Әдістемелік нұсқау


Жанама калоримметрия әдісімен организмде



бет23/35
Дата03.01.2022
өлшемі1.55 Mb.
#450515
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
биохим

Жанама калоримметрия әдісімен организмде энергия алмасуын анықтау
Жануарлардың тіршілік әрекеті кезінде азық кұрамындағы органикалық заттардың химиялық энергиясы жылу энергиясына айналады. Оның мөлшерін организм белгілі бір уакыт ішінде бөлген көмір қышқыл газ бен осы уақыт ішінде ол сіңірген оттегінің мөлшері арқылы анықтайды. Оның себебі 1 л оттегі сіңіргенде, немесе 1 л көмір қышқыл газын бөлгенде организмде белгілі мелшерде жылу түзіледі, оны осы газдардың калория-лык коэффициенті деп атайды. Сондықтан организм бөлген энергия мөлшерін газдардың калориялық коэф­фициенті мен тыныс коэффициента ескере отырып есептеп шығаруға болады.

Жұмыстың мақсаты. Тыныс коэффициента анықтау принципімен танысып, энергияны есептеу әдісін меңгеру.

Қеректі заттар мен құралдар. Малдар, газ сағаты, тыныстық қапқырлар, Дуглас қабы, Холден аппараты.

Жұмыс барысы. Тыныс коэффициента деп белгілі бір уақыт ішінде денеден бөлінген көмір қышқыл газының организм сіңірген оттегіне көлем катынасын айтады. Егер организмде зат алмасу кезінде көмірсулар пайда-ланылса, тыныс коэффициенті 1-ге тең болады. Оны мына формуламен бейнелеуге болады:

С6Н1206 + 602 = 6С02+6Н20

Демек, углеводтар алмасуы кезінде көмірқышқыл газының бір молекуласы түзілу үшін оттегінің бір мо-лекуласы қажет. Авагадро — Жерар заңына сәйкес бір-қалыпты температура мен қысым жағдайында сан жағынан тепе-тең молекулалар бірдей көлемге ие болады. Осыдан углеводтардың алмасуы кезіндегі тыныс коэффициентін мына теңдеумен есептейді:

6С02:602=1

Майлар үшін тыныс коэффициента мына формула­мен есептейді:



C57H110O6 + 81,502 = 57CO2+55H2O

57 СО2:81,5 02 = 0,7

Майдың бір молекуласы тотығу үшін оттегінің 81,5 молекуласы қажет, ал майдыц бір грамм — молекула­сы тотығу үшін 81,5X22,4=1825,6 л оттегі жұмсалады (22,4—бір литрдегі бір грамм — молекуланыц көлемі). Майдыц грамм — молекуласы 890 г тең, сондықтан от-тегінің 1 л 890:1825,6=0,487 г майды тотықтырады. 1 г май тотыққан жағдайда 38,945 кДж немесе 9,3 ккал/1 ккал = 4,1876 кДж; 1 кДж = 0,2388 кал), ал 0,487 г май — 18,551 кДж энергия бөледі.

Қалыпты жағдайда тыныс коэффициенті 0,7—1 ара-лығында болады. Тыныс коэффициенті 0,7 болғанда ор­ганизмде май тотығады да, 1л оттегінің калориялық коэффициент! 18,551 кДж, ал тыныс коэффициент! 1-ге тең болса — ол 21,135 кДж тең болады.

Тыныс коэффициента анықтау мысалы: ат 1 мин 1,5 л оттегін жүтып 1.275 л көмірқышқыл газын белее, онда тыныс коэффициент!—1,275:1,5 = 0,58-ке тең.

Организмнің энергия шығынын анықтау үшін төмен-дегі кесте байынша белгілі бір тыныс коэффициентіне сәйкес келетін 1 л оттегінің немесе кемір қышқыл газ-дыц калориялық коэффициента табады.

1 л оттегі мен көмір қышқыл газдың калориялық коэффициенті тыныс коэффициентінің деңгейіне қарай өзгеріп отырады. Ол организмде тотығатын заттардың табиғатына байланысты.

Организмнің энергия шығынын анықтау үшін алды-мен тыныс коэффициент!!! есептеп шығарады. Содан соң жоғарыдағы кесте бойынша осы тЫныс коэффициентіне сәйкес 1 л оттегі немесе көмір қышқыл газдың кало-риялық коэффициента! табады. Осыдан кейін органи-змнің энергия шығынын анықтау үшін 1 минут ішінде сіңірілген иемесе бөлінген оттегі не көмір қышқыл газ мелшерін газдардыц калориялық коэффициентінің мә-ніне бөледі.

Мысал: тыныс коэффициент! 0,85 жағдайда ат 1 мин 1,5 л оттегі сіңірді дейік. Онда энергия шығыны 20,364x1,5 = 30,546 лДж болғаны. Осы санды 60-қа, 24-ке көбейтіп, малдыц бір сағаттағы және бір тәулік-тегі энергия шығынын есептеп шығаруға болады.

Е с к е р т у: бұл жұмысты орындауға қажет құрал-дар мен аспаптар болмаған жағдайда, мұғалім өз еркі-мен есеп шарттарын дайындап, студенттерге жеке тап-сырма ұйымдастыруға болады.

Бақылау сурақтары


  1. Зат алмасу процесініқ мәні мен маңызы.

  2. Зат алмасу процесін зерттеу әдістері.

  3. Зат алмасу түрлері.

  4. Зат алмасу процесінің қарқынына эсер ететін себепкер шарт-тар (факторлар).

  5. ОрганизмнііН, энергия алмасуын зерттеу әдістері.

  6. Тьшыс коэффициенті дегеніміз не, оны анықтаудың қандай маңызы бар?

  7. Көмірсулардың, майлардық, белоктардын, калориялық құнды-лы-ғы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет