3- сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқулығының Әдістемелік нұсқаулығында бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көрсетілген кең ауқымды дағдылар: сын тұрғысынан ойлау, проблеманы шешу, өз бетімен білім алу, бірлескен топтық әрекетке түсу секілді ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту көзделген.
Әдістемеліктің әрбір тақырыбында оқу мақсаттарыныңмазмұнын игеруге тиімді болатын ақпараттар мен оқушыларға түсінікті әрі олардың қызығушылығын арттыратын тапсырмалар, сұрақтар берілді.
Тақырып мазмұны мен құрылымы оқушы игеретін жаңа білім мен тәжірибеге бағытталған ой қозғау, қызығушылықты арттыруға арналған проблемалық сұрақтар, өз бетімен, бірлесіп оқуға арналған түрлі тапсырмалар, тәжірибелік дағдыны дамытуға арналған практикалық тапсырмалар, қосымша ақпараттар, жаңа білімді бекіту мен сын тұрғысынан ойлауды дамытуға арналған сұрақтар, зерттеу, жобалау және үй тапсырмалары қарапайымнан күрделі әрекетке бейімделіп беріледі.
Қазіргі оқу-әдістемеліккешеннің заманауи компоненттерінің бірі білім беру үдерісінің барлық қатысушылары: мұғалім, оқушы, ата-аналар қолданатын интернет-ресурстар (bilimland.kz, ustaz.kz, smk.nis.edu.kz, sabak.kz) жүйелі ақпарат, тәжірибе алмасу алаңы болып саналады. Сіздерге ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешен авторлардың жинақталған тәжірибесі негізінде жасалды.
Бастауыш сыныпта «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
Бастауыш орта білім беру деңгейінің 3-сыныбына арналған «Цифрлық сауаттылық» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6- тармақшасына сәйкес әзірленген.
«Цифрлық сауаттылық»пәнін оқытудыңмақсаты – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, Роботтехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |