдің диаметрі 75 мм пайдалануға рұқсат етіледі.
Әр тексерілетін киыршық тасты бос сеуіп салып бетінен 50 мм жоғары болғанша цилиндрді толтырады, одан кейін материалдың деңгейі шамамен цилиндрдің шеткі бетіне дейін 15 мм жетпейінше бетін тегістейді. Сосын цилиндрге пуансонды салады. Мұндай жағдайда пуансондағы плита цилиндрдің беткі шетінің деңгейінде болу керек. Егерде пуансонның плитасының жоғарғы беті, цилиндрдің жоғарғы бетімен түйіспесе, қиыршақ тастың түйіршіктерінің бірнешеуін алып тастайды немесе қосады. Одан кейін ғана цилиндрді пресстің төменгі плитасына орналастырады.
Тексеруді секундына 1-2 кН пресстің қысымын көтере отыра, қиыршық тасты цилиндрдің диаметрі 75 мм болғанда қысымды 50 кН дейін жеткізеді, ал цилиндрдің диаметрі 150 мм болғанда қысымды 200 кН дейін жеткізеді. Сығылып сынғаннан кейінгі тексерілген сынақты цилиндрден сеуіп алып өлшейді. Одан кейін тексерілген фракцияның мөлшеріне байланысты, кестеде көрсетілген електің шамасы бойынша оны електен өткізеді (3 кесте).
3-кесте – Фракцияның мөлшеріне байланысты, көрсетілген електің шамасы
Фракцияның мөлшері, мм
|
Електегі тесіктің мөлшері
|
5-10
|
1,25
|
10-20
|
2,5
|
20-40
|
5,0
|
Сумен қаныққан жағдайдағы қиыршық тасты тексергенде, електегі сынаққа алынған толықтырғышты сумен жуып, жұмсақ ылғал матамен қиыршық тастың түйіршіктеріндегі ылғалды кетіреді. Құрғақ немесе ылғал електелінген електе қалған қиыршық тастың қалдығын өлшеп ұсақталу көрсеткішін 1% дейінгі дәлдікпен формула бойынша анықтайды
Ұс = m – m1 / m100, (18)
мұндағы m – тексерілетін қиыршық тастың салмағы, г;
m1 – цилиндрде ұсақталынған қиыршық тасты електен өткізгеннен кейінгі бақылау елегінде қалған салмақ, г.
Екі дайындалып алынған сынақты пайдалану арқылы, тексеруді екі рет жүргізеді. Екі немесе одан көп аралас фракциядан тұратын қиыршық тастың ұсақталу көрсеткішін әр фракцияның тексерудін орташа өлшенген нәтижесі бойынша анықтайды.
4 Бетон қоспасын тексеру
№ 4 зертханалық жұмыс.
1. Сынаққа бетон алу. Құрама және біртұтас құйма бұйымдар мен кұрамалар дайыңдағанда бетон қоспасының сылағын сол бетон құйылатын орында алу қажет. Бетон қоспасын жөнелту үшін шығарғанда, сынақты бетон дайындайтын жерде және сол бетонды құйатын жерде алады,
Бетон қоспасын тексеру үшін, бетон қоспасының сылағын қоспаның ортаңғы бөлігінен немесе құйылатын жерге жегкізілген бөліктен алады. Бетон қоспасын үздіксіз беріп тұрғанда (ленталы транспортермен, бетон насосымен, үздіксіз істейтін араластырғьпшен) сынақты 10 мин бір мезгіл аралығында үш рет алады.
Алынған сынақтың көлемі кемінде бетон қоспасының аз дегенде екі қасиетін анықтауға жету қажет. Алынған сынақты тексеру жүргізудің алдында қосымша араластырып алу қажет. Ауа шығаратын қоспасы бар бетон қоспасын және алдын ала қыздырылған бетон қоспасын тексеру алдында қосымша араластырмайды. Тексеру жүргізетін бөлменің температурасы (20±5)°С болу қажет. Ал климатакалық ыстық аудандарда бөлмедегі ауа температурасы 29 °С аспау қажет.
Бетон қоспасының тексеру нәтижелерін журналға енгізеді, сол арқылы паспортқа немесе басқа да кұжаттарға бетон қоспасының қасиеттерінің көрсеткіштерін енгізеді, бетон қоспасының сапасын сипапайтын.
-
Бетон қоспасының жайылуын анықтау. Бетон қоспасының жайылуы сантиметр шамасымен өлшенетін қалыпталынған бетон қоспасының шөгу конусымен сипатталынады.
12 сур. Шөгу конусын анықтайтын аспаб
1 -ұстағыш; 2-конус; 3-тірегіш.
Бетон қоспасындағы толықтырғыш түйіршігінің ең үлкен ірілігі 40 мм дейін болғанда жайлымдылық жай конус аспабында анықталады. Ал егерде бетон қоспасындағы толықтырғыш түйіршігінің ірілігі 40 мм үлкен болғанда жайлымдылықты анықтау үшін ұлғайтылған конус аспабы пайдаланады.
Бетон қоспасындағы толықтырғыш түйіршігшщ ірілігі 40 мм үлкен болғанца жайлымдылықіы анықтау үшін жай конусты пайдалануга болады егерде қоспаны аддын ала молшері 40 мм болагын електен өткізіп алса
Бетон қоспасының шөгу конусын анықтау төменгі тәртібпен жүргізіледі. Конусты дайындау және бетон қоспасын тексеруге қажет саймандардың бәріде тазартылып ылғал матамен сүртіледі (1 сур.). Конус металлдан жасалған жалпақ ыдысқа қойылып, бір келкі биіктікте үш қабат қылып бөліп бетон қоспасымен толтырылады.
Әр қабатты металл нығыздағышпен нығыздайды:
Жай конуста...................................................25 рет
Ұлғайтылған конуста………………………56 рет
Конусты толтырған кезде және нығыздағанда конус астындағы жалпақ ыдысқа жабысып тұру керек Бетон қоспасын нығыздап болғасын, конустың жоғарғы бөлігіңдегі салғышы алынып тасталынады және де артық қоспаны конустың жоғарғы шегінен бастап кесіп тастайды. Конус құйылған бетон қоспасынан жайменен шығарылып қоспаның жанына қойылады. Конусты құйылған бетон қоспасынан шығару уақыты 5-7 сек болу керек. Бетон қоспасының шөгу конусын анықтау үшін, конусты төңкеріп қойып қабырғаларына металл сызғышын қояды, одан әрі 0,5 см дейінгі дәлдікпен сызғыштың төменгі шетінен бастап бетон қоспасының жоғарғы шетіне дейінгі ара қашықтықты өлшейді (12,13 сур.).
13 сур. Бетонның жайылуын анықтау
Егерде конусты бетон қоспасынан шығарып алғанда, құлап жайылып кетсе, яғни шөгу конусын анықтауға мүмкіншілік болмаса, өлшеу жүргізілмейді және де тәжірибе жаңа бетон қоспасының сылағымен қайталынады.
Ұлғайтылған конуста анықталынған бетон қоспасының шөгу конусының шамасын жай конустың шамасына ауыстыру, 0,67 ауыстырғыш коэффициентін пайдалану арқылы ұлғайтылған конустың шөгу конусының шамасына көбейту арқылы келтіріледі.
Бетон қоспасының шөгу конусы екі рет анықталынады. Бетон қоспасының шөгу конусын анықтау, конусты бетон қоспасымен толтырудан басталады және де жалпы тексеру уақытының ұзақтылығы шөгу конусын өлшегенге дейін 10 мин аспау керек.
Бстон коспасының шөгу конусын анықтау, 1,0 см дәлдікке дейін бір сынақтан анықталынған, екі нәтиженің орташа арифметикалық мәнін есептеу арқылы жүргізіледі, бір-бірінен мына шамалардан көп болмайтын:
1 см ШК ≤ 9 см болғанда;
2 см ШК = 10-15 см болғанда;
3 см ШК ≥ 16 см болғанда.
Анықтаудың нәтижелерінде үлкен айырмашылық болғанда, тәжірибе жаңа сылақпен қайталанады.
Тексеру нәтижелері журналға енгізілуі керек, онда мыналар көрсетіледі: күні және уақыты; сынақ алынған орын; тексерілген бетон қоспасынан жасалынған бетонның түрі және маркасы; тексеру нәтижелері.
3. Бетондағы ауаның құрамын анықтау. Бұл тәсіл жаңа дайындалынған бетон қоспасындағы бетон көлеміндегі ауаның мөлшерін анықтауға мүмкіншілік береді. Стандарттық тәсіл бойынша тәжірибені жүргізу үшін, Б түрлі қысым өлшегішін пайдалануға болады. Б өлшегіші жабық ыдыстағы белгілі бір деңгейдегі қысымда, белгілі көлемдегі ауаны теңестіру тәсілі арқылы ауаның мөлшерін анықтайды, яғни сынауға алынған бетон сынағындағы белгісіз ауаның мөлшерін табу үшін. Мұндай жағдайда егерде қысым теңестірілгенде өлшегіштің монометріне түзету жүргізіледі және де сынақтағы ауаның мөлшері пайызбен тіркеуге алынады. Сынақтағы бетонға кысым түскен кезіндегі кеуектеріндегі ауаның мөлшерін анықтайтын коэффициент, бетондағы көрінетін ауаның мөлшері арқылы шығарылады. Коэффициентті түзеуге арналған аспабта бірдей қатынастағы және бірдей ылғалдылықтағы майда және ірі толықтырғыштар болу керек, яғни сондай бетон қоспасында пайдаланатын тексерілетін ауаның мөлшерін анықтауға арналғандай. Егерде түзететін коэффициент есепке алынбаса, ондай жағдайда бетон сылағындағы ауаның мөлшерінің нәтижесі көбейіп кетуі мүмкін.
3 суретте көрсетілген ауа өлшегіші өлшегіш табакшасынан және жабқыштан тұрады, бетон сынағын толығымен жауып тұратындай және де аз мөлшерде су қосып тұруға болатын. Жабқышқа қосылып тұрған ауа камерасы жоғарғы қысымды ұстап тұрады, мұнда белгіленген қысымда ауаның температуралық айырмашылығының тұрақты бөлініп тұруына мүмкіншілік жасайды. Сосын ауа жүретін тетік ашылып, ауа камерасымен қосылады, бұл камера мен табақшадағы қысымның теңесуіне жағдай жасайды. Корінетін ауаның мөлшерін тікелей монометрдің өзімен анықтауға мүмкін. Нақты ауаның мөлшері - бұл аспабтың түзететін коэффициентін алып тастағандағы көрінетін ауаның мөлшері. Егерде түзететін коэффициентті ескермесек, шығатын бетон сылағының нәтижесі өсіп кетеді. Бұл өлшегіш барометрлі кысымның және жоғарғы белгінің өзгеруіне берілмейді.
Өлшегішті аспаб жасалынған нұсқауға сай түзетіп тұру керек.
Алдын ала ылғанданылған табақ цилиндр 3 бірдей деңгейде толтырылуы керек. Шөгу конусы 3-тен көп бетон үшін, әр қабат 25 реттен нығыздалынады, цилиндр табағынын қабырғасына тигізбей нығыздауды бірдей параллель жүргізу керек. Егерде шөгу конусы 1-ден төмен болса, механикалық сілкіндіргіш арқылы сілкіндіргішті цилиндр табағының қабырғасына немесе табанына тигізбей әр қабатына әсер ететіндей сілкіндіріп қозғалмайтындай нығыздау керек. Шөгу конусы 1-3 арасындағы бетон үшін де қозғалмайтындай қылып нығыздау тиімді. Цилиндр табағының қабырғасын ағаш балғамен әр кабатты қозғалмайтындай болғанда 10—15 рет ұру керек яғни кеуектерді жауып және үлкен ауа көпірішіктерін шығару үшін. Цилиндр табағының соңғы қабаты өте қатты толып кетпеу керек.
Бетонның артық мөлшері арнаулы кесетіндей қасиеті бар брусокпен алынып тасталуы қажет. Табақтың шеті мен айналасы тазартылуы керек, жабқыш беті ылғалданып өлшегішті дайындаған орынның нұсқауына сай резина мөрі қойылады.
14 сур. Ауа тексергіш
1-ыдыс; 2-болт; 3-жапқыш; 4-су өлшегіш трубка; 5-манометр; 6-вентиль; 7- қол насосы; 8-төгетін вентиль; 9-цилиндр ыдысы; 10-пуансон; 11-ілгіш; 12- металлдан жасалған пластинка; 13-шектегіш; 14-бағыттағыш
Б түрлі өлшегіші:
-
өлшегіш табағы мен ауа камерасының арасындағы негізгі ауа жабатын тетігін жауып, бетіндегі екі ауа шығаратын тетікті ашу керек;
-
резиналы шприцті пайдалану арқылы ауа шығаратын тетіктің біреуіне су құю керек екіншісіне жеткенше. Кішкене өлшегішті ауаны шығару үшін сілкіп алу керек;
-
сақтандырғыш ауа тетігін жауып, алғашқы белгі қысымын жасаңдар. Нығыздалынған ауа салқындағанша кідере тұрып, ауаны шығару жолымен алғашқы қысымды тұрақтандырыңдар. Цилиндр табағындағы ауа шығаратын тетікті жауып, негізгі ауа жабқышын ашыңдар. Цилиндрдің қабырғасын соғып монометрді орнатыңдар;
-
монометрдің көрсеткішін жазып, аспабтың түзеткіш коэффициентін алып тастаңдар, нақты ауаның мөлшерін алу үшін.
4. Бетон үлгісін дайындау. Бетонның сығылып сынғандағы беріктілігін тексеру үшін мөлшері 150х150х150 мм және 200x200x200 мм үлгі бағана дайындалынады. Бір мезгілде үш данасы құйылады.
Үлгі бағана дайындау үшін мүмкіншілігінше ашылып жиналатын чугуннан немесе болаттан жасалған қалыпты пайдаланған дұрыс (4 сур.). Қалыптың ішкі беті алдын-ала машина майымен майланылады.
Бетон калыпқа үш қабат қылынып салынады. Әуелі қалып шамамен 50 мм биіктікте толтырылып, бетонның қабаты нығыздағышпен нығыздалынады. Бір қабатты нығыздау саны 35 болу керек. Бетонды қалыпқа салып, үшінші қабатты барлық тереңдікке дейін нығыздап болғасын, қалыптағы бетонның бетін қалыптың шет жағынан бастап тегістейді. Сосын қалыптағы үлгіге белгі салып, бетін ылғал матамен жауып 24 сағат дайындалған жерде қалдырады.
15 сур. Қалып
24 сағаттан кейін қалыптағы үлгілерді шығарып, сулы ваннаға қояды, онда үлгілер 20-22°С тұрақты температурада тексеру жүргізілгенше сақталады.
Әр үлгіде краскамен жазылған белгі болу керек, үлгінің номерін және дайындалынған күнін көрсететін. Бетонның сығылып сынғандағы беріктілігін тексеретін пресс және Кашкаров балғасы қолданады (16,17 сур.).
5. Тығыздылықты анықтау тәсілі. Бетон коспасының тығыздылығы, нығыздалынған бетон қоспасының салмағының оның көлеміне қатынасы арқылы сипатталынады, көлемі толықтырғыш түйіршігінің ең ірілік мөлшеріне байланысты, кестеде корсетілгенге сай цилиндр ыдысында анықталынады (4 кесте).
Тексеру жүргізу алдында, толықтырғыштың ірілік мөлшеріне байланысты таңдап алынған өлшегіш ыдысын 0,1% көп емес дәлдікке дейін алдын ала өлшеп алады. Ыдысқа немесе қалыпқа бетон қоспасын салып және оны нығыздау қоспаның жайлымдылығына байланысты жүргізіледі. Нығыздап болғасын темір сызғышпен артық қоспа кесіліп тасталынып, қоспаның беті өлшегіш ыдысының шетінен бастап тегістелінеді. Сосын бетон қоспасы бар ыдыс 0,1% дейінгі дәлдікпен өлшенеді.
4- кесте – Көлемі толықтырғыш түйіршігінің ең ірілік мөлшеріне байланысты, корсетілгенге сай цилиндр ыдысында анықталынады
Толықтырғыштың ең ірі мөлшері, мм
|
Ыдыстың көлемі, дм3
|
Ыдыстың ішкі мөлшері, мм
|
Диаметрі
|
Биіктігі
|
40
|
5
|
185
|
185
|
70 жоғары
|
10
|
234
|
234
|
16 сур. Гидравликалық пресс
1-стакан; 2-төменгі тірегі; 3-колонналары; 4-жоғарғы бөлімі; 5-жоғарғы плита;
6-поршень; 7-цилиндр; 8-май жүретін түтіктер; 9- вентиль; 10- манометрлер;
11-электродвигателге қосылған май насосы
Бетон қоспасының тығыздылығы кг/м3 формула бойынша есептелінеді
= (m – m1) / V, (19)
мұндағы m – бетон қоспасы бар өлшегіш ыдыстың салмағы, г;
m – өлшегіш ыдыстың салмағы, г;
V – өлшегіш ыдыстың көлемі, дм3.
17 сур. Кашкаров балғасы
1-индентор (шарик); 2-эталон стержень; 3-стакан; 4-пружина;
5-корпус; 6-басы.
Бетон қоспасының тығыздылығы әр бетон қоспасының сынығына екі реттен анықталынады және 10 кг/м3 дейін ықшамдалынып орташа арифметикалық мәнімен бір сынақ қоспасынын екі рет анықталынған тығыздылығының нәтижесімен есептелінеді, бір-бірінен төменгі мәнінен алғанда 5% аспайтын. Егерде нәтижелерінде үлкен айырмашылық болса, анықтау жаңа бетон қоспасының сылағымен жүргізіледі.
Тексеру нәтижелері журналға жазылу керек, онда мыналар көрсетіледі: тексерудің күні мен уақыты; сынақ алынған орын; тексерілген қоспадан жасалынған бетонның маркасы мен түрі; анықтау нәтижелері.
6. Су сіңіруін анықтау тәсілі. Үлгіні тексеру өзінің ылғал немесе тұрақты салмағына дейінгі кептірілген күйінде жүргізіледі. Үлгінің бет жақтары сым щетканың көмегімен шаңнан, ластан және майдың іздерінен тазартылады.
Үлгіні су толтырылған ыдысқа, ыдыстағы судың деңгейі салынған үлгінің жоғарғы беткі деңгейінен шамамен 50 мм жоғары болатындай есеппен салынады. Үлгіні ыдысқа қойғанда, мүмкіншілігінше үлгінің биіктігі аз болу керек (призма және цилиндрді жанымен жатқызып қояды). Ыдыстағы судын температурасы 20±2°С болу керек.
Үлгілердің су сіңіруін әр 24 сағат сайын жай немесе гидравликалык таразыда 0,1% дейінгі дәлдікте өлшеп тұрады. Судан шығарылған үлгілерді жай таразыда өлшегенде, алдын ала сығылған ылғал матамен сүртіп тұрады. Үлгінің кеуектерінен шыққан су, яғни таразының табағына аққан су қаныққан үлгінің салмағына қосылады. Тәжірибе соңғы екі нәтижелердің арасындағы айырмашылық 0,1% кем болғанша жүргізіледі. Ал өзінің ылғалдығындағы үлгідерді тексергенде, су сіңіру процессі аяқталғаннан кейін, үлгіні тұрақты салмағына дейін кептіреді.
Бетонның су сініруін әр үлгінің салмағы бойынша \УС пайызбен 0,1 % дейінгі дәлдікте формуламен анықтайды.
Wс = mс – mқ / mқ100, (20)
мұндағы mқ – құрғақ үлгінің салмағы, г;
mс – сумен қаныққан үлгінің салмағы, г.
Бетонның су сіңіруін әр үлгінің көлемі бойынша Wк пайызбен 0,1% дейінгі дәлдікте формуламен анықтайды.
(21)
мұндағы қ – құрғақ бетонның тығыздылығы, г/см3;
с – судың тығыздылығы, 1 г/см3 тең қылып қабылдаймыз.
Бірнеше үлгілердің су сіңіруі, әр тексерілген бірнеше үлгілердің нәтижелерінің орташа арифметикалық мәні бойынша анықталынады.
Тексеру нәтижелері журналға жазылу керек, онда мыналар көрсетіледі: үлгілердің белгілері; бетон үлгілерінің су сіңіруі.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1 Акмалаев К.А. Цемент және одан жасалынатын құрылыс материалдары: Оқу құралы. – Алматы: ҚазККА, 2007. – 174 б.
2 Акмалаев К.А. Құрылыс алаңында бетонды тексеруге арналған: Оқу құралы. – Алматы: 2007. – 147 б.
3 Акмалаев К.А. Бетонтану неіздері: Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2012. – 241 б.
-
Баженов Ю.М. Технология бетона: Учеб.пособие для технол.спец. строит, вузов. 3-е изд., перераб. - М.: Высш. школа, 2002. - 500 с.
-
ГОСТ 10180-90. Бетоны. Методы определения прочности по контрольным образцам. – М.: Стандартинформ, 2006. – 31 с.
-
Основин В.Н. Справочник современных строительных материалов и конструкций /В.Н. Основин, Л.В. Шуляков, Л.Г. Основина. – Ростов-н/Д: Феникс, 2003. – 423 с.
Достарыңызбен бөлісу: |